MFA Qazaqstan » публикация №24938
🇧🇪Премьер-министр Барт де Вевер екі ел арасында саяси диалог деңгейі жоғары екенін атап өтті 🟦Ол Бельгияның екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге және стратегиялық серіктестік аясын кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді. 🟦Тараптар көлік-логистика, аса маңызды минералдар, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және қаржы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. 🟦Бұдан бөлек, ғылым және білім беру саласындағы ықпалдастық, әсіресе, университеттер, зерттеу орталықтары мен технологиялық компаниялар арасындағы серіктестікті ілгерілету перспективасы пысықталды. 🟦Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдалана отырып, Бельгия Королі Филиппке және Королева Матильдаға ізгі сәлемін жолдады. 🟦Президент екіжақты қатынастар тарихында алғаш рет Король Филипптің биыл Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына айрықша мән беретінін атап өтті. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Барт де Веверді өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Премьер-министр шақыруды ықыласпен қабыл алды. 🟦Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























