Ағымдағы 6 МВт орнына 125 МВт: Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасының қуаттылығы туралы 📌 Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы еліміздің цифрлық дамуы үшін маңызды екенін түсіндірді. Деректер орталықтары…
#государство — страница 62
Архив раздела #государство, страница 62. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
Ағымдағы 6 МВт орнына 125 МВт: Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасының қуаттылығы туралы 📌 Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы еліміздің цифрлық дамуы үшін маңызды екенін түсіндірді. Деректер орталықтары жасанды интеллект пен цифрлық қызметтерді және жаңа деректер экономикасын дамытудың негізгі инфрақұрылымына айналатыны атап өтілді. Осыған байланысты Қазақстан үшін сыртқы есептеу қуатын пайдалану ғана емес, сонымен қатар өз инфрақұрылымын құру да маңызды. «Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдардың деректері Астана қаласында бір ДӨО-да сақталып жатыр. Ол ДӨОнің қуаттылығы 6 МВт. Ал біз қазіргі таңда Екібастұзда жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында келесі жылдың бірінші жарты жылдығында 125 мегаваттық ДӨО-ны іске қосамыз. Және 2028 жылы дәл осындай 125 мегабаттық тағы бір ДӨО-ны іске қосамыз деген жоспарларымыз бар. Біз бұл жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бұл бағытқа халықаралық технологиялық компаниялар қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, стратегиялық серіктесі NVIDIA болып саналатын Firebird-пен келісімдерге қол жеткізілді. Қарастырылып отырған инвестиция көлемі шамамен $10 млрд-ты құрайды. Мұндай инфрақұрылымды дамыту Қазақстанға Цифрлық дербестікті нығайтуға, деректерді сақтау мен өңдеудің сенімділігін арттыруға, сондай-ақ АІ-есептеулерді, «бұлтты» сервистерді және цифрлық қызметтер экспортын одан әрі дамыту үшін негіз құруға мүмкіндік береді. 📱 @KZgovernment
Қазақстанда 1 млн-нан астам адам жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді 📌 Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депуттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарына жауап берді. Елімізде одан әрі цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғаны, сондай-ақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді. «Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 млн-нан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс жасау негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе», — деді Олжас Бектенов. ➖ В Казахстане более 1 млн человек обучаются навыкам работы с ИИ 📌 На совместном заседании палат Парламента Премьер-министр Олжас Бектенов ответил на вопросы депутатов о мерах по развитию искусственного интеллекта и цифровых инструментов в рамках поручений Главы государства. Отмечено, что в стране создана современная нормативная база для дальнейшей цифровой трансформации, а также ведется работа. «Очень важный вопрос – это подготовка кадров. Как вы знаете в рамках программы AI Sana более 1 млн человек обучаются основам работы с искусственным интеллектом. Данная работа будет продолжена, в том числе в школах и вузах», — отметил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
Почему программа «Тариф в обмен на инвестиции» не дала ожидаемого результата? 🙂Сенатор Ляззат Рысбекова задала вопрос представителям Министерства национальной экономики РК. 🚀@senate_kz
Жеке мектептерге жүргізілген аудит қорытындылары қашан жарияланады? 🙂Сенатор Руслан Рүстемов бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне сұрақ қойды. 🚀@senate_kz
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа утилизациялық алымдардың мақсатты түрде пайдаланылуы жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz
Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты бір жылда шамамен 60%-ға өсіп, $1,1 млрд-тан асты — Олжас Бектенов 📌 Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық IT-бизнес мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі…
Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты бір жылда шамамен 60%-ға өсіп, $1,1 млрд-тан асты — Олжас Бектенов 📌 Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық IT-бизнес мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы аясында цифрлық экономиканы дамыту және қазақстандық IT-қызметтер экспортын арттыру мәселесіне қатысты қойылған депутат сауалына жауап берді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы бағытта Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданып, цифрлық трансформациялау мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. «IT экспортын айтатын болсақ, бұл экономикамыздың өте маңызды бөлігі. 2025 жылы IT экспортының көлемі $1,1 млрд-қа жетті. Бұл жақсы нәтиже деп айтуға болады. Мысалы өткен жылдармен салыстыратын болсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш $690 млн болды. Яғни, бір жылдың ішінде 60%-ға өсті», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақстандық IT-компаниялар жаһандық нарықта табысты бәсекеге түсіп, елімізге валюталық түсім әкеліп қана қоймай, жоғары жалақы төленетін жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде. Мұндай нәтижелер цифрлық экономиканы дамыту, технологиялық кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қалыптастыру және білікті кадрлар даярлауға бағытталған орнықты мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болды. Үкімет цифрлық экономиканы дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау және отандық IT-индустрияның одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырады. 📱@KZgovernment
♾ Ақтөбеде танысын бопсалаған күдікті қамауға алынды Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау және жеке өмірге қол сұғу фактісінің жолын кесті. Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны арызбен жүгініп, бұрын қарым-қатынаста болған таныс ер адамның оның келісімінсіз түсірілген интимдік сипаттағы бейнежазбаларды таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықталып, ұсталды. Күдікті көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша жеке өмірге қол сұғушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ күдіктінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға жеке өмірге қатысты мәліметтерді тарату немесе оларды таратамын деп қорқыту заңға қайшы әрекет екенін және ол үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осындай жағдайларға тап болған жағдайда дереу полиция органдарына хабарласу қажет. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ♾ Мужчина, подозреваемый в шантаже знакомой, задержан в Актобе Сотрудники управления по борьбе с организованной преступностью департамента полиции Актюбинской области пресекли факт шантажа и незаконного вмешательства в частную жизнь. В полицию обратилась жительница Актобе с заявлением о том, что знакомый мужчина, с которым она ранее состояла в отношениях, угрожает распространением интимных видеозаписей, снятых без ее согласия, и оказывает на нее психологическое давление. В результате комплекса оперативно-розыскных мероприятий сотрудники полиции установили личность подозреваемого и задержали его. Им оказался 38-летний житель соседней области. По данному факту начато досудебное расследование по признакам нарушения неприкосновенности частной жизни и иных нарушений законодательства Республики Казахстан. Подозреваемый водворен в изолятор временного содержания. В настоящее время проводятся необходимые следственные действия, направленные на установление всех обстоятельств произошедшего, а также возможных иных эпизодов противоправной деятельности. Полиция напоминает, что распространение либо угроза распространения сведений, касающихся частной жизни человека, является противоправным деянием и влечет предусмотренную законом ответственность. В случае подобных фактов необходимо незамедлительно обращаться в органы внутренних дел. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Бюджет қаржысын бақылау үшін цифрлық теңге қашан қолданылады? 🙂Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов бұл мәселе бойынша ҚР-ның Қаржы министрлігі және ҚР-ның Ұлттық Банкінің басшылығына сұрақ қойды. 🚀@senate_kz
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿🇰🇿 «Айбын» жастар жиынындағы ең тартымды сынақтардың бірі – «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны болды XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны жеңімпаздарының соңғы сынағы «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны болды. 🇰🇿🇰🇿 Захватывающим испытанием на сборе молодежи «Айбын» стала военно-тактическая игра «Күшіміз бірлікте» Финальным испытанием для победителей в категориях участников XII Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын-2026» стала военно-тактическая игра «Күшіміз бірлікте» – «В единстве – сила». 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Почему экономический рост не привел к росту доходов населения? 🙂Сенатор Сергей Карплюк обратился к Премьер-Министру с вопросом о причинах снижения реальных доходов населения на фоне роста экономики. 🚀@senate_kz
Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында қанша азаматқа мемлекеттік қолдау көрсетілетіні жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz
Неге шетелдік инвесторлар Қазақстаннан капитал шығаруды жалғастырып жатыр? 🙂Сенатор Бекболат Орынбеков Парламент Палаталарының бірлескен отырысында бұл мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сұрақ қойды. 🚀@senate_kz
🔍 Павлодар облысында полицейлер екі тәулік бойы қамыс арасында қалып қойған зейнеткерді құтқарды 24 маусым күні полицияға ер адамнан қоңырау түсті. Ол 23 маусым күні таңертең скутермен өзен жайылмасына барғанын, жолда аяғын ауыр жарақаттап алғанын және бір жарым тәуліктен астам уақыт бойы орнынан қозғала алмай жатқанын хабарлаған. Осыдан кейін байланыс үзіліп кеткен. Хабарлама түскен бойда полицейлер мен құтқарушылардан арнайы іздестіру топтары құрылды. Олар Байдала ауылынан Заря ауылына дейінгі өзен жайылмасының күрделі әрі батпақты аумағын мұқият тексеріп шыққан. Толық ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔍 Полицейские спасли пенсионера, который двое суток провел в камышах в Павлодарской области 24 июня в полицию поступил звонок от мужчины. Он сообщил, что утром 23 июня отправился на скутере в пойму реки, где по пути получил серьезную травму ноги и более полутора суток не мог самостоятельно передвигаться. После этого связь с ним прервалась. Сразу после поступления сообщения были сформированы поисковые группы из сотрудников полиции и спасателей. Они тщательно обследовали сложный и заболоченный участок поймы реки от села Байдала до села Заря. Подробнее на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Премьер-Министр Олжас Бектеновке шетел нарығындағы отандық IT компаниялардың нәтижесі, цифрлық экономиканы қалыптастыру, елімізде жүзеге асырылып жатқан IT жобалардың маңызы жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz
Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
АӨК-ті қаржыландыру 2025 жылы 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал тікелей шетелдік инвестициялар 14,5%-ға өсті 📌 Аграрлық сектор бойынша, ерекше мән беріле отырып, 2025 жылы 1,1 трлн. теңге бағытталған, ол 2024 жылға қарағанда 172 млрд. теңгеге артық. Тікелей шетелдік инвестициялар 2025 жылы $ 2,6 млрд-қа немесе 14,5%-ға өсіп, $20,5 млрд-ты құрады, бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады. «Былтыр Инвестициялық штаб жалпы құны $70 млрд болатын 126 жоба бойынша проблемалық мәселелерді реттеп, алдағы жылдары елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайтуға жағдай жасады», — деді министр. 📱 @KZgovernment
ҚР-да жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі 18%-ға өсті 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға егжей-тегжейлі тоқталды. «Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк транзитінің жалпы көлемі 39,1 млн. тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті. Көлiк-логистика бағыты бойынша еліміздің транзиттік қуатын ашуға бағытталған бірнеше жобалар жүзеге асуда. Мәселен, «Достық – Мойынты» және Алматы қаласының айналма темiржол желiсiнiң құрылысы аяқталса, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» темір жолдарының құрылысы жалғасуда», — деді министр. Министр жалпы жобалардың жүзеге асуы транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте барлық жұмыс түрлерімен шамамен 13 мың км автожол қамтылды, ал Т/Ж және Авиамаршруттарды субсидиялау есебінен 16,7 млн астам жолаушы тасымалданды. 📱 @KZgovernment
Елімізде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің құрылыс секторының жылдық жұмысының қорытындысын жариялады. «Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алынды», — деді министр. 📱 @KZgovernment
Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
Мәди Такиев: Елімізде 198 мектеп және 655 денсаулық сақтау нысаны салынды 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық жобаларды жүзеге асыру нәтижесін баяндады. «Ұлттық жобалар аясында 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. 10 мыңнан астам студенттер үшін 30 жатақхана пайдалануға берілді. 7,5 мың колледж студенті, 23,6 мың жоғарғы оқу орындары студент–магистранттары мен докторанттары, жатақханамен қамтамасыз етілді», — деді министр. Сондай-ақ ол 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталғанын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілгенін айтты. Ал Astana Hub экожүйесінде 2,2 мыңнан астам компания тіркелген. 📱 @KZgovernment
Бюджет шығыстары 25,5 трлн теңгені құрады: 9,3 трлн әлеуметтік салаға бағытталды 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мемлекет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелердің 100%-ға орындалғанын баяндады. «Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды.Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады. Жалпы алғанда бюджет, әлеуметтік бағдарланған болып қала береді», — деп атап өтті қаржы министрі. Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға – 5,9 трлн теңге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталды. 📱 @KZgovernment
Республикалық бюджеттің кірістері 2025 жылы 21,4 трлн теңгені құрады 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджеттің кірістері туралы баяндады. «Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері, жоспардың 99%-ына орындалып, 21,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн. теңгеге жетті. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті», — деді Мәди Такиев. Негізгі жұмыс, орнықты мұнайға қатысы жоқ кіріс базасын кеңейтуге, салықтық әкімшілендіру сапасын арттыруға және тиімсіз жеңілдіктерді қысқартуға бағытталады. 📱 @KZgovernment
Ұлттық қор активтері $73,8 млрд-қа жетті — Қаржы министрлігі 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық қордағы жинақтар туралы есеп берді. «Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың соңында $73,8 млрд-қа жетті, оның ішінде $63,9 млрд-ы – валюталық қордың активтері», — деді министр. Одан бөлек, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы әр балаға $130,7-ден келсе, 3 жылдың ішінде $370,6 жиналды. Қазір Ұлттық Банкпен бірге осы есеп-шоттардағы пайдаланылмай тұрған қаражатты басқару жайы пысықталуда. 📱 @KZgovernment
Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсті 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін хабарлады. «Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы $15 млрд-ты құрады. Бұл ретте инфляция 13% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды», — деп атап өтті министр. Ол сондай-ақ еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асқанын хабарлады. Мақсат – әлемдік орташа көрсеткіш, 40%-ға жету. ➖ Экономика Казахстана выросла на 6,5% На совместном заседании палат Парламента РК министр финансов Мади Такиев сообщил, что по итогам 2025 года экономика страны продемонстрировала рост на 6,5%. «В стоимостном выражении увеличение внутреннего валового продукта составило $15 млрд. Для сравнения, в 2024 году рост ВВП составлял 5%. При этом инфляция сложилась на уровне 13%. Среднемесячная заработная плата составила 442 тыс. тенге, безработица в течение года оставалась на уровне 4,6%», — подчеркнул министр. Он также добавил, что доля оплаты труда в ВВП ориентировочно превысил 30%. Цель – достичь среднемирового показателя – 40%. 📱@KZgovernment
Архив #государство — страница 62
Это 62-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.