ҚТЖ PRESS » публикация №13231
✅Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚТЖ қызметкерлері балаларын марапаттау рәсімі болып өтті ▶️«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бастамасымен республикалық және халықаралық деңгейде оқуда, спортта және шығармашылықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген көп балалы отбасылардан шыққан компания қызметкерлерінің 100 баласы естелік сыйлықтармен марапатталды. Жас таланттардың ата-аналарына мақсатты, белсенді және табысты балаларды тәрбиелегені үшін алғыс хаттар табысталды. ▶️Елордада 8 жас талант құрметке ие болды. Салтанатты іс-шара ҚТЖ инновациялық орталығында Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкеновтың қатысуымен өтті. ▶️Сондай-ақ, бұл күні екі номинация – бейнеконкурс және шығарма жазу бойынша өткізілген «Теміржол балалар көзімен» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 120 астам бала қатысты. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар лайықты марапаттар мен естелік сыйлықтар алады. ▶️Салтанатты рәсімнен кейін балаларға ҚТЖ мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, олар онда ел теміржол саласының тарихымен және дамуымен танысты. ▶️Теміржолшылардың дарынды балаларын қолдау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау компания әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып қала береді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























