⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Alatau City станет первым полностью цифровым городом, где инфраструктура, городские сервисы и экономика интегрированы на основе больших данных, новейших технологий и «умного» управления» «Построение устойчивой модели развития города. Реализация проекта предполагает значительные капитальные и операционные затраты, что, в свою очередь, требует формирования стабильной, предсказуемой доходной базы. Текущая финансово-экономическая модель имеет определенные риски с точки зрения покрытия будущих расходов. Приток инвестиций и развитие бизнеса, на что делается ставка, – это не гарантированный источник доходов, а всего лишь прогноз и ожидание. Кроме того, предусмотренные преференции на первоначальном этапе снизят налоговую отдачу. Это грозит структурным разрывом, когда расходы на развитие и содержание города необходимы сразу, а доходы либо отложены во времени, либо изначально занижены. Поэтому Совету по развитию Алатау совместно с Администрацией города предстоит разработать эффективную финансово-экономическую модель долгосрочного устойчивого развития. Параллельно необходимо утвердить основополагающие документы стратегического планирования города. Инвесторы, партнеры, граждане должны понимать, каким будет Алатау через 10, 20 и 30 лет. Alatau City станет первым полностью цифровым городом, где инфраструктура, городские сервисы и экономика интегрированы на основе больших данных, новейших технологий и «умного» управления. Таковы ключевые ориентиры. Все стратегические документы (долгосрочный план, мастер-план и стратегия развития) необходимо принять до конца 2026 года, чтобы уже со следующего года приступить к активной фазе развития города. В реализации столь крупных долгосрочных проектов огромное значение имеет быстрое, форсированное и, главное, успешное начало данного процесса. Начнем тянуть резину – считайте, дело пропало». t.me/aqorda_resmi
#государство — страница 11
Архив раздела #государство, страница 11. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады» «Қаланы дамытудың орнықты моделін құру. Жобаны жүзеге асыру айтарлықтай күрделі және операциялық шығындарды қажет етеді. Бұл орайда тұрақты, болжамды кіріс базасын қалыптастырған жөн. Қазіргі қаржылық-экономикалық моделдің келешек шығындарды жаба алмай қалу қаупі де бар. Инвестиция ағыны мен бизнесті дамытуға баса мән беріп отырмыз. Дегенмен бұл – кепілдік берілген табыс көзі емес, бар болғаны болжам мен үміт қана. Бұдан бөлек, бастапқы кезеңде көзделген жеңілдіктер салық түсімдерінің азаюына әкеледі. Бұл құрылымдық алшақтыққа ұрындыруы мүмкін. Өйткені қаланы қамтамасыз ету мен дамытуға қаражат қажет кезде түсімдер кешігуі немесе бастапқыда төмен болуы ықтимал. Сондықтан Алатауды дамыту жөніндегі кеңес қала әкімшілігімен бірге ұзақмерзімді орнықты дамудың тиімді қаржы-экономикалық үлгісін әзірлеуі керек. Сонымен бірге қаланы стратегиялық жоспарлауға негіз болатын құжаттарды бекіткен жөн. Инвесторлар мен серіктестер, азаматтар 10, 20 немесе 30 жылдан кейін Алатау қаласының қандай болатынын түсінуі қажет. Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады. Басты бағдар – осы. Келесі жылы қаланы дамытуға белсене кірісу үшін стратегиялық құжаттардың барлығын (Ұзақмерзімді жоспар, Мастер жоспар және Даму стратегиясы) жыл соңына дейін қабылдау керек. Мұндай ірі және ұзақмерзімді жобаларды іске асыруда процесті жедел, қарқынды және ең әуелі сәтімен бастау өте маңызды. Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер.». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Поэтому законодательная работа по проекту Алатау должна быть проведена оперативно и качественно. Это очень важная стратегическая задача» «В конечном счете, такая архитектура обеспечит правовую стабильность и защищенность от произвольных изменений, а также скорость и гибкость решений. Принципиально важно, чтобы регуляторные акты Алатау разрабатывались с привлечением ведущих зарубежных экспертов, имеющих опыт построения подобных правовых систем. Администрация города планирует обеспечить принятие всех основных регуляторных актов Алатау в течение 12 месяцев. Совету по развитию города следует ускорить данный процесс. Нельзя затягивать работу. Любое промедление приведет к прямым потерям инвестиций и подрыву доверия со стороны бизнеса. Международные инвесторы не будут ждать годами пока мы создадим необходимые условия, они принимают решения здесь и сейчас, при появлении, перспективных возможностей. Поэтому законодательная работа по проекту Алатау должна быть проведена оперативно и качественно. Это очень важная стратегическая задача». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Алатау жобасына қатысты заңнамалық жұмыс жылдам әрі сапалы жүргізілуге тиіс. Бұл – аса маңызды стратегиялық міндет» «Түптеп келгенде, мұндай жұмыс жүйесі құқықтық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді және орынсыз заңнамалық өзгерістерден қорғап, жедел және тез шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Алатау жобасына қатысты реттеу актілерін әзірлеу барысында міндетті түрде осындай құқықтық жүйелерді құру ісінде мол тәжірибесі бар білікті шетелдік сарапшыларды тарту қажет. Қала әкімшілігі негізгі реттеу актілерінің барлығын бір жылдың ішінде қабылдауды жоспарлап отыр. Қаланы дамыту жөніндегі кеңес бұл істі мейлінше тез қолға алуы керек. Жұмысты соза беруге болмайды. Әйтпесе, инвестициядан құр қаламыз. Бизнес өкілдері де бізге сеніп отыр, сондықтан, бұл жұмысқа нұқсан келтіруге болмайды. Халықаралық инвесторлар қолайлы жағдай жасайды деп, жылдар бойы күтіп отырмайды. Олар қай жерде мол мүмкіндік болса, соған сай бірден шұғыл шешім қабылдайды. Алатау жобасына қатысты заңнамалық жұмыс жылдам әрі сапалы жүргізілуге тиіс. Бұл – аса маңызды стратегиялық міндет». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Важно в полной мере выполнить задачу по созданию особого правового режима» «Благодаря Конституционному закону заложена надежная правовая база для динамичного развития города. Однако ошибочно полагать, что специальный правовой режим сам по себе гарантирует успех. История знает немало примеров, когда специальные экономические зоны не оправдывали возложенных на них ожиданий. Отсутствие качественных институтов, транспарентности и предсказуемых правил, а также регуляторной самостоятельности привело к тому, что многие проекты не были успешно реализованы. Из этой ситуации важно сделать правильные выводы. Для эффективного функционирования специального режима необходимо выстроить единую законодательную систему. Требуется создать открытую, прозрачную и качественную правовую базу, которая будет регулировать все ключевые аспекты деловой активности и повседневной жизни на территории города. Эта система должна включать два уровня, первый из которых – конституционный – уже определил основные принципы, а второй – регуляторный – определит правовые механизмы применительно к каждой сфере экономической деятельности». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Арнаулы құқықтық режим құру міндетін толыққанды іске асыру маңызды» «Біз Конституциялық заң арқылы қаланы қарқынды дамыту үшін мықты құқықтық негіз қаладық. Бірақ «арнаулы құқықтық режим бар, енді міндетті түрде табысқа жетеміз» деп ойлау қателік болар еді. Өйткені дәл осындай режим енгізілген экономикалық аймақтардың талай рет іс жүзінде нақты нәтиже бермегені белгілі. Сапалы институттар, ашық әрі тұрақты ережелер, дербес реттеу тетіктері болған жоқ. Соның салдарынан көптеген жоба ойдағыдай жүзеге асырылмай қалды. Бұдан тиісті сабақ алып, дұрыс қорытынды шығару қажет. Арнаулы режим тиімді жұмыс істеуі үшін біртұтас заңнама жүйесі қажет. Қаланың іскерлік белсенділігіне және күнделікті тіршілігіне қатысты мәселелерді реттейтін ашық, айқын әрі сапалы құқықтық негіз болуға тиіс. Бұл жұмысты екі деңгейде атқару қажет. Біріншісі – негізгі қағидаларды белгілейтін конституциялық деңгей. Бұл мәселе өз шешімін тапты. Ал екіншісі – құқықтық реттеу деңгейі, яғни, экономикалық қызметтің әр саласы бойынша нақты заңнамалық тетіктер айқындалады». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Ожидания от проекта Alatau city большие» «Как известно, решение о создании нового города Алатау было принято в непростых экономических условиях для страны, но оно было тщательно продуманным. Alatau City – это действительно всесторонне проработанный и выверенный проект. Мировой опыт показывает, что именно города будущего способны вывести развитие стран на качественно новый уровень. Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон и многие другие города – тому хорошие примеры. Поэтому и ожидания от проекта Alatau city большие. Для достижения этой задачи требуется прежде всего решение юридических, земельных и инфраструктурных вопросов. На первоначальном этапе реализации проекта нужно сосредоточиться на следующих ключевых направлениях». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз» «Өздеріңіз де білесіздер, жаңа қала салу туралы шешім экономикамызда күрделі жағдай болған кезде қабылданды. Бірақ біз бұл мәселеге байыппен қарадық. Асығыстыққа жол берген жоқпыз. Alatau city жобасы – шын мәнінде, жан-жақты зерделенді, пысықталды деп айтуға болады. Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, дәл осы болашақ қалаларын салу арқылы ел дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге зор мүмкіндік туады. Мысалы, Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон, тағы да бірқатар қаланың сәтті жобалар екені баршаға мәлім. Сол себепті біз де Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз. Бұл істе ең алдымен құқықтық сұрақтарды, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет. Осы бастаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде бірқатар негізгі бағытқа баса мән беруіміз керек». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Строительство инфраструктуры в Конаеве продвигается медленными темпами» «Однако хотел бы обратить внимание на одну существующую проблему. Строительство инфраструктуры в Конаеве продвигается медленными темпами. Как говорится, облик города не изменился, все осталось по-прежнему. Для полноценного развития Алматинской области городу жизненно и безотлагательно необходима базовая инфраструктура: образовательные, административные, культурные и спортивные объекты. Руководство области должно обратить внимание на эту актуальную проблему». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр» «Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. «Баяғы жартас – сол жартас», қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде. Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «В целом, темпы развития региона неплохие, проводится соответствующая работа. Объем валового регионального продукта по итогам 2025 года составил 6,7 трлн тенге с ростом 5,4%. За январь – апрель текущего года по краткосрочному экономическому индикатору область на 5 месте. Активно идет работа по привлечению инвестиций. С начала года в экономику области инвестировано 266,2 млрд тенге. Объемы промышленного производства достигли порядка 900 млрд тенге. Между тем, недостаточно используются возможности аграрного сектора. По итогам 4 месяцев текущего года индекс физического объема сельского, лесного и рыбного хозяйства составил 101,2%». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Негізі, облыстың даму қарқыны жаман емес. Тиісті жұмыс істелуде. Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5 орында тұр. Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті. Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Алатау можно назвать «городом ускоренного развития» с уникальным правовым статусом» «В целом для ускоренного решения ключевых вопросов развития Алатау обеспечиваются все необходимые условия. Уже сейчас можно сказать, что создан прочный правовой фундамент для качественного развития города, включая установление налоговых преференций и упрощение правил для предпринимательской деятельности. Кроме того, будет обеспечена комплексная защита интересов локального бизнеса, а также создана регуляторная среда для развития цифровых активов. Таким образом, сегодня Алатау можно назвать «городом ускоренного развития» с уникальным правовым статусом». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар «қарқынды дамитын қала» деп атауға болады» «Жалпы, Алатау қаласына қатысты кез келген мәселені жедел шешу үшін барлық қажетті жағдай жасалып жатыр. Қазірдің өзінде қаланың сапалы дамуына жол ашатын құқықтық негіз толық қалыптасты деп айтуға болады. Соның аясында салық жеңілдіктері ұсынылды, бақылау және реттеу тетіктері де бизнес жүргізу үшін оңтайлы бола түсті. Бұдан бөлек, осы қалада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтары жан-жақты қорғалады, сондай-ақ, цифрлық активтерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондықтан бүгінде Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар «қарқынды дамитын қала» деп атауға болады». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Основные принципы, по которым будет развиваться город, были закреплены в новой Конституции» «Сегодня мы обсудим актуальные вопросы развития города Алатау. Как вам известно, два года назад мною было принято решение о создании Алатау как города будущего. Данный проект имеет стратегическое значение для всей страны. Мы намерены привлечь инвестиции в Алатау для превращения его в новый центр деловой активности и инноваций. Для наших граждан, особенно будущих поколений, откроются большие возможности для того, чтобы работать, жить и расти в этом новом городе. Поэтому основные принципы, по которым будет развиваться город, были закреплены в новой Конституции. Подписан Конституционный закон «О специальном правовом режиме города Алатау». На данном этапе необходимо обсудить ряд актуальных вопросов. Следует подвести итоги проделанной работы, определить оперативные задачи и долгосрочные приоритеты. Одним словом, требуется наметить направление для дальнейшей работы». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді» «Бүгін біз Алатау қаласын дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылаймыз. Баршаңызға мәлім, мен осыдан екі жыл бұрын болашақ қаласы – Алатау шаһарын салу туралы шешім қабылдадым. Бұл жобаның тұтас еліміз үшін стратегиялық маңызы зор. Біз осы қалаға инвестиция тартып, оны бизнестің және инновацияның жаңа орталығы ретінде дамытатын болдық. Осы жерде өмір сүру, жұмыс істеу азаматтарымызға, әсіресе, өскелең ұрпаққа мол мүмкіндік бермек. Сондықтан Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді. «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заң қабылданды. Осы тұста бірнеше маңызды мәселені пысықтап алуымыз керек. Алдымен, осы кезге дейін жүргізілген жұмыспен танысайық. Сонымен қатар жедел мәселелер мен ұзақ мерзімге арналған міндеттерге тоқталу қажет. Бір сөзбен, алдағы жұмыстың бағдарын айқындап алған жөн». t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі Глава государства выступил на совещании по развитию города Алатау t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Глава государства ознакомился с ходом развития города Алатау 🟦Программа рабочей поездки Президента Касым-Жомарта Токаева в Алматинскую область началась с презентации развития Алатау. 🟦В настоящее время территория города составляет 88 тысяч гектаров и разделена на четыре функциональные зоны, которые будут развиваться поэтапно вплоть до 2050 года. Также определены точки роста и приоритетные территории развития города, реализуется Дорожная карта по развитию магистральной инфраструктуры. 🟦Принят Конституционный закон, формирующий новую модель управления. 🟦На сегодняшний день активно развивается жилой район Gate City, в котором возведена одна «комфортная школа». В городе функционируют пять системообразующих предприятий: «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm и Алматинский вентиляторный завод. 🟦Наряду с этим сформирован пул из 53 инвестиционных проектов на общую сумму более 2 трлн тенге. 🟦В частности, компания PepsiCo ведет строительство крупнейшего в Центральной Азии завода по переработке картофеля, Mars Petcare реализует проект первого в регионе современного производства кормов для домашних животных, KHAN TENGRI BIOPHARMA занимается производством лекарственных средств и медицинского оборудования, «Исткомтранс» и G-Trans формируют логистический кластер. 🟦Главе государства был презентован проект Iconic Complex – флагманский многофункциональный комплекс Алатау. Один из главных объектов города будет возведен в районе Gate District. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды. 🟦Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған. 🟦Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды. 🟦Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда «жайлы мектеп» бой көтеріп, «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді. 🟦Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады. 🟦Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда. 🟦Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек. t.me/aqorda_resmi
Глава государства прибыл с рабочей поездкой в Алматинскую область Президент Касым-Жомарт Токаев проведет совещание по развитию города Алатау, а также посетит ряд производственных и социальных объектов региона. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысына барды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізеді, сондай-ақ өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралайды. t.me/aqorda_resmi
🎉 Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің түкпір-түкпірінде полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, түрлі қайырымдылық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Солардың бірі Түркістан облысы полиция департаментінде өткен “Балаларды…
🎉 Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің түкпір-түкпірінде полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, түрлі қайырымдылық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Солардың бірі Түркістан облысы полиция департаментінде өткен “Балаларды қорғау жүрек жылуынан басталады” атты қайырымдылық акциясы болды. Іс-шара барысында сақшылар ерекше күтімді қажет ететін балалардың хаттағы армандарын орындап, оларға қуаныш сыйлады. 🚔 Балалар ата-аналарымен бірге полиция департаментіне барып, қызметтік автокөліктерді, мотопатруль жұмысын, кинологтардың көрсетілімін, фотокөрмені аралады. Түркістан облысы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров балалармен кездесіп, жедел басқару орталығының қызметімен таныстырды. Кейін олардың хатта жазған тілектері орындалып, велосипед, электроскутер, бассейн, құлаққап, колонка, микрофон, спорттық киімдер және өзге де сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ балаларға алғыс хаттар мен полиция символикасы бейнеленген естелік сыйлықтар берілді. 🎶 Мерекелік бағдарлама Түркістан қаласындағы “Керуен сарай” кешенінде жалғасып, концерттік қойылым ұсынылды. Балалар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. ✨ Осылайша мереке мейірім мен қамқорлықтың жарқын көрінісіне айналып, көптеген баланың арманы орындалған ерекше күн ретінде есте қалды. 📱 POLISIA.KZ
🚔 Ақмола облысында полицейлер кішкентай баланы ауруханаға шұғыл жеткізді 31 мамыр күні кешкісін кішкентай бала есінен танып қалған. Баланың ата-анасы жедел жәрдемді күтпей, ұлын ауруханаға өз бетінше жеткізбек болған. Алайда тығыз көлік ағыны мен кептеліс қозғалысқа айтарлықтай кедергі келтірген. Патрульдік экипаж көлігін көрген ата-ана бірден көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, бір жасар ұлы құлап, есінен танып қалған. Жағдайды бірден бағалаған полиция қызметкерлері автокөлікке облыстық балалар ауруханасына дейін жылдам әрі қауіпсіз жол бастап барды. — Полиция қызметкерлері Аманжол Мұратов пен Ерік Серәліге кәсібилігі, адамгершілігі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Олардың көмегінің арқасында ұлым уақытында медициналық көмек алды, — деп жазды әйел. — Ата-ана баланың есінен танып қалғанын айтқан кезде, біз бірден уақыттың маңызды екенін түсіндік. Олар қатты қорқып тұрды, — деп бөліседі Ерік Серәлі. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли вовремя доставить ребенка в больницу Слова благодарности в адрес сотрудников патрульной полиции появились в социальных сетях после случая, который едва не обернулся трагедией для одной из семей Кокшетау. Вечером 31 мая родители маленького ребенка оказались в крайне тревожной ситуации. После падения малыш начал терять сознание. Не дожидаясь приезда скорой помощи, родители приняли решение самостоятельно доставить сына в больницу. Однако плотный транспортный поток и загруженные улицы существенно замедляли движение. Надежда появилась, когда рядом с автомобилем семьи оказался патрульный экипаж. Увидев полицейских, родители обратились к ним за помощью. Оценив серьезность ситуации, сотрудники полиции оперативно сопроводили автомобиль до областной детской больницы, обеспечив безопасный и быстрый проезд. — От всего сердца благодарю полицейских — Аманжола Муратова и Еріка Серәлі за профессионализм, человечность и неравнодушие. Благодаря их помощи мой сын вовремя получил медицинскую помощь, — написала женщина. — Когда родители сообщили, что ребенок теряет сознание, мы сразу поняли, что медлить нельзя. Они были очень напуганы, и это можно понять — речь шла о здоровье малыша, — отметил Ерік Серәлі. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
Халықаралық ынтымақтастық және заңнамалық шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Үкімет отырысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен алдағы заңнамалық шаралар туралы баяндады. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық…
Халықаралық ынтымақтастық және заңнамалық шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Үкімет отырысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен алдағы заңнамалық шаралар туралы баяндады. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) есірткіге қарсы стратегияларын жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйымдардың мамандандырылған құрылымдарымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізуде. Мемлекет басшысы екі халықаралық шартқа қол қойды. Бұл құжаттар ТМД елдерінің аумағында бақылаудағы жеткізілімдерді жүзеге асыруға және Душанбе қаласындағы ШЫҰ-ның Есірткіге қарсы орталығымен өзара ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. – Биыл есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама күшейтілді. Дропперлік қызмет үшін, күшті әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сондай-ақ есірткі заттарын медициналық мақсаттан тыс қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Тыйым салынған заттар тізімі 47 жаңа атаумен толықтырылды. Бұдан бөлек, есірткі сайттарын бұғаттау, күшті әсер ететін заттарға сараптама жүргізу, халықтың есірткіге тәуелділік деңгейі бойынша өңірлер рейтингін цифрландыру және өңірлік есірткіге қарсы штабтардың жұмысын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылуда, – деді министр. #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ
Архив #государство — страница 11
Это 11-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.





























