🔹 ҚР ІІМ: Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды Ақпарат сайтта. 🔹 МВД РК: В Киеве пресечена деятельность сети call-центров, вербовавших закладчиков для наркобизнеса Информация на сайте.
POLISIA.KZ — страница 5
Архив материалов источника POLISIA.KZ, страница 5. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🔹 Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ішкі істер министрлері қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде Толық ақпарат сайтта. 🔹 От киберугроз до наркотрафика: министры внутренних дел стран ШОС усиливают сотрудничество в сфере безопасности Подробная информация на сайте.
👨👩👧👦 Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты болашақтың кепілі 🏡 Отбасындағы құрмет пен қамқорлық қоғамның берік іргетасын қалыптастырады. Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және отбасы институтын нығайту бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. 👮 Осы мақсатта ұйымдастырылған флешмоб барысында тәртіп сақшылары отбасы, махаббат, мейірім, құрмет және сыйластық құндылықтарын бейнелеп, қоғамды зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға шақырды. ✨ Әр үйде ырыс пен ынтымақ, береке мен бірлік орнасын! *** 👨👩👧👦 Семья без насилия — залог счастливого будущего 🏡 Уважение и забота в семье формируют прочный фундамент общества. Сотрудники полиции на системной основе проводят профилактическую работу, направленную на предупреждение бытового насилия, повышение правовой культуры и укрепление института семьи. 👮 В рамках организованного флешмоба сотрудники правопорядка показали ценности семьи, любви, доброты, уважения и взаимного доверия, призвав общество к формированию культуры абсолютной нетерпимости к насилию. ✨ Пусть в каждом доме царят благополучие, согласие и единство. 📱 POLISIA.KZ
🚴 Полиция велосипедпен жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады Жаз мезгілінде велосипед пен электрсамокат пайдаланушылар саны сөзсіз артады. Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салады. Тәртіп сақшылары жолға шығар алдында қорғаныш дулығасын киіп, велосипедтің техникалық жағдайын тексеруге кеңес береді. Тежегіш жүйесі, руль, дөңгелектер мен жарық беру құрылғылары жарамды болуы тиіс. Сондай-ақ велосипедшілер арнайы веложолақтармен жүріп, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде велосипедтен түсіп, жолды жаяу кесіп өткен жөн. Полиция қозғалыс кезінде телефон пайдаланудан, құлаққап тағудан және қауіпті маневрлер жасаудан бас тартуға шақырады. 📌 Полиция азаматтарды жол қозғалысы мәдениетін сақтап, өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚴 Полицейские призывают соблюдать правила безопасности при езде на велосипеде В связи с увеличением числа пользователей велосипедов и электросамокатов в летний период полиция напоминает жителям о необходимости строгого соблюдения требований безопасности во время участия в дорожном движении. Стражи порядка отмечают, что перед выездом на велосипеде необходимо надеть защитный шлем и проверить техническое состояние транспортного средства. В частности, тормозная система, руль, колеса, осветительные приборы и световозвращающие элементы должны быть полностью исправны. Сотрудники полиции рекомендуют велосипедистам передвигаться по специально оборудованным велодорожкам, соблюдать требования дорожных знаков и сигналов светофора, а при пересечении пешеходного перехода спешиваться и переходить дорогу пешком. Кроме того, напоминается, что использование телефона, ношение наушников, выполнение опасных маневров и организация гонок во время движения создают угрозу жизни и здоровью участников дорожного движения. 📌 Полиция призывает граждан соблюдать культуру дорожного движения, ответственно относиться к собственной безопасности и не оставаться равнодушными к безопасности окружающих. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🔹 ІІМ есірткі қылмысына қарсы республикалық операцияны қолға алды Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. 1 маусым мен 31 қазан аралығында Қазақстан Республикасының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Қарасора — 2026” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Толық ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 МВД запустило республиканскую операцию по противодействию наркопреступности Министерство внутренних дел продолжает работу по реализации принципа "Закон и порядок” Ежегодно в летне-осенний период на территории республики проводится широкомасштабное оперативно-профилактическое мероприятие "Қарасора", направленное на предупреждение, выявление и пресечение правонарушений и преступлений, связанных с незаконным оборотом наркотиков. Подробнее на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🇰🇿Мемлекеттік туды көтеру рәсімі **** 🇰🇿Церемония поднятия Государственного флага 🎦 t.me/aqorda_resmi
Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі Никита Кадочников Конституция құндылықтарын сақтау жолында адал қызмет етуге ант етті **** Выпускник Карагандинской академии МВД им. Б. Бейсенова Никита Кадочников торжественно пообещал верно служить делу сохранения конституционных ценностей 🎦 t.me/aqorda_resmi
В рамках мероприятия звание «старший лейтенант» было присвоено лучшим выпускникам Военного института Сухопутных войск им. С. Нурмагамбетова, Академии КНБ, Пограничной академии КНБ, Карагандинской академии МВД имени Б. Бейсенова, Академии Национальной гвардии и Академии гражданской защиты имени М. Габдуллина. t.me/aqorda_resmi
Іс-шара аясында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы, Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Ұлттық ұлан академиясы, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шені тапсырылды. t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Честь и доблесть настоящего офицера измеряются не погонами, а безупречной службой во благо Родины» «В прошлом году я выступил с инициативой поддержать лучших выпускников военных учебных заведений. Тогда я подчеркнул, что им следует присваивать звание «старшего лейтенанта», а не «лейтенанта», как это было принято. Соответствующее поручение мною было дано, и сегодня оно будет воплощено в жизнь. Вы станете первыми выпускниками, которым будет присвоено звание «старший лейтенант». Безусловно, это огромное доверие и высокая ответственность, возложенная на вас. Легендарному казахскому герою Сагадату Нурмагамбетову принадлежат слова: «Атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын» («Не так сложно получить звание, как достойно нести его»). В конечном счете, честь и доблесть настоящего офицера измеряются не погонами, а безупречной службой во благо Родины. Наше подрастающее поколение искренне восхищается вами, видя в вас достойный пример для подражания. Уверен, что все вы будете верны присяге, гордо храня офицерскую честь. Сегодня в торжественной церемонии принимают участие родители лучших выпускников. Выражаю вам искреннюю благодарность, вы воспитали истинных патриотов Казахстана. Поздравляю молодых офицеров с присвоением первого воинского звания! Желаю вам успехов в службе! Пусть всегда высоко реет наш бирюзовый стяг! Пусть будет вечным наше государство!». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Нағыз сарбаздың абырой-беделі, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді» «Мен былтыр әскери оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөнінде бастама көтердім. Оларға қалыптасқан дәстүрге сай «лейтенант» емес, «аға лейтенант» шенін тапсыру қажет екенін айттым. Соған сәйкес нақты тапсырма бердім. Міне, бүгін осы бастама нақты жүзеге асырылмақ. Сіздер оқуды бітіріп, бірден «аға лейтенант» шенін алатын тұңғыш түлек боласыздар. Бұл – өздеріңізге артылған зор сенім және үлкен жауапкершілік. Қазақтың біртуар батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің «атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын» деген сөзі бар. Шын мәнінде, нағыз сарбаздың абырой-беделі оның шенімен емес, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді. Көптеген жастарымыз сіздерге қарап бой түзейді, үлгі алады. Бәріңіз де антқа адал болып, қазақ сардары деген атаққа әрдайым лайық боласыздар деп сенемін. Бүгін алқалы жиынға озат түлектердің ата-аналары да қатысып отыр. Сіздер Қазақстанның дәл осындай отаншыл азаматтарына тәлім-тәрбие бердіңіздер. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жас офицерлердің алғашқы әскери шені құтты болсын! Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Туымыз әрдайым көкте желбіресін! Қазақ елі мәңгі болсын!» t.me/aqorda_resmi
🇰🇿Президент принял участие в церемонии поднятия Государственного флага Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественной церемонии поднятия Государственного флага в этномемориальном комплексе «Атамекен» в Астане. Начальник роты почетного караула отдал Президенту рапорт о готовности к церемонии. Затем прозвучал Государственный гимн и был поднят Государственный флаг Республики Казахстан. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. t.me/aqorda_resmi
💠 Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ауқымды флешмоб ұйымдастырылды Іс-шараға 300-ге жуық жас қатысып, ашық алаңда алып жүрек бейнесін қалыптастырды. Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өзара сыйластық пен адамгершілікті дәріптеуге аудару. Жастар “Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” ұраны аясында бірігіп, зорлық-зомбылыққа қарсы өз ұстанымдарын білдірді. Толық ақпарат сайтта. *** 💠 Масштабный флешмоб против бытового насилия проведен в области Абай Около 300 молодых людей собрались на открытой площадке и выстроились в форме большого сердца в поддержку акции "Казахстан без насилия в семье". Мероприятие было направлено на привлечение внимания к вопросам укрепления семейных ценностей, взаимного уважения и профилактики бытового насилия. Подробнее на сайте. 📱 POLISIA.KZ
🎈 ІІМ Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырды Ішкі істер министрлігі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жас қонақтар мен олардың ата-аналары үшін танымдық әрі ойын-сауық бағдарламасы…
🎈 ІІМ Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырды Ішкі істер министрлігі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жас қонақтар мен олардың ата-аналары үшін танымдық әрі ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Балалардың ерекше қызығушылығын арнайы техника мен қызметтік автокөліктер көрмесі тудырды. Олар ішкі істер органдарының заманауи техникалық жабдықтарымен танысып, арнайы мақсаттағы көліктерді, робот кешендер мен қызмет барысында қолданылатын құрал-жабдықтарды тамашалады. Мерекелік бағдарлама цирктегі әсерлі қойылыммен жалғасты. Көрермендер акробаттардың, клоундардың және би ұжымдарының өнеріне тәнті болды. Сабынды көпіршіктер шоуы мен үйретілген иттердің қатысуымен көрсетілген нөмірлер балаларға ерекше әсер сыйлады. Төрт аяқты көмекшілер өздерінің ептілігін, тәртібін және күрделі командаларды орындау қабілетін паш етті. Бағдарламаның шарықтау шегі ерекше атмосфера қалыптастырған жарқын жарық шоуы болды. Ол қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды. Мерекелік іс-шара балаларға шат күлкі мен жарқын естеліктер сыйлады. Полиция өкілдерінің айтуынша, өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың қауіпсіз әрі үйлесімді дамуына жағдай қалыптастыру ішкі істер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып қала береді. 📱 POLISIA.KZ
📱 ІІМ жасөспірімдерді интернетте "дроп" рөліне қалай тартатынын көрсетті Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 📱МВД рассказало, как подростков втягивают в роль "дропов" в интернете Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🚴 Полиция велосипедті қараусыз қалдырудың салдары туралы ескертті Ақпарат сайтта. 🚴 "Паркуй с умом": полиция предупреждает о рисках оставления велосипеда без присмотра Информация на сайте.
☀️ Қауіпсіз каникул: полиция ата-аналарға маңызды ережені еске салды Жазғы каникул — балалар үшін демалыс, саяхат пен жарқын сәттерге толы кезең. Жаз мезгілі жазатайым оқиғасыз өтуі үшін ШҚО ПД қызметкерлері әр отбасыға арналған қауіпсіздік ережелері қамтылған…
☀️ Қауіпсіз каникул: полиция ата-аналарға маңызды ережені еске салды Жазғы каникул — балалар үшін демалыс, саяхат пен жарқын сәттерге толы кезең. Жаз мезгілі жазатайым оқиғасыз өтуі үшін ШҚО ПД қызметкерлері әр отбасыға арналған қауіпсіздік ережелері қамтылған профилактикалық мультфильм дайындады. 📌 Білгеніңіз абзал 🌊 Балаларды өзен, көл немесе бассейн жанында қараусыз қалдырмаңыз. 🚦Серуендеу, велосипед және самокат тебу кезінде жол жүру ережелерін үнемі еске салып отырыңыз. 🏠 Бала жүретін таныс аумақтың өзі ересектердің ұдайы назарында болуы тиіс. 📱Балаларға ғаламторда бейтаныс адамдармен сөйлесуге және жеке деректерді бөлісуге болмайтынын түсіндіріңіз. 👨👩👧👦 Қауіпсіздік туралы жиі сөйлесу балаларға кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. 👮♂️ Полиция ата-аналарды жазғы каникул кезінде балалар қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. 🌞 Әрбір баланың жазғы демалысы жарқын, мазмұнды әрі қауіпсіз болсын! 📱 POLISIA.KZ
🚔 БҚО-да патрульдік полицейлер есінен танып қалған азаматты ауруханаға шұғыл жеткізуге көмектесті Полиция қызметкерлері Артур Куспанов пен Райымбек Аққалиев қызмет атқару барысында жағдайы күрт нашарлаған азаматқа дер кезінде көмек көрсетті. Оқиға Орал — Атырау автожолы бойында болған. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі полицейлерге жүгініп, көліктегі жолаушының кенеттен есінен танып қалғанын айтып, көмектесуін өтінген. Тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай, қызметтік автокөлікпен арнайы сүйемелдеу ұйымдастырып, азаматты Ақжайық аудандық ауруханасына жедел жеткізді. Ауруханада науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли доставить в больницу мужчину, потерявшего сознание в ЗКО Сотрудники полиции Артур Куспанов и Райымбек Аккалиев во время несения службы своевременно оказали помощь гражданину, состояние которого резко ухудшилось. Инцидент произошел на автодороге Уральск – Атырау. Водитель автомобиля Toyota Alphard обратился к полицейским и сообщил, что находившийся в салоне пассажир внезапно потерял сознание, после чего попросил оказать содействие. Не теряя времени, стражи порядка организовали сопровождение на служебном автомобиле, обеспечили беспрепятственный проезд и оперативно доставили мужчину в Акжаикскую районную больницу. В медицинском учреждении пациенту была оказана необходимая помощь. В настоящее время его состояние оценивается как стабильное. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🔹 ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеруде: жаңа оқу-жаттығу зертханасы ашылды Цифрлық шешімдерді, заманауи технологиялар мен озық жұмыс тәсілдерін енгізу мәселелері Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ерекше бақылауында. Жүргізіліп жатқан жаңғырту…
🔹 ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеруде: жаңа оқу-жаттығу зертханасы ашылды Цифрлық шешімдерді, заманауи технологиялар мен озық жұмыс тәсілдерін енгізу мәселелері Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ерекше бақылауында. Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары аясында ведомство басшысының тапсырмасымен ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің базасында ұшқышсыз авиациялық жүйелердің оқу-жаттығу зертханасы ашылды. Зертхана ішкі істер органдарының криминалистикалық және өзге де бөлімшелері қызметкерлерін қызметтік міндеттерді орындау кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді пайдалануға даярлауға арналған. Оқу бағдарламасы теориялық дайындықты, арнайы симуляторлармен жұмыс істеуді және арнайы жабдықталған полигонда тәжірибелік ұшуларды қамтиды. Алынған білім мен дағдылар қызметкерлерге қылмыстарды ашу және тергеу, іздестіру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында заманауи техникалық құралдарды тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Зертхананың ашылуы ІІМ-нің цифрлық трансформация бағытын іске асырудағы, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттырудағы және полиция қызметіне заманауи технологияларды енгізудегі кезекті маңызды қадам болды. 📱 POLISIA.KZ
🎉 Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің түкпір-түкпірінде полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, түрлі қайырымдылық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Солардың бірі Түркістан облысы полиция департаментінде өткен “Балаларды…
🎉 Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің түкпір-түкпірінде полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, түрлі қайырымдылық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Солардың бірі Түркістан облысы полиция департаментінде өткен “Балаларды қорғау жүрек жылуынан басталады” атты қайырымдылық акциясы болды. Іс-шара барысында сақшылар ерекше күтімді қажет ететін балалардың хаттағы армандарын орындап, оларға қуаныш сыйлады. 🚔 Балалар ата-аналарымен бірге полиция департаментіне барып, қызметтік автокөліктерді, мотопатруль жұмысын, кинологтардың көрсетілімін, фотокөрмені аралады. Түркістан облысы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров балалармен кездесіп, жедел басқару орталығының қызметімен таныстырды. Кейін олардың хатта жазған тілектері орындалып, велосипед, электроскутер, бассейн, құлаққап, колонка, микрофон, спорттық киімдер және өзге де сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ балаларға алғыс хаттар мен полиция символикасы бейнеленген естелік сыйлықтар берілді. 🎶 Мерекелік бағдарлама Түркістан қаласындағы “Керуен сарай” кешенінде жалғасып, концерттік қойылым ұсынылды. Балалар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. ✨ Осылайша мереке мейірім мен қамқорлықтың жарқын көрінісіне айналып, көптеген баланың арманы орындалған ерекше күн ретінде есте қалды. 📱 POLISIA.KZ
🚔 Ақмола облысында полицейлер кішкентай баланы ауруханаға шұғыл жеткізді 31 мамыр күні кешкісін кішкентай бала есінен танып қалған. Баланың ата-анасы жедел жәрдемді күтпей, ұлын ауруханаға өз бетінше жеткізбек болған. Алайда тығыз көлік ағыны мен кептеліс қозғалысқа айтарлықтай кедергі келтірген. Патрульдік экипаж көлігін көрген ата-ана бірден көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, бір жасар ұлы құлап, есінен танып қалған. Жағдайды бірден бағалаған полиция қызметкерлері автокөлікке облыстық балалар ауруханасына дейін жылдам әрі қауіпсіз жол бастап барды. — Полиция қызметкерлері Аманжол Мұратов пен Ерік Серәліге кәсібилігі, адамгершілігі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Олардың көмегінің арқасында ұлым уақытында медициналық көмек алды, — деп жазды әйел. — Ата-ана баланың есінен танып қалғанын айтқан кезде, біз бірден уақыттың маңызды екенін түсіндік. Олар қатты қорқып тұрды, — деп бөліседі Ерік Серәлі. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли вовремя доставить ребенка в больницу Слова благодарности в адрес сотрудников патрульной полиции появились в социальных сетях после случая, который едва не обернулся трагедией для одной из семей Кокшетау. Вечером 31 мая родители маленького ребенка оказались в крайне тревожной ситуации. После падения малыш начал терять сознание. Не дожидаясь приезда скорой помощи, родители приняли решение самостоятельно доставить сына в больницу. Однако плотный транспортный поток и загруженные улицы существенно замедляли движение. Надежда появилась, когда рядом с автомобилем семьи оказался патрульный экипаж. Увидев полицейских, родители обратились к ним за помощью. Оценив серьезность ситуации, сотрудники полиции оперативно сопроводили автомобиль до областной детской больницы, обеспечив безопасный и быстрый проезд. — От всего сердца благодарю полицейских — Аманжола Муратова и Еріка Серәлі за профессионализм, человечность и неравнодушие. Благодаря их помощи мой сын вовремя получил медицинскую помощь, — написала женщина. — Когда родители сообщили, что ребенок теряет сознание, мы сразу поняли, что медлить нельзя. Они были очень напуганы, и это можно понять — речь шла о здоровье малыша, — отметил Ерік Серәлі. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
Халықаралық ынтымақтастық және заңнамалық шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Үкімет отырысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен алдағы заңнамалық шаралар туралы баяндады. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық…
Халықаралық ынтымақтастық және заңнамалық шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Үкімет отырысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен алдағы заңнамалық шаралар туралы баяндады. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) есірткіге қарсы стратегияларын жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйымдардың мамандандырылған құрылымдарымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізуде. Мемлекет басшысы екі халықаралық шартқа қол қойды. Бұл құжаттар ТМД елдерінің аумағында бақылаудағы жеткізілімдерді жүзеге асыруға және Душанбе қаласындағы ШЫҰ-ның Есірткіге қарсы орталығымен өзара ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. – Биыл есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама күшейтілді. Дропперлік қызмет үшін, күшті әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сондай-ақ есірткі заттарын медициналық мақсаттан тыс қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Тыйым салынған заттар тізімі 47 жаңа атаумен толықтырылды. Бұдан бөлек, есірткі сайттарын бұғаттау, күшті әсер ететін заттарға сараптама жүргізу, халықтың есірткіге тәуелділік деңгейі бойынша өңірлер рейтингін цифрландыру және өңірлік есірткіге қарсы штабтардың жұмысын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылуда, – деді министр. #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ
Архив POLISIA.KZ — страница 5
Это 5-я страница архива публикаций источника POLISIA.KZ. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.





























