PRO КАДРЫ KZ » публикация №54170
ҚФФ ресми мәлімдемесі Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлы Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарады. Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты. ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді. Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады. Подпишись на prokzsport





























