Aqorda » публикация №33446
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады ✔️Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдады. Асқарбек Ертаев: ➤ мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалып жатқанын айтты. ✔️2025 жылы зейнетақы, базалық жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге 5,9 триллион теңге жұмсалды. Биылғы бес айда бұл көрсеткіш 2,7 триллион теңгені құрады. ➤ мүгедектігі бар жандарды қолдау және жұмысқа орналастыру шаралары жөнінде баяндады. ✔️Биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған. Жыл соңына дейін мүгедектікті белгілеуге арналған цифрлық талдау тетігін енгізу жоспарланып отыр. ❗️Мемлекет басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, еліміздің аймақтарында 7 жаңа оңалту орталығын ашу міндетін қойды. Бұл қызметтердің қолжетімділігін жақсартып, ерекше қажеттілігі бар жандарға жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. ➤ халықты еңбекпен қамту бағытында қолға алынған шаралар туралы мәлімет берді. ✔️Ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды. ✔️Биыл лайықты жалақы төлеп, әлеуметтік аударымдарды үзбейтін әрі еңбек қауіпсіздігін сақтайтын тұрақты және орнықты жұмыс орындарының санын 3,1 миллионға дейін жеткізу міндеті қойылды. ✔️Жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында Маңғыстау және Павлодар облыстарында «Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі» пилоттық режимін іске қосу жоспарланды. ➤ еңбек қатынастарын реттеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты. ✔️Электрондық форматта 6,7 миллион еңбек шарты жасалған. Мекемелердің 118 мыңнан аса жұмыскері міндетті сақтандыру шартымен қамтылды. ✔️Еңбек инспекторларының көмегімен 22 мыңнан аса жұмыскердің құқығы қорғалды. Өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. ✔️Кәсіптік тәуекелдерді айқындау, оқыту үдерісін автоматтандыру және төмендетілген жалақыны анықтау үшін цифрлық шешімдер енгізу қарастырылған. Мемлекет басшысы: 📌саланы одан әрі цифрландыру, еңбек адамының құқығын қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және әлеуметтік масылдықпен күрес жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді. ❗️Президенттің айтуынша, қабылданған шаралардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы қажет. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























