Life News Новостной агрегатор

UKIMET » публикация №24360

Источник: UKIMET
UKIMET » публикация №24360

Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешені саласындағы озық әзірлемелермен танысты 📌 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресі аясында Премьер-министр Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешеніне арналған озық әзірлемелермен және шешімдермен танысты. Биыл экспозиция 15 елден – Австралия, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстониядан келген 70 компанияның басын біріктірді. Премьер-министр Qarmet, Kazzinc, Kazakhmys, KAZ Minerals, XCMG сияқты жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялардың және АҚШ, Швеция, Сауд Арабиясы елдерінің компаниялар тобының экспозицияларымен танысты. Олжас Бектеновтің назарына тау-кен металлургия саласына арналған заманауи технологиялық шешімдер, өндірістерді жаңғырту, цифрлық құралдарды енгізу, өнеркәсіпті автоматтандыру, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ қайта өңдеу мен инженерлік сервистерді дамыту жөніндегі жобалар ұсынылды. 📱@KZgovernment

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

Aqorda » публикация №33455
Aqorda » публикация №33455

Aqorda ·

✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Уголовный, Уголовно-процессуальный, Уголовно-исполнительный кодексы Республики Казахстан и Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам приведения их в соответствие с Конституцией Республики Казахстан, совершенствования законодательства Республики Казахстан о выборах и прокуратуре» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33454
Aqorda » публикация №33454

Aqorda ·

✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам приведения их в соответствие с Конституцией Республики Казахстан, совершенствования законодательства Республики Казахстан о выборах, прокуратуре и социальном обеспечении» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33453
Aqorda » публикация №33453

Aqorda ·

✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Конституционный закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан по вопросам приведения их в соответствие с Конституцией Республики Казахстан, совершенствования законодательства Республики Казахстан о выборах и прокуратуре» Текст Конституционного закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi


UKIMET » публикация №24386
UKIMET » публикация №24386

UKIMET ·

Халықтың табысы инфляциядан да тез өсуі керек 📌 Кешенді жоспарды жүзеге асырудың нәтижесі азаматтардың әл-ауқатын тұрақты арттыру болуы тиіс. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі мақсатты көрсеткіштердің қатарында халық табысының инфляция деңгейінен 2–3 пайыздық тармаққа жоғары өсуі, жыл сайын 240 мыңға дейін сапалы жұмыс орындарын құру және 2029 жылға қарай инфляцияны 5–7% деңгейіне дейін төмендету бар. Сондай-ақ ауылдық жерлерде 30 мыңнан астам микрокредит беру, дуальды оқытумен қамтуды ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру және халықтың тамақ өнімдеріне жұмсайтын шығыстарының үлесін тұтыну шығыстарының жалпы көлемінің 40%-на дейін қысқарту жоспарлануда. ➖ Доходы населения должны расти быстрее инфляции 📌 Результатом реализации Комплексного плана должно стать устойчивое повышение благосостояния граждан. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин. По его словам, среди ключевых целевых показателей – рост доходов населения выше уровня инфляции на 2–3 процентных пункта, создание до 240 тысяч качественных рабочих мест ежегодно и снижение инфляции до 5-7% к 2029 году. Также планируется выдать свыше 30 тыс. микрокредитов в сельской местности, увеличить охват дуальным обучением, повысить производительность труда в сельском хозяйстве и сократить долю расходов населения на продукты питания до 40% от общего объема потребительских расходов. 📱 @KZgovernment



UKIMET » публикация №24379
UKIMET » публикация №24379

UKIMET ·

Қазақстанда жыл сайын 240 мыңға дейін сапалы жұмыс орны құрылады 📌 Сапалы жұмыс орындарын құру Кешенді жоспардың басты басымдықтарының бірі болып айқындалды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Қазіргі уақытта Еуропалық одақ елдеріндегі еңбек өнімділігі қазақстандық деңгейден үш есе көп, ал ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың тұрақсыздығы жоғары болып қалып отыр. Осы проблемаларды шешу үшін 17 кластерлік жобаны жүзеге асыру, АӨК-те жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, шағын бизнесті қолдау және өңірлерде микрокредит беру бағдарламаларын кеңейту жоспарлануда. ➖ До 240 тыс. качественных рабочих мест ежегодно будут создавать в Казахстане 📌 Создание качественных рабочих мест определено одним из главных приоритетов Комплексного плана. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин. В настоящее время производительность труда в странах ЕС превышает казахстанский уровень более чем в три раза, а в сельской местности сохраняется высокая доля нестабильной занятости. Для решения этих проблем планируется реализация 17 кластерных проектов, запуск новых инвестиционных проектов в АПК, развитие сельхозкооперации, поддержка малого бизнеса и расширение программ микрокредитования в регионах. 📱 @KZgovernment


ҚТЖ PRESS » публикация №13271
ҚТЖ PRESS » публикация №13271

ҚТЖ PRESS ·

✅Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты 🔵ҚТЖ-да Астана Халықаралық университетінің студенттеріне экскурсия болып өтті. 🔵Болашақ қаржыгерлер ҚТЖ орталық мұражайына және Тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығына (ТБАО) барды. Мұражайда олар Қазақстанның теміржол көлігінің тарихымен және компания қызметімен танысты. 🔵Негізгі диспетчерлік орталықта студенттерге пойыздар қозғалысын нақты уақыт режимінде басқару процесі көрсетілді. 🔵Экскурсия компанияның кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ұйымдастырылды. ➖➖➖ ✅Студенты Международного университета Астаны ознакомились с работой КТЖ 🔵В КТЖ состоялась экскурсия для студентов Международного университета Астаны. 🔵Будущие финансисты посетили Центральный музей КТЖ и Автоматизированный центр управления перевозками (АЦУП). В музее они ознакомились с историей железнодорожного транспорта Казахстана и деятельностью компании. 🔵В Главном диспетчерском центре студентам продемонстрировали процесс управления движением поездов в режиме реального времени. 🔵Экскурсия была организована в рамках профориентационной работы компании.


UKIMET » публикация №24378
UKIMET » публикация №24378

UKIMET ·

Қазақстан болашақ экономикасы үшін кадр даярлау ісіне басымдық беруде 📌 Жұмысшылардың дағдылары мен қазіргі экономика талаптары арасындағы сәйкессіздік негізгі сын-қатерлердің бірі болып қала береді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, 2030 жылға қарай әлемдегі жұмыс орындарының 22%-ы трансформацияға ұшырайды. Осыған байланысты еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында дуальды білім беру жүйесін кеңейту, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өндірістегі тәлімгерлік жүйені дамыту жоспарланып отыр. ➖ Казахстан делает ставку на подготовку кадров для экономики будущего 📌 Одним из ключевых вызовов остается несоответствие навыков работников требованиям современной экономики. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин. По оценкам международных организаций, к 2030 году трансформации подвергнутся 22% рабочих мест в мире. Для повышения конкурентоспособности трудовых ресурсов планируется расширить дуальное обучение, укрепить сотрудничество колледжей и предприятий, а также развивать систему наставничества на производстве. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24374
UKIMET » публикация №24374

UKIMET ·

Үкімет азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету бойынша жаңа шаралар дайындауда Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында халықтың проблемалық берешегін реттеу және Кешенді жоспарда көзделген қарыз алушыларды қорғауды арттыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Бүгінде мерзімі өткен берешек тәуекелдері 6,5% деңгейінде сақталуда, ал несиелердің жоғары құны көптеген отбасылар үшін айтарлықтай ауыр жүктеме болып отыр. Шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) есептеу әдістемесін қайта қарау, қаржы ұйымдарының жосықсыз тәжірибелеріне бақылауды күшейту және әлеуметтік осал топтағы азаматтардың жекелеген санаттары үшін банкроттық рәсімдерін жеңілдету ұсынылып отыр. ➖ Правительство готовит новые меры по снижению долговой нагрузки граждан 📌 О мерах по урегулированию проблемной задолженности населения и повышению защиты заемщиков предусмотренного в Комплексном плане на пресс-конференции в Правительстве рассказал первый первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин. Сегодня риски просроченной задолженности сохраняются на уровне 6,5%, а высокая стоимость кредитов остается серьезной нагрузкой для многих семей. Предлагается пересмотреть методику расчета предельной ГЭСВ, усилить контроль за недобросовестными практиками финансовых организаций и упростить процедуры банкротства для отдельных категорий социально уязвимых граждан. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24373
UKIMET » публикация №24373

UKIMET ·

Қазақстанда еңбекақыны көтеру саясаты жалғасады 📌 Жаңа Кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі жұмыскерлердің еңбекақысын одан әрі арттыру болмақ. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде еңбекақы төлеу қорының қосылған құндағы үлесі шамамен 30,6%-ды құрайды, ал орташа және медианды жалақы арасындағы алшақтық – 39,2%. Бұл мәселелерді шешу үшін ең төменгі жалақыны арттыру, жалдамалы жұмыскерлер табысының, азаматтық қызметшілердің жалақысының өсуіру, табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының орташа жалақысын ұлғайту және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын үш жыл сайын индекстеу көзделген. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің жүйелі шаралары қарастырылған. ➖ В Казахстане продолжат политику повышения заработной платы 📌 Одним из ключевых направлений нового Комплексного плана станет дальнейшее повышение заработной платы работников. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин. Сегодня, по его словам, доля фонда оплаты труда в добавленной стоимости составляет около 30,6%, а разрыв между средней и медианной заработной платой достигает 39,2%. Для решения этих вопросов предусмотрены повышение минимальной заработной платы, рост доходов наемных работников, заработной платы гражданских служащих, увеличение средней зарплаты производственного персонала субъектов естественных монополий и индексация окладов государственных служащих каждые три года. Также предусмотрены системные меры социального партнерства. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24372
UKIMET » публикация №24372

UKIMET ·

Халық табысын арттыруға арналған жаңа жоспар алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар алты негізгі бағыт бойынша 59 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, олардың арасында жалақыны көтеру, инфляцияны төмендету, нақты табыстың өсуі, адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру, сапалы жұмыс орындарын ашу, салықтық және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту бар. Құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыру, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономикалық өсудің инклюзивті моделін қалыптастыру. ➖ 59 мероприятий по шести направлениям включает новый план повышения доходов населения 📌 Комплексный план на 2026–2029 годы предусматривает реализацию 59 мероприятий по шести ключевым направлениям. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый заместитель министра национальной экономики Азамат Амрин. По его словам, среди них – повышение заработной платы, снижение инфляции и рост реальных доходов, развитие человеческого капитала и повышение занятости, создание качественных рабочих мест, налоговые и социальные меры, а также снижение долговой нагрузки и улучшение финансовой активности населения. Основной целью документа является повышение уровня благосостояния и качества жизни граждан, активизация вовлечения частного сектора в социально-экономическое развитие страны, а также обеспечение социальной стабильности и формирование инклюзивной модели экономического роста. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24371
UKIMET » публикация №24371

UKIMET ·

Соңғы үш жылда бюджет саласының 1,2 млн-нан астам қызметкерінің жалақысы өсті 📌 2022-2025 жылдары елімізде бюджет саласы қызметкерлері мен экономиканың жекелеген секторларында еңбекке ақы төлеуді арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде, жалақының өсуі 1,2 млн-нан астам азаматты қамтыды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагогтің еңбекақысы – 25%-ға, 6 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына жататын 600 мыңға жуық адамның еңбекақысы орта есеппен 20%-ға артты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» тобының өндірістік персоналына еңбекақы төлеудегі алшақтық қысқартылды. ➖ Более 1,2 млн работников бюджетной сферы получили повышение зарплат за последние три года 📌 За 2022–2025 годы в Казахстане реализован комплекс мер по повышению оплаты труда работников бюджетной сферы и отдельных отраслей экономики. Повышение заработной платы затронуло более 1,2 млн человек. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый заместитель министра национальной экономики Азамат Амрин. В частности, зарплаты 38 тыс. работников социальной сферы выросли в среднем на 30%, 600 тыс. педагогов – на 25%, 6 тыс. медицинских работников – на 20%, и около 600 тысяч отдельных категорий гражданских служащих – в среднем на 20%. Также сокращен разрыв в оплате труда производственного персонала группы «Самрук-Казына». 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24370
UKIMET » публикация №24370

UKIMET ·

ШОБ субъектілерінің саны төрт жыл ішінде 2,2 млн-ға дейін өсті 📌 Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. «Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 млн-нан 2,2 млн-ға дейін өсті, ал секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 млн адамға жетті. Экономикадағы ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 40,9%-на дейін өсті, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, ал жұмысқа орналасқан азаматтар саны 912,8 мың адамға дейін өсті», — деді Азамат Әмрин. ➖ Число субъектов МСБ за четыре года выросло до 2,2 млн С момента запуска программы повышения доходов населения в Казахстане зафиксирован рост ключевых социально-экономических показателей. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый заместитель министра национальной экономики Азамат Амрин. «Количество действующих субъектов малого и среднего бизнеса увеличилось с 1,8 млн до 2,2 млн, а число занятых в секторе достигло 4,5 млн человек. Доля МСБ в экономике выросла до 40,9% ВВП, уровень безработицы снизился до 4,6%, а количество трудоустроенных граждан увеличилось до 912,8 тыс. человек», — сообщил Азамат Амрин. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24369
UKIMET » публикация №24369

UKIMET ·

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды 📌 Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» өзектендірілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған. «Жаңа жоспар 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның орнын алмастырады және экономиканың ағымдағы сын-қатерлерін де, адами капиталды дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттерді де ескереді. Өңірлік нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу тетігін күшейту үшін әкімдіктер халықтың табысын арттырудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі», — деді Азамат Әмрин. ➖ Комплексный план повышения доходов населения до 2029 года принят в Казахстане 📌В Казахстане актуализирован Комплексный план повышения доходов населения на 2026–2029 годы. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил первый заместитель министра национальной экономики Азамат Амрин. По его словам, документ включает 59 мероприятий по шести направлениям и нацелен на повышение благосостояния граждан, создание качественных рабочих мест и рост реальных доходов населения. «Новый план пришел на смену программе, реализуемой с 2022 года, и учитывает как текущие вызовы экономики, так и долгосрочные задачи по развитию человеческого капитала и повышению качества жизни казахстанцев. Для усиления механизма достижения региональных целевых показателей акиматы разработали региональные программы повышения доходов населения», – сообщил Азамат Амрин. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24368
UKIMET » публикация №24368

UKIMET ·

Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешені саласындағы озық әзірлемелермен танысты 📌 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресі аясында Премьер-министр Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешеніне арналған озық әзірлемелермен және шешімдермен танысты.…



UKIMET » публикация №24358
UKIMET » публикация №24358

UKIMET ·

Олжас Бектенов: Қазақстан шикізат моделінен терең өңдеу экономикасына және жоғары қосылған құнға көшуде 📌 Қазақстан тау-кен металлургия саласын дамытуды өндіру көлемін ұлғайтудан да ауқымдырақ тұрғыдан қарастыруда. Премьер-министр Олжас Бектенов стратегиялық…


UKIMET » публикация №24357
UKIMET » публикация №24357

UKIMET ·

Олжас Бектенов: Қазақстан шикізат моделінен терең өңдеу экономикасына және жоғары қосылған құнға көшуде 📌 Қазақстан тау-кен металлургия саласын дамытуды өндіру көлемін ұлғайтудан да ауқымдырақ тұрғыдан қарастыруда. Премьер-министр Олжас Бектенов стратегиялық міндет – саланың жаңа моделін қалыптастыру екенін атап өтті, онда еліміз шикізат жеткізуші ретінде ғана емес, әлемдік нарықтарда сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік өнім өндіруші ретінде де өз позициясын нығайта түспек. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізінен шикізаттық модельден тұратын экономиканы терең өңдеуге және жоғары қосылған құнға кезең-кезеңімен көшіру міндетін қойды. Бүгінде терең өңдеуді дамытуға және қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыруға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда жалпы құны $1 млрд-тан асатын катодты мыс, ферросилиций, ферроқорытпалар және басқа да өнімдер шығаратын бірқатар ірі өндірістер пайдалануға берілді», — деп атап өтті Премьер-министр. Абай облысында жалпы құны $1,5 млрд-тан асатын мыс балқыту зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда, ол бүгінде экспортталатын мыс концентратын іс жүзінде толықтай ел ішінде өңдеуге мүмкіндік береді. Павлодар облысында жылына 300 мың тонна алтын-мысты концентрат және 15 тоннаға дейін алтын өндіру қуаттылығымен гидрометаллургиялық комбинат салынуда. «Qarmet» компаниясы Қарағанды облысындағы металлургиялық өндірісті ауқымды жаңғыртып, автомобиль болатын өндіру ісін қоса алғанда, қосылған құны жоғары өнім шығаруды жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл тек жеке инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы емес. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан заманауи өндірістерді дамытуға, технологияларды енгізуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға негізделген жаңа индустрияландыру бағытын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Осы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан АҚШ, Қытай, Еуропалық Одақ, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің ірі компанияларымен белсенді ынтымақтасуда. Біз капитал тартумен ғана шектеліп қалмай, ұзақмерзімді технологиялық серіктестіктерді дамытуға, өндірістерді локализациялау мен технологияларды трансферттеуге және білікті кадрлар даярлауға да мүдделіміз. Міне, дәл осындай тәсіл ел ішінде тұрақты өндірістік тізбектер қалыптастыруға мүмкіндік береді және Қазақстанның әлемдік өнеркәсіптік жүйеге тереңірек интеграциялануын қамтамасыз етеді. Қазақстан стратегиялық шикізаттың сенімді жеткізушісі ретінде өз позициясын нығайтып, терең өңдеуді және қосылған құны жоғары өнім шығаратын орталыққа айналуды, сондай-ақ стратегиялық маңызды минералдар мен заманауи технологиялар саласында ірі халықаралық жобаларды жүзеге асыру алаңына айналуды көздейді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бүгін біздің елдеріміз үшін әлемдік экономикадағы позицияны нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. «Біздің міндетіміз – осы мүмкіндікті индустриалды дамуды жеделдету, инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу және жаңа деңгейдегі экономиканы қалыптастыру үшін пайдалану. Мен Қазақстанның Еуразиядағы жетекші тау-кен металлургиялық орталықтардың бірі болып, халықаралық бизнес үшін сенімді серіктеске айналу үшін барлық қажетті алғышарттарға ие екеніне сенімдімін. Бүгінгі Astana Mining & Metallurgy Конгресі аясындағы диалог тау-кен металлургия кешенін әрі қарай дамытуға және оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін», — деп атап өтті Премьер-министр Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресінде сөйлеген сөзінде. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24356
UKIMET » публикация №24356

UKIMET ·

Олжас Бектенов: Жасанды интеллектіні геологиялық барлау үдерістеріне енгізу еліміздің минералдық-шикізаттық базасын игеру тиімділігін арттырып, жаңа кен орындарын ашу жұмыстарын жеделдетеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов тау-кен металлургия саласын дамытудың маңызды құралдарының бірі цифрлық трансформациялау екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Тау-кен металлургия кешені үшін бұл өндірістік және геологиялық үдерістерді басқарудың түбегейлі жаңа моделіне көшуді білдіреді. Цифрлық технологиялар еңбек өнімділігін арттыруға, шығындарды төмендетуге, ресурстарды тиімді басқаруға және шешімдерді үлкен деректер негізінде қабылдауға мүмкіндік береді», –– деп атап өтті Олжас Бектенов. Бүгінде Қазақстанда Біріккен жер қойнауын пайдалану платформасы құрылды, ол арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Лицензия беру және жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін бақылау процестері автоматтандырылды. Бұрын қағаз түрінде, магниттік таспаларда және фотосуреттерде сақталған 4,6 млн-нан астам бастапқы геологиялық ақпарат цифрланды. «Келесі кезеңде жасанды интеллект технологияларын геологиялық барлау, деректерді талдау және өндірісті басқару процестеріне интеграциялау қажет. Бұл еліміздің минералдық-шикізаттық базасын игеру тиімділігін айтарлықтай арттырып, жаңа кен орындарын ашуды жеделдетіп, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартады», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Олжас Бектенов: Интеграция ИИ в процессы геологоразведки, повысит эффективность освоения минерально-сырьевой базы и ускорит открытие новых месторождений 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что важнейшим инструментом развития горно-металлургической отрасли становится цифровая трансформация. «Глава нашего государства объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта. Для горно-металлургического комплекса это означает переход к принципиально новой модели управления производственными и геологическими процессами. Цифровые технологии позволяют повышать производительность труда, снижать издержки, более эффективно управлять ресурсами и принимать решения на основе больших данных» , –– отметил Олжас Бектенов. Сегодня в Казахстане создана Единая платформа недропользования, через которую оказывается 22 государственные услуги. Автоматизированы процессы выдачи лицензий и мониторинга исполнения обязательств недропользователей. Оцифровано более 4,6 млн единиц первичной геологической информации, которая ранее хранилась на бумажных носителях, магнитных лентах и фотографиях. «Следующим этапом должна стать интеграция технологий искусственного интеллекта в процессы геологоразведки, анализа данных и управления производством. Это позволит существенно повысить эффективность освоения минерально-сырьевой базы страны, ускорить открытие новых месторождений и повысить качество принимаемых решений», – подчеркнул Премьер-министр. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24355
UKIMET » публикация №24355

UKIMET ·

Қазақстан болашақта жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаратын өндірістерді іске қосу үшін геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салуда 📌 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов геологиялық барлау жаңа кен орындарын ашу, минералдық-шикізат базаны кеңейту және болашақ инвестициялық жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін айқындайтынын атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын дамытуға және елдің ресурстық әлеуетін кеңейтуге ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта еліміздің аумағын егжей-тегжейлі геологиялық картографиялау жұмыстары басталды. Жер қойнауының геологиялық зерттелу аумағы 2 млн шаршы шақырымнан асады. Президенттің тапсырмасы бойынша 2026–2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына тек мемлекет тарапынан $470 млн-ға жуық инвестиция салынады. Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас. Біздің міндетіміз – аумақтың зерттелу деңгейін арттырумен ғана шектелмей, озық технологияларға, цифрлық шешімдерге және халықаралық серіктестікке негізделген заманауи геология саласын қалыптастыру. Дәл осы жаңа кен орындарының ашылуы алдағы уақытта пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу және жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың негізіне айналуы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Казахстан инвестирует в геологоразведку для запуска будущих производств высоких переделов 📌 Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов отметил, что геологоразведка определяет возможности для открытия новых месторождений, расширения минерально-сырьевой базы и запуска будущих инвестиционных проектов. «Президент уделяет особое внимание развитию геологической отрасли и расширению ресурсного потенциала страны. В этой связи в Казахстане реализуется масштабная программа геологического изучения недр. Уже начато детальное геологическое картирование территории страны. Площадь геологической изученности недр должна превысить 2 млн квадратных километров. По поручению Президента в 2026–2028 годах в геологоразведку только государство инвестирует около $470 млн, что сопоставимо с расходами предыдущих двух десятилетий. Наша задача заключается не только в повышении уровня изученности территории, но и в формировании современной геологической отрасли, основанной на передовых технологиях, цифровых решениях и международном партнерстве. Именно новые открытия должны стать основой для реализации будущих проектов в сфере добычи, переработки и производства продукции высоких переделов», –– подчеркнул руководитель Правительства. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24354
UKIMET » публикация №24354

UKIMET ·

Стратегиялық маңызды минералдар жаңа индустриялық дәуірдің негізгі ресурстарының біріне айналуда — Олжас Бектенов 📌 Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде тау-кен металлургия кешенінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда ТМК елдердің жаһандық бәсекеге…


UKIMET » публикация №24353
UKIMET » публикация №24353

UKIMET ·

Стратегиялық маңызды минералдар жаңа индустриялық дәуірдің негізгі ресурстарының біріне айналуда — Олжас Бектенов 📌 Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде тау-кен металлургия кешенінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда ТМК елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының біріне айналуда. Әлем жаңа индустриалды дәуірге қадам басты, онда энергетика, цифрлық экономика, жасанды интеллект, электр көліктері, микроэлектроника және аэроғарыш салаларының даму қарқыны металдар мен минералдық шикізатқа сенімді қолжетімділікке тікелей байланысты. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, алдағы онжылдықтарда энергетикалық өтпелі кезең мен жаһандық экономиканың технологиялық трансформациясы әсерінен көптеген металдарға әлемдік сұраныс тұрақты түрде өседі. «Озық технологияларды меңгеру, өңдеу және жаһандық өндірістік тізбектерге қатысу ерекше маңызға ие. Стратегиялық маңызы бар минералдар нарығы да ерекше әрі жоғары сұранысқа орынға ие болып отыр. Бүгіннің өзінде олар аккумуляторлар, жартылай өткізгіштер, энергия сақтау жүйелері, цифрлық инфрақұрылым және басқа да көптеген бірегей технологиялар өндірісінің негізіне айналды. Іс жүзінде дәл осы стратегиялық маңызды минералдар жаңа индустриялық дәуірдің негізгі ресурстарының біріне айналуда. Қазақстан елеулі минералдық-шикізаттық әлеуетке ие және осы үдерістерде лайықты орын ала алады. Еліміз пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді, ал отандық тау-кен металлургия кешенінің өнімдері әлемнің ірі нарықтарында жоғары сұранысқа ие. Біз бұл саланы дамытуды еліміздің жаңа өнеркәсіптік саясатының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24352
UKIMET » публикация №24352

UKIMET ·

Олжас Бектенов 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысты 📌 Конгресс – жыл сайын тау-кен металлургия саласының болашағын талқылау үшін түрлі мемлекеттер өкілдерін, бизнес қауымдастығын, сарапшылар ортасын және халықаралық ұйымдар өкілдерінің…


UKIMET » публикация №24351
UKIMET » публикация №24351

UKIMET ·

Олжас Бектенов 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысты 📌 Конгресс – жыл сайын тау-кен металлургия саласының болашағын талқылау үшін түрлі мемлекеттер өкілдерін, бизнес қауымдастығын, сарапшылар ортасын және халықаралық ұйымдар өкілдерінің басын біріктіретін беделді алаң. Форумға әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан астам делегат жиналуы – Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамытуға деген жоғары қызығушылықтың айқын дәлелі. Премьер-министр пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 6,5% деңгейінде тұрақты өсім көрсеткенін атап өтті. Жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет $300 млрд-тан асты. Бұл нәтиже – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың технологияларға, инвестицияларға, өнеркәсіп пен адами капиталды дамытуға негізделген заманауи экономика құру бағытының жемісі. «Еліміздің жаңа Конституциясы осы бағыттың институционалдық негіздерін бекітеді. Ол меншік құқығы мен инвестицияларды қорғау кепілдіктерін күшейтеді, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтады және елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін берік негіз қалыптастырады. Тау-кен металлургиясы кешенін одан әрі дамыту ісінде бұл мәселе айрықша маңызға ие. Жер қойнауын пайдалану, металлургия және терең өңдеу салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру қомақты инвестиция мен ұзақмерзімді инвестициялық циклдерді талап етеді. Сондықтан институттардың орнықтылығы, реттеудің болжамдылығы және бизнес тарапынан сенімнің жоғары деңгейі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың біріне айналуда», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Қазақстан бәсекелік артықшылықтарына сүйенген заманауи индустриалды саясатты жүзеге асыра отырып, жаңа буын өндірістерін құру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуді жалғастырады. 📱@KZgovernment


ТРК Президента » публикация №12307
ТРК Президента » публикация №12307

ТРК Президента ·

✔️ От пресс-службы до медиахолдинга: как изменился Телерадиокомплекс Президента РК за 30 лет? 🎥 За эти годы организация прошла путь от небольшой технической службы при пресс-службе Главы государства до крупнейшей медиаструктуры страны, формирующей визуальную летопись независимого Казахстана. @ptrkkz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15103
Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15103

Telegram-канал Сената Парламента РК ·

📂Құрметті оқырман, Сенат отырысының құжаттарын көрсетілген сілтеме арқылы жүктеп алуға болады 📂Уважаемые подписчики, документы заседания Сената вы можете скачать по этой ссылке @senate_kz


POLISIA.KZ » публикация №17328
POLISIA.KZ » публикация №17328

POLISIA.KZ ·

🔹 ІІМ жыл басынан бері 1200-ден астам заңсыз қаруды тәркіледі Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 МВД изъяло свыше 1200 единиц незаконного оружия с начала года Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15102
Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15102

Telegram-канал Сената Парламента РК ·

🔴Қайырлы таң, құрметті оқырман! Бүгін сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы өтеді, еске саламыз. Шараны төмендегі сілтеме арқылы тікелей эфирден көре аласыздар. Көрсетілген уақытқа жақын қосылыңыздар. 🔴Доброе утро, уважаемые подписчики! Напоминаем, что очередное заседание Сената пройдет сегодня в 10:00. Вы можете посмотреть трансляцию мероприятия в прямом эфире по ссылке, приведённой ниже. Подключайтесь ближе к указанному времени. @senate_kz


POLISIA.KZ » публикация №17327
POLISIA.KZ » публикация №17327

POLISIA.KZ ·

🔹 ІІМ «өткен жылдардағы» қылмыстарды ашуды жалғастыруда Биыл жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылды. Оның ішінде төрт жағдайда жәбірленушілердің өлімі орын алған. Павлодар облысында төрт жыл бұрын жасалған адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы ашылды. Ақпарат сайтта. 🔹 МВД продолжает раскрывать преступления «прошлых лет» В этом году по результатам проведенных оперативно-розыскных мероприятий раскрыто 17 фактов причинения тяжкого вреда здоровью, из которых в четырех случаях наступила смерть потерпевших. В Павлодарской области раскрыто преступление, связанное с причинением тяжкого вреда здоровью, повлекшим смерть человека, совершенное четыре года назад. Информация на сайте.


ҚТЖ PRESS » публикация №13270
ҚТЖ PRESS » публикация №13270

ҚТЖ PRESS ·

⚡️Жолаушылар қауіпсіздігі – Ұлттық тасымалдаушы үшін өзгермейтін басты басымдық. Жаңа вагондарды сатып алу және пайдалануға беру жөніндегі барлық шешімдер ең алдымен қауіпсіздік, сенімділік және сапа талаптарына сүйене отырып қабылданады. ➡️«Штадлер» компаниясы өз мәлімдемесінде 2025 жылдың желтоқсанында жүргізілген сынақтар барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталғанын хабарлады. Ұлттық тасымалдаушы бұл ақпаратты растайды. ➡️Сынақтар мен техникалық бақылау бағдарламасы аясында вагондардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тұстары анықталды. Кейінгі тексерулер оларды қосымша пысықтау қажеттігін және вагондардың қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкестігін қайта растау керек екенін көрсетті. ➡️Аталған ескертулердің анықталуы қолданыстағы сапа және қауіпсіздік бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеп тұрғанын дәлелдейді. Бұл жүйе жаңа вагондар жолаушылар тасымалына жіберілер алдында жан-жақты сынақтан өткізілуін көздейді. Осындай тәсіл ықтимал кемшіліктерді ерте кезеңде анықтап, оларды пайдалануға берілгенге дейін жоюға мүмкіндік береді. ➡️Ұлттық тасымалдаушының ұстанымы өзгермейді: қауіпсіздік, сенімділік және сапа талаптарына толық сәйкес келетіні расталмайынша, бірде-бір жолаушылар вагоны қабылданып, пайдалануға берілмейді. Жеткізу мерзімі, коммерциялық міндеттемелер немесе өзге де факторлар бұл қағидатқа әсер етпейді. Басты орында әрдайым жолаушылардың қауіпсіздігі тұрады. ➡️Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушы анықталған ескертулерді жою және барлық қажетті рәсімдерді аяқтау мақсатында вагон өндірушісімен жұмысты жалғастырып жатыр. Жаңа вагондардың жолаушылар паркін мүмкіндігінше тезірек толықтырғанына мүдделіміз. Алайда бұл барлық талаптар толық орындалып, белгіленген сынақтар сәтті аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады. ➡️Қажетті техникалық жетілдірулер аяқталып, вагондардың белгіленген стандарттарға сәйкестігі толық расталған соң, жолаушыларға қауіпсіздігі жоғары, жайлы әрі сенімді заманауи вагондар қолжетімді болады.