POLISIA.KZ » публикация №17277
☀️ Қауіпсіз каникул: полиция ата-аналарға маңызды ережені еске салды Жазғы каникул — балалар үшін демалыс, саяхат пен жарқын сәттерге толы кезең. Жаз мезгілі жазатайым оқиғасыз өтуі үшін ШҚО ПД қызметкерлері әр отбасыға арналған қауіпсіздік ережелері қамтылған профилактикалық мультфильм дайындады. 📌 Білгеніңіз абзал 🌊 Балаларды өзен, көл немесе бассейн жанында қараусыз қалдырмаңыз. 🚦Серуендеу, велосипед және самокат тебу кезінде жол жүру ережелерін үнемі еске салып отырыңыз. 🏠 Бала жүретін таныс аумақтың өзі ересектердің ұдайы назарында болуы тиіс. 📱Балаларға ғаламторда бейтаныс адамдармен сөйлесуге және жеке деректерді бөлісуге болмайтынын түсіндіріңіз. 👨👩👧👦 Қауіпсіздік туралы жиі сөйлесу балаларға кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. 👮♂️ Полиция ата-аналарды жазғы каникул кезінде балалар қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. 🌞 Әрбір баланың жазғы демалысы жарқын, мазмұнды әрі қауіпсіз болсын! 📱 POLISIA.KZ





























