UKIMET » публикация №24353
Стратегиялық маңызды минералдар жаңа индустриялық дәуірдің негізгі ресурстарының біріне айналуда — Олжас Бектенов 📌 Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде тау-кен металлургия кешенінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда ТМК елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының біріне айналуда. Әлем жаңа индустриалды дәуірге қадам басты, онда энергетика, цифрлық экономика, жасанды интеллект, электр көліктері, микроэлектроника және аэроғарыш салаларының даму қарқыны металдар мен минералдық шикізатқа сенімді қолжетімділікке тікелей байланысты. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, алдағы онжылдықтарда энергетикалық өтпелі кезең мен жаһандық экономиканың технологиялық трансформациясы әсерінен көптеген металдарға әлемдік сұраныс тұрақты түрде өседі. «Озық технологияларды меңгеру, өңдеу және жаһандық өндірістік тізбектерге қатысу ерекше маңызға ие. Стратегиялық маңызы бар минералдар нарығы да ерекше әрі жоғары сұранысқа орынға ие болып отыр. Бүгіннің өзінде олар аккумуляторлар, жартылай өткізгіштер, энергия сақтау жүйелері, цифрлық инфрақұрылым және басқа да көптеген бірегей технологиялар өндірісінің негізіне айналды. Іс жүзінде дәл осы стратегиялық маңызды минералдар жаңа индустриялық дәуірдің негізгі ресурстарының біріне айналуда. Қазақстан елеулі минералдық-шикізаттық әлеуетке ие және осы үдерістерде лайықты орын ала алады. Еліміз пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді, ал отандық тау-кен металлургия кешенінің өнімдері әлемнің ірі нарықтарында жоғары сұранысқа ие. Біз бұл саланы дамытуды еліміздің жаңа өнеркәсіптік саясатының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























