MFA Qazaqstan » публикация №24810
🇺🇸Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Дональд Трамптың сәлемін жеткізді – Сіздің Ақ үйде досыңыз бар деп сеніммен айта аламын. Президент Трамп қызметіңізді айрықша бағалайды. Біз елдеріміздің мүддесі үшін өзара тиімді шешімдер іздеуге ұмтыламыз. Мұны АҚШ пен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың қарқыны дәлелдейді. Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды. Бұл әлі бастауы ғана екеніне сенімдімін. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға өте қуаныштымыз, – деді Арнайы өкіл. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ аса маңызды минералдар, көлік-логистика, цифрландыру мен басқа да басым салалардағы ықпалдастық перспективасын талқылады. 🟦Қазақстан тең құрылтайшыларының бірі болған Бейбітшілік кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылды. 🟦Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, еліміз халықаралық тұрақтылық пен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету ісіне үлес қосуға дайын. 🟦Сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті. 🟦Кездесу соңында Президент пен Арнайы өкіл сан қырлы қазақ-америка ынтымақтастығын тереңдетуге өзара мүдделі екенін қуаттады. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























