Stan.kz » публикация №29024
Бір отбасы есірткі қосылған көкнәрды азық-түлік ретінде сатып келген Бұл жағдай Павлодарда болған. Отбасы есірткі заттары бар көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде заңсыз сатып келген. Заңсыз өнімдер басқа өңірлерден логистикалық компаниялар арқылы жеткізілген. Осылайша ол көкнәр тұқымы мен дәмдеуіш ретінде сатылған. Тінту кезінде құрамында есірткі заттары бар көкнәр тұқымдарының буып-түйілген ірі партиясы тәркіленді. Тергеу мәліметінше, заңсыз саудадан түскен қаражат қолма-қол ақша және банк аударымдары арқылы қабылданған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алып, оларды жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Қылмыстық схеманы ұйымдастырған азамат пен оның екі сыбайласы 7 жылға сотталды. Ал екі автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Оған қоса 321 келі көкнәр тұқымы жойылды. t.me/stankznews





























