POLISIA.KZ » публикация №17408
🚣♂️ Ескекті қайықпен жүзіп өтпек болған: Балқашта көл ортасында қалған тұрғын құтқарылды "Balqash Tour Fest – 2026" кезінде жергілікті тұрғын фестиваль өтетін орынға ерекше жолмен бармақ болып, көлдің бір жағалауынан екінші жағалауына ескекті қайықпен жүзіп өтуді жоспарлаған. Алайда ол жағалаудан шамамен 3 шақырым қашықта қатты шаршап, қозғала алмай қалған. Азаматты акваторияны патрульдеп жүрген табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері байқап, дер кезінде көмек көрсетті. Полицейлер Русланды моторлы қайыққа отырғызып, қауіпсіз жерге жеткізді. Айта кету керек, фестиваль уақытында полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтарға қажетті көмек көрсетіп, демалушылардың қауіпсіздігін бақылауда ұстайды. Фестиваль өткен уақыт ішінде полицейлер адам көп шоғырланған орындарда ата-анасынан адасып қалған 16 баланы тауып, жақындарына табыстады. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚣♂️ Спасение на озере Балхаш: полицейские помогли уставшему байдарочнику во время фестиваля Во время фестиваля "Balqash Tour Fest – 2026" местный житель попытался пересечь озеро к месту проведения мероприятия на байдарке. Однако примерно в 3 километрах от берега он сильно устал и не смог продолжать движение. Мужчину заметили сотрудники природоохранной полиции, патрулировавшие акваторию, и своевременно оказали помощь. Полицейские посадили его в моторную лодку и доставили в безопасное место. Стоит отметить, что в период проведения фестиваля сотрудники полиции несут службу в усиленном режиме. Они не только обеспечивают общественный порядок, но и оказывают необходимую помощь гражданам, контролируя безопасность отдыхающих. За время проведения фестиваля полицейские также нашли 16 детей, потерявшихся в местах массового скопления людей, и передали их родителям. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























