Life News Новостной агрегатор

#государство — страница 2

Тег: #государство · сбросить

Архив раздела #государство, страница 2. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.


Комитет государственных доходов РК » публикация №11872

Комитет государственных доходов РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

❓Автокөлік құралының кедендік декларациялануы туралы ақпаратты қалай алуға болады? Автокөліктің Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеуден өткенін қайдан және VIN-коды арқылы қалай тексеруге болатынын карусельден біле аласыз. 🔗https://eokno.gov.kz/index.xhtml —— ❓Как получить информацию о таможенном декларировании автотранспортного средства? Рассказываем, где это можно сделать и как проверить информацию по VIN-коду – в карусели. 🔗https://eokno.gov.kz/index.xhtml


UKIMET » публикация №25224

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов машина жасау саласындағы кәсіптік стандарттарды цифрландыру мен нарықтың жаңа талаптарын ескере отырып жаңартуды тапсырды 📌 Мемлекет басшысының кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, жоғары оқу орындары мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланысты нығайту және қолданбалы ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру, озық технологиялар енгізу және көлікті электрлендіру мәселелерін ескере отырып, машина жасаудағы кәсіптік стандарттарды бір ай мерзімде өзектендіруді тапсырды. «Саланың орнықты әрі серпінді дамуына тікелей әсер ететін ең басты мәселе – кадрлық әлеуетті нығайту. Соңғы бес жылда жоғары оқу орындары “Машина жасау” бағыты бойынша 1700-ге жуық маман даярласа, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 32 мыңнан астам түлек тәмамдады. Сонымен қатар цифрландыру, озық инновациялық технологиялар мен автокөлікті электрлендіру мамандардың кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп жатыр. Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде машина жасау саласындағы кәсіптік стандарттарды заманауи талаптарға сәйкестендіре отырып, жаңартуды тапсырамын. Сондай-ақ озық халықаралық тәжірибеге сәйкес автоөнеркәсіп кластерлері базасында ғылым мен өндірістің ықпалдастығын қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Ғылым және жоғары білім және Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне салалық кәсіпорындармен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, бір ай ішінде ғылыми-зерттеу зертханаларын құруға қатысты нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. ➖ Олжас Бектенов поручил актуализировать профстандарты в машиностроении с учетом цифровизации и новых требований рынка 📌 Во исполнение поручения Главы государства по трансформации системы профессионального образования, усилению связи вузов с реальным сектором экономики и развитию прикладной науки Премьер-министр Олжас Бектенов поручил в месячный срок актуализировать профессиональные стандарты в машиностроении с учетом цифровизации, внедрения передовых технологий и электрификации транспорта. «Укрепление кадрового потенциала выступает ключевым фактором устойчивого и динамичного развития отрасли. За последние пять лет по направлению “Машиностроение” высшие учебные заведения выпустили порядка 1700 специалистов, организации технического и профессионального образования – более 32 тыс. Вместе с тем, цифровизация, передовые инновационные технологии и электрификация автотранспорта кардинально меняют требования к компетенции специалистов. Поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями в месячный срок актуализировать профессиональные стандарты в машиностроении, обеспечив их соответствие современным требованиям. Также необходимо обеспечить интеграцию науки и производства на базе автопромышленных кластеров по аналогии с передовой международной практикой», — подчеркнул Олжас Бектенов. Министерствам науки и высшего образования и промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями и высшими учебными заведениями также поручено в течение месяца внести конкретные предложения по созданию научно-исследовательских лабораторий. 📱@KZgovernment


MFA Qazaqstan » публикация №25207

MFA Qazaqstan · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

​​🔹 Қазақстан мен Израиль инновациялар, цифрландыру және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты жандандыруда 🔸 Казахстан и Израиль активизируют сотрудничество в области инноваций, цифровизации и технологий 🔹 Kazakhstan and Israel Strengthen Cooperation in Innovation, Digitalization, and Advanced Technologies @PressMFAKZ


UKIMET » публикация №25223

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының сапары аясында қол жеткізілген аккумулятор бөлшектерін өндіру жобасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды 📌 Жуырда Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары барысында Қазақстанда аккумулятор бөлшектерін өндіру бойынша жоғары технологиялық жобаны жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға жобаны жүзеге асыруды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. «Елімізде электромобильдерге арналған аккумуляторлар өндірісінің жаһандық тізбегіне ықпалдасу үшін қажетті шикізат қоры бар. Аккумулятор өндірісінде аса маңызды – сфералы графит шығаратын ірі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаның уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ жуырда Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында аккумулятор өндірісінде әлемдік көшбасшы саналатын CATL (Contemporary Amperex Technology Company Limited) компаниясының басшылығымен кездесті. Компания еліміздің аумағында жоғары технологиялық өндірісті жүзеге асыру ниетін растады. Барлық уәкілетті органдар аталған жобаны жүзеге асыру барысын ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов поручил держать на особом контроле проект по производству компонентов для аккумуляторов, договоренность по которому достигнута в ходе визита Президента 📌 По итогам недавнего визита Главы государства в Китай достигнута договоренность о реализации в Казахстане высокотехнологичного проекта по производству компонентов для аккумуляторов. Премьер-министр Олжас Бектенов поручил всем уполномоченным государственным органам держать реализацию проекта на особом контроле. «В стране имеется необходимая сырьевая база для интеграции в глобальную цепочку производства аккумуляторов для электромобилей. Планируется запуск крупного проекта по производству сферического графита, критически важного в производстве аккумуляторов. Министерству промышленности и строительства совместно с заинтересованными государственными органами требуется обеспечить своевременный ввод проекта в эксплуатацию. Также в ходе недавней поездки в Китайскую Народную Республику Глава Государства встретился с руководством компании CATL (Contemporary Amperex Technology Company Limited), которая является мировым лидером в производстве аккумуляторов. Компания подтвердила свое намерение в реализации высокотехнологичного производства на территории нашей страны. Всем уполномоченным органам необходимо держать на особом контроле реализацию данного проекта», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №25222

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін халықаралық компанияларды тарту жөнінде тапсырма берді 📌 Мемлекет басшысы электромобильдер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Тиісті инфрақұрылымды одан әрі кеңейтіп, жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді. «Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2030 жылға қарай электромобильдердің әлемдік автокөлік сатылымындағы үлесі 40%-дан асады. Жаһандық автоөнеркәсіп саласы да белсенді түрде электр жүк көліктерін пайдалануға көшуде. Бүгінде еліміздің негізгі күре жолдарының бойында электр көліктерін қуаттайтын 70-ке жуық станса жұмыс істеп тұр. Жақында Car Park Transformer компаниясымен 2030 жылға дейін жол бойында сервистік қызмет көрсетуге арналған 250 станса салу бойынша инвестициялар туралы келісім бекітілді. Алдағы уақытта да жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тиісті инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет. Көлік министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов дал поручения по привлечению международных компаний для развития сети электрозарядных станций 📌 В рамках обозначенной Главой государства задачи по развитию инфраструктуры для электромобилей Премьер-министр Олжас Бектенов поручил усилить работу по привлечению крупных международных компаний для развития сетей электрозарядных станций. Отмечена необходимость дальнейшего расширения соответствующей инфраструктуры и создания благоприятных условий для новых инвесторов. «По данным Международного энергетического агентства, уже к 2030 году электромобили займут более 40% от общего объема продаж автомобилей по всему миру. Мировой автопром также стремительно переходит к использованию электрического грузового транспорта. На сегодняшний день вдоль ключевых автомагистралей страны функционирует порядка 70 электрозарядных станций. Недавно заключено соглашение об инвестициях с компанией Car Park Transformer по строительству 250 станций придорожного сервиса до 2030 года. Необходимо и далее активно развивать соответствующую инфраструктуру создавая благоприятные условия для новых инвесторов. Поручаю Министерству транспорта совместно с Министерством промышленности и строительства усилить работу по привлечению крупных международных компаний для развития сетей электрозарядных станций», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


MFA Qazaqstan » публикация №25206

MFA Qazaqstan · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

​​🔹 Қазақстан мен Кения бірлескен экономикалық жобаларды іске асыруды жандандыруда 🔸 Казахстан и Кения активизируют реализацию совместных экономических проектов 🔹 Kazakhstan and Kenya Step Up the Implementation of Joint Economic Projects @PressMFAKZ


UKIMET » публикация №25221

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қойып, қолданылатын отандық материалдар түрлерін кеңейтеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль өндірісін локализациялауды тереңдету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бір ай ішінде елімізде автобөлшектер өндірісін құру жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Елімізде заманауи талаптарға сай келетін автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою – маңызды бағыт. Ол үшін қосалқы бөлшектер өндірісінде қолданылатын отандық материалдардың түрлерін кеңейту қажет. Мәселен, Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясы автобустар мен жүк көліктері үшін арнайы болат маркаларын шығаруда. Келесі кезеңде жеңіл автомобильдерге арналған болат өндірісін қолға алу қажет. Сонымен қатар мыс, алюминий, хромды терең өңдеу, резеңке, пластик, кабель және басқа да өнім түрлерін дамыту саласында да үлкен әлеует бар.Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде автобөлшектер өндірісін құру бойынша тиісті жоспарды әзірлеуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство РК обеспечит создание локальной базы автокомпонентов и расширения доли привлекаемых отечественных материалов 📌 Во исполнение поручений Главы государства по углублению локализации автомобильного производства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил в месячный срок разработать план по созданию в Казахстане производств автокомпонентов. «Важным направлением является формирование полноценной локальной базы автокомпонентов соответствующих современным требованиям. Для этого требуется расширить номенклатуру отечественных материалов, используемых при их производстве. К примеру, Карагандинский Qarmet уже осуществляет производство специальных марок стали для автобусов и грузовых автомобилей. Следующим этапом необходимо наладить выпуск стали для легковых автомобилей. Имеется высокий потенциал глубокой переработки меди, алюминия, хрома, а также производства резиновых, пластиковых, кабельных и других изделий. В этой связи, поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями в месячный срок разработать соответствующий план по созданию производств автокомпонентов», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №25220

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет автомобиль өнеркәсібін толыққанды жоғары технологиялық салаға айналдыру жөніндегі жұмысты күшейтуде 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес, отандық автомобиль өнеркәсібі толыққанды жоғары технологиялық салаға айналуы тиіс екенін атап өтті. «Машина жасау саласы – экономиканы өркендетуге және оны іс жүзінде әртараптандыруға ықпал ететін аса маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы отандық автомобиль өнеркәсібін толыққанды жоғары технологиялық салаға трансформациялау міндетін қойды. Осы орайда, KIA Qazaqstan, Astana Motors және басқа да ірі жобалардың жүзеге асырылуы еліміздің бүкіл өнеркәсібін технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға елеулі серпін берді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство усиливает работу по трансформации автомобильной промышленности в высокотехнологичную отрасль Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что в соответствии с задачами, поставленными Главой государства, отечественная автомобильная промышленность должна быть трансформирована в полноценную высокотехнологичную отрасль. «Отрасль машиностроения является одной из важнейших точек роста и локомотивом ускоренной диверсификации экономики страны. Главой государства ставится задача по трансформации отечественной автомобильной промышленности в полноценную высокотехнологичную отрасль. Реализация ряда крупных проектов, таких как KIA Qazaqstan, Astana Motors и другие, придала значительный импульс технологической модернизации всей промышленности страны», — отметил Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №25219

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Елімізде өндірілген техника өрт қаупі жоғары кезеңде тиімді пайдаланылуда — Олжас Бектенов 📌 QazTehna кәсіпорнында автобус, коммерциялық және арнайы техника өндірісін локализациялау деңгейін екі есеге жуық арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Александр Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. «2026 жылы 4 млрд теңге инвестициямен жеке штамптау өндірісінің жобасы жүзеге асырылды. Өндіріс Qarmet компаниясы өндірген болатты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергіліктендіру деңгейін қосымша 11%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автобустарға арналған компоненттер өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. 2026 жылғы шілдеде жылына 25 мың дана жолаушылар орындығын шығаратын өндіріс, ал қарашада жылына 1,5 мың жиынтық тұтқа өндіру желісі іске қосылды. Сонымен қатар аккумуляторлар мен шиналар өндірісін локализациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Александр Цой. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда өндірілетін арнайы техниканың тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті. «Қазір, өздеріңіз білетіндей, өрт қаупі жоғары кезең. Ауа температурасы да күрт көтеріліп отыр. Осы ретте QazTehna зауытында шығарылған заманауи өрт сөндіру техникалары үлкен көмек көрсетуде. Аталған техникалар кеше ғана "Семей орманы" аумағында өрт сөндіру жұмыстарына белсенді қатысты. Қазақстанда шығарылған техниканың ел игілігіне тиімді пайдаланылып жатқаны қуантады», — деді Премьер-министр. ➖ Произведенная в Казахстане техника активно используется в пожароопасный период — Олжас Бектенов 📌 Почти вдвое планируется увеличить уровень локализации производства автобусной, коммерческой и специальной техники на предприятии QazTehna. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный директор компании Александр Цой. «В 2026 году реализовался проект собственного штамповочного производства с инвестициями 4 млрд теңге. Производство осуществляется с использованием казахстанской стали Qarmet, что позволит увеличить уровень локализации еще на 11%. Дополнительно планируется запуск производства компонентной базы автобусов. В июле 2026 года запустили производство пассажирских сидений мощностью 25 тыс. единиц в год, а в ноябре 2026 года – производство 1,5 тыс. комплектов поручней в год. Параллельно ведется работа по локализации производства аккумуляторов и шин», — отметил Александр Цой. Премьер-министр Олжас Бектенов отметил высокую эффективность и значимость производимой спецтехники в Казахстане. «У нас сейчас, как вы знаете, пожароопасный период, температурный фон повышен. Помогают современные пожарные машины, произведенные на заводе QazTehna. Вчера в "Семей орманы" (прим. техника QazTehna) принимали активное участие в тушении пожаров. Это очень радует, что произведенная в Казахстане техника активно используется», — подчеркнул Премьер-министр. 📱 @KZgovernment


ТРК Президента » публикация №12662

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🌳 «Таза қала» Батыс Қазақстан облысында Хан ордасы, Жайық өзені, Балықты Сарқыл мен Ақжайық шипажайы – өңірдің туристік әлеуеті «Таза қала» бағдарламасының жаңа шығарылымында. 🈂️Тарих, табиғат және туризм тоғысқан Батыс Қазақстанның бүгінгі келбетін бірге тамашалаңыз. 📺 Ертең, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz


POLISIA.KZ » публикация №17568

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🚔 Түркістанда полиция қызметкерлері шетелдік жүргізушілерге көмектесті Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов көшесінде жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жалпы салмағы 5 тоннадан асатын жүк автокөліктерінің қозғалысына тыйым салынған учаскеге Түркия Республикасынан келген жүк автокөліктерінің абайсызда кіріп кеткені анықталды. Аталған жағдайды байқаған ЖБО қызметкерлері дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тиісті бағыттама берді. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкері Түркия Республикасының азаматтарымен түрік тілінде байланыс орнатып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар жүк автокөліктерінің қаладан қауіпсіз шығып кетуін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу шараларын ұйымдастырып, қажетті көмек көрсетті. Көрсетілген кәсіби қолдау мен ілтипатқа ризашылық білдірген Түркия Республикасының азаматтары Қазақстан полициясына, әсіресе жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізді. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Сотрудники полиции помогли иностранным водителям в Туркестане На улице Бекзата Саттарханова в Туркестане сотрудники ЦОУ с помощью камер видеонаблюдения выявили, что грузовые автомобили из Турецкой Республики случайно заехали на участок дороги, где запрещено движение транспортных средств с общей массой более 5 тонн. Обнаружив данный факт, сотрудники ЦОУ незамедлительно передали соответствующую информацию экипажам патрульной полиции. Прибывший на место сотрудник патрульной полиции установил контакт с гражданами Турецкой Республики на турецком языке и разъяснил им требования ПДД Республики Казахстан. Кроме того, для обеспечения безопасного выезда грузовых автомобилей из города были организованы меры по регулированию дорожного движения и оказана необходимая помощь. Граждане Турецкой Республики, выразив благодарность за оказанную профессиональную поддержку и внимательное отношение, передали искренние слова признательности полиции Казахстана, особенно сотрудникам дорожно-патрульной полиции. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


ҚТЖ PRESS » публикация №13735

ҚТЖ PRESS · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

ҚТЖ өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты 2026 жылғы 21 шілдеде сағат 04:30-да Алматы станциясының өрт сөндіру пойызы құрылыс материалдары қоймасындағы өртті жоюға бағытталды. Өрт Алматыдағы кірме теміржол жолында, теміржол төсемінен 250-300 метр қашықтықта орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру пойызы ТЖД-ның екі өрт сөндіру көлігіне су құюды қамтамасыз етті, бұл өртті үздіксіз сөндіруді қолдауға мүмкіндік берді. Өрт шалған алаң 1500 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге 93 адам және 24 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірілді. Өрт себептерін ТЖД комиссиясы анықтайды. Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Теміржол инфрақұрылымы объектілерінің, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау, байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларының зақымдалуына жол берілмеді. ➖➖➖ Пожарный поезд КТЖ участвовал в ликвидации пожара в Алматы 21 июля 2026 года в 04:30 пожарный поезд станции Алматы был направлен для участия в ликвидации пожара на складе строительных материалов. Возгорание произошло на подъездном железнодорожном пути в Алматы, на расстоянии 250–300 метров от железнодорожного полотна. Пострадавших нет. Пожарный поезд обеспечил заправку водой двух пожарных автомобилей ДЧС, что позволило поддержать бесперебойное тушение пожара. Площадь возгорания составила 1 500 кв. метров. В ликвидации пожара были задействованы 93 человека и 24 единицы техники. Пожар ликвидирован. Причины возгорания устанавливает комиссия ДЧС. Происшествие не повлияло на движение поездов. Повреждений объектов железнодорожной инфраструктуры, устройств сигнализации, централизации и блокировки, связи и электроснабжения не допущено.


UKIMET » публикация №25218

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

KIA Qazaqstan Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау деңгейін арттырады 📌 Kia Qazaqstan компаниясы қазақстандық және халықаралық әріптестермен бірлесіп автобөлшектер шығаруды кеңейте отырып, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруды жалғастырады. Бұл туралы Үкіметтің отырысында компанияның бас директоры Ким Де Ки хабарлады. Оның айтуынша, локализация компания дамуының стратегиялық бағыттарының бірі. Kia компаниясының қолдауымен Қазақстанда электр сымдарын, автокөлік орындықтарын, интерьер элементтерін және басқа да бөлшектерді өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Осы жылдың соңына дейін Kia компаниясы автомобильдерін локализациялау деңгейін арттыруды жоспарлап отыр. Ким Де Ки атап өткендей, компания үшін локализациялау қазақстандық қамту үлесінің өсуін ғана емес, сонымен қатар өндірістік кооперацияны дамытуды, елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуды, заманауи технологияларды енгізуді және отандық жеткізушілердің тұрақты желісін қалыптастыруды білдіреді. Бұл Қазақстанның автомобиль саласын одан әрі дамытуға негіз болады. Бүгінгі таңда кәсіпорын сенімді дамып келеді және жоспарланған өндірістік көрсеткіштерге дәйекті түрде қол жеткізуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 9 772 автомобиль өндірілді, бұл ретте өндірістің негізгі көлемі локализациялаудың анағұрлым жоғары деңгейін және өндірістік құзыреттерді дамытуды қамтамасыз ететін CKD технологиясына тиесілі. ➖ KIA Qazaqstan увеличит локализацию производства автомобилей в Казахстане 📌 Компания KIA Qazaqstan продолжит наращивать уровень локализации производства, расширяя выпуск автокомпонентов совместно с казахстанскими и международными партнерами. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный директор компании Ким Де Ки. По его словам, локализация является одним из стратегических направлений развития компании. При поддержке Kia в Казахстане уже реализуются проекты по производству электропроводки, автомобильных сидений, элементов интерьера и других комплектующих. До конца текущего года компания планирует увеличить уровень локализации автомобилей Kia. Как отметил Ким Де Ки, локализация для компании означает не только рост доли казахстанского содержания, но и развитие производственной кооперации, укрепление промышленной базы страны, передачу современных технологий и формирование устойчивой сети отечественных поставщиков. Это создаст основу для дальнейшего развития автомобильной отрасли Казахстана. Сегодня предприятие уверенно развивается и последовательно выходит на запланированные производственные показатели. По итогам первого полугодия 2026 г. произведено 9 772 автомобиля,при этом основной объем производства приходится на технологию CKD, обеспечивающую более высокий уровень локализации и развитие производственных компетенций. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25217

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Локализациялау деңгейін тереңдету және қосылған құны жоғары өнім шығару: Премьер-министр Qarmet компаниясынның автомобиль болаты жобасын қолдады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында локализациялау қарқынын арттыру, оның ішінде жеке автокөлік брендтерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл экономиканың дамуы үшін де, Қазақстанның беделін арттыру тұрғысынан да маңызды. Премьер-министр отандық автомобиль болат өндірісін игеру жобасының стратегиялық маңыздылығын баса айтты. «Негізгі міндет – құнның барынша көп бөлігін ел ішінде сақтау үшін локализациялау деңгейін барынша тереңдету. Мемлекеттік қолдауы және бизнестің белсенді қатысуымен осы бағытта, соның ішінде өзіміздің автомобиль брендтерімізді дамыту бойынша жүйелі жұмыс істеуіміз керек. Бұл экономика тұрғысынан да, еліміздің беделін арттыру тұрғысынан да өте маңызды. Біз бірлесіп жақсы нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Автомобиль болаты өндірісі стратегиялық маңызға ие. Біздің мүмкіндіктеріміз бола тұра, ондаған жылдар бойы елімізде автомобиль болаты өндірісін жолға қоя алмағанымыз таңғалдырады. Сондықтан бұл (автомобиль болаты өндірісі бойынша) жобаны, сондай-ақ Qarmet компаниясын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын қолдаймыз. Мұнда болат зауыты мен автомобиль өнеркәсібі арасында тиімді ықпалдастық қалыптасып отыр. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Углубление локализации и выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью: Премьер-министр поддержал проект Qarmet по выпуску автомобильной стали 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства подчеркнул важность наращивания темпов локализации, в том числе работы над созданием собственных брендов автомобилей. Это имеет важное значение как для экономики, так и для престижа Казахстана. Руководитель Правительства отметил стратегическое значение проекта по освоению производства отечественной автомобильной стали. «Основная задача – максимальное углубление локализации, чтобы оставлять как можно больше стоимости внутри страны. Настал тот период, когда мы должны активно при государственной поддержке, при активном участии бизнеса работать в этом направлении, в том числе над развитием собственных брендов автомобилей. Это очень важно и с точки зрения экономики, и с точки зрения престижа страны. Мы с вами вместе должны дать хороший результат. Стратегическое значение имеет производство автомобильной стали. Удивляет, что многие десятилетия при наших возможностях мы не наладили производство автомобильной стали в стране. Поэтому этот проект (по производству автомобильной стали) мы поддерживаем в целом, как и большую программу модернизации Qarmet. Здесь получилась хорошая синергия между сталелитейным предприятием и автомобильной промышленностью. Мы, как Правительство, будем вас поддерживать», — подчеркнул Премьер-министр. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25216

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанда автокөлік шанағы бөлшектерінің өндірісі іске қосылады 📌 Қазақстанда отандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Allur» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев мәлімдеді. «Автомобиль өнеркәсібі үшін маңызды қадам қазақстандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру болады. Біз "Qarmet — Allur — Kia Kazakhstan" және басқа өндірушілермен салааралық жобаны пысықтап жатырмыз, ол металлургия мен автомобиль жасауды Qarmet компаниясының болаты пайдаланылып жатқан Саран қаласындағы автобустар өндірісіне ұқсас бірыңғай өндірістік тізбекке біріктіреді», – деді Андрей Лаврентьев. Оның айтуынша, 2028 жылы Qarmet жеңіл автомобиль өндірушілерінің талаптарына сәйкес келетін автомобиль парағын шығаруды жоспарлап отыр. 2029 жылы оның негізінде шанақ бөлшектерін сериялық өндіру басталады. Жобалық қуаттылығы жылына кемінде 100 мың шанақты құрайды, ал олардағы қазақстандық болаттың үлесі кемінде 75% болады. ➖ Производство кузовных деталей запустят в Казахстане В Казахстане планируется освоение полного цикла штамповочного производства для легковых автомобилей с использованием отечественной стали. Об этом на заседании Правительства сообщил председатель совета директоров «Allur» Андрей Лаврентьев. «Важным шагом для автомобильной промышленности станет освоение полного цикла штамповочного производства для легковых автомобилей с использованием казахстанской стали. Нами прорабатывается межотраслевой проект «Qarmet — Allur — Kia Kazakhstan» и с другими производителями, который объединит металлургию и автомобилестроение в единую производственную цепочку по аналогии с производством автобусов в городе Сарань, где уже используется сталь компании Qarmet», — сообщил Андрей Лаврентьев. По его словам, в 2028 году Qarmet планирует запустить выпуск автомобильного листа, соответствующего требованиям производителей легковых автомобилей. В 2029 году на его основе начнется серийное производство кузовных деталей. Проектная мощность составит не менее 100 тыс. кузовов в год, а доля казахстанской стали в них будет не менее 75%. 📱 @KZgovernment




MFA Qazaqstan » публикация №25205

MFA Qazaqstan · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

​​🔹 Қазақстан мен Армения екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады 🔸 Казахстан и Армения подтвердили настрой на расширение двустороннего сотрудничества 🔹 Kazakhstan and Armenia Reaffirm Commitment to Expanding Bilateral Cooperation @PressMFAKZ



UKIMET » публикация №25214

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанда автоөнеркәсіпті үш негізгі бағыт бойынша дамыту жоспарлануда 📌 Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін үш негізгі бағыт таңдалды: олар – өндірісті одан әрі кеңейту, азаматтардың автокөлік сатып алуы мен оны пайдалануға қолайлы…


POLISIA.KZ » публикация №17567

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🐶 🐾 Оралда полицейлер суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды Орал қаласындағы саябақтардың бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне екі кәмелетке толмаған қыз жүгініп, суда кішкентай күшіктердің қалып қойғанын айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкері Жохар Ертаев пен тағылымдамадан өтуші Өрлен Ожанов жедел жетті. Олар жағдайды дереу бағалап, күшіктерді судан алып шықты. Жасөспірімдердің қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында алты күшік те аман қалды. Кейін ит күшіктерін қауіпсіз жерге бастап әкетті. Полиция азаматтардың дер кезінде хабарлауы мен өзара жанашырлығы түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге және олардың салдарының алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салады. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🐶 🐾 Полицейские спасли шестерых щенят в Уральске В одном из парков Уральска к сотрудникам батальона патрульной полиции обратились две несовершеннолетние девочки, которые сообщили, что в воде находятся шесть щенят. На место незамедлительно прибыли полицейский Джохар Ертаев и стажер Өрлен Ожанов. Несмотря на то что рядом находилась взрослая собака, предположительно мать щенят, полицейские оперативно оценили ситуацию и вытащили животных из воды. Благодаря неравнодушию юных очевидцев и слаженным действиям сотрудников полиции все шесть щенят были спасены. После этого собака увела их в безопасное место. Полицейские напоминают, что своевременное обращение граждан и взаимная помощь позволяют оперативно реагировать на различные происшествия и предотвращать возможные последствия. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


UKIMET » публикация №25213

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанда автоөнеркәсіпті үш негізгі бағыт бойынша дамыту жоспарлануда 📌 Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін үш негізгі бағыт таңдалды: олар – өндірісті одан әрі кеңейту, азаматтардың автокөлік сатып алуы мен оны пайдалануға қолайлы жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева мәлімдеді. Оның айтуынша, саланы дамытудың келесі кезеңі автомобиль кластерлерін қалыптастыру болады. Тәсіл ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен кооперациясын күшейтуге, өндірістік шығындарды азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және отандық автомобильдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Екінші маңызды бағыт – автокөлік сатып алуға арналған заманауи қаржы құралдарын дамыту. Бүгінгі күні, азаматтарымыз ескі көлігін жаңартуға немесе жаңа көлікке ауыстыруға мүмкіндік беретін түрлі құралдар бар. Атап айтсақ, автонесие, trade-in бағдарламасы және лизингтік қаржыландыру тетіктері бар. Үшінші бағыт – ішкі нарықты қорғау. Өнеркәсіпте көлік құралдарын заңсыз әкелуге қарсы күресті күшейту, елге әкелінгенге дейін де автомобильдерді тексеру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалануды кеңейту қажет. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және адал бәсекелестік үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осы үш бағытты жүзеге асыру автокөлік саласының тұрақты дамуына, елдің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға және қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті автокөлік өнеркәсібін қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25212

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Қазақстанда электромобильдер шығару жобасын жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды 📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық автокөлік өнеркәсібін дамытуда әлемдегі жетекші электромобиль өндірушілерімен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұловтың BYD компаниясымен ынтымақтастық туралы ақпаратын тыңдаған Олжас Бектенов Үкіметтің Қазақстанда электромобильдер шығаратын зауыт ашуға мүдделі екенін баса айтты. «Биыл BYD автобустарын өндіру мәселесін пысықтап жатырмыз. Шанхайда делегация құрамында BYD компаниясымен кездестік. Жеңіл автокөліктерге келетін болсақ, біз бұл тапсырманы қарастырдық. Келесі жылы BYD өндірісін игереміз деп жоспарлап отырмыз. Себебі BYD бірегей автомобильдер шығаратын компания. Олар электр қуатымен жүретін гибридті және толық электрлі көліктер өндіреді. Уақтылы берген тапсырма үшін алғыс айтамын. Компаниямыз тұтынушыларының және экономикамыздың барлық талабы мен сұраныстарына сай болу үшін BYD автокөліктерін өндіруді игеруі қажет», — «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов. Премьер-министр қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растап, жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды. «Біз Қазақстанда BYD электромобильдер шығаратын зауыттың ашылуына мүдделіміз. Үкіметтен қажетті қолдау көрсетіледі, осы жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді сұраймын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бүгінде BYD Қазақстандағы жаңа энергия көздерін пайдаланатын автомобильдер нарығында жетекші орынға ие. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында аталған брендтің 2 мыңнан астам көлігі, соның ішінде 795 электромобиль сатылды. Жыл соңына дейін дистрибьютор сатылым көлемін 6500 автокөлікке дейін, ал 2027 жылы 12 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. ➖ Олжас Бектенов поручил ускорить реализацию проекта по производству электромобилей в Казахстане 📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность сотрудничества с ведущими мировыми производителями электромобилей для развития отечественного автопрома. Олжас Бектенов, заслушав информацию председателя группы компаний «Астана Моторс» Нурлана Смагулова о сотрудничестве с компанией BYD, отметил заинтересованность Правительства в открытии в Казахстане завода по производству электромобилей. «Мы в этом году прорабатываем производство автобусов BYD. В Шанхае в составе делегации мы встречались с компанией BYD. Что касается легковых автомобилей, мы эту задачу рассматривали: будем исполнять в следующем году и освоим производство BYD. Потому что BYD – это уникальные автомобили, они только делают на электрической тяге гибридные и чисто электрические автомобили. Спасибо за своевременное поручение. Наша компания обязана освоить производство автомобилей BYD, чтобы соответствовать всем требованиям и запросам потребителей нашей экономики», — председатель группы компаний «Астана Моторс» Нурлан Смагулов. Руководитель Правительства подтвердил готовность оказать необходимую поддержку и поручил ускорить реализацию проекта. «Мы заинтересованы в том, чтобы завод по производству электромобилей BYD открылся у нас в Казахстане. Необходимая поддержка от Правительства будет оказана, прошу вас ускорить реализацию этого проекта», — подчеркнул Олжас Бектенов. BYD занимает лидирующие позиции на казахстанском рынке автомобилей на новых источниках энергии. За первое полугодие текущего года реализовано свыше 2 тыс. автомобилей бренда, в том числе 795 электромобилей. До конца года дистрибьютор планирует увеличить продажи до 6 500 автомобилей, а в 2027 году – до 12 тыс. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25211

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанда «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайды 📌Қазақстанда отандық автокөлік техникасының түрлері кеңейтіліп, жаңа көлік құралдарының өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. «Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі – “Астана” атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі», – деді Нұрлан Смағұлов. Оның айтуынша, дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қараша айында басталады. Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп жаңа аккумуляторлық батареяларды қолданатын электр көліктерінің желісі әзірленуде. Ал «Астана» маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр. ➖ В Казахстане запустят производство автобусов бренда «Астана» 📌 В Казахстане расширят линейку отечественной автотехники и запустят выпуск новых транспортных средств. Об этом на заседании Правительства сообщил председатель группы компании «Астана Моторс» Нурлан Смагулов. «Одним из ключевых проектов предприятия является запуск собственного бренда автобусов с названием «Астана». Сами автобусы уникальные, разработаны с участием технологических партнеров из Китая, с использованием компонентов ведущих мировых производителей. Непосредственно наши инженеры из Казахстана участвовали в дизайне этих автобусов. Автобусы будут производиться на территории Казахстана», — сообщил Нурлан Смагулов. По его словам, серийное производство дизельных и газовых автобусов начнется в ноябре текущего года. Кроме того, ведется работа над линейкой электротранспорта совместно с технологическим партнером BYD с использованием новых аккумуляторных батарей. Начало производства электрических автобусов «Астана» запланировано на март 2027 года. 📱 @KZgovernment



ҚТЖ PRESS » публикация №13734

ҚТЖ PRESS · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

📌ҚТЖ Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылыс қарқынын арттыруда 🔵«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысын жалғастыруда. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын Қазақстанның ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі. 🔵Ұзындығы 303 км жаңа желі Абай облысының аумағы арқылы өтеді. Ол Трансқазақстандық көлік дәлізінің бір бөлігіне айналады және Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткелінің ашылуын қамтамасыз етеді. 🔵Желіні пайдалануға бергеннен кейін маршруттың өткізу қабілеті жылына 25 млн тоннаға дейін артады. Бұл жүк ағындарын қайта бөлуге және қолданыстағы Достық пен Алтынкөл шекаралық өткелдеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа маршрут Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен көлік байланысын нығайтады және халықаралық транзит мүмкіндіктерін кеңейтеді. 🔵Құрылыс белсенді фазада жүріп жатыр. Нысанда шамамен 20 млн текше метр жер жұмыстары жүргізілсе, бұл жобалық көлемнің жартысынан астамын құрайды. Бір уақытта 47 көпір, 317 су өткізу құбыры және 18 мал айдау жолы салынуда. 🔵Құрылыс алаңында 1 356 маман жұмыс істейді және 856 техника жұмылдырылған. 🔵Жобаны іске асыру кезінде отандық өндіріс материалдары пайдаланылады. Қазақстандық кәсіпорындар рельстерді, темірбетонды шпалдарды, бағыттамалы бұрмаларды және басқа да құрылымдарды жеткізеді. 🔵Құрылыс аяқталғаннан кейін 1400 астам тұрақты жұмыс орны құрылады. ➖➖➖ 📌КТЖ наращивает темпы строительства железнодорожной линии Бахты – Аягоз 🔵АО «НК «Қазақстан темір жолы» продолжает строительство новой железнодорожной линии Бахты – Аягоз. Это один из крупнейших инфраструктурных проектов Казахстана, реализуемый по поручению Главы государства. 🔵Новая линия протяженностью 303 км пройдет по территории области Абай. Она станет частью Трансказахстанского транспортного коридора и обеспечит открытие третьего железнодорожного пограничного перехода между Казахстаном и Китаем. 🔵После ввода линии в эксплуатацию пропускная способность маршрута увеличится до 25 млн тонн грузов в год. Это позволит перераспределить грузопотоки и снизить нагрузку на действующие пограничные переходы Достык и Алтынколь. Новый маршрут также укрепит транспортные связи Казахстана со странами Азиатско-Тихоокеанского региона и расширит возможности международного транзита. 🔵Строительство идет в активной фазе. На объекте выполнено около 20 млн кубометров земляных работ, что составляет более половины проектного объема. Одновременно строятся 47 мостов, 317 водопропускных труб и 18 скотопрогонов. 🔵На строительной площадке работают 1 356 специалистов и задействовано 856 единиц техники. 🔵При реализации проекта используются материалы отечественного производства. Казахстанские предприятия поставляют рельсы, железобетонные шпалы, стрелочные переводы и другие конструкции. 🔵После завершения строительства будет создано более 1 400 постоянных рабочих мест.


UKIMET » публикация №25209

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанда автокөлік өнеркәсібіне арналған жаңа мамандықтар атласының жаңартылған нұсқалары әзірленді 📌 Қазақстанда жаңа кәсіптер мен құзыреттердің 9 салалық және 20 өңірлік атласы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министр атап өткендей «Машина жасау» және «Көлік және логистика» салалық атластары, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының өңірлік атластары машина жасау саласын тікелей қамтиды. Нәтижесінде 31 жаңа мамандық қалыптасып, 22 қолданыстағы мамандық трансформацияланады. Соның негізінде жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын жаңартуда. Сондай-ақ 73 мың кәсіпорын қатысуымен ауқымды сауалнама жүргізілді, оның 92-сі автоөнеркәсіп саласының кәсіпорындары. Бұл сала үшін инженерлік және жұмысшы кадрларға деген қажеттілік алдағы үш жылда 10 мыңнан астам адамды құрайды. ➖ Обновленные версии атласов новых профессий для автопрома разработали в РК 📌 В Казахстане разработаны 9 отраслевых и 20 региональных атласов новых профессий и компетенций. Об этом на заседании Правительства сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек. В частности, как отметил министр, отраслевые атласы профессий «Машиностроение» и «Транспорт и логистика», региональные атласы Карагандинской и Костанайской областей непосредственно охватывают машиностроительную отрасль. Отмечено, что появляются 31 новая профессия и подлежат трансформации 22 существующих профессий. На их основе вузы обновляют свои образовательные программы. Кроме того, проведено масштабное анкетирование 73 тыс. предприятий, из них 92 в сфере автопрома. Для сферы автомобильной промышленности потребность в инженерных и рабочих кадрах на ближайшие три года составляет более 10 тыс. человек. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25208

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмасын жүзеге асыру: Қазақстанда инженерлік білім берудің жаңа моделі құрылуда 📌 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда Министрлік цифрлық өндірісте, роботтандырылған жүйелерде және жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істей алатын инженерлерді даярлау жүйесін қалыптастырып келе жатқанын атап өтті. Автомобиль өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау еліміздің 19 жоғары оқу орнында 34 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Автомобиль өнеркәсібіне қажетті инженерлік бағыттар бойынша 4 мыңға жуық студент білім алуда. Биыл осы бағыттарға 3 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. «Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемдік деңгейдегі мамандар даярлануда. 176 маман даярланды, қазіргі уақытта 23 стипендиат Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Жапония, Қытай, Италия және басқа да елдерде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтуде», — деп атап өтті Саясат Нұрбек. Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап инженерлік білім берудің жаңа моделі енгізіліп жатқанын айтты. Даярлаудың бірыңғай траекториясына өту көзделген, инженерлік білім берудің пәнаралық өтпелі стандарты енгізілді, білім, ғылым және өндіріс интеграциясы күшейтілді, тұрақты кәсіби өсудің жаңа тетіктері айқындалды. ➖ Исполнение поручения Президента: в Казахстане выстраивается новая модель инженерного образования 📌 Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства доложил о проводимой работе по подготовке инженерных кадров для автомобильной промышленности. Он отметил, что на сегодня министерство выстраивает систему подготовки инженеров, способных работать с цифровым производством, роботизацией и искусственным интеллектом. Подготовка кадров для автопрома ведется в 19 вузах страны по 34 образовательным программам. Почти 4 тыс. студентов получают инженерное образование по направлениям, востребованным автомобильной промышленностью. В этом году выделено более 3 тыс. государственных грантов. «Одновременно готовим специалистов мирового уровня через программу «Болашақ». Уже подготовлено 176 специалистов, в текущий момент 23 стипендиата проходят обучения и научные стажировки в Германии, Великобритании, США, Чехии, Японии, Китае, Италии и других странах», — сообщил Саясат Нурбек. Министр добавил, что по поручению Главы государства с 2024 года внедряется новая модель инженерного образования. Предусмотрен переход на единую траекторию подготовки, внедрен сквозной стандарт инженерного образования, усилена интеграция образования, науки и производства, определены новые механизмы постоянного профессионального роста. 📱 @KZgovernment


Aqorda » публикация №34133

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

✉️Президент направил поздравительную телеграмму Королю бельгийцев Филиппу по случаю Национального дня 🇰🇿🇧🇪Глава государства отметил, что этот знаменательный день является символом единства народа Бельгии. В телеграмме говорится, что Казахстан уделяет большое внимание дальнейшему укреплению дружественных отношений с Королевством Бельгия. Касым-Жомарт Токаев также подчеркнул, что его недавний визит в Брюссель придал дополнительный импульс развитию двустороннего сотрудничества. Президент пожелал Королю Филиппу успехов во всех его благородных начинаниях, а дружественному народу Бельгии – процветания и благополучия. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34132

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

✉️Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан. Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған. Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi


Архив #государство — страница 2

Это 2-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.