POLISIA.KZ » публикация №17317
🔴 Шымкенттіктер есірткіге қарсы бірікті: 1500 тұрғын қаладағы граффитилерді жойды Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясында “Шымкент – есірткісіз қала” атты кең ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды. Шымкент қаласы полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен өткен іс-шараға 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, еріктілер, студенттер, спортсмендер бар. Акцияның басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Ауқымды шара барысында қаланың барлық ауданында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, есірткі құралдарын жарнамалайтын 300-ге жуық граффити анықталып, жойылды. Заңсыз интернет-ресурстар мен есірткі сатуға бағытталған жазулар қабырғалардан, қоршаулардан және қоғамдық орындардан өшірілді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔴 Шымкентцы объединились против наркотиков: 1500 человек вышли на борьбу с наркограффити В Шымкенте в рамках месячника, приуроченного к Международному дню борьбы с наркоманией и незаконным оборотом наркотиков, состоялась масштабная профилактическая акция "Шымкент – город без наркотиков". Инициатором мероприятия выступил департамент полиции города Шымкент при поддержке городского акимата. В акции приняли участие около 1500 человек — сотрудники полиции, представители акимата, волонтеры, студенты, спортсмены и неравнодушные жители города. Главная цель акции — профилактика наркопреступности, предупреждение распространения наркотиков и формирование среди молодежи здорового образа жизни. В ходе мероприятия во всех районах города были проведены мониторинговые рейды. Участники выявили и уничтожили около 300 наркограффити — надписей и изображений, содержащих рекламу запрещенных веществ и ссылки на интернет-ресурсы, связанные с их распространением. Незаконный контент был удален со стен зданий, заборов и других общественных мест. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























