Life News Новостной агрегатор

UKIMET — страница 7

Источник: UKIMET · сбросить

Архив материалов источника UKIMET, страница 7. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


UKIMET » публикация №24954

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек рассказал о сотрудничестве с американским Университетом Аризоны и запуске совместных производственных проектов 🔵Университет Аризоны, открытый на базе СКГУ им. М. Козыбаева, переходит от образовательного процесса к реализации коммерческих проектов для отечественной экономики. Министр отметил, что зарубежный вуз теперь обеспечивают не только подготовку кадров, но и прямой трансфер передовых технологий. «Из дешевого актива как сера, мы теперь с помощью наших американских партнеров научились делать линзы, полимеры, удобрения и абсорбенты. И таких проектов будет много. Сейчас уже привлечено порядка 3,5 млрд теңге из частных инвестиций под эти научные программы: для сельского хозяйства, управления водными ресурсами, новыми материалами, нефтехимии, искусственного интеллекта. Таким образом, филиалы зарубежных университетов не только обучают, но и предоставляют трансфер технологий, обеспечение добавленной высокой стоимостью новой продукции для различных сфер экономики», — подчеркнул министр. Стоит отметить, что в филиале Университета Аризоны на сегодня обучается свыше 1,2 тыс. студентов, образовательный процесс обеспечен 36 педагогами из США. Уже в эти выходные состоится первый выпуск 131 студента. Все они полностью трудоустроены либо получили приглашения в ведущие зарубежные вузы. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24953

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аризона университетімен ынтымақтастық және бірлескен өндірістік жобалардың іске қосылуы туралы айтты 🔵М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында ашылған Аризона университеті білім беру қызметімен ғана шектелмей, енді отандық экономикаға арналған коммерциялық жобаларды іске асыру кезеңіне көшуде. Министр шетелдік жоғары оқу орны енді кадрларды даярлауды ғана емес, озық технологиялардың тікелей трансферін де қамтамасыз ететінін атап өтті. «Күкірт сияқты арзан активтен біз қазір американдық серіктестеріміздің көмегімен линзалар, полимерлер, тыңайтқыштар мен сіңіргіштер жасауды үйрендік. Мұндай жобалар көп болады. Қазір ауыл шаруашылығы, Су ресурстарын басқару, жаңа материалдар, мұнай химиясы, жасанды интеллект үшін осы ғылыми бағдарламаларға жеке инвестициялардан шамамен 3,5 млрд теңге тартылды. Осылайша, шетелдік университеттердің филиалдары оқытып қана қоймай, сонымен қатар технологиялардың трансферін ұсынады, экономиканың түрлі салалары үшін жаңа өнімнің қосылған жоғары құнымен қамтамасыз етеді», — деп атап өтті министр. Айта кету керек, бүгінде Аризона университетінің филиалында 1,2 мыңнан астам студент білім алуда. Оқу үдерісін АҚШ-тан келген 36 оқытушы қамтамасыз етіп отыр. Осы демалыс күндері 131 студенттентке диплом табысталады. Олардың барлығы толықтай жұмысқа орналасқан немесе әлемнің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан оқуға шақырту алған. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24952

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов провел встречу с Президентом Университета Аризоны Сурешем Гаримеллой 📌Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов обсудил с Президентом Университета Аризоны доктором Сурешем Гаримеллой вопросы сотрудничества в образовательной сфере. В частности, рассмотрены перспективы расширения совместных академических программ, научных исследований и трансфера технологий в приоритетных для Казахстана отраслях. 🔵Университет Аризоны стал одним из первых иностранных вузов, с которым заключено образовательное сотрудничество в контексте системной работы по усилению научно-образовательного потенциала страны. На сегодня осуществляется стратегическое партнерство между Северо-Казахстанским университетом имени М. Козыбаева и Университетом Аризоны. По совместным программам обучаются свыше 1,2 тыс. студентов. В текущем году состоится первый выпуск. «Новая Конституция Казахстана определяет образование, науку и инновации в качестве стратегических направлений государственной политики. Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев обозначил развитие человеческого капитала одним из наших ключевых приоритетов. Мы формируем региональный академический и исследовательский хаб, внедряя лучшие международные практики и расширяя научно-исследовательское сотрудничество», — подчеркнул Олжас Бектенов. 👤Президент Университета Аризоны Суреш Гаримелла отметил успешную реализацию пилотного сотрудничества с Козыбаев Университетом. Подчеркнуто, что одним из приоритетов в совместной программе является развитие научных исследований. «Мы показали, что модель образовательного сотрудничества можно реализовать и масштабировать на большее число студентов в Козыбаев Университет, а также на другие вузы в стране. Мы выбрали для себя три ключевых приоритета: успех студентов, научные исследования и служение обществу и развитие местных сообществ. Каждый из этих приоритетов реализуется в Козыбаев Университете через обучение за рубежом, вовлеченность, образование и другие направления», — подчеркнул Суреш Гаримелла. В ходе встречи внимание уделено научно-исследовательской кооперации. Козыбаев Университет и Университет Аризоны реализуют совместные проекты в области водных ресурсов, агрогеномики, биоинформатики, переработки серы, искусственного интеллекта, цифрового здравоохранения и инклюзивного образования. Один из проектов направлен на мониторинг, очистку и рациональное использование водных ресурсов Северо-Казахстанской области. Ведутся совместные исследования по геномной селекции сельскохозяйственных культур и сохранению генофонда уникальных животных и растений Казахстана, включая каспийского тюленя и тюльпан Грейга. Реализуется проект по разработке технологий переработки серы и выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью – высокотехнологичных материалов, удобрений и сорбентов. По итогам встречи отмечена важность дальнейшего развития сотрудничества и повышения качества подготовки кадров. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24947

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті, доктор Суреш Гаримелламен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан үшін басым салалар бойынша бірлескен академиялық бағдарламаларды, ғылыми зерттеулер мен технологиялар трансферін кеңейту перспективалары қаралды. 🔵Аризона университеті еліміздің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс аясында білім беру саласындағы ынтымақтастық орнатылған алғашқы шетелдік жоғары оқу орындарының бірі болды. Бүгінгі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасында стратегиялық әріптестік орнаған. Бірлескен бағдарламалар бойынша 1,2 мыңнан астам студент оқиды. Биыл алғашқы түлектер оқуын аяқтайды. «Қазақстанның жаңа Конституциясы білім, ғылым және инновацияны мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде айқындайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адами капиталды дамытуды еліміздің басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Біз үздік халықаралық тәжірибелерді енгізіп, ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын кеңейте отырып, өңірлік академиялық және зерттеу хабын қалыптастыратын боламыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 👤Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла Қозыбаев университетімен ынтымақтастықта қолға алынған пилоттық жобаның сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті. Бірлескен бағдарламадағы басымдықтардың бірі – ғылыми зерттеулерді дамыту екенін айтты. «Біз білім берудегі ынтымақтастық моделін Қозыбаев университетінде қолдандық, сол арқылы студенттердің көп санын қамти отырып, сіздің елдегі басқа да жоғары оқу орындарында кеңінен таратуға болатынын дәлелдедік. Өзіміз үшін үш негізгі басымдықты таңдадық, олар – студенттердің жетістігі, ғылыми зерттеулер және қоғамға қызмет ету мен жергілікті қауымдастықтардың дамуы. Осы басымдықтардың әрқайсысы Қозыбаев университетінде шетелде оқу, қатысу, білім беру және басқа да бағыттар арқылы жүзеге асырылады», — деп атап өтті Суреш Гаримелла. Кездесу барысында ғылыми-зерттеу кооперациясына назар аударылды. Қозыбаев университеті мен Аризона университеті су ресурстары, агрогеномика, биоинформатика, күкірт өңдеу, жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және инклюзивті білім беру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Жобалардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарына мониторинг жүргізуге, тазартуға және ұтымды пайдалануға бағытталған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы және Қазақстанның бірегей жануарлары мен өсімдіктерінің, оның ішінде Каспий итбалығы мен Грейг қызғалдағының генофондын сақтау бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Күкіртті қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және қосылған құны жоғары өнімдерді – жоғары технологиялық материалдар, тыңайтқыштар мен сорбенттерді шығару бойынша жоба жүзеге асырылуда. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және кадрлар даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24946

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Сотрудничество с инвесторами выходит на новый этап развития: Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестиционного климата 📌На заседании Совета по улучшению инвестиционного климата под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова обсуждены…


UKIMET » публикация №24945

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Инвесторлармен ынтымақтастық дамудың жаңа кезеңіне қадам басады: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді 📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында…


UKIMET » публикация №24944

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Инвесторлармен ынтымақтастық дамудың жаңа кезеңіне қадам басады: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді 📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында…


UKIMET » публикация №24943

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Сотрудничество с инвесторами выходит на новый этап развития: Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестиционного климата 📌На заседании Совета по улучшению инвестиционного климата под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова обсуждены…


UKIMET » публикация №24937

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Сотрудничество с инвесторами выходит на новый этап развития: Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестиционного климата 📌На заседании Совета по улучшению инвестиционного климата под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова обсуждены вопросы укрепления взаимодействия между Правительством РК и международными деловыми кругами. Рассмотрены инвестиционные возможности в сферах цифровизации и искусственного интеллекта. Внимание уделено вступлению в силу новой Конституции РК и открывающихся перспективах для наращивания инвестиционного сотрудничества. «Наша с Вами встреча проходит в исторический для нашей страны момент. Казахстан под руководством Президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева вступил в совершенно новый этап своего развития. Принятая на общенациональном референдуме Конституция стала фундаментом планомерного продолжения масштабных реформ по построению Справедливого и Прогрессивного Казахстана. Сегодня продолжается поступательная перезагрузка всей правовой системы, нацеленная в том числе на последовательное и устойчивое развитие экономики», — отметил Олжас Бектенов. Участников заседания СУИК проинформировали, что после вступления в силу нового Основного Закона, с 1 июля началось формирование новой государственно-политической модели. В частности, были назначены выборы в новый законодательный орган Курултай, создан Секретариат нового высшего консультативного органа – Қазақстан Халық Кеңесі. Также Конституционным Судом даны разъяснения по применению конституционной нормы об однократности сроков полномочий ряда высших должностных лиц: Президента, председателя и судей Конституционного Суда, председателя Верховного Суда и Генерального Прокурора. «Конституционный Суд своим решением дал четкое однозначное толкование, что норма однократности распространяется только на лиц, назначенных или избранных на соответствующие должности после вступления в силу новой Конституции, то есть после 1 июля этого года. Внесение правовой определенности снимает с повестки целый ряд вопросов как для внутренней, так и для внешней аудитории. Думаю, что это позитивный сигнал и для инвесторов, которым важна устойчивость и предсказуемость политико-правовой системы», — подчеркнул Премьер-министр. Руководитель Правительства Казахстана также отметил, что проводимые президентские реформы опираются на широкую общественную поддержку. Согласно последним социологическим опросам, более 87% граждан страны уверены, что Казахстан развивается в правильном направлении. Это говорит о том, что население видит ощутимые результаты проводимых масштабных преобразований. «Общественная поддержка политического курса является ключевым фактором дальнейшей успешной реализации президентских реформ. Таким образом, новая конституционная модель и устойчивый курс реформ служат прочной основой для дальнейшей модернизации нашей экономики, расширения международного партнерства и роста инвестиционной привлекательности Казахстана. Уважаемые коллеги, наше с вами сотрудничество в свете новой Конституции также выходит на новый этап развития. Уверен, что проводимые в стране политические и экономические преобразования дадут мощный импульс развитию долгосрочного и взаимовыгодного партнерства», — обратился к участникам СУИК Премьер-министр Олжас Бектенов.


UKIMET » публикация №24936

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Инвесторлармен ынтымақтастық дамудың жаңа кезеңіне қадам басады: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді 📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында…


UKIMET » публикация №24929

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Инвесторлармен ынтымақтастық дамудың жаңа кезеңіне қадам басады: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді 📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер қаралды. Жиында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерге назар аударылды. «Біздің бүгінгі кездесуіміз еліміз үшін тарихи кезеңде өтіп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан өзінің даму жолында мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жалғастыруға жол ашатын нағыз ұлт Жарғысына айналды. Бүгінде бүкіл құқықтық жүйені қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның аясында экономиканың дәйекті әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету көзделіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Кеңес отырысына қатысушыларға 1 шілде күні жаңа Ата заң күшіне енгеннен кейін еліміздің жаңа мемлекеттік-саяси тұрпатын қалыптастыру үдерісі басталғаны туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай сайлауы тағайындалып, жаңа жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы құрылды. Сондай-ақ жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Конституциялық Сот бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты конституциялық норманы қолдану жөнінде түсіндірме берді. Олардың қатарында Президент, Конституциялық Сот төрағасы мен судьялары, Жоғарғы Соттың төрағасы мен Бас прокурор бар. «Конституциялық Сот өз шешімімен нақты әрі дәл түсіндіріп берді. Атап айтқанда, бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам болып отыр», — деп атап өтті Премьер-министр. Олжас Бектенов, сондай-ақ президенттік реформалардың жұртшылық тарапынан жаппай қолдауға ие болып жатқанын ерекше атап өтті. Соңғы әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, ел азаматтарының 87%-дан астамы Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді. Бұл халқымыздың жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нақты нәтижесін шын мәнінде сезініп отырғанын көрсетеді. «Президенттің саяси бағытына деген қоғамдық қолдау – реформаларды алдағы уақытта да табысты жүзеге асырудың маңызды факторы. Осылайша, жаңа конституциялық модель мен орнықты реформалар бағыты экономикамызды одан әрі жаңғыртуға, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға берік негіз болып отыр. Құрметті әріптестер, жаңа Конституция аясында Сіздермен арадағы қарым-қатынасымыз да жаңа даму кезеңіне қадам басты. Елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға қуатты серпін беретініне сенімдімін», — деді Премьер-министр Олжас Бектенов жиынға қатысушыларға.


UKIMET » публикация №24928

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Правительство выделило около 650 млн теңге на строительство тепломагистрали в Северо-Казахстанской области 📌Средства направят на завершение ремонта магистрали, которая обеспечивает теплоснабжение более 30 тыс. жителей Петропавловска Постановлением Правительства…


UKIMET » публикация №24927

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді 📌Қаражат Петропавлдың 30 мыңнан астам тұрғынын жылумен қамтамасыз ететін магистральды жөндеуді аяқтауға бағытталады Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік…


UKIMET » публикация №24926

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Правительство выделило около 650 млн теңге на строительство тепломагистрали в Северо-Казахстанской области 📌Средства направят на завершение ремонта магистрали, которая обеспечивает теплоснабжение более 30 тыс. жителей Петропавловска Постановлением Правительства из резерва выделено около 650 млн теңге на завершение строительства тепломагистрали в городе Петропавловске Северо-Казахстанской области. Системная модернизация отвечает задачам, поставленным Главой государства на совместном заседании палат Парламента, по укреплению энергетического и инфраструктурного каркаса страны. Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов. Средства выделяются для строительства теплосети на участках по ул. Ж. Жабаева – А. Шашимбаева – Новая – И. Алтынсарина. В 2026 году будут демонтированы 1,4 км с последующей прокладкой новых тепловых сетей. Ранее в 2025 была проведена реконструкция 0,7 км теплосетей. Таким образом в результате выделенных средств будет завершена работа по ремонту тепловой магистрали №2 протяженностью более 2 км в городе Петропавловске. Реализация проекта позволит заменить изношенную более чем на 80% магистраль и обеспечить надежное теплоснабжение более 30 тыс. жителей города, или порядка 200 многоквартирных домов и объектов социальной сферы, а также снизит уровень износа тепловых сетей города. Правительство держит на постоянном контроле подготовку к предстоящему отопительному сезону. По данным Министерства энергетики РК, с 2025 года на электростанциях проведен капитальный ремонт 10 энергоблоков, 63 котлов и 39 турбин. Также обновлено 17 тыс. км линий электропередачи, модернизировано 420 подстанций и заменено 323 км наиболее изношенных тепловых сетей. Это позволило снизить уровень износа оборудования электростанций до 53%, тепловых сетей – до 50%. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24925

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді 📌Қаражат Петропавлдың 30 мыңнан астам тұрғынын жылумен қамтамасыз ететін магистральды жөндеуді аяқтауға бағытталады Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Жүйелі жаңғырту Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Ж.Жабаев – А.Шәжімбаев – Новая – Ы.Алтынсарин көшелері бойындағы учаскелердегі жылу желісінің құрылысына бағытталған. 2026 жылы 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады. 2025 жылы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған. Осылайша, бөлінген қаражатқа Петропавл қаласындағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаны жүзеге асыру 80%-дан астам тозған магистральды ауыстыруға және 30 мыңнан астам қала тұрғынын немесе 200-ден астам көппәтерлі үй мен әлеуметтік сала нысанын жылумен қамту сенімділігін арттырады, сондай-ақ қаланың жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетеді. Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстауда. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогына, 63 қазандық пен 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр тарату желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жаңғыртылды және ең көп тозған 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-ға дейін төмендеді. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24921

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Салық кодексін енгізудің жобалық кеңсесі ЖТС бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану мәселелерін қарады 📍Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық Кодексін енгізу жобалық…


UKIMET » публикация №24917

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Салық кодексін енгізудің жобалық кеңсесі ЖТС бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану мәселелерін қарады 📍Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық Кодексін енгізу жобалық кеңсесінің 20-шы отырысы өткізілді. Отырыстың негізгі тақырыбы – жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолданудың практикалық мәселелері. ✔️Жаңа Салық кодексінің негізгі жаңалығының бірі – салық шегерімдері жүйесін жетілдіру және азаматтарға салық жүктемесін азайту. Атап айтқанда, ай сайын 30 АЕК мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 360 АЕК-тен аспайтын базалық салық шегерімі енгізілді. Ол жеке тұлғаның салық салынатын кірісін азайтады, демек, төлеуге жататын ЖТС сомасын азайтады. Бұдан басқа, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша шегерімдер сақталды. Отырыс барысында қызметкердің табыс мөлшері шегерім сомасынан төмен болған жағдайларда базалық салық шегерімін қолдану мәселесі қаралды. Бұрын қолданыста болған Салық кодексі күнтізбелік жыл шегінде салық шегерімдерінің асып кетуін келесі айларға ауыстыруды көздейтін. Кодекстің жаңа редакциясында мұндай норма жоқ. 🔺«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері базалық шегерімнің пайдаланылмаған бөлігін ауыстырудың бұрын қолданыста болған тетігін сақтауды ұсынды. Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жаңа норманың идеологиясы азаматтарды, ең алдымен табысы төмен қызметкерлерді ай сайынғы қолдау шарасы ретінде базалық салық шегерімін беру болып табылатынын түсіндірді. Сондықтан базалық салық шегерімі әрбір күнтізбелік ай үшін жеке қолданылады және пайдаланылмаған соманы кейінгі салық кезеңдеріне ауыстыруды көздемейді. Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті келесі күнтізбелік кезеңдерге базалық салық шегерімінің асып кетуіне жол берілмейтінін растайтын ресми түсініктемелер дайындайды деп шешілді. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24914

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қанат Бозымбаев гонконгтық Towngas және Full Vision Capital компанияларының басшылығымен кездесу өткізді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев гонконгтық Towngas және Full Vision Capital компанияларының делегациясымен кездесу өткізді, оны Full Vision Capital басқарушы серіктесі, Towngas атқарушы директоры және инвестициялар жөніндегі директоры Алан Чан бастап келді. Келіссөздер барысында тараптар «жасыл» энергетика, тұрақты авиациялық отын, заманауи электр энергиясын жинақтау жүйелері және Алатау қаласын дамыту саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. ➖ Канат Бозумбаев провел встречу с руководством гонконгских компаний Towngas и Full Vision Capital Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев провел встречу с делегацией гонконгских компаний Towngas и Full Vision Capital, которую возглавил управляющий партнер Full Vision Capital, исполнительный директор и директор по инвестициям Towngas Алан Чан. В ходе переговоров стороны обсудили перспективы реализации совместных инвестиционных проектов в сфере «зеленой» энергетики, устойчивого авиационного топлива, современных систем накопления электроэнергии и развития города Алатау. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24912

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет, Ұлттық Банк және қаржы реттеушісі макроэкономикалық саясат пен несие нарығын дамытудағы басымдықты талқылады 📌Экономиканың өсуі, кредиттік нарықтың дамуы, бизнесті қолдау және экономиканың нақты секторын ынталандыру Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің бірлескен талқылау тақырыбының негізіне айналды. Мемлекет басшысы алға қойған міндет – орнықты экономикалық өсуді және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету экономикалық блоктың жұмысы үшін негізгі бағдар болып қала береді. Осы мақсатқа сүйене отырып, кездесуге қатысушылар ағымдағы макроэкономикалық жағдайды, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстанның экономикалық белсенділігінің алдын ала қорытындыларын қарастырып, макроэкономикалық саясаттың одан арғы басымдықтарын талқылады. Сараптамалық кездесу Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының алаңында өткізілді. Талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов, Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Дастан Әкебаев және институт сарапшылары қатысты. Экономикалық зерттеулер институтының ішкі сұраныс динамикасына, несиелендіруді дамытуға және салалық белсенділікке арналған талдамалық баяндамасы талқылауға негіз болды. ➖ Правительство, Нацбанк и финансовый регулятор обсудили приоритеты макроэкономической политики и развития кредитного рынка 📌Рост экономики, развитие кредитного рынка, поддержка бизнеса и стимулирование реального сектора экономики стали ключевыми темами совместного обсуждения представителей Правительства, Национального Банка, Агентства по регулированию и развитию финансового рынка, Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» и экспертного сообщества. Ключевым ориентиром для работы экономического блока остается поставленная Главой государства задача — обеспечение устойчивого экономического роста и повышение благосостояния граждан. Исходя из этой цели, участники встречи рассмотрели текущую макроэкономическую ситуацию, предварительные итоги экономической активности Казахстана за первое полугодие 2026 года, а также обсудили дальнейшие приоритеты макроэкономической политики. Экспертная встреча состоялась на площадке Института экономических исследований при Министерстве национальной экономики. В обсуждении приняли участие заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, Председатель Национального Банка РК Тимур Сулейменов, заместитель Председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Даурен Салимбаев, заместитель Председателя Правления НПП «Атамекен» Тимур Жаркенов, заместитель председателя Института экономических исследований Дастан Акебаев и эксперты Института. Базой для обсуждения стал аналитический доклад Института экономических исследований, посвященный динамике внутреннего спроса, развитию кредитования и отраслевой активности. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24910

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысындағы ірі өнеркәсіп және энергетика жобаларымен танысты 📌Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңір әкімі Асайын Байхановпен бірге Екібастұз қаласындағы бірқатар ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорынды аралады. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен, Үкіметтің жіті бақылауымен аймақтағы ірі өндіріс орындарына инвестиция тарту, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және инженерлік-коммуналдық кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сапар аясында Нұрлыбек Нәлібаев еліміздегі ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын – «Богатырь Көмір» ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын Қазақстандағы жалпы көмір өндірісінің шамамен 38%-ын қамтамасыз етеді. «Богатырь» және «Северный» кеніштерінің жылдық өндірістік қуаты 42 млн тонна, мұнда 6,5 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың орташа айлық жалақысы 750 мың теңгеден асады. 2032 жылға дейін жалпы инвестиция көлемі 360 млрд теңге болатын кешенді даму жоспарын жүзеге асыру көзделген. ➖ Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с крупными промышленными и энергетическими проектами в Павлодарской области 📌Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Павлодарскую область посетил ряд крупных промышленных и энергетических предприятий в г. Экибастуз. В рамках исполнения поручений Президента Касым-Жомарта Токаева и под строгим контролем Правительства в регионе ведется работа по привлечению инвестиций в крупные производственные предприятия, развитию социальной инфраструктуры и модернизации инженерно-коммунального комплекса. В частности, Нурлыбек Налибаев ознакомился с деятельностью крупнейшего угледобывающего предприятия страны – ТОО «Богатырь Комир». Предприятие обеспечивает около 38% общего объема добычи угля в Казахстане. Годовая производственная мощность разрезов «Богатырь» и «Северный» составляет 42 млн тонн, здесь трудятся более 6,5 тыс. человек, среднемесячная заработная плата превышает 750 тыс. тенге. До 2032 года предусмотрена реализация комплексного плана развития с общим объемом инвестиций 360 млрд тенге. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24909

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Заседание Водного совета: Олжас Бектенов поручил акимам регионов усилить работу по модернизации гидросооружений 📌Под председательством Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова состоялось заседание Водного совета. Заслушаны отчеты министра…


UKIMET » публикация №24904

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Заседание Водного совета: Олжас Бектенов поручил акимам регионов усилить работу по модернизации гидросооружений 📌Под председательством Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова состоялось заседание Водного совета. Заслушаны отчеты министра водных ресурсов и ирригации Нуржана Нуржигитова, акимов Акмолинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской, Жамбылской, Западно-Казахстанской и Северо-Казахстанской областей об исполнении поручений Президента по модернизации водной отрасли, строительству новых водохранилищ и использованию передовых технологий водосбережения. Также внимание уделено внедрению Национальной информационной системы водных ресурсов. В преддверии профессионального праздника руководитель Правительства поздравил работников водной отрасли и отметил стратегическую значимость их труда для устойчивого развития регионов, сельского хозяйства, промышленности и повышения благосостояния населения. В рамках Концепции развития системы управления водными ресурсами и Комплексного плана развития водной отрасли реализуются 160 мероприятий с общим объемом финансирования 3,2 трлн теңге. Министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов доложил, что в 2024-2025 годах завершена реконструкция 5 водохранилищ в Актюбинской, Туркестанской, Западно-Казахстанской, Абайской областях и в области Жетісу. Проведены ремонт и модернизация порядка 1,5 тыс. км каналов, реализовано 22 проекта по строительству и реконструкции объектов питьевого водоснабжения с охватом населения порядка 1 млн человек. По итогам 2025 года динамика внедрения водосберегающих технологий в сельском хозяйстве увеличилась почти в 5 раз, площадь применения водосберегающих технологий достигла порядка 550 тыс. га, что позволило сэкономить около 880 млн м3 поливной воды. К 2030 году этот показатель планируется довести до 1,3 млн га. На сегодня ведутся работы по строительству и реконструкции водохранилищ, модернизации 14,5 тыс. км оросительных каналов, в том числе оцифровке не менее 3,5 тыс. км каналов, внедрению водосберегающих технологий, цифровизации отрасли и укреплению кадрового потенциала. В 2026 году планируется ввести в эксплуатацию порядка 1 тыс. км каналов, что позволит улучшить водообеспечение около 200 тыс. га орошаемых земель. Будут введены в эксплуатацию 12 проектов по строительству и реконструкции объектов водоснабжения. В результате будет улучшено обеспечение качественной питьевой водой 142 сельских населенных пунктов с общей численностью населения свыше полумиллиона человек. В рамках работы по кадровому обеспечению и повышению привлекательности работы в водной отрасли расширена сеть учебных заведений, готовящих специалистов для отрасли, ежегодно увеличивается количество образовательных грантов. С 2023 года было выделено 1652 гранта. На предстоящий учебный год планируется выделить еще 1000 грантов. Ключевым элементом кадровой политики остается повышение оплаты труда. За последние 2,5 года средняя заработная плата работников РГП «Казводхоз» выросла более чем в два раза.


UKIMET » публикация №24903

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Су кеңесінің отырысы: Олжас Бектенов өңір әкімдеріне гидронысандарды жаңғырту жұмыстарын күшейтуді тапсырды 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Онда су ресурстары және ирригация министрі…


UKIMET » публикация №24896

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Су кеңесінің отырысы: Олжас Бектенов өңір әкімдеріне гидронысандарды жаңғырту жұмыстарын күшейтуді тапсырды 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Онда су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің Президенттің су саласын жаңғырту, жаңа су қоймаларын салу үшін су үнемдеудің озық технологияларын пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі есептері тыңдалды. Сондай-ақ Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізуге назар аударылды. Премьер-министр кәсіби мерекесі қарсаңында су саласының қызметкерлерін құттықтап, өңірлердің тұрақты дамуы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында олардың еңбегі стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы және Су саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жалпы қаржыландыру көлемі 3,2 трлн теңге болатын 160 іс-шара жүзеге асырылуда. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2024-2025 жылдары Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында 5 су қоймасын қайта жаңарту аяқталғанын баяндады. 1,5 мың шақырымға жуық каналға жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілген, 1 млн адамға жуық халықты қамтитын ауыз сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау бойынша 22 жоба жүзеге асырылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны шамамен 5 есеге жуық өсіп, қолдану алқабы 550 мың гектарға жетті, бұл шамамен 880 миллион текше метр суармалы суды үнемдеуге мүмкіндік берді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта су қоймаларын салу және реконструкциялау, ұзындығы 14,5 мың шақырым суару каналдарын жаңғырту, оның ішінде кемінде 3,5 мың шақырым каналды цифрландыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, саланы цифрландыру және кадрлық әлеуетті нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылы шамамен 1 мың шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 200 мың гектарға жуық суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартады. Сонымен қатар сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 12 жоба іске қосылады. Нәтижесінде жалпы саны жарты миллионнан асатын халқы бар 142 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Саланы кадрлармен қамтамасыз ету және су шаруашылығы саласындағы жұмыстың тартымдылығын арттыру мақсатында сала мамандарын даярлайтын оқу орындарының желісі кеңейтілді, білім беру гранттарының саны жыл сайын ұлғайтылып келеді. 2023 жылдан бері 1 652 грант бөлінді. Алдағы оқу жылына тағы 1 000 грант бөлу жоспарланып отыр. Кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі – еңбекақыны арттыру. Соңғы 2,5 жылда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы екі еседен астам өсті.


UKIMET » публикация №24895

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралуда 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралады. Онда ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету ұзақмерзімді…



UKIMET » публикация №24893

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ресурс көлемін энергияны көп қажет ететін әрі тиімділігі төмен өндірістерге бөлу тәжірибесін тоқтату керек — Олжас Бектенов Елімізде жаңа өндіріс орындарын газға қосуда энергия тиімділігінің критерилері әзірленеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа өндірістерді тауарлы газбен қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ресурсқа қосылу кезінде жобалардың энергия тиімділігі мен олардың экономиканың технологиялық дамуына қосатын үлесі ескерілуі тиіс. «Елімізде тұтынудың тұрақты өсуі жағдайында қолжетімді газ көлемі бірінші кезекте тұрғындардың қажеттіліктеріне және жоғары технологиялық өндірістердің дамуына бағытталуы тиіс. Энергетика министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тауарлы газға қосылғысы келетін жаңа өндіріс орындары үшін энергия тиімділігінің критерилерін бір ай ішінде әзірлеу қажет. Ресурс көлемін энергияны көп қажет ететін және тиімділігі төмен өндірістерге бөлу тәжірибесін тоқтату керек», — деп тапсырды Олжас Бектенов. Жалпы бақылау және үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді. ➖ Практика выдачи товарного газа энергоемким и низкоэффективным производствам должна быть прекращена — Олжас Бектенов В Казахстане разработают критерии энергоэффективности для подключения новых производств к газу 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отметил необходимость пересмотра подходов к предоставлению товарного газа новым производствам. При подключении к ресурсу должны учитываться энергоэффективность проектов и их значение для технологического развития экономики. «В условиях постоянно растущего потребления в стране объемы доступного газа должны направляться в первую очередь на нужды населения и на развитие высокотехнологичных производств. Министерство энергетики совместно с акиматами регионов в месячный срок должно разработать критерии энергоэффективности для новых производств, желающих подключиться к товарному газу. Практика выдачи объемов ресурса энергоемким и низкоэффективным производствам должна быть прекращена», — поручил Олжас Бектенов. Общий контроль и координация возложены на Первого заместителя Премьер-министра Нурлыбека Налибаева. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24892

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Елімізде отандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының тізбесі бекітіледі 📌Премьер-министр Олжас Бектенов газ саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыру қажеттігін атап өтті. «Мемлекет саладағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаражат бөледі. Осы бағытта отандық өндірушілерді кепілдік берілген тапсырыспен қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп, бір ай мерзімде тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының номенклатурасын бекітуді тапсырамын», — деді Премьер-министр. ➖ В Казахстане утвердят перечень нефтегазового оборудования для закупок у отечественных производителей 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул необходимость увеличения доли казахстанского содержания при реализации крупных инфраструктурных проектов в газовой отрасли. «Государство направляет значительные средства на реализацию крупных инфраструктурных проектов в отрасли. Здесь важно обеспечивать отечественных производителей гарантированным заказом. Поэтому поручаю министерствам промышленности и энергетики совместно с фондом «Самрук-Казына» в месячный срок утвердить номенклатуру нефтегазового оборудования, закупка которого будет осуществляться исключительно у казахстанских производителей», – поручил руководитель Правительства. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24891

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов газ саласындағы жаңа тарифтік саясат бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды 📌 Премьер-министр газ саласындағы баға белгілеу тәсілдерін оның одан әрі орнықтылығын және халықты атаулы қолдау тетіктерін сақтауды ескере отырып жаңарту қажеттігін атап өтті. «Газ саласында қолданыстағы баға белгілеу моделі оның дамытуын тежеп отырмауы тиіс. Осы орайда, Ұлттық экономика министрлігіне Энергетика министрлігімен, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, екі ай ішінде халықты әділ әрі атаулы қолдауды сақтап, жаңа ынталандырушы тарифтік саясатқа қатысты ұсыныстарды Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов поручил подготовить предложения по новой тарифной политике в газовой отрасли 📌 Премьер-министр отметил необходимость обновления подходов к ценообразованию в газовой отрасли с учетом ее дальнейшей устойчивости и сохранения адресной поддержки населения. «Действующая модель ценообразования в газовой отрасли не должна сдерживать ее развитие. В этой связи, поручаю Министерству национальной экономики совместно с Министерством энергетики и Агентством по защите и развитию конкуренции в двухмесячный срок внести в Правительство предложения по новой стимулирующей тарифной политике с учетом сохранения справедливой адресной поддержки населения», — поручил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24890

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет сұйытылған газ өндіру көлемін арттырып, газ бөлудің ашық тетігін қамтамасыз етеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов сұйытылған мұнай газына, оның ішінде оны шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістер тарапынан сұраныстың артып келе жатқанына назар аударды. Энергетика министрлігіне «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, өндіріс көлемін арттыру бойынша жоспар дайындау тапсырылды. «Сұйытылған мұнай газы нарығындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Отынның бұл түрін шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістердің дамуына байланысты оның сұранысы жыл сайын артып келеді. Энергетика министрлігіне "ҚазМұнайГаз" компаниясымен бірлесіп, бір ай мерзімде сұйытылған газ өндіру көлемін арттырудың нақты жоспарын ұсынуды тапсырамын. Сонымен қатар өңірлер арасында, сондай-ақ өңірлер ішінде газ көлемін бөлудің ашық тетігін енгізу қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов. ➖ Правительство Казахстана нарастит объемы производства сжиженного газа и обеспечит прозрачный механизм распределения 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на росте спроса на сжиженный нефтяной газ, в том числе со стороны производств, использующих его в качестве сырья. Министерству энергетики совместно с «КазМунайГазом» поручено подготовить детальный план по наращиванию объемов производства. «Особого внимания требует ситуация на рынке сжиженного нефтяного газа. Спрос ежегодно растет, что связано с развитием производств, где топливо используется как сырье. Поручаю Министерству энергетики совместно с компанией “КазМунайГаз” в месячный срок представить детальный план по наращиванию объемов производства сжиженного газа. Кроме того, должен быть обеспечен прозрачный механизм распределения объемов как между, так и внутри регионов», — поручил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


Архив UKIMET — страница 7

Это 7-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.