POLISIA.KZ » публикация №17281
🎈 ІІМ Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырды Ішкі істер министрлігі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жас қонақтар мен олардың ата-аналары үшін танымдық әрі ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Балалардың ерекше қызығушылығын арнайы техника мен қызметтік автокөліктер көрмесі тудырды. Олар ішкі істер органдарының заманауи техникалық жабдықтарымен танысып, арнайы мақсаттағы көліктерді, робот кешендер мен қызмет барысында қолданылатын құрал-жабдықтарды тамашалады. Мерекелік бағдарлама цирктегі әсерлі қойылыммен жалғасты. Көрермендер акробаттардың, клоундардың және би ұжымдарының өнеріне тәнті болды. Сабынды көпіршіктер шоуы мен үйретілген иттердің қатысуымен көрсетілген нөмірлер балаларға ерекше әсер сыйлады. Төрт аяқты көмекшілер өздерінің ептілігін, тәртібін және күрделі командаларды орындау қабілетін паш етті. Бағдарламаның шарықтау шегі ерекше атмосфера қалыптастырған жарқын жарық шоуы болды. Ол қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды. Мерекелік іс-шара балаларға шат күлкі мен жарқын естеліктер сыйлады. Полиция өкілдерінің айтуынша, өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың қауіпсіз әрі үйлесімді дамуына жағдай қалыптастыру ішкі істер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып қала береді. 📱 POLISIA.KZ





























