UKIMET » публикация №24339
Серік Жұманғарин республикалық бюджет кірістерін қалыптастыру тетіктерін түсіндірді 📌 Экономиканың өсуі бюджетке түсетін салықтар соған пропорционал өсіп жатыр дегенді білдірмейді. Оған сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді, мәселен ҚҚС-ты қайтару, мұнай кірістерін бөлу сияқты бірқатар себептер бар. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде депутаттың қазынаға 3 трлн теңгеден астам қаражат кем түскені туралы сұрағына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин хабарлады. Оның айтуынша, кірістердің қорытынды нәтижесіне энергия ресурстарының әлемдік бағасы мен ұлттық валюта бағамының долларға қатысты ауытқуы айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, вице-премьер отандық мұнай секторынан түсетін кірістердің толық көлемде тікелей Ұлттық қорға жіберілетініне арнайы назар аударды, сол себепті олар республикалық бюджетке стандартты салық түсімдерін есептеу кезінде есепке алынбайды. «2025 жылы бюджетке ҚҚС түсімі 6,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Бірақ осыған қарамастан, біз бюджет жоспарын 656 миллиард теңгеге орындаған жоқпыз. Өйткені жоспарда ҚҚС қайтаруға 877 миллиард теңге қарастырылған, ал біз 1 трлн 354 млрд теңге қайтардық. Сол себепті де осындай проблема бар», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























