UKIMET » публикация №24355
Қазақстан болашақта жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаратын өндірістерді іске қосу үшін геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салуда 📌 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов геологиялық барлау жаңа кен орындарын ашу, минералдық-шикізат базаны кеңейту және болашақ инвестициялық жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін айқындайтынын атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын дамытуға және елдің ресурстық әлеуетін кеңейтуге ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта еліміздің аумағын егжей-тегжейлі геологиялық картографиялау жұмыстары басталды. Жер қойнауының геологиялық зерттелу аумағы 2 млн шаршы шақырымнан асады. Президенттің тапсырмасы бойынша 2026–2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына тек мемлекет тарапынан $470 млн-ға жуық инвестиция салынады. Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас. Біздің міндетіміз – аумақтың зерттелу деңгейін арттырумен ғана шектелмей, озық технологияларға, цифрлық шешімдерге және халықаралық серіктестікке негізделген заманауи геология саласын қалыптастыру. Дәл осы жаңа кен орындарының ашылуы алдағы уақытта пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу және жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың негізіне айналуы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Казахстан инвестирует в геологоразведку для запуска будущих производств высоких переделов 📌 Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов отметил, что геологоразведка определяет возможности для открытия новых месторождений, расширения минерально-сырьевой базы и запуска будущих инвестиционных проектов. «Президент уделяет особое внимание развитию геологической отрасли и расширению ресурсного потенциала страны. В этой связи в Казахстане реализуется масштабная программа геологического изучения недр. Уже начато детальное геологическое картирование территории страны. Площадь геологической изученности недр должна превысить 2 млн квадратных километров. По поручению Президента в 2026–2028 годах в геологоразведку только государство инвестирует около $470 млн, что сопоставимо с расходами предыдущих двух десятилетий. Наша задача заключается не только в повышении уровня изученности территории, но и в формировании современной геологической отрасли, основанной на передовых технологиях, цифровых решениях и международном партнерстве. Именно новые открытия должны стать основой для реализации будущих проектов в сфере добычи, переработки и производства продукции высоких переделов», –– подчеркнул руководитель Правительства. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























