Aqorda » публикация №34187
📸 t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
📸 t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
🇰🇿🇷🇺 XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы 📍Ресей, Омбы қаласы **** 🇰🇿🇷🇺XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России 📍Омск, Россия
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға сапары **** 🇰🇿🇷🇺Визит Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Омск 🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Символдық мәні бар сыйлық: Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге қос халықтың ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны тарту етті t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Символичный подарок: Касым-Жомарт Токаев преподнес Владимиру Путину картину, на которой изображены Шокан Уалиханов и Федор Достоевский t.me/aqorda_resmi
🎥 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға сапары @ptrkkz
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға сапары **** 🇰🇿🇷🇺Визит Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Омск 🎦 t.me/aqorda_resmi
Миллионный контейнер отправлен по маршруту Россия – Казахстан – Китай В Омске состоялась торжественная отправка миллионного контейнера по маршруту Россия – Казахстан – Китай. Мероприятие прошло в рамках XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России с участием глав государств двух стран. Отправку миллионного контейнера организовали АО «НК «Қазақстан темір жолы» и ОАО «РЖД». Это стало очередным результатом стратегического транспортного партнерства Казахстана и России. За последние семь лет маршрут Россия – Казахстан – Китай стал одним из ключевых контейнерных коридоров Евразии. Благодаря развитию инфраструктуры и координации работы железнодорожных администраций двух стран объем перевозок по маршруту с 2019 года вырос в 27 раз — с 11 тыс. до 301 тыс. контейнеров в двадцатифутовом эквиваленте (ДФЭ) по итогам 2025 года. В соответствии с договоренностями глав государств Казахстан и Россия последовательно развивают транспортную инфраструктуру и транспортно-логистический потенциал, укрепляя свои позиции на международных транспортных маршрутах Евразии.
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді Омбыда Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша миллионыншы контейнер салтанатты түрде жөнелтілді. Іс-шара екі ел мемлекет басшыларының қатысуымен XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтті. Миллионыншы контейнерді жөнелтуді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «РЖД» ААҚ ұйымдастырды. Бұл Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық көлік серіктестігінің кезекті нәтижесі болды. Соңғы жеті жылда Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары Еуразияның негізгі контейнерлік дәліздерінің біріне айналды. Инфрақұрылымды дамытудың және екі ел теміржол әкімшіліктерінің жұмысын үйлестірудің арқасында маршрут бойынша тасымалдау көлемі 2019 жылдан бастап 27 есеге – 2025 жылдың қорытындысы бойынша 11 мыңнан 301 мың жиырма футтық баламада (ЖФБ) контейнерге дейін өсті. Мемлекет басшыларының уағдаластықтарына сәйкес Қазақстан мен Ресей Еуразияның халықаралық көлік маршруттарындағы өз позицияларын нығайта отырып, көлік инфрақұрылымы мен көліктік-логистикалық әлеуетті дәйекті түрде дамытуда.
🇰🇿🇷🇺 XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы 📍Ресей, Омбы қаласы **** 🇰🇿🇷🇺XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России 📍Омск, Россия
🤝 Тарих пен достықтың символы: Қасым-Жомарт Тоқаеа Владимир Путинге ерекше сыйлық тарту етті Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты. Символдық мәні бар туынды екі халықтың рухани байланысы мен тарихи достығын айшықтайды. @ptrkkz
🇰🇿🇷🇺Символичный подарок: Касым-Жомарт Токаев преподнес Владимиру Путину картину, на которой изображены Шокан Уалиханов и Федор Достоевский t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Символдық мәні бар сыйлық: Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге қос халықтың ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны тарту етті t.me/aqorda_resmi
🧷Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының келешегі. Сондықтан мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, қазіргі болып жатқан жағдай Ресей және Украина мемлекеттерінің дұшпандарына ғана тиімді» @ptrkkz
@ptrkkz
✔️ Қазақстан мен Ресей Президенттеріне сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды XXII Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге сауда мен көлік-логистика саласын цифрландыруға бағытталған бірқатар инновациялық жобалар таныстырылды. ⌨️ Олардың қатарында тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі, Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы және көлік ағынын жасанды интеллект көмегімен талдайтын AI Jol жобасы бар. @ptrkkz
🇰🇿🇷🇺Президентам Казахстана и России представили цифровые проекты в сфере торговли и логистики 🟦В рамках XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин были ознакомлены с проектами, направленными на обеспечение прозрачности товарооборота, цифровизацию перевозочного процесса и повышение безопасности автомобильных перевозок. 🟦В частности, президентам представили систему цифровой маркировки товаров, обеспечивающую прозрачность товарооборота и подтверждение происхождения продукции; платформу Smart Cargo, предусматривающую создание единой цифровой платформы для участников перевозочного процесса; единый цифровой контур AI Jol, осуществляющий при помощи ИИ непрерывный анализ транспортных потоков. 🟦О совместной работе по повышению эффективности внешней торговли и развитию транспортно-логистической инфраструктуры отчитались заместитель Премьер-министра – министр искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан Жаслан Мадиев и заместитель Председателя Правительства Российской Федерации Алексей Оверчук. 🟦Глав государств также проинформировали о совместных мерах по развитию транспортной взаимосвязанности в железнодорожной, автомобильной и авиационной отраслях, а также о перспективах синхронизированной модернизации автомобильных пунктов пропуска на границе. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Қазақстан мен Ресей президенттеріне сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды 🟦ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, тасымалдау үдерісін цифрландыруға және автокөлік тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобалар таныстырылды. 🟦Атап айтқанда, президенттерге тауар айналымы мен өнімнің шығарылған жерін растауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі, тасымалдау үдерісіне қатысушыларға арналған Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы, жасанды интеллект көмегімен көлік ағынына үздіксіз талдау жүргізетін AI Jol бірыңғай цифрлық жобасы туралы мәліметтер берілді. 🟦Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук сыртқы сауданың тиімділігін арттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 🟦Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына теміржол, автокөлік және авиа байланыстарын дамыту үшін қолға алынған бірлескен шаралар мен шекарадағы көлік өткізу пункттерін қос тараптан бірдей жаңғырту перспективасы туралы мәлімет берілді. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысты Форум барысында Президентіміз көтерген негізгі бастамалар мен маңызды тұжырымдарды назарларыңызға ұсынамыз 🔹Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы барлық бағытта нығайып келе жатыр деп толық сеніммен айтуға болады. Ресей – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 28 миллиард долларға жуықтады 🔹Биылғы бірінші тоқсанда Ресейден келген инвестиция ағыны 45 пайызға ұлғайды. Яғни, бес айдағы көлемі 773 миллион долларды құрады 🔹Елдеріміз 177 ірі жобадан тұратын тізім жасақтады. Инвестицияның жалпы көлемі 52 миллиард доллардан асады. Оның 122-і іске асырылып, 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды 🔹Қазақстан аумағы арқылы транзит тасымалы жандана түсті. Тек соңғы бес жылда Қытай – Ресей – Қытай бағыты бойынша Қазақстан территориясынан өткен контейнерлік тасымалдың көлемі сегіз есе артты. Ресей – Қазақстан – Қытай бағытындағы миллионыншы контейнер елеулі меже болды 🔹Қолданыстағы цифрлық платформалар базасында «Қазақстан – Ресей» цифрлық көлік дәлізін пилоттық режимде іске қосуды ұсынамын 🔹Алуан түрлі табиғи ландшафт, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз да көпшілікті қызықтырады. Ең бастысы, Ресей туристері үшін Қазақстанда тіл және менталдық тұрғыдан ешқандай кедергі жоқ. Мәдениетіміз бен тарихымыз ортақ 🔹Ортақ тарихымызды ардақтай отырып, болашаққа бірге көз тігеміз. Қазақстан ұлы Ресей елімен жасампаз стратегиялық серіктестікті дамытуға әрдайым ниетті 🔹Бүгінгі форумның нәтижесі Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастар жылнамасындағы кезекті жарқын кезеңге жол ашып, мемлекеттеріміздің гүлденуіне және бауырлас халықтардың игілігін арттыруға ықпал етері сөзсіз @ptrkkz
Пленарлық отырыста Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйледі. **** На пленарном заседании также выступили заместитель Председателя Правительства России Алексей Оверчук, заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, губернатор Омской области Виталий Хоценко, аким Павлодарской области Асаин Байханов, губернатор Алтайского края Виктор Томенко, аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. t.me/aqorda_resmi
🇷🇺Президент России высоко оценил деятельное участие регионов в продвижении всего комплекса российско-казахстанского партнерства ✔️По его словам, благодаря скоординированным усилиям региональных властей и бизнеса активизируется торговля и растут встречные инвестиционные потоки. – Скажу главное: у России и Казахстана имеются поистине обширные перспективы для дальнейшего наращивания взаимовыгодного сотрудничества как в области транспорта и логистики, так и во всех других сферах экономики и социальной жизни. Уверен, работая и далее слаженно и сообща, российские и казахстанские регионы продолжат вносить весомый вклад в углубление и развитие всеобъемлющего стратегического партнерства и союзничества России и Казахстана на благо двух наших стран и народов, – подчеркнул Владимир Путин. t.me/aqorda_resmi
🇷🇺Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады ✔️Оның айтуынша, аймақ басшылары мен бизнестің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде сауда-саттық жанданып, өзара инвестиция ағыны ұлғайып келеді. – Ең басты нәрсені айтайын: Ресей мен Қазақстанның көлік және логистика саласында, сондай-ақ экономика мен қоғамдық өмірдің басқа да бағыттарында өзара тиімді ықпалдастықты арттыруына мүмкіндіктері мол. Осындай үйлесімді әрі ұжымдық жұмысты жалғастырса, Ресей мен Қазақстанның өңірлері екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге елеулі үлес қосады, – деді Владимир Путин. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев считает, что укрепление транспортно-логистической связанности наших стран имеет огромное значение для приграничных регионов – Предлагается разработать совместную Программу развития воздушной доступности приграничных регионов под условным названием «500+». Данная инициатива предусматривает поэтапное открытие прямых авиарейсов между Астаной и приграничными с Казахстаном городами России с населением свыше 500 тысяч человек. Реализация программы также создаст благоприятные условия для роста взаимного туристского потока. Кроме того, перспективным считаю создание совместных трансграничных туристских маршрутов. Для этого важно активизировать взаимодействие между представителями туристической индустрии наших стран. Кстати, хочу сказать, что Россия занимает сейчас первое место по количеству туристов, которые прибывают в Казахстан с целью отдыха и осмотра достопримечательностей. На втором месте – Китай, на третьем – Индия, на четвертом – Турция. У нас имеются все условия для динамичного развития туризма: выгодное географическое расположение, разнообразие природных ландшафтов, богатое и уникальное историко-культурное наследие. Самое главное, для российских туристов в Казахстане отсутствует языковой и ментальный барьер, нас объединяют общая культура и общая история. Развитие приграничного туризма – это не только экономика. Это инвестиции в укрепление взаимного доверия и формирование единого пространства добрососедства, которое служит мерилом крепости наших двусторонних связей и мощным локомотивом совместного развития, – подчеркнул Президент. ✔️Глава государства заявил, что сила казахстанско-российских отношений заключается в том, что доверительный диалог на высшем уровне подкрепляется активными контактами регионов, деловых кругов, научного и культурного сообщества, а главное – дружбой миллионов людей. – Наше многогранное сотрудничество отличается редким сочетанием преемственности и динамики. Сохраняя уважение к общему прошлому, мы последовательно открываем новые горизонты совместного будущего. Казахстан нацелен на развитие созидательного стратегического партнерства с великим государством – Россией. В Омск я привез весьма представительную делегацию, в состав которой вошли руководители центральных государственных органов, главы всех приграничных регионов, представители деловых кругов. Это отражает наш серьезный настрой на предметную работу и достижение конкретных договоренностей по ключевым направлениям двустороннего взаимодействия и сотрудничества. Итоги нынешнего Форума, несомненно, откроют очередную яркую страницу в летописи казахстанско-российского стратегического партнерства и союзнических отношений, послужат процветанию наших государств и благополучию братских народов, – подытожил свое выступление Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің көлік-логистикалық байланысын нығайтудың шекара маңындағы аймақтар үшін маңызы зор деп санайды – Шекара маңындағы өңірлерде «500+» шартты атауымен әуе қатынасын дамытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу ұсынылады. Бастамаға сәйкес, Астана мен Ресейдің Қазақстанмен шекаралас әрі халық саны 500 мыңнан асатын қалалары арасында тікелей әуе рейстерін кезең-кезеңімен ашу көзделген. Бұл бағдарламаның іске асуы өз кезегінде екі елге де туристердің көптеп келуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан бөлек, бірлескен трансшекаралық туристік бағыттар ашу да тиімді деп есептеймін. Ол үшін елдеріміздің туризм индустриясы өкілдерінің арасындағы ықпалдастықты жандандырған жөн. Айтпақшы, Қазақстанға демалуға және көрікті жерлерді тамашалауға келетін туристердің саны жағынан Ресей қазір бірінші орында тұр. Екінші орында – Қытай, үшінші – Үндістан, төртінші – Түркия. Туризмді қарқынды дамытуға мүмкіндігіміз жеткілікті. Атап айтқанда, еліміз географиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан. Алуан түрлі табиғи ландшафт, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз да көпшілікті қызықтырады. Ең бастысы, Ресей туристері үшін Қазақстанда тіл және менталдық тұрғыдан ешқандай кедергі жоқ. Мәдениетіміз бен тарихымыз ортақ. Шекара маңындағы туризмді дамыту экономика қарқынын арттырып қана қоймайды. Бұл – арадағы сенімді нығайтып, тату көршілік қатынастардың біртұтас кеңістігін қалыптастыруға салынған инвестиция. Екіжақты байланысымыздың қаншалықты мықты екені осыдан көрінеді. Әрі бұл бірге өсіп-өркендеуімізге тың серпін береді, – деді Президент. ✔️Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың беріктігі өңірлердің, іскер топтардың, ғылыми және мәдени қоғамдастықтардың белсенді байланысы арқылы нығая түсетін жоғары деңгейдегі сенімді диалогтан, ең бастысы, миллиондаған адамның достығынан байқалатынын айтты. – Біздің сан қырлы ынтымақтастығымызда сабақтастық пен серпінді даму өзара үйлесім тапқан. Ортақ тарихымызды ардақтай отырып, болашаққа бірге көз тігеміз. Қазақстан ұлы Ресей елімен жасампаз стратегиялық серіктестікті дамытуға әрдайым ниетті. Омбы қаласына менімен бірге үлкен делегация келді. Оның құрамында орталық мемлекеттік органдардың басшылары, шекаралас облыстардың әкімдері, іскер топ өкілдері бар. Бұл біздің жүйелі жұмыс істеп, екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттары бойынша нақты келісімдерге қол жеткізуге мүдделі екенімізді білдіреді. Бүгінгі форумның нәтижесі Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастар жылнамасындағы кезекті жарқын кезеңге жол ашып, мемлекеттеріміздің гүлденуіне және бауырлас халықтардың игілігін арттыруға ықпал етері сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Глава государства полагает, что в текущих международных реалиях тема форума имеет исключительно важное значение ✔️По его мнению, Казахстану и России, имеющим общую самую протяженную непрерывную сухопутную границу в мире, самим Всевышним предназначена ведущая роль в развитии транспортно-логистической архитектуры Евразийского континента. – Это ключевой фактор глобальной конкурентоспособности наших стран в современных очень сложных геополитических условиях. Общими усилиями мы решаем все задачи в этой сфере, последовательно развиваем инфраструктуру, укрепляем транзитный потенциал. В прошлом году объем грузоперевозок железнодорожным транспортом между нашими странами вырос на 3,5%, составив 92 миллиона тонн. Активно развиваются и транзитные перевозки через территорию Казахстана. Только за последние 5 лет объем контейнерных перевозок через Казахстан по направлению Китай – Россия – Китай вырос в 8 раз. Знаковой вехой стала перевозка юбилейного миллионного контейнера по маршруту Россия – Казахстан – Китай. Очевидно, что это не предел наших возможностей. Серьезный рост также показывают перевозки автомобильным транспортом, объем которых в 2025 году был на уровне практически 8,5 миллиона тонн. По итогам первого квартала текущего года он увеличился более чем в 2 раза в сравнении с аналогичным периодом прошлого года, достигнув 4,3 млн тонн. Уверен, столь впечатляющая динамика сохранится в результате системной совместной работы в этой сфере, – сказал Касым-Жомарт Токаев. ✔️Президент подчеркнул, что большое внимание уделяется развитию коридора Север – Юг, по которому в прошлом году отмечался рост перевозок. ✔️Другим важным маршрутом он обозначил коридор Западная Европа – Западный Китай. По его словам, реконструкция дороги Актобе – Улгайсын позволит в два раза увеличить его пропускную способность. – На базе действующих цифровых платформ предлагается в пилотном формате запустить на одном из наиболее загруженных направлений цифровой транспортный коридор «Казахстан – Россия». Уверен, эффективная цифровая интеграция транспортно-логистических систем двух стран и широкое применение новых технологий позволят нам нарастить объем взаимной торговли, увеличить транзитные потоки, комплексно укрепить экономические связи. Знаковым событием стал первый пробег беспилотных грузовых автотранспортных средств между нашими странами, состоявшийся в мае в рамках государственного визита Владимира Владимировича Путина в Казахстан. Этот успешный эксперимент убедительно показал, что казахстанско-российское партнерство в сфере транспорта уверенно выходит на новый технологический уровень, – отметил Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысының пайымдауынша, форум тақырыбы қазіргі халықаралық жағдай тұрғысынан ерекше өзекті ✔️Оның пікірінше, әлемдегі ең ұзын әрі тұтас құрлық шекарасымен түйіскен Қазақстан мен Ресейге Еуразиядағы көлік-логистика жүйесінің дамуында жетекші рөл атқаруды тағдырдың өзі бұйыртып отыр. – Бұл – қазіргі өте күрделі геосаяси жағдайда елдеріміздің жаһандық бәсекедегі артықшылығын айқындайтын басты фактор. Біз күш-жігер жұмылдырудың арқасында бұл саладағы барлық міндетті табысты еңсеріп, инфрақұрылымды жүйелі дамытып келеміз әрі транзиттік әлеуетімізді нығайта түстік. Өткен жылы елдеріміз арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау 3,5 пайызға артып, 92 миллион тоннаны құрады. Сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы транзит тасымалы жандана түсті. Тек соңғы бес жылда Қытай – Ресей – Қытай бағыты бойынша Қазақстан территориясынан өткен контейнерлік тасымалдың көлемі сегіз есе артты. Ресей – Қазақстан – Қытай бағытындағы миллионыншы контейнер елеулі меже болды. Әлбетте, мұнымен шектеліп қалмаймыз. Автомобиль көлігімен тасымалдау да еселене түсті. Былтыр оның көлемі 8,5 миллион тоннадай болған. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 4,3 миллион тоннаға жетіп, екі еседен аса ұлғайды. Бұл саладағы бірлескен жүйелі жұмысты жалғастырcақ, осы қарқынды сақтап қалуға әбден болады. Мен бұған сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Президент Солтүстік – Оңтүстік дәлізін дамытуға айрықша мән беріліп отырғанына назар аударды. Былтыр бұл тараптағы жүк тасымалы едәуір өскен. ✔️Тағы бір маңызды бағыт – Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ақтөбе – Ұлғайсын жолындағы реконструкция дәліздің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыруға мүмкіндік береді. – Қолданыстағы цифрлық платформалар базасында «Қазақстан – Ресей» цифрлық көлік дәлізін пилоттық режимде іске қосуды ұсынамын. Себебі бұл – көлік нөпірі көп бағыттардың бірі. Екі елдің көлік-логистика жүйесін цифрлық тұрғыда тиімді интеграциялау және жаңа технологияларды кеңінен қолдану бізге өзара сауда-саттық көлемін ұлғайтып, көлік ағынын арттыруға және жан-жақты экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Биыл мамыр айында Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында жүргізушісіз жүк көліктері алғаш рет екі ел екі ортасында қатынады. Мұны айтулы уақиға деуге болады. Осынау сәтті тәжірибе Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы серіктестігі жаңа технологиялық деңгейге шыққанын көрсетті, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев: «Сейчас в разных отраслях казахстанской экономики успешно работают более 20 тысяч предприятий с российским участием» ✔️По словам Президента, Россия, являющаяся одним из основных инвестиционных партнеров Казахстана, за последние 20 лет вложила в экономику нашей страны более 30 миллиардов долларов. – Динамика в этой сфере положительная: в первом квартале текущего года приток российских инвестиций увеличился на 45%, то есть объем за пять месяцев составил 773 миллиона долларов. В результате многолетнего взаимовыгодного сотрудничества сейчас в разных отраслях казахстанской экономики успешно работают более 20 тысяч предприятий с российским участием. Одновременно укрепляются позиции казахстанского бизнеса в России. Общий объем наших вложений в российскую экономику превысил 9 миллиардов долларов. Особое место в экономической повестке занимает взаимодействие в промышленной сфере. Нашими странами сформирован широкий портфель из 177 крупных проектов с инвестициями, превышающими 52 миллиарда долларов. Причем 122 из них уже реализованы с созданием более 30 тысяч рабочих мест, – подчеркнул Глава нашего государства. ✔️Касым-Жомарт Токаев назвал проект строительства в Казахстане первой атомной электростанции при участии международного консорциума во главе с Росатомом показателем поистине стратегического характера двустороннего сотрудничества. ✔️Он также назвал приоритетным направлением взаимодействия космическую сферу. – Первый запуск ракеты-носителя «Союз-5» в апреле текущего года вновь показал, что, объединяя научные, инженерные, производственные возможности, Казахстан и Россия способны воплощать в жизнь масштабные проекты в различных сферах. Известная казахская пословица гласит: «Бірлік бар жерде тірлік бар». Эту поговорку можно перевести с помощью русской пословицы: «Где лад, там и клад». Убежден, благодаря незыблемым узам дружбы и добрососедства, взаимному доверию и поддержке, учету законных интересов друг друга мы достигнем новых высот на пути прогресса и повышения благосостояния наших братских народов, – отметил Президент. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қазақстан экономикасының түрлі саласында ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істеуде» ✔️Мемлекет басшысы Ресей Қазақстанның басты инвестициялық серіктестерінің бірі ретінде соңғы 20 жылда еліміздің экономикасына 30 миллиард доллардан астам қаржы салғанына тоқталды. – Бұл салада оң қарқын байқалады: биылғы бірінші тоқсанда Ресейден келген инвестиция ағыны 45 пайызға ұлғайды. Яғни, бес айдағы көлемі 773 миллион долларды құрады. Көпжылдық өзара тиімді ынтымақтастық нәтижесінде қазір Қазақстан экономикасының түрлі саласында ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Сонымен қатар Ресейдегі қазақстандық бизнестің позициясы нығайып келеді. Ресей экономикасына құйылған қаржымыз 9 миллиард доллардан асты. Экономикалық күн тәртібінде өнеркәсіп саласындағы серіктестіктің алар орны ерекше. Елдеріміз 177 ірі жобадан тұратын тізім жасақтады. Инвестицияның жалпы көлемі 52 миллиард доллардан асады. Оның 122-і іске асырылып, 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жобасы болашаққа бағдарланған екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық сипатқа ие болғанын көрсетеді. ✔️Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғарыш саласындағы ынтымақтастық та өзара іс-қимылдың басым бағыты екенін атап өтті. – Биыл сәуір айында «Союз-5» зымыран тасығышы алғаш рет ұшырылды. Бұл елеулі уақиға ғылыми, инженерлік, өндірістік мүмкіндіктерін тоғыстырса, Қазақстан мен Ресей түрлі саладағы өршіл бастамаларды жүзеге асыра алатынын анық көрсетті. Қазақта «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақал бар. «Где лад, там и клад» деген орыстың нақыл сөзінің мағынасы осыған жақын. Мызғымас достық пен тату көршілік байланыстарға, өзара сенім мен қолдауға, бір-біріміздің мүддемізді ескеруге негізделген қарым-қатынас бауырлас халықтардың әл-ауқатын арттыруда жаңа белестерді бағындыруға жол ашатынына сенімдімін, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Глава государства принял участие в XXII Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России ✔️Президенты Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в пленарной сессии XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России. ✔️Мероприятие посвящено теме «Формирование глобальной логистической экосистемы: новые горизонты российско-казахстанского сотрудничества». ✔️В начале выступления Глава нашего государства выразил признательность Президенту России и руководству Омской области за бережную память о всех ветеранах Великой Отечественной войны, включая и его отца Кемеля Токаева, который проходил здесь лечение после тяжелейшего ранения на территории Польши в составе Второго Белорусского фронта. ✔️Далее в выступлении было отмечено, что именно практическое взаимодействие регионов обогащает двустороннюю повестку конкретным содержанием, придает сильный импульс поступательному развитию казахстанско-российского сотрудничества. – Отношения между нашими государствами достигли беспрецедентно высокого уровня. Это результат больших усилий и глав государств, и правительств, и местных региональных властей, и, конечно, парламентов двух стран. Мой государственный визит в Россию в ноябре прошлого года и государственный визит Президента Владимира Путина в Казахстан в мае текущего года стали в этом плане историческими. Подписанные по итогам этих визитов Декларация о переходе межгосударственных отношений на новый уровень стратегического партнерства и союзничества, а также Совместное заявление о семи основах дружбы и добрососедства заложили новый мощный фундамент созидательного сотрудничества и совместного прогресса наших стран на десятилетия вперед. С уверенностью можно сказать, что отношения Казахстана и России успешно развиваются по всем ключевым направлениям. Россия – крупный торговый партнер Казахстана. Двусторонний товарооборот в прошлом году приблизился к 28 миллиардам долларов. Благодаря общим усилиям этот показатель неуклонно растет: за первые пять месяцев текущего года объем взаимной торговли увеличился почти на 10% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года, – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Омбы қаласында өтіп жатқан XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысты. ✔️Биылғы басқосу «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиегі» тақырыбына арналып отыр. ✔️Мемлекет басшысы, ең алдымен, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, соның ішінде әкесі Кемел Тоқаев туралы естеліктерді көздің қарашығындай сақтағаны үшін Ресей Президенті мен Омбы облысының басшылығына ризашылығын білдірді. Майдангер Кемел Тоқаев Екінші Беларусь майданының құрамында жүріп, Польша жерінде алған ауыр жарақатынан кейін осы қалада емделген еді. ✔️Мемлекет басшысы өңірлердің іс жүзіндегі ықпалдастығы екіжақты күн тәртібінің мазмұнын байытып, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының қарқынды дамуына тың серпін беріп отырғанын атап өтті. – Бүгінгі таңда мемлекеттеріміздің қарым-қатынасы мүлдем жаңа деңгейге көтерілді. Ол – мемлекеттер басшыларының, үкімет жетекшілері мен жергілікті билік басшыларының, сондай-ақ екі ел парламенттерінің ортақ күш-жігерінің нәтижесі. Менің былтыр қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым мен Президент Владимир Путиннің биыл мамыр айындағы елімізге мемлекеттік сапары бұл тұрғыда тарихи мәнге ие. Қос сапардың қорытындысы бойынша қол қойылған Мемлекетаралық қарым-қатынасты жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларация, сондай-ақ Достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме елдеріміздің алдағы ондаған жылдардағы жасампаз ынтымақтастығы мен өсіп-өркендеуіне берік негіз қалады. Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы барлық бағытта нығайып келе жатыр деп толық сеніммен айтуға болады. Ресей – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 28 миллиард долларға жуықтады. Ортақ күш-жігердің арқасында бұл көрсеткіш ұдайы өсіп келеді: биылғы бес айда өзара сауда-саттық көлемі былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға жуық артты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады – Біз – аса ірі сауда серіктестеріміз. Былтыр сауда көлемі шамамен 28 миллиард долларды құрады. Биылғы беталысымыз…