Комитет государственных доходов РК » публикация №11706
📍 МКК 2026 жылғы 18–19 маусымда Алматы қаласында өткен «Қазақстан және Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2026» VIII Халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші мұнай-газ компаниялары, халықаралық баға агенттіктері және салалық сарапшылар қатысты. МКК атынан «Қазақстандағы трансферттік баға белгілеу тәжірибесі және әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер» тақырыбында баяндамамен Мамандандырылған департаментінің директоры Ибрайым Әлібек және Трансферттік баға белгілеу басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Қарабаев сөз сөйледі. Баяндама барысында трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы қолдану, халықаралық мәмілелердегі нарықтық бағаларды айқындау тәсілдері, сондай-ақ әлемдік мұнай нарығындағы заманауи үрдістердің салықтық әкімшілендіруге әсері қарастырылды. Конференцияға қатысушылар мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын, әлемдік мұнай нарығының динамикасын талқылап, тәжірибе алмасты. МКК-нің халықаралық салалық алаңдарға қатысуы мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты дамытуға, сондай-ақ жаһандық экономика жағдайында салықтық бақылау құралдарын жетілдіруге ықпал етеді. Толығырақ сілтеме бойынша🔗 ——— 📍 КГД принял участие в VIII Международной конференции «Нефтегазовый рынок Казахстана и Центральной Азии 2026», которая прошла 18–19 июня в Алматы. В мероприятии приняли участие представители государственных органов, ведущих нефтегазовых компаний, международных ценовых агентств и отраслевые эксперты. От имени КГД с докладом «Практики трансфертного ценообразования в Казахстане и текущие тенденции мирового рынка нефти» выступили директор Специализированного департамента Ибрайым Алибек и заместитель руководителя Управления трансфертного ценообразования Нуржан Карабаев. В ходе выступления были рассмотрены вопросы применения законодательства о трансфертном ценообразовании, подходы к определению рыночных цен в международных сделках, а также влияние современных тенденций мирового нефтяного рынка на налоговое администрирование. Участники конференции обсудили актуальные вызовы и перспективы развития нефтегазовой отрасли, динамику мирового рынка нефти и обменялись практическим опытом. Участие КГД в международных отраслевых площадках способствует развитию конструктивного диалога между государством и бизнесом, а также совершенствованию инструментов налогового контроля в условиях глобальной экономики. Подробно по ссылке 🔗
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























