Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді 📌Қаражат Петропавлдың 30 мыңнан астам тұрғынын жылумен қамтамасыз ететін магистральды жөндеуді аяқтауға бағытталады Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Жүйелі жаңғырту Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Ж.Жабаев – А.Шәжімбаев – Новая – Ы.Алтынсарин көшелері бойындағы учаскелердегі жылу желісінің құрылысына бағытталған. 2026 жылы 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады. 2025 жылы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған. Осылайша, бөлінген қаражатқа Петропавл қаласындағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаны жүзеге асыру 80%-дан астам тозған магистральды ауыстыруға және 30 мыңнан астам қала тұрғынын немесе 200-ден астам көппәтерлі үй мен әлеуметтік сала нысанын жылумен қамту сенімділігін арттырады, сондай-ақ қаланың жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетеді. Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстауда. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогына, 63 қазандық пен 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр тарату желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жаңғыртылды және ең көп тозған 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-ға дейін төмендеді. 📱@KZgovernment
🔹 Ақтөбеде киберқылмыстар мен есірткі құқық бұзушылықтарын тергеу мәселелері талқыланды Ақтөбе облысы полиция департаментінде жедел бөліністердің жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары мен цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарды және есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды тергеу мәселелеріне арналған өңіраралық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов төрағалық етті. Семинар жұмысына ҚАЖ департаменттерінің жедел бөліністері, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары полиция департаменттерінің жедел басқармаларының басшылары қатысты. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 Вопросы расследования кибер- и наркоправонарушений обсудили в Актобе В департаменте полиции Актюбинской области состоялся кустовой семинар-совещание, посвященный итогам оперативно-служебной деятельности оперативных подразделений и вопросам расследования преступлений в сфере цифровых технологий и незаконного оборота наркотиков. Мероприятие прошло под председательством заместителя председателя Комитета по противодействию наркопреступности МВД Ельдара Абдикенова. В работе семинара приняли участие руководители оперативных подразделений ДУИС, а также департаментов полиции Актюбинской, Западно-Казахстанской, Атырауской и Мангистауской областей. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
⚡️ ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды Ақпарат сайтта. ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ МВД: Пресекаются факты незаконного вывоза горюче-смазочных материалов Информация на сайте. ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
ҚТЖ маусым айында жаңа локомотивтердің кезекті партиясын алды 2026 жылғы маусымда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ паркі Alstom және CRRC компаниялары шығарған тағы 50 заманауи локомотивпен толықты. Локомотивтердің ең көп саны Қандыағаш және Жем локомотив деполарына берілді — әрқайсысына 17 бірліктен. Тағы 9 локомотив Ақтоғай локомотив депосына, 6 локомотив Астана локомотив депосына және 1 локомотив Балқаш локомотив депосына жеткізілді. 2026 жылдың басынан бері барлығы 134 бірлік жаңа тартушы жылжымалы құрам жеткізілді. Олардың қатарында Wabtec және CRRC магистральдық тепловоздары, Alstom электровоздары, сондай-ақ CRRC маневрлік тепловоздары бар. Жаңа локомотивтер Астана, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Мақат, Екібастұз, Жем, Қандыағаш, Ақтоғай және Балқаш локомотив деполарында пайдаланылуда. Локомотив паркін кезең-кезеңімен жаңарту ҚТЖ-ның кешенді жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жаңа техника тасымалдау процесінің сенімділігін, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және тартушы жылжымалы құрамның пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Локомотив бригадалары үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлінген. Кабиналар заманауи климаттық бақылау жүйелерімен, тоңазытқыштармен, тамақты жылыту құрылғыларымен, машиниске арналған эргономикалық орындықтармен және жеке заттарды сақтауға арналған орындармен жабдықталған. Жаңа локомотивтердің конструкциясында пайдалану шығындарын азайтуға және техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуге бағытталған заманауи техникалық шешімдер қолданылған. ➖➖➖ КТЖ получило в июне очередную партию новых локомотивов В июне 2026 года парк АО «НК «Қазақстан темір жолы» пополнился еще 50 современными локомотивами производства Alstom и CRRC. Наибольшее количество локомотивов получили депо Кандыагаш и Жем — по 17 единиц. Еще 9 локомотивов направлены в депо Актогай, 6 — в депо Астаны и 1 — в депо Балхаш. Всего с начала 2026 года поступило 134 единицы нового тягового подвижного состава. В их числе — магистральные тепловозы Wabtec и CRRC, электровозы Alstom, а также маневровые тепловозы CRRC. Новые локомотивы эксплуатируются в локомотивных депо Астаны, Кызылорды, Караганды, Атырау, Мангистау, Павлодара, Маката, Экибастуза, Жема, Кандыагаша, Актогая и Балхаша. Поэтапное обновление локомотивного парка является частью комплексной программы модернизации КТЖ. Новая техника позволяет повысить надежность перевозочного процесса, безопасность движения поездов и эффективность эксплуатации тягового подвижного состава. Особое внимание уделено созданию комфортных условий труда локомотивных бригад. Кабины оборудованы современными системами климат-контроля, холодильниками, устройствами для подогрева пищи, эргономичными креслами машиниста и местами для хранения личных вещей. Конструкция новых локомотивов предусматривает применение современных технических решений, направленных на снижение эксплуатационных затрат и упрощение технического обслуживания.
Правительство выделило около 650 млн теңге на строительство тепломагистрали в Северо-Казахстанской области 📌Средства направят на завершение ремонта магистрали, которая обеспечивает теплоснабжение более 30 тыс. жителей Петропавловска Постановлением Правительства из резерва выделено около 650 млн теңге на завершение строительства тепломагистрали в городе Петропавловске Северо-Казахстанской области. Системная модернизация отвечает задачам, поставленным Главой государства на совместном заседании палат Парламента, по укреплению энергетического и инфраструктурного каркаса страны. Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов. Средства выделяются для строительства теплосети на участках по ул. Ж. Жабаева – А. Шашимбаева – Новая – И. Алтынсарина. В 2026 году будут демонтированы 1,4 км с последующей прокладкой новых тепловых сетей. Ранее в 2025 была проведена реконструкция 0,7 км теплосетей. Таким образом в результате выделенных средств будет завершена работа по ремонту тепловой магистрали №2 протяженностью более 2 км в городе Петропавловске. Реализация проекта позволит заменить изношенную более чем на 80% магистраль и обеспечить надежное теплоснабжение более 30 тыс. жителей города, или порядка 200 многоквартирных домов и объектов социальной сферы, а также снизит уровень износа тепловых сетей города. Правительство держит на постоянном контроле подготовку к предстоящему отопительному сезону. По данным Министерства энергетики РК, с 2025 года на электростанциях проведен капитальный ремонт 10 энергоблоков, 63 котлов и 39 турбин. Также обновлено 17 тыс. км линий электропередачи, модернизировано 420 подстанций и заменено 323 км наиболее изношенных тепловых сетей. Это позволило снизить уровень износа оборудования электростанций до 53%, тепловых сетей – до 50%. 📱@KZgovernment
Салық кодексін енгізудің жобалық кеңсесі ЖТС бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану мәселелерін қарады 📍Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық Кодексін енгізу жобалық…
Салық кодексін енгізудің жобалық кеңсесі ЖТС бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану мәселелерін қарады 📍Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық Кодексін енгізу жобалық кеңсесінің 20-шы отырысы өткізілді. Отырыстың негізгі тақырыбы – жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолданудың практикалық мәселелері. ✔️Жаңа Салық кодексінің негізгі жаңалығының бірі – салық шегерімдері жүйесін жетілдіру және азаматтарға салық жүктемесін азайту. Атап айтқанда, ай сайын 30 АЕК мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 360 АЕК-тен аспайтын базалық салық шегерімі енгізілді. Ол жеке тұлғаның салық салынатын кірісін азайтады, демек, төлеуге жататын ЖТС сомасын азайтады. Бұдан басқа, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша шегерімдер сақталды. Отырыс барысында қызметкердің табыс мөлшері шегерім сомасынан төмен болған жағдайларда базалық салық шегерімін қолдану мәселесі қаралды. Бұрын қолданыста болған Салық кодексі күнтізбелік жыл шегінде салық шегерімдерінің асып кетуін келесі айларға ауыстыруды көздейтін. Кодекстің жаңа редакциясында мұндай норма жоқ. 🔺«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері базалық шегерімнің пайдаланылмаған бөлігін ауыстырудың бұрын қолданыста болған тетігін сақтауды ұсынды. Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жаңа норманың идеологиясы азаматтарды, ең алдымен табысы төмен қызметкерлерді ай сайынғы қолдау шарасы ретінде базалық салық шегерімін беру болып табылатынын түсіндірді. Сондықтан базалық салық шегерімі әрбір күнтізбелік ай үшін жеке қолданылады және пайдаланылмаған соманы кейінгі салық кезеңдеріне ауыстыруды көздемейді. Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті келесі күнтізбелік кезеңдерге базалық салық шегерімінің асып кетуіне жол берілмейтінін растайтын ресми түсініктемелер дайындайды деп шешілді. 📱@KZgovernment
Қанат Бозымбаев гонконгтық Towngas және Full Vision Capital компанияларының басшылығымен кездесу өткізді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев гонконгтық Towngas және Full Vision Capital компанияларының делегациясымен кездесу өткізді, оны Full Vision Capital басқарушы серіктесі, Towngas атқарушы директоры және инвестициялар жөніндегі директоры Алан Чан бастап келді. Келіссөздер барысында тараптар «жасыл» энергетика, тұрақты авиациялық отын, заманауи электр энергиясын жинақтау жүйелері және Алатау қаласын дамыту саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. ➖ Канат Бозумбаев провел встречу с руководством гонконгских компаний Towngas и Full Vision Capital Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев провел встречу с делегацией гонконгских компаний Towngas и Full Vision Capital, которую возглавил управляющий партнер Full Vision Capital, исполнительный директор и директор по инвестициям Towngas Алан Чан. В ходе переговоров стороны обсудили перспективы реализации совместных инвестиционных проектов в сфере «зеленой» энергетики, устойчивого авиационного топлива, современных систем накопления электроэнергии и развития города Алатау. 📱@KZgovernment
🔹 ОСК жанындағы Сараптамалық кеңес отырысында сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар талқыланды 🔹 Новеллы выборного законодательства обсудили на заседании экспертного совета при ЦИК
🇰🇿 Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әскери медицина күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын барысында әскери медицина қызметкерлері мен сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл марапаттарды табыстады. Жалпы саны 169 адам «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Әскери медицинадағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен және Алғыс хаттармен марапатталды. 🇰🇿 В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных сил состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню военной медицины. В этот день чествовали военных медиков и ветеранов службы, посвятивших свою жизнь сохранению здоровья и спасению людей. Начальник Главного военно-медицинского управления Вооруженных сил полковник медицинской службы Ержан Смайыл вручил ведомственные награды и благодарственные письма. Всего за высокий профессионализм и преданность своему делу были отмечены 169 представителей военной медицины. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Үкімет, Ұлттық Банк және қаржы реттеушісі макроэкономикалық саясат пен несие нарығын дамытудағы басымдықты талқылады 📌Экономиканың өсуі, кредиттік нарықтың дамуы, бизнесті қолдау және экономиканың нақты секторын ынталандыру Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің бірлескен талқылау тақырыбының негізіне айналды. Мемлекет басшысы алға қойған міндет – орнықты экономикалық өсуді және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету экономикалық блоктың жұмысы үшін негізгі бағдар болып қала береді. Осы мақсатқа сүйене отырып, кездесуге қатысушылар ағымдағы макроэкономикалық жағдайды, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстанның экономикалық белсенділігінің алдын ала қорытындыларын қарастырып, макроэкономикалық саясаттың одан арғы басымдықтарын талқылады. Сараптамалық кездесу Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының алаңында өткізілді. Талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов, Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Дастан Әкебаев және институт сарапшылары қатысты. Экономикалық зерттеулер институтының ішкі сұраныс динамикасына, несиелендіруді дамытуға және салалық белсенділікке арналған талдамалық баяндамасы талқылауға негіз болды. ➖ Правительство, Нацбанк и финансовый регулятор обсудили приоритеты макроэкономической политики и развития кредитного рынка 📌Рост экономики, развитие кредитного рынка, поддержка бизнеса и стимулирование реального сектора экономики стали ключевыми темами совместного обсуждения представителей Правительства, Национального Банка, Агентства по регулированию и развитию финансового рынка, Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» и экспертного сообщества. Ключевым ориентиром для работы экономического блока остается поставленная Главой государства задача — обеспечение устойчивого экономического роста и повышение благосостояния граждан. Исходя из этой цели, участники встречи рассмотрели текущую макроэкономическую ситуацию, предварительные итоги экономической активности Казахстана за первое полугодие 2026 года, а также обсудили дальнейшие приоритеты макроэкономической политики. Экспертная встреча состоялась на площадке Института экономических исследований при Министерстве национальной экономики. В обсуждении приняли участие заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, Председатель Национального Банка РК Тимур Сулейменов, заместитель Председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Даурен Салимбаев, заместитель Председателя Правления НПП «Атамекен» Тимур Жаркенов, заместитель председателя Института экономических исследований Дастан Акебаев и эксперты Института. Базой для обсуждения стал аналитический доклад Института экономических исследований, посвященный динамике внутреннего спроса, развитию кредитования и отраслевой активности. 📱@KZgovernment
🔹Партиялық тізімдерді ұсыну жалғасуда: ОСК-ға «Ауыл» партиясы құжаттарын ұсынды 🔹 Продолжается выдвижение партийных списков: документы в цик представила партия «Ауыл»
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. ***** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам охраны почв, земельных отношений и агропромышленного комплекса» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «Об охране почв» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды **** ✍️ Главой государства подписан Указ «О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 сентября 2025 года № 1015 «О некоторых вопросах развития города Алатау» t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇸Президент АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады ▫️ Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. ▫️ Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. ▫️Былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызына тоқталды. ▫️Жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін атап өтті. @ptrkkz
🔹 Қазақстан мен Словения: парламентаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі 🔸 Казахстан и Словения: новый этап межпарламентского сотрудничества 🔹 Kazakhstan and Slovenia: A New Stage in Inter-Parliamentary Cooperation @PressMFAKZ
🔹Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда Бүгін Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының 5-ші Полиция саммиті өтуде. Саммит жұмысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы ведомство басшысы Ержан Саденовтің жетекшілігімен қатысуда. Саммиттің негізгі пленарлық отырысында министрдің сөз сөйлеуі жоспарланған. 🔹 Делегация МВД Казахстана принимает участие в Полицейском саммите ООН Сегодня в городе Нью-Йорке проходит 5-й Полицейский саммит Организации Объединенных Наций. В работе Саммита принимает участие делегация Министерства внутренних дел Республики Казахстан во главе с министром Ержаном Саденовым. На основном пленарном заседании предусмотрено выступление министра.
🇺🇸Стив Дэйнс передал Касым-Жомарту Токаеву теплые приветствия и слова признательности от Президента США Дональда Трампа за твердую приверженность Главы нашего государства укреплению казахско-американских отношений 🟦Сенатор поздравил Президента с успешной реализацией масштабных политических реформ, особо отметив принятие новой Конституции. 🟦Стив Дэйнс выразил уверенность в том, что принципы и ценности, заложенные в Основном законе, станут прочным фундаментом для дальнейшей модернизации Казахстана как сильного и прогрессивного государства. 🟦Собеседники также обменялись мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки. t.me/aqorda_resmi
🇺🇸Стив Дэйнс қазақ-америка қарым-қатынасын кеңейтуге бейілділігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді 🟦Сенатор Қазақстанның жаңа Конституция қабылдағанына ерекше тоқталып, Президентті ауқымды саяси реформаларды табысты іске асыруымен құттықтады. 🟦Стив Дэйнс Негізгі заңға арқау болған қағидаттар мен құндылықтар Қазақстанды қуатты әрі озық мемлекет ретінде одан әрі жаңғыртуға берік негіз қалайтынына сенім білдірді. 🟦Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇸Глава государства принял сенатора Конгресса США Стива Дэйнса 🟦В начале встречи Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил сенатора Стива Дэйнса с 250-летием независимости США. 🟦Глава государства высоко оценил динамику развития многопланового сотрудничества между Казахстаном и Соединенными Штатами. Был подчеркнут устойчивый рост торгово-экономического и инвестиционного взаимодействия. 🟦Президент отметил важность качественной реализации двусторонних соглашений, подписанных в ходе его визита в США в ноябре прошлого года. 🟦В данном контексте Касым-Жомарт Токаев выразил готовность к дальнейшему углублению двустороннего взаимодействия в ходе своего предстоящего визита в США для участия в саммите G20, который состоится в конце текущего года в Майами. 🟦Глава государства также поблагодарил сенатора за его личный вклад в укрепление расширенного стратегического партнерства между Казахстаном и Соединенными Штатами, а также за неизменную поддержку нашей страны в вопросе продвижения законодательной инициативы об отмене поправки Джексона-Вэника. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады 🟦Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың орнықты өсіміне назар аударылды. 🟦Президент былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті. 🟦Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлес қосқаны, сонымен бірге Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жөніндегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мәселелері бойынша елімізді ұдайы қолдап келе жатқаны үшін сенаторға ризашылығын білдірді. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿 Әскери дәрігерлер әскери-медициналық қызметті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады Жыл сайын 8 шілдеде атап өтілетін әскери дәрігерлер күніне орай Астанада «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі әскери медицинаның өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 🇰🇿 Военные медики обсудили актуальные вопросы развития военно-медицинской службы В честь профессионального праздника военных медиков, который ежегодно отмечается 8 июля, в Астане состоялась научно-практическая конференция «Актуальные вопросы военной медицины в Вооруженных силах Республики Казахстан». 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысындағы ірі өнеркәсіп және энергетика жобаларымен танысты 📌Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңір әкімі Асайын Байхановпен бірге Екібастұз қаласындағы бірқатар ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорынды аралады. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен, Үкіметтің жіті бақылауымен аймақтағы ірі өндіріс орындарына инвестиция тарту, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және инженерлік-коммуналдық кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сапар аясында Нұрлыбек Нәлібаев еліміздегі ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын – «Богатырь Көмір» ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын Қазақстандағы жалпы көмір өндірісінің шамамен 38%-ын қамтамасыз етеді. «Богатырь» және «Северный» кеніштерінің жылдық өндірістік қуаты 42 млн тонна, мұнда 6,5 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың орташа айлық жалақысы 750 мың теңгеден асады. 2032 жылға дейін жалпы инвестиция көлемі 360 млрд теңге болатын кешенді даму жоспарын жүзеге асыру көзделген. ➖ Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с крупными промышленными и энергетическими проектами в Павлодарской области 📌Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Павлодарскую область посетил ряд крупных промышленных и энергетических предприятий в г. Экибастуз. В рамках исполнения поручений Президента Касым-Жомарта Токаева и под строгим контролем Правительства в регионе ведется работа по привлечению инвестиций в крупные производственные предприятия, развитию социальной инфраструктуры и модернизации инженерно-коммунального комплекса. В частности, Нурлыбек Налибаев ознакомился с деятельностью крупнейшего угледобывающего предприятия страны – ТОО «Богатырь Комир». Предприятие обеспечивает около 38% общего объема добычи угля в Казахстане. Годовая производственная мощность разрезов «Богатырь» и «Северный» составляет 42 млн тонн, здесь трудятся более 6,5 тыс. человек, среднемесячная заработная плата превышает 750 тыс. тенге. До 2032 года предусмотрена реализация комплексного плана развития с общим объемом инвестиций 360 млрд тенге. 📱@KZgovernment
⛽️КГД продолжает усиливать контроль за незаконным вывозом ГСМ через государственную границу. 🔹 Проверено 122 автоцистерны. 🔹 Пресечено 392 факта незаконного вывоза ГСМ. 🔹 Предотвращен вывоз свыше 16 тысяч литров топлива. Наиболее распространенные нарушения: ▪️ попытки вывоза топлива в специально оборудованных дополнительных баках; ▪️ перевозка ГСМ в канистрах; ▪️ транспортировка топлива без товаросопроводительных документов. 6 июля на пункте пропуска «Сырым» предотвращен вывоз 1,2 тыс. литров дизельного топлива, скрытого в дополнительном баке грузового автомобиля. 8 июля в Павлодарской области мобильная группа задержала автомобиль, перевозивший более 4 тыс. литров бензина без товаросопроводительных документов. Председатель КГД Жандос Дуйсембиев в ходе рабочего выезда на казахстанско-узбекский участок государственной границы оценил организацию контрольных мероприятий и поставил задачи по дальнейшему усилению контроля. Подробнее🔗: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1255065?lang=ru