PRO КАДРЫ KZ » публикация №53829
▪️Вице-министр туризма и спорта РК Серик Жарасбаев прокомментировал ситуацию вокруг денежных выплат шахматистке Бибисаре Асаубаевой ▪️ Бибісара Асаубаева 2026 жылдың бірінші жартысында мемлекеттен 210 млн тг қолдау алды Бұл туралы ҚР турищм және спорт вице - министрі Серік Жарасбаев айтты. Оның айтуынша, мемлекет федерациямен бірлесіп спортшыларды қаржыландыруға айтарлықтай қаражат бөліп келеді. Өткен жылы Бибісара Асаубаева жаттығу мен дайындыққа 160 миллион теңге алған. Ал 2026 жылдың тек жарты жылында ғана федерация мен қор тарапынан оған 210 миллион теңге бөлінді. Бұл - тек оған ғана бөлінген қаражат. Қазіргі уақытта оның «өз қаражатыма дайындаламын» деген сөзі шындыққа сәйкес келмейді. Оның барлық дайындық шығындары мемлекеттік және федерациялық қаражат есебінен жабылып отыр. Сонымен қатар, 2026 жылы Туризм және спорт қоры тарапынан 100 миллион теңге бөлінген. Федерациядан жылдың басынан бері 80 миллион теңге тағы берілген. Бұдан бөлек, чемпионаттарға қатысқаны үшін өткен жылы 25 миллион теңге көлемінде сыйақы алған. Сондай-ақ ол Спортты дамыту республикалық дирекциясынан ай сайын жалақы алып келеді. Екі жыл бұрын оның жалақысы бұдан да жоғары болған, алайда қазір екі есе қысқарған. Мұның себебі - шахматтың қазіргі уақытта басым спорт түрлерінің қатарына кірмеуі. Өткен жылғы заңға сәйкес 46 басым спорт түрі бекітіліп, олардың қатарына шахмат енгізілмеген. Соған қарамастан, оған барлық тиісті қаржылық қолдау көрсетіліп отыр. Сонымен бірге ол Маңғыстау облысы әкімдігінен де ай сайын жалақы алады. Подпишись на prokzsport





























