ТРК Президента » публикация №12305
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады – Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. 🇺🇸Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Дональд Трамптың сәлемін жеткізді. – Сіздің Ақ үйде досыңыз бар деп сеніммен айта аламын. Президент Трамп қызметіңізді айрықша бағалайды. Біз елдеріміздің мүддесі үшін өзара тиімді шешімдер іздеуге ұмтыламыз. Мұны АҚШ пен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың қарқыны дәлелдейді. Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды. Бұл әлі бастауы ғана екеніне сенімдімін. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға өте қуаныштымыз, – деді Арнайы өкіл. @ptrkkz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























