Life News Новостной агрегатор

#государство — страница 7

Тег: #государство · сбросить

Архив раздела #государство, страница 7. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.


Aqorda » публикация №33368
Aqorda » публикация №33368

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады» «Бұдан бөлек, біз жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен сабақтас екенін айқын көрсеттік. Елордамызда Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынады. Жақында Астанада ЮНЕСКО-ның аясында Алтын Орда мұрасын зерттеу ісіне арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Мұның бәрі мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түсуге зор ықпал етеді. Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды. Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады. Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді. Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады. Сондықтан Ұлық Ұлыстың мұрагері ретінде біз Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін, ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ қауіпсіздікті сақтап, халықтарының игілігі үшін қызмет еткенін құптаймыз. Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33367
Aqorda » публикация №33367

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Глава государства: «Суверенитет и Независимость страны – наша самая главная, священная ценность» «Как цивилизованная и прогрессивная нация мы должны быть уверены в своих силах, действовать смело, без оглядки на кого бы то ни было. Другого пути нет. Наши целеустремленные, образованные и сознательные соотечественники глубоко осознают свою ответственность за судьбу государства. Они вступают в ряды волонтеров, занимаются благотворительностью и успешно реализуют важные инициативы. Истинный патриот не создает видимость работы, а упорно трудится во благо интересов страны. В этом и заключается суть созидательного патриотизма. Для государства важна не конъюнктура текущего момента, а долгосрочные приоритеты. Поэтому, следуя завету Абая, мы действуем взвешенно, но уверенно, смотрим только вперед, ставя во главу угла национальные интересы. С уважением относясь к родной истории, мы уделяем особое внимание сохранению преемственности поколений. В этом направлении ведется активная работа. Улытау, где похоронен Джучи хан, присвоен статус отдельной области. Создан институт изучения Улуса Джучи, научный потенциал которого нам предстоит укрепить. В ближайшее время в свет выйдет семитомный научный труд по истории Казахстана, один из томов которого будет полностью посвящен Золотой Орде». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33366
Aqorda » публикация №33366

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Мемлекет басшысы: «Еліміздің Егемендігі, Тәуелсіздігі – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз» «Біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы. Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды. Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33365
Aqorda » публикация №33365

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Нашей главной задачей остается укрепление единства народа» «Мы ни в коем случае не должны останавливаться на достигнутом, нужно постоянно идти вперед, ставить перед собой высокие цели, чтобы превратить нашу Родину в поистине цивилизованное государство. Сегодня в стране формируется яркая созидательная повестка, в нашем обществе появляются новые идеи, новые лица, новое поколение патриотов. Как Глава государства я поддерживаю эту положительную тенденцию. Это прямой результат проведенных преобразований. Нашей главной задачей остается укрепление единства народа – это непременное условие, эффективный, долгосрочный фактор успешного развития страны. На новом этапе реформ все здравые, прогрессивные общественно-политические силы должны консолидироваться вокруг общенациональных ценностей и целей. Только так мы добьемся успехов в построении Справедливого Казахстана, укреплении нашей государственности». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33364
Aqorda » публикация №33364

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді» «Алайда бұл әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес. Біз биік мақсаттарға ұмтылып, тек қана алға – жарқын болашаққа қарай жүруіміз керек. Келешекке зор сеніммен қарап, Қазақстанды шын мәнінде өркениетті мемлекетке айналдыруымыз қажет. Қазір біз бір ел болып жасампаздық жолына түстік: қоғамымызда жаңа идеялар, жаңа тұлғалар, отаншыл азаматтардың жаңа буыны пайда болуда. Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай игі үрдісті қолдаймын. Мұны ел ішінде жасалып жатқан реформалардың айқын көрінісі деп санаймын. Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл – елдің табысты дамуының бірден-бір шарты, тиімді әрі ұзақмерзімді факторы. Реформалардың бастапқы кезеңінде еліміздегі көзі ашық және прогрессивті қоғамдық-саяси күштер жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар аясында бірігуі қажет деп санаймын. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілігімізді нығайту ісінде табысқа жете аламыз». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33363
Aqorda » публикация №33363

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «Именно эта Конституция поведет за собой наш народ вперед к новым высотам мировой цивилизации» «Принятая в ходе общенационального референдума Конституция – это, по сути, главный закон нашего государства на многие десятилетия. Именно эта Конституция поведет за собой наш народ вперед к новым высотам мировой цивилизации. В надвигающейся эпохе технологических достижений, политических потрясений, военных конфликтов значение нашего Основного закона как жизненного путеводителя многократно возрастает. Конституция вступит в силу с 1 июля. В августе состоятся выборы в однопалатный Курултай, а в сентябре будет сформирован состав Қазақстан Халық Кеңесі. Таким образом, мы вступаем в период больших изменений. Эволюционирует сам уклад жизни, меняются система ценностей, ментальность, модели поведения граждан. Подавляющее большинство граждан нашей страны выступают в поддержку стратегии уважения к закону и укрепления общественного порядка, активно участвует в акциях «Таза Қазақстан». Но мы ни в коем случае не должны успокаиваться на достигнутом, нужно постоянно идти вперед, ставить перед собой высокие цели, чтобы превратить Казахстан в поистине цивилизованное государство. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33362
Aqorda » публикация №33362

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды» «Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған басты заңы. Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды. Технологиялық жетістіктер, саяси дүрбелеңдер, әскери қақтығыстар белең алып жатқан қазіргі дәуірде Негізгі заңымыздың жол нұсқаушы темірқазық ретіндегі маңызы еселене түседі. Еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Осылайша, біз ауқымды өзгерістер кезеңіне аяқ басамыз. Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі, тіпті, дүниетанымы өзгеріп жатыр. Азаматтарымыздың басым көпшілігі заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті нығайту стратегиясын қолдайды, сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысады». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33361
Aqorda » публикация №33361

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Глава государства: «Казахстан вышел на магистральный путь устойчивого развития как государство, стремящееся к прогрессу во всех сферах общественной жизни» «В этом году мы отмечаем 35-летие Независимости. Эта историческая веха имеет большое значение с точки зрения критического, глубокого осмысления, всестороннего анализа пройденного пути и разработки стратегических планов на будущее. Эту юбилейную дату мы должны встретить упорным трудом и реальными результатами. Нынешний год проходит под знаком масштабной трансформации всей страны. Казахстан вышел на магистральный путь устойчивого развития как государство, стремящееся к прогрессу во всех сферах общественной жизни». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33360
Aqorda » публикация №33360

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті» «Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие. Аталған мерейлі датаны қажырлы еңбекпен және нақты нәтижелермен қарсы алуымыз керек. Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл болып отыр. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33359
Aqorda » публикация №33359

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «В ближайшее время Правительство внесет поправки в постановление, регулирующее использование государственной символики» «Только истинные патриоты ведут страну к прогрессу и стоят на страже ее рубежей. Другими словами, патриотизм служит гарантией безопасности и территориальной целостности нашей страны. Укрепление авторитета национальных символов – это дело государственной важности. В ближайшее время Правительство внесет поправки в постановление, регулирующее использование государственной символики. Почитание наших национальных символов – это общий долг, обязанность каждого гражданина, что, в конечном счете, является проявлением уважения к государству». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33358
Aqorda » публикация №33358

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді» «Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33357
Aqorda » публикация №33357

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Уважение к государственным символам – это высшее мерило патриотического духа» «Как известно, в марте мы как одна страна приняли участие в общенациональном референдуме. Граждане отдали свои голоса в поддержку конституционной реформы. Таким образом, мы приняли новую Конституцию и открыли новую страницу нашей истории. В Основном законе нашли свое отражение многовековые чаяния, цели и идеалы нашего народа. Территориальная целостность, суверенитет страны, права и свободы граждан получили свое закрепление в качестве главных ценностей. Соблюдение Закона и Порядка, развитие образования, науки и новых технологий, сохранение чистоты, защита природы и поддержка волонтерской деятельности были определены как конституционные обязанности. Обретя принципиально новый характер, наш Основной закон стал незыблемым сводом правил Справедливого Казахстана. Конституция гласит, что каждый человек обязан уважать государственные символы. Поэтому их почитание, безусловно, является высшим мерилом патриотического духа». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33356
Aqorda » публикация №33356

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі» «Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды. Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33355
Aqorda » публикация №33355

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Глава государства: «Наши священные символы – это яркое воплощение ценностей нашего народа» «Поздравляю вас с Днем государственных символов! Это праздник, имеющий особое значение для каждого гражданина нашей священной Родины. В этот день мы высоко поднимаем наше знамя. Тем самым мы демонстрируем всему миру, что являемся гордой суверенной страной. Наши священные символы – это яркое воплощение ценностей нашего народа. Каждый из них отражает нашу национальную самобытность. Герб – яркий образ нашей государственности. Гимн – величественный голос нашей свободы. Небесно-голубой стяг – воплощение нашей Независимости. Не будет преувеличением сказать, что эти символы, которые мы чтим и почитаем, являются своего рода тремя столпами, олицетворяющими нашу государственность. История знает немало примеров, когда наш народ объединялся под одним знаменем, бережно храня единство и согласие. И сегодня наша страна укрепляет сплоченность и уверенно шагает вперед». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33354
Aqorda » публикация №33354

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Мемлекет басшысы: «Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы» «Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді». t.me/aqorda_resmi



Aqorda » публикация №33352
Aqorda » публикация №33352

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿Президент принял участие в церемонии поднятия Государственного флага Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественной церемонии поднятия Государственного флага в этномемориальном комплексе «Атамекен» в Астане. Начальник роты почетного караула отдал Президенту рапорт о готовности к церемонии. Затем прозвучал Государственный гимн и был поднят Государственный флаг Республики Казахстан. t.me/aqorda_resmi



Aqorda » публикация №33350
Aqorda » публикация №33350

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33349
Aqorda » публикация №33349

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

✉️Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Кыргызской Республики 🇰🇿🇰🇬Касым-Жомарт Токаев поздравил Президента Садыра Жапарова и братский народ Кыргызстана с избранием страны непостоянным членом Совета Безопасности ООН на 2027-2028 годы. – Это знаменательное событие, имеющее историческое значение как для Кыргызской Республики, так и для всей Центральной Азии, стало признанием высокого международного авторитета Кыргызстана, результатом проводимой под руководством Президента Кыргызской Республики созидательной и конструктивной внешней политики. Казахстан последовательно поддерживал кандидатуру Кыргызстана и готов и впредь оказывать всестороннюю поддержку в выполнении этой ответственной миссии. Желаю Кыргызстану успешной и плодотворной работы в Совете Безопасности ООН, – отмечается в поздравлении. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33348
Aqorda » публикация №33348

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

✉️Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровты және қырғыз халқын бауырлас елдің 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. – Бұл айтулы оқиға Қырғызстан және тұтас Орталық Азия елдері үшін тарихи мәнге ие. Қырғыз Республикасы Президентінің басшылығымен жүргізіліп отырған жасампаз әрі сындарлы саясаттың нәтижесінде Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделі жоғары деңгейде танылды. Қазақстан Қырғыз Республикасының кандидатурасын дәйекті түрде қуаттады әрі осы жауапты миссияны атқаруда алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына табыс тілеймін! – деп жазылған жеделхатта. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33347
Aqorda » публикация №33347

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования трудового законодательства» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi



POLISIA.KZ » публикация №17288
POLISIA.KZ » публикация №17288

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

💠 Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ауқымды флешмоб ұйымдастырылды Іс-шараға 300-ге жуық жас қатысып, ашық алаңда алып жүрек бейнесін қалыптастырды. Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өзара сыйластық пен адамгершілікті дәріптеуге аудару. Жастар “Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” ұраны аясында бірігіп, зорлық-зомбылыққа қарсы өз ұстанымдарын білдірді. Толық ақпарат сайтта. *** 💠 Масштабный флешмоб против бытового насилия проведен в области Абай Около 300 молодых людей собрались на открытой площадке и выстроились в форме большого сердца в поддержку акции "Казахстан без насилия в семье". Мероприятие было направлено на привлечение внимания к вопросам укрепления семейных ценностей, взаимного уважения и профилактики бытового насилия. Подробнее на сайте. 📱 POLISIA.KZ


Aqorda » публикация №33345
Aqorda » публикация №33345

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇨🇾Никос Христодулидис заявил, что в ходе сегодняшних переговоров с Президентом Казахстана была подтверждена твердая политическая воля к дальнейшему развитию отношений в политической и экономической сферах – Мы подчеркнули важность регулярных контактов на всех уровнях, поскольку устойчивый политический диалог является ключевым фактором укрепления доверия и достижения конкретных результатов. Я рад, что сегодня мы подписываем ряд меморандумов о взаимопонимании в таких ключевых областях, как высшее образование, научные исследования, культура, спорт, инновации, цифровое управление и информационные технологии. Эти соглашения – не просто технические документы, а наглядное подтверждение нашей общей решимости преобразовать значительный потенциал двусторонних отношений в более структурированную и содержательную форму, – сказал Президент Кипра. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33344
Aqorda » публикация №33344

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇨🇾Никос Христодулидистің айтуынша, бүгінгі келіссөздер барысында екі ел басшылары саяси және экономикалық салалардағы қарым-қатынасты одан әрі ілгерілету жолында саяси ерік-жігер танытатындарын растаған – Біз барлық деңгейде тұрақты байланыс орнатудың маңызын атап өттік. Өйткені орнықты саяси диалог – сенімді нығайту мен нақты нәтижеге қол жеткізудің негізгі факторы. Осы орайда жоғары білім, ғылыми зерттеу, мәдениет, спорт, инновация, цифрлық басқару және ақпараттық технология секілді маңызды салаларда өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумға қол қойылғаны қуантады. Бұл келісімдер – жай ғана техникалық құжаттар емес, екіжақты байланыстардың әлеуетін құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан жандандыруды көздейтін ортақ шешіміміздің айқын дәлелі, – деді Кипр Президенті. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33343
Aqorda » публикация №33343

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент: «Укрепление связей между двумя странами – общая цель наших народов» 🟦Также в ходе переговоров была обсуждена международная и региональная повестка. – Мы обеспокоены обострением глобальной геополитической ситуации и ростом числа конфликтов. Позиции наших государств по многим мировым вопросам схожи. Обе страны строго придерживаются принципа, согласно которому любой конфликт должен решаться только мирным и дипломатическим путем. Мы договорились о совместной эффективной работе в рамках ООН, ОБСЕ и других международных структур. Условились активно участвовать в обеспечении мира и стабильности. Позиция Казахстана остается неизменной – все страны должны строго соблюдать Устав ООН и основные принципы международного права. Казахстан уважает территориальную целостность других государств и призывает все страны уделить этому принципу приоритетное внимание. Укрепление связей между двумя странами – общая цель наших народов. Верю, что благодаря совместным усилиям наше взаимовыгодное сотрудничество выйдет на новый уровень, – подытожил Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33342
Aqorda » публикация №33342

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент: «Екі елдің байланысын бекемдеу – халықтарымыздың ортақ мақсаты» 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында халықаралық және аймақтық мәселелер де назардан тыс қалмағанын айтты. – Жаһандық геосаяси ахуалдың ушығуына, қақтығыстардың көбеюіне бәріміз алаңдап отырмыз. Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы – ұқсас. Екі ел де кез келген шиеленіс бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуі керек деген қағидатты қатаң ұстанады. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, басқа да халықаралық ұйымдар аясында тиімді жұмыс істеуге келістік. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысамыз деп уағдаластық. Қазақстанның ұстанымы бойынша барлық елдер Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын, халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын қатаң сақтауға міндетті. Қазақстан басқа елдердің аумақтық тұтастығын құрметтейді және бүкіл әлем мемлекеттерін осы қағидатқа басымдық беруге шақыруда. Жалпы, екі елдің байланысын бекемдеу – халықтарымыздың ортақ мақсаты. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өзара тиімді ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Достығымыз әрдайым берік болсын! Қазақстан мен Кипрдің қарым-қатынасы нығая берсін! – деді Президент. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33341
Aqorda » публикация №33341

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Глава государства: «Казахстан готов создавать благоприятные условия для кипрских компаний, желающих работать на нашем рынке» 🟦По словам Президента, в настоящее время в стране работают более 400 компаний с участием кипрского капитала, около 30 из которых зарегистрированы в МФЦА «Астана». – Уже одно это свидетельствует о последовательном развитии наших деловых и инвестиционных связей. Сегодня в нашей столице пройдет Казахско-кипрский бизнес-форум. В этом важном мероприятии примут участие деловые круги двух стран. Делегация кипрских предпринимателей специально прибыла для участия в данном форуме. За это я выражаю искреннюю благодарность г-ну Президенту. Казахстан готов создавать благоприятные условия для кипрских компаний, желающих работать на нашем рынке. Мы приглашаем деловых граждан Кипра к совместной реализации долгосрочных инвестиционных проектов. Недавно мы приняли новую Конституцию, в соответствии с которой в Казахстане гарантируются все формы собственности. Основной закон максимально защищает права инвесторов. Кроме того, наши кипрские партнеры могут воспользоваться казахстанской программой Altyn Visa. Предпринимателям и специалистам, получившим эту визу, предоставляются налоговые и миграционные льготы, – сказал Касым-Жомарт Токаев. 🟦В ходе переговоров президенты уделили особое внимание сотрудничеству в сфере цифровых технологий и инноваций. – Кипрская сторона проявляет интерес к казахстанской системе eGov и проектам по цифровизации государственных услуг. Мы готовы делиться своим опытом в этом направлении. В ходе переговоров особое внимание также было уделено развитию культурно-гуманитарных связей. В частности, мы договорились укреплять контакты между академическими и научными сообществами, наращивать сотрудничество в сферах образования, спорта и туризма. В целом, есть все основания утверждать, что сегодняшние переговоры прошли успешно. Мы подписали ряд важных документов, которые придадут новый импульс нашему взаимодействию. Убежден, что реализация этих соглашений укрепит отношения между двумя государствами, – считает Глава государства. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33340
Aqorda » публикация №33340

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысы: «Қазақстан өз нарығында жұмыс істеуге ниетті Кипр компанияларына қолайлы жағдай жасауға әрқашан дайын» 🟦Президенттің айтуынша, қазір елімізде Кипр капиталының қатысуымен 400-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Олардың 30-ға жуығы Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген. – Осының өзі елдеріміздің іскерлік және инвестициялық байланыстары дәйекті түрде дамып жатқанын көрсетеді. Бүгін елордамызда Қазақстан-Кипр бизнес-форумы өтеді. Маңызды жиынға екі елдің іскер топтары қатысады. Кипр кәсіпкерлерінің делегациясы осы форумға арнайы келді. Сол үшін құрметті Президент мырзаға зор ризашылығымды білдіремін. Қазақстан өз нарығында жұмыс істеуге ниетті Кипр компанияларына қолайлы жағдай жасауға әрқашан дайын. Біз Кипрдің іскер азаматтарын ұзақ мерзімге арналған инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырамыз. Жақында елімізде жаңа Конституция қабылданды. Ата заңға сәйкес Қазақстанда меншіктің барлық түріне кепілдік беріледі. Бас құжатымыз инвесторлардың құқығын барынша қорғайды. Бұған қоса, кипрлық әріптестеріміз Қазақстанның Altyn Visa бағдарламасын қолдана алады. Бұл визаны алған кәсіпкерлер мен мамандарға салық және көші-қон мәселесіне қатысты жеңілдіктер ұсынылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында цифрлық технологиялар және инновациялар саласындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударған. – Кипр тарапы Қазақстанның eGov жүйесіне және елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты жобаларына қызығушылық танытып отыр. Біз бұл бағыттағы тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Сонымен қатар келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға айрықша көңіл бөлдік. Атап айтқанда, ғалымдар мен ғылыми мекемелер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге, білім беру, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Жалпы, бүгінгі келіссөздер табысты өтті деуге толық негіз бар. Біз өзара ықпалдастығымызға тың серпін беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойдық. Бұл келісімдер екі мемлекеттің қарым-қатынасын күшейте түседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi


Архив #государство — страница 7

Это 7-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.