Азат Перуашев » публикация №16235
Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевтың Премьер-Министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін дивиденд төлеуден босату қажеттілігі неден туындағаны жөнінде қойған сұрағы Квазимемлекеттік сектор субъектілерін дивидендтер төлеуден босату жөнінде бір-екі сұрағым бар. 2025 жылы ұлттық компаниялар бюджетке дивидендтерді жоспардан 65,9 млрд теңгеге және 2024 жылғы деңгейден 5 есе төменаударған. Үкіметтің шешімдерімен квазимемлекеттік сектордың 10 субъектісі мемлекет пайдасына дивидендтер төлеуден толық босатылды, ал «Самұрық-Қазына» 140 млрд теңгеге босатылды. «Бәйтерек» холдингі 2024 жылдың қорытындысы бойынша аударған дивидендтердің көлемі, оның алдыңғы жылымен салыстырғанда 2 еседен астам, яғни 126,2 млрд теңгеден 61,2 млрд теңге дейін төмендеді. Осыған байланысты квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін дивидендтер төлеуден босату қажеттілігінеден туындады? Егер осы қаражат бірден кейбір жобаларға қайта бөлінсе, онда оларды неге ашық бюджеттік процесс арқылы жүргізу мүмкін болмады?





























