⚡️Жолаушылар қауіпсіздігі – Ұлттық тасымалдаушы үшін өзгермейтін басты басымдық. Жаңа вагондарды сатып алу және пайдалануға беру жөніндегі барлық шешімдер ең алдымен қауіпсіздік, сенімділік және сапа талаптарына сүйене отырып қабылданады. ➡️«Штадлер» компаниясы өз мәлімдемесінде 2025 жылдың желтоқсанында жүргізілген сынақтар барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталғанын хабарлады. Ұлттық тасымалдаушы бұл ақпаратты растайды. ➡️Сынақтар мен техникалық бақылау бағдарламасы аясында вагондардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тұстары анықталды. Кейінгі тексерулер оларды қосымша пысықтау қажеттігін және вагондардың қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкестігін қайта растау керек екенін көрсетті. ➡️Аталған ескертулердің анықталуы қолданыстағы сапа және қауіпсіздік бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеп тұрғанын дәлелдейді. Бұл жүйе жаңа вагондар жолаушылар тасымалына жіберілер алдында жан-жақты сынақтан өткізілуін көздейді. Осындай тәсіл ықтимал кемшіліктерді ерте кезеңде анықтап, оларды пайдалануға берілгенге дейін жоюға мүмкіндік береді. ➡️Ұлттық тасымалдаушының ұстанымы өзгермейді: қауіпсіздік, сенімділік және сапа талаптарына толық сәйкес келетіні расталмайынша, бірде-бір жолаушылар вагоны қабылданып, пайдалануға берілмейді. Жеткізу мерзімі, коммерциялық міндеттемелер немесе өзге де факторлар бұл қағидатқа әсер етпейді. Басты орында әрдайым жолаушылардың қауіпсіздігі тұрады. ➡️Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушы анықталған ескертулерді жою және барлық қажетті рәсімдерді аяқтау мақсатында вагон өндірушісімен жұмысты жалғастырып жатыр. Жаңа вагондардың жолаушылар паркін мүмкіндігінше тезірек толықтырғанына мүдделіміз. Алайда бұл барлық талаптар толық орындалып, белгіленген сынақтар сәтті аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады. ➡️Қажетті техникалық жетілдірулер аяқталып, вагондардың белгіленген стандарттарға сәйкестігі толық расталған соң, жолаушыларға қауіпсіздігі жоғары, жайлы әрі сенімді заманауи вагондар қолжетімді болады.
🇰🇿 Астанада авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровке құрмет көрсетілді Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтің 80 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтой иесіне ел басшылығы, Қорғаныс министрлігі, шетелдік меймандар, қарулас жолдастары, етжақын бауырлары атынан ыстық ықылас пен ізгі тілектер жолданды. Жиынға қатысушылар тұңғыш қазақ ғарышкерінің өмір жолы мен қызметіне арналған тақырыптық көрмені тамашалап, оның ғибратты тағдыры мен кәсіби қырынан сыр шертетін деректі фильмді тамашалады. Салтанатты іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымының мерекелік концертімен түйінделді. 🇰🇿 В Астане чествовали генерал-майора авиации Токтара Аубакирова В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных сил состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию Героя Советского Союза, Халық қаһарманы генерал-майора авиации Токтара Аубакирова. Искренние пожелания прозвучали в адрес юбиляра от имени руководства страны, Министерства обороны, зарубежных гостей, соратников, родных и близких. Гости ознакомились с тематической выставкой, посвященной жизненному пути, летной и космической деятельности первого казахстанского космонавта, посмотрели документальный фильм о его судьбе и профессиональном пути. Завершилось торжество праздничным концертом с участием творческого коллектива Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🔹 Сыртқы істер министрінің орынбасары Словения Елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады 🔸 Заместитель министра иностранных дел принял Посла Словении в связи с завершением дипломатической миссии 🔹 Deputy Foreign Minister Receives Slovenian Ambassador upon the Completion of Diplomatic Mission @PressMFAKZ
🇰🇿 Тоқтар Әубәкіров бағындырған көк аспанның бүгінгі иелері – қазіргі жас буын ұшқыш офицерлер. Талдықорған гарнизонындағы 21751 әскери бөлімінің ұшқыш-штурманы лейтенант Асар Қосмұрат үшін батырдың өнегесі – болаттай тәртіп пен аспанға деген шексіз сүйіспеншіліктің темірқазығы. Жас офицер аға буын салған даңқты жолды адал жалғастырып келеді. 🇰🇿 Сегодня эстафету покорения неба, начатую легендой отечественной авиации Токтаром Аубакировым, продолжает новое поколение офицеров. Для летчика-штурмана войсковой части 21751 Талдыкорганского гарнизона лейтенанта Асара Космурата казахстанский герой Токтар Аубакиров является примером профессионального мастерства, преданности делу и безграничной любви к Родине. Молодой офицер достойно продолжает славный путь старшего поколения летчиков. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🇰🇿 Халық қаһарманының ұлы болу – үлкен мәртебе әрі биік жауапкершілік. Тимур Әубәкіров үшін Тоқтар Әубәкіров – тек ғарышты бағындырған батыр емес, шаңырақтың мызғымас бәйтерегі, темірдей талап пен терең мейірімді қатар ұстаған әке. 🇰🇿 Быть сыном Халық қаһарманы – большая честь и высокая ответственность. Для Тимура Аубакирова Токтар Аубакиров – не только герой, покоривший космос, но и крепкая опора семьи, мудрый отец, в котором сочетаются высокая требовательность, твердый характер и глубокая душевная доброта. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🇰🇿 Ғарышкер Айдын Айымбетов Тоқтар Әубәкіровтің ерлігі, жоғары кәсібилігі және отандық ғарыш саласын дамытуға қосқан еңбегі өзіне әрдайым өнеге болғанын мақтанышпен атап өтті. Сондай-ақ ол Тоқтар Оңғарбайұлының өмір жолы мен жетістіктері өзінің ғарышкер болуына үлкен ықпал еткенін айтты. 🇰🇿 Космонавт Айдын Аимбетов с гордостью подчеркнул, что мужество, высочайший профессионализм и выдающийся вклад Токтара Аубакирова в развитие отечественной космонавтики всегда служили для него примером и источником вдохновения. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🇰🇿 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіровпен бірге «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқан австриялық ғарышкер Франц Фибек сапар туралы жылы естелік айтып, Тоқтар Әубәкіровтің жоғары кәсіби шеберлігін, батылдығы мен адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтті. Ол қазақ ғарышкерімен бірге жұмыс істеу өзі үшін үлкен мәртебе болғанын және сол тарихи сапардың өміріндегі ең жарқын сәттердің бірі болып қалғанын жеткізді. 🇰🇿 Теплыми воспоминаниями о совместном полете на космическом корабле «Союз ТМ-13», совершенном 2 октября 1991 года, поделился австрийский космонавт Франц Фибек. Зарубежный гость особо отметил высокий профессионализм, мужество и человеческие качества первого казахстанского космонавта Токтара Аубакирова. Он подчеркнул, что тот исторический полет навсегда остался одним из самых ярких и памятных событий в его жизни. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🇰🇿 Кеше ғана ғарыштан оралған ресейлік ұшқыш-ғарышкер Олег Артемьев Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына келу қазақ батыры үшін үлкен сыйлық болғанын жеткізді. Ол Тоқтар Әубәкіровтің ғарыш саласындағы еңбегі мен адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалап, оның кейінгі буын ғарышкерлеріне үлгі болып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мерейтойға арнайы қатысып, мерейтой иесіне ізгі тілегін жеткізуді өзі үшін зор мәртебе санайтынын айтты. 🇰🇿 Российский летчик-космонавт Олег Артемьев, недавно завершивший космическую экспедицию высоко оценил вклад казахстанского космонавта в развитие мировой космонавтики, подчеркнув его выдающийся профессионализм, человеческие качества и значимость его личности для последующих поколений покорителей космоса. По словам Олега Артемьева, возможность лично поздравить юбиляра и выразить ему слова глубокого уважения стала для него особой честью. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
✅ Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз! Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу. Алаяқтар әдетте:…
🎥 Новый фильм ТРК Президента Казахстана «Соседство как стратегия» – документальный взгляд на XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Омске, где обе страны подтвердили курс на дальнейшее укрепление стратегического партнерства. 🤝 Документальный фильм рассказывает о ключевых итогах встречи президентов Казахстана и России, новых направлениях взаимодействия и новом этапе казахстанско-российского диалога. 📺 Смотрите 27 июля в 20:30 на телеканале Jibek Joly. @ptrkkz
✅ Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз! Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу. Алаяқтар әдетте: – жылу есептегішін тіркеу керек; – өтініш қалдырғансыз; – құжаттарыңызды жаңарту қажет; – берешегіңіз бар немесе жеңілдік рәсімдейміз деген сияқты сылтаулар айтады. Кейін олар телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Бұл кодты ешкімге айтуға болмайды. SMS-код арқылы алаяқтар: – банк қосымшасына кіруге; – мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге; – сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін. Өзіңізді қорғау үшін: ✅ телефон соққан адамның кім екенін тексеріңіз; ✅ SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз; ✅ күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз; ✅ бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қосымшаны жүктемеңіз және сілтемелерге өтпеңіз. Полиция коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодты сұрамайтынын еске салады. Егер осындай қоңырау түссе: 📌 әңгімені бірден тоқтатыңыз; 📌 кодты айтпаңыз; 📌 жақындарыңызға ескертіңіз; 📌 алаяқтық әрекет болған жағдайда полицияға хабарласыңыз. ❗️ Сақ болыңыз! Бір ғана SMS-кодты айтып, барлық қаражатыңыздан айырылып қалмаңыз. ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ
Олжас Бектенов Network School негізін қалаушымен Қазақстанда халықаралық технологиялық хаб құру перспективаларын талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Network School халықаралық технологиялық қоғамдастығының негізін қалаушы…
Олжас Бектенов Network School негізін қалаушымен Қазақстанда халықаралық технологиялық хаб құру перспективаларын талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Network School халықаралық технологиялық қоғамдастығының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездесті. Жиын барысында Ақмола облысында халықаралық инновациялық хаб құрып, оны кейіннен Alatau City-ге кеңейту аясында жасанды интеллект, білікті мамандар даярлау, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартаптарды қолдау бағыттарындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды. Сондай-ақ кездесу барысында Баладжи Шринивасанның жүлде қоры қарастырылған AI Film Festival фестиваліне қатысу, сондай-ақ халықаралық AI & Digital Bridge форумы аясында әлемнің жетекші технологиялық компанияларының қатысуымен Network State Conference ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлер, әзірлеушілер, инженерлер мен зерттеушілерді технологиялық жобалар бойынша бірлесіп білім алу және жұмыс істеу мақсатында біріктіретін халықаралық қауымдастық – Network School-дың негізгі тәсілдері таныстырылды. Қауымдастық қызметі білім беру бағдарламаларын, коворкинг кеңістіктерін, конференциялар, хакатондар мен акселерациялық іс-шаралар ұйымдастыруды қамтиды. Баладжи Шринивасан Қазақстандағы ЖИ саласының әлеуетіне жоғары баға беріп, жаһандық капитал мен таланттардың пулдарымен ынтымақтастық орнатудың мол мүмкіндігі бар екенін баса айтты. Сонымен қатар Network School жобалары мемлекеттік қаржыландыруды тартпастан, жеке қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқанына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында әкімдікпен және жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп Бурабай аулында Network city технологиялық қалашығын құру тұжырымдамасы ұсынылды. Жоба аясында табиғи ландшафт пен қолданыстағы қала құрылысы шешімдерін ескере отырып, модульдік инфрақұрылым салу көзделіп отыр. Аталған алаң жұмыс істеу, білім алу және кәсіби байланыс орнату мүмкіндіктерін біріктіре отырып, IT мамандары, кәсіпкерлер мен зерттеушілер үшін қолайлы жағдай жасайтын тартымды орталыққа айналуы мүмкін. Олжас Бектенов елімізге халықаралық деңгейдегі сарапшылық әлеуетті тартудың және әлемдік технологиялық қоғамдастықпен кәсіби байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адами капиталды, білім беруді, ғылымды, инновацияларды дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалған. Еліміздің дамуындағы және азаматтардың дербес деректерін қорғаудағы ЖИ рөліне ерекше назар аударылады. Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Қазіргі таңда елімізде Digital Qazaqstan цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамытудың жалпыұлттық стратегиясы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамытуға қажетті заманауи инфрақұрылым қалыптастырылуда. Ірі бастамалардың қатарында – Astana Hub, Екібастұзда жүзеге асырылып жатқан «ДӨО алқабы» жобасы бар. Сонымен қатар Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында TUMO және Tomorrow School білім беру бағдарламалары жұмыс істеуде. Жиынға қатысушылар ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру маман даярлаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіруге және ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі жетекші халықаралық алаңдардың бірі ретінде Қазақстанның ұстанымын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық мемлекеттік органдарға жобаны жүзеге асыруға жәрдем көрсетуді тапсырды. 📱 @KZgovernment
🚔 Маңғыстау облысында марихуананы заңсыз сақтады деген күдікпен үш адам ұсталды "Қарасора" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Mercedes-Benz E200 жүргізушісін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында марихуана салынған екі полимерлі орама және 2 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді. Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысының үш тұрғыны ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде олардың барлығының марихуананы қолданғаны расталды. Сот шешімімен ұсталған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Ал аталған көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚔 Трое подозреваемых в незаконном хранении марихуаны задержаны в Мангистауской области В рамках республиканского оперативно-профилактического мероприятия "Карасора" сотрудники полиции остановили водителя автомобиля Mercedes-Benz E200 по подозрению в перевозке наркотических средств. В ходе проверки транспортного средства были изъяты два полимерных свертка с марихуаной, а также денежные средства в размере более 2 млн тенге. По данному факту задержаны трое жителей Мангистауской области. По результатам медицинского освидетельствования у всех троих подтвердился факт употребления марихуаны. По решению суда задержанные привлечены к ответственности и водворены в специальный приемник сроком на 20 суток. Автомобиль Mercedes-Benz E200 помещен на специализированную штрафную стоянку. По данному факту проводится досудебное расследование. В интересах следствия иная информация разглашению не подлежит. ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
✔️ Өз кезегінде, Пәкістан Елшісі Қазақстанда болған кезеңінде көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, Исламабадтың Астанамен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында Ермек Көшербаев Пәкістан Елшісіне екі мемлекет арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесін мойындау белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құрмет грамотасын табыстады. ✔️ В свою очередь, Посол Пакистана выразил признательность за поддержку, оказанную в период его пребывания в Казахстане, и заверил в готовности Исламабада наращивать конструктивный диалог с Астаной. В завершении встречи Ермек Кошербаев вручил пакистанскому послу Почетную грамоту Министерства иностранных дел РК в знак признания его личного вклада в укрепление всесторонних связей между двумя государствами. ✔️ For his part, the Ambassador of Pakistan expressed his gratitude for the support extended to him during his tenure in Kazakhstan and reaffirmed Islamabad’s commitment to further strengthening constructive dialogue with Astana. At the conclusion of the meeting, Minister Kosherbayev presented the Pakistani Ambassador with the Honorary Certificate of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan in recognition of his personal contribution to strengthening the comprehensive ties between the two countries. @PressMFAKZ
🇰🇿🇵🇰 ҚР Сыртқы істер министрі дипломатиялық миссиясын аяқтайтын Пәкістан Елшісін қабылдады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесу өткізді. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, Астананың екіжақты диалогты одан әрі кеңейтуге ниетті екенін атап өтті. Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. ақпанда Пәкістанға жасаған сапарының қорытындыларының айрықша маңыздылығына назар аударды. Аталған сапар барысында Астана мен Исламабад арасындағы қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. 🇰🇿🇵🇰 Министр иностранных дел РК принял завершающего свою миссию Посла Пакистана Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев провел встречу с Послом Исламской Республики Пакистан Науманом Баширом Бхатти по случаю завершения его дипломатической миссии в нашей стране. Глава внешнеполитического ведомства РК высоко оценил уровень взаимодействия двух стран, отметив стремление Астаны продолжать расширять двусторонний диалог. Министр Кошербаев обратил внимание на особую значимость итогов визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаевав Пакистан в феврале т.г., в рамках которого отношения между Астаной и Исламабадом были выведены на уровень стратегического партнерства. 🇰🇿🇵🇰 Kazakhstan’s Foreign Minister Receives Pakistani Ambassador Concluding His Diplomatic Mission Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev met with the Ambassador of the Islamic Republic of Pakistan, Nauman Bashir Bhatti, on the occasion of the completion of his diplomatic mission in our country. The Kazakh Foreign Minister highly commended the current level of cooperation between the two countries, emphasizing Astana’s commitment to further expanding bilateral dialogue. Minister Kosherbayev highlighted the particular significance of the outcomes of the visit by the President of the Republic of Kazakhstan, Kassym-Jomart Tokayev, to Pakistan in February this year, during which relations between Astana and Islamabad were elevated to the level of strategic partnership. @PressMFAKZ
Глава государства принял председателя Агентства по финансовому мониторингу Жаната Элиманова ✔️Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об основных итогах работы Агентства за первое полугодие 2026 года и задачах на предстоящий период. Жанат Элиманов: ➤ доложил, что завершено расследование 496 уголовных дел, потерпевшим возмещен ущерб на сумму 22,6 млрд тенге, нейтрализованы 7 преступных групп, в том числе 4 транснациональные, а также 44 сети по незаконному обналичиванию денежных средств с оборотом свыше 176 млрд тенге. ✔️Ликвидированы 12 теневых криптообменников, использовавшихся для отмывания доходов от наркобизнеса и мошенничества, а также выявлено 36 дропперских ячеек, через счета которых проведены операции на 113 млрд тенге. ➤ проинформировал о том, что впервые в СНГ изобличена деятельность лиц, использовавших спецоборудование для имитации работы операторов сотовой связи и массовой рассылки фишинговых СМС с целью незаконного завладения персональными данными. ➤ рассказал о мерах по мониторингу бюджетных расходов. ✔️Предотвращены необоснованные траты по 52 инфраструктурным проектам на 279 млрд тенге. ✔️Выявлены риски хищений госсредств на 10 млрд тенге при коммерциализации научных разработок, а также раскрыта схема фиктивного прикрепления 140 тыс. граждан для незаконного получения частными клиниками финансирования из ФСМС. ✔️Кроме того, в рамках превентивной работы заблокирован доступ к 9 тыс. сайтам и аккаунтам с признаками нелегального игорного бизнеса, прекращена деятельность 2,3 тыс. мошеннических ресурсов и 25 групповых чатов с общей аудиторией более 35 тыс. человек. ✔️Мероприятиями по повышению финансовой грамотности охвачено свыше 245 тыс. граждан. ✔️Благодаря совершенствованию законодательства в сфере финансового мониторинга повышен рейтинг Казахстана по четырем ключевым рекомендациям ФАТФ. 📌Глава государства дал ряд конкретных поручений по ключевым направлениям деятельности Агентства. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берілді. Жанат Элиманов: ➤ 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 22,6 миллиард теңгенің зардабы өтелгенін жеткізді. ➤ Сондай-ақ 7 қылмыстық топтың (оның ішінде төртеуі – трансұлттық топ) және 176 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырған 44 желінің қызметіне тосқауыл қойылғанын атап өтті. ✔️Есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түскен кірісті жылыстату үшін пайдаланылған 12 астыртын криптоайырбастау пункті жойылған. ✔️Бұдан бөлек, өз есепшоттары арқылы 113 миллиард теңгені өткізген 36 дропперлік топ анықталды. ➤ ТМД елдері аумағында алғаш рет дербес деректерді заңсыз иемдену мақсатында ұялы байланыс операторларының жұмысын имитация жасайтын және фишинг SMS-хабарламаларды жаппай тарататын арнайы құрылғыны пайдаланған адамдар ұсталғанын баяндады. ➤ бюджет шығыстарына мониторинг жүргізу шаралары туралы айтты. ✔️Мәселен, 52 инфрақұрылымдық жоба бойынша 279 миллиард теңге қаржының негізсіз жұмсалуына жол берілген жоқ. ✔️Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру кезінде 10 миллиард теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқыру ықтималдығы анықталды. ✔️Сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу үшін жеке клиникалардың 140 мың азаматтың жалған тіркеу мәліметтерін көрсеткені белгілі болды. ✔️Бұдан бөлек, алдын алу жұмыстары аясында заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 9 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. Алаяқтық пиғылымен ашылған 2,3 мың ресурстың және 35 мыңнан аса мүшесі бар 25 чаттың қызметі тоқтатылды. ✔️Қаржылық сауатты арттыру бағытындағы іс-шараларға 245 мыңнан астам азамат қатысты. ✔️Салалық заңнаманы жетілдірудің нәтижесінде Қазақстанның рейтингтегі орны ФАТФ-тың төрт негізгі ұсынымы бойынша жоғарылады. 📌Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi
🟢АҢДАТПА 📍Сейсенбі, 28 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы. Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ⚫️ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев; ⚫️ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков; ⚫️ҚР энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының м.а. Ернар Хасенов; ⚫️«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов. БАҚ өкілдерін аккредиттеу 27 шілде, сағат 18:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. ➖ 🟢АНОНС 📍Во вторник, 28 июля, в 10:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства. Повестка заседания — ход реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». По итогам заседания состоится пресс-конференция. Спикеры: ⚫️вице-министр национальной экономики РК Асан Дарбаев; ⚫️вице-министр промышленности и строительства РК Олжас Сапарбеков; ⚫️И.о председателя Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства энергетики РК Ернар Хасенов; ⚫️первый заместитель председателя правления АО "НИХ "Байтерек" Нурболат Айдапкелов. Аккредитация представителей СМИ продлится до 18:30 часов 27 июля (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET. 📱 @KZgovernment
🚗 Қандай көлік құралдары жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына жатады? Көлік құралын әкелу кезінде оның жеке пайдалануға арналған көлік құралдары санатына жататынын білу маңызды. Өйткені бұл кедендік ресімдеу тәртібі мен қолданыстағы нормалардың қолданылуына әсер етеді. Толығырақ ақпаратты карусельден көре аласыз. —— 🚗 Какие транспортные средства относятся к транспортным средствам для личного пользования? При ввозе транспортного средства важно понимать, подпадает ли оно под категорию транспортных средств для личного пользования. От этого зависят особенности таможенного оформления и применения соответствующих норм. 📌Подробнее в карусели.
✔️ Өз кезегінде, омандық дипломат Қазақстанда жинаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты және көпжақты ынтымақтастық одан әрі дами беретініне сенімділігін жеткізді. Елші М.Әл-Бахрани Астана мен Масқат арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін, сондай-ақ оның өңірлік жанжалдардың реттеудегі бітімгершілік бастамаларын ерекше атап өтті. ✔️ В свою очередь, оманский дипломат особо отметил приобретенный опыт в Казахстане, и выразил уверенность в дальнейшем развитии двустороннего и многостороннего сотрудничества между странами, основанного на дружбе и взаимопонимании. Посол М. Аль-Бахрани отдельно подчеркнул роль Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в развитии отношений между Астаной и Маскатом, а также его миротворческие инициативы по урегулированию региональных конфликтов. ✔️ The Omani diplomat highlighted the valuable experience gained in Kazakhstan and expressed confidence in further development of bilateral and multilateral cooperation based on friendship and mutual understanding. Ambassador Al-Bahrani particularly highlighted the role of the President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev in fostering relations between Astana and Muscat, as well as his peacekeeping initiatives in resolving regional conflicts. @PressMFAKZ
🇰🇿🇴🇲 Қазақстан CІМ басшысы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Оман Елшісін қабылдады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммед Әл-Бахраниді қабылдады. Министр Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін М. Әл-Бахраниге ризашылық білдірді. 🇰🇿🇴🇲 Глава МИД Казахстана принял Посла Омана по случаю завершения его дипломатической миссии Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев принял Посла Султаната Оман Мухаммеда Аль-Бахрани по случаю завершения его дипломатической миссии в нашей стране. Министр высоко оценил уровень сотрудничества между Казахстаном и Оманом, а также выразил признательность М. Аль-Бахрани за его усилия по укреплению взаимовыгодного партнерства. 🇰🇿🇴🇲 Kazakh Foreign Minister Received the Omani Ambassador upon Completion of His Diplomatic Mission Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev received the Ambassador of the Sultanate of Oman Mohammed Al-Bahrani on occasion of the completion of his diplomatic mission. The Minister highly commended the level of cooperation between Kazakhstan and Oman, expressing gratitude to Ambassador Al-Bahrani for his contribution to strengthening the mutually beneficial partnership. @PressMFAKZ
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтеді 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Төтенше жағдайлар департаменті теміржол объектілері мен жылжымалы құрамға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына 43 мың тексеру жүргізді. 21 мыңнан астам қызметкер қатысқан 9 мыңнан астам өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. 4,9 мыңнан астам қызметкер өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ол үшін 473 оқу сабағы ұйымдастырылды. ҚТЖ ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп 131 өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Жаттығу кезінде өрттерді жою және төтенше жағдайларға ден қою бойынша іс-шаралар пысықталды. Өрт қауіпті маусымда ҚТЖ Қазақстан аумағында орман және дала өрттерінің туындау қаупін азайту жөніндегі жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асырады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу саласында басқару органдарының, күштер мен құралдардың ықтимал оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығы қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру пойыздары мен азаматтық қорғау құралымдарының жазғы тасымалдау және өрт қауіпті маусымдағы жұмысқа дайындығына ерекше назар аударылады. ҚТЖ сондай-ақ Қазақстан Республикасының ТЖМ және аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара іс-қимыл жасайды. Өрт жағдайын бақылау үшін тәуекелдерді уақтылы анықтауға және қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік беретін спутниктік мониторинг жүйелері пайдаланылады. ➖➖➖ КТЖ усиливает меры пожарной безопасности и готовность к чрезвычайным ситуациям По итогам первого полугодия 2026 года Департаментом по чрезвычайным ситуациям АО «НК «Қазақстан темір жолы» проведено 43 тыс. проверок железнодорожных объектов и подвижного состава на соблюдение требований пожарной безопасности. Проведено более 9 тыс. противопожарных инструктажей, в которых приняли участие свыше 21 тыс. работников. Еще более 4,9 тыс. сотрудников прошли обучение по программе пожарно-технического минимума. Для этого организовано 473 учебных занятия. КТЖ совместно с подразделениями МЧС провело 131 пожарно-тактическое учение. Во время тренировок отрабатывались действия по ликвидации пожаров и реагированию на чрезвычайные ситуации. В пожароопасный сезон КТЖ реализует комплекс профилактических мероприятий в соответствии с Планом по снижению рисков возникновения лесных и степных пожаров на территории Казахстана. В сфере гражданской обороны и предупреждения чрезвычайных ситуаций обеспечена готовность органов управления, сил и средств к оперативному реагированию на возможные происшествия. Особое внимание уделяется готовности пожарных поездов и формирований гражданской защиты к работе в период летних перевозок и пожароопасного сезона. КТЖ также взаимодействует с МЧС Республики Казахстан и территориальными департаментами по чрезвычайным ситуациям. Для контроля пожарной обстановки используются спутниковые системы мониторинга, которые позволяют своевременно выявлять риски и оперативно принимать необходимые меры.
От имени Главы государства Премьер-министр поздравил Токтара Аубакирова с 80-летием 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов от имени Главы государства поздравил с 80-летием первого казахского космонавта, Халық қаһарманы, генерал-майора авиации Токтара Аубакирова. «Вы пользуетесь глубоким уважением нашего народа как прославленный космонавт, выдающийся общественный деятель и истинный патриот. Ваш жизненный путь отмечен многими яркими достижениями. Ваша многолетняя служба в качестве летчика-испытателя военных самолетов – истинный пример мужества и бесстрашия. Вы стали первым казахом, покорившим космос. Неоценим Ваш вклад в повышение авторитета нашей страны на мировой арене, укрепление международного сотрудничества, а также развитие национальной аэрокосмической и оборонной промышленности. На посту депутата Мажилиса Парламента Вы направили свои глубокие знания и жизненный опыт на совершенствование отечественного законодательства. Пусть Ваш неустанный труд и впредь приносит заслуженное признание и всенародное уважение. Желаю Вам крепкого здоровья, долгих лет жизни, а Вашей семье – мира и благополучия», — говорится в поздравительном письме Президента Касым-Жомарта Токаева. Премьер-министр отметил, что 1 июля вступила в силу новая Конституция Республики Казахстан, которая закрепляет концепцию построения Справедливого государства и определяет ориентиры дальнейшего развития страны. «Вы неизменно поддерживаете курс Президента и вносите весомый вклад в формирование нового качества нации, определенного новой Конституцией. Ваше особое место как преданного сына народа и истинного героя страны особенно важно в воспитании у молодежи таких качеств, как патриотизм, справедливость, уважение к закону и порядку, мужество и трудолюбие», — подчеркнул Олжас Бектенов. В торжественном мероприятии приняли участие представители аэрокосмической отрасли, Вооруженных Сил и Совета генералов, а также отечественные и зарубежные летчики-космонавты, летчики-испытатели, инженеры и конструкторы. Обращаясь к участникам мероприятия руководитель Правительства отметил значимый вклад космической отрасли в технологическое развитие Казахстана. В стране действуют национальные спутниковые системы связи и дистанционного зондирования Земли, совершенствуется обработка данных для нужд сельского хозяйства, экологии и других сфер, расширяются возможности обработки данных и доступа к интернету в отдаленных населенных пунктах. Отдельно отмечено значение успешного тестового запуска ракеты-носителя «Сункар» с космодрома Байконур, открывшего новый этап в развитии отечественной космической отрасли. 📱 @KZgovernment
Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент Мәжілісінің депутаты болған кезіңде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін», — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында. — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында. Премьер-министр 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін атап өтті. Аталған құжат Әділетті мемлекет құру тұжырымдамасын бекітіп, еліміздің одан әрі даму бағдарын айқындайды. «Бүгінде Президентіміздің «Әділетті Қазақстан» бастамасына әрдайым қолдау білдіріп, жаңа Конституцияда айқындалған ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісіне де аянбай атсалысып жүрсіз. Өйткені, отаншылдық, әділдік, заң мен тәртіп, ерлік пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді жастардың бойына сіңіруде Алаш жұртының адал перзенті, халқымыздың хас батыры ретінде Сіздің алатын орныңыз ерекше», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының, Қарулы күштер мен Генералдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты. Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Премьер-министр ғарыш саласының Қазақстанның технологиялық дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті. Елімізде ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы, экология және өзге де салалардың қажеттілігі үшін деректерді өңдеу жүйесі жетілдірілуде, сонымен қатар деректерді өңдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді. Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше атап өтілді. 📱 @KZgovernment
Глава государства принял акима области Улытау Есета Байкена 🟦Президенту было доложено о ходе социально-экономического развития области Улытау и планах на предстоящий период. 🟦Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о работе по развитию инфраструктуры региона, привлечению инвестиций, укреплению промышленного потенциала, модернизации инженерных сетей и обеспечению жителей качественными социальными услугами. 🟦Также были представлены предложения по реализации приоритетных проектов. 🟦В завершение Глава государства дал ряд поручений, направленных на обеспечение устойчивого развития области, повышение ее инвестиционной привлекательности и улучшение качества жизни граждан. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады 🟦Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. 🟦Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды. 📌Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi
🔹 Сенегал Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайды 🔸 Сенегал поддерживает инициативу Казахстана по созданию Международной организации по воде 🔹 Senegal Supports Kazakhstan's Initiative to Establish the International Water Organization @PressMFAKZ
🔹 Қазақстан мен Албания екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша одан арғы қадамдарды айқындады 🔸 Казахстан и Албания наметили дальнейшие шаги по развитию двустороннего сотрудничества 🔹 Kazakhstan and Albania Outlined Further Steps to Develop Bilateral Cooperation @PressMFAKZ