ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20296
📆10 маусымда сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді Депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды. Биыл Үкіметтің есебі жаңа Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес алғаш рет әзірленді. Екінші оқылымда «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске енгізілетін заңнамалық түзетулер және депутаттар бастамашы болған экология мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралады. Сондай-ақ қарауға Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы елшіліктердің, сондай-ақ екі мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері резиденцияларының мұқтаждықтары үшін Астана және Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау жобасы шығарылады. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» бағыты бойынша Даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз») ратификациялау туралы заң жобасы жұмысқа қабылданады. 📢📢Тікелей эфирді Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ресми сайтынан, YouTube арнасынан және Facebook-тегі парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly республикалық телеарналарының эфирінен көре аласыздар. Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды да қарай жүріңіздер. __ 📆10 июня в 10:00 состоится пленарное заседание Мажилиса. Депутаты рассмотрят отчеты Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. В этом году отчет Правительства впервые сформирован с учетом требований нового Бюджетного кодекса. Во втором чтении будут рассмотрены законодательные поправки в Кодекс «О таможенном регулировании в Республике Казахстан» и инициированный депутатами законопроект по экологическим вопросам. Также на рассмотрение выносится проект ратификации Соглашения между правительствами Казахстана и Кыргызстана о взаимном предоставлении в безвозмездное пользование зданий и земельных участков в городах Астане и Бишкеке для нужд посольств, а также резиденций Чрезвычайных и Полномочных Послов двух государств. Кроме того, в работу поступит законопроект о ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Казахстаном и Международным Банком Реконструкции и Развития. 📢📢Смотрите прямую трансляцию на официальном сайте mazhilis.parlam.kz, YouTube-канале и странице Мажилиса в Facebook, а также в эфире республиканских телеканалов 24KZ и Jibek Joly. Следите за обновлениями в наших социальных сетях. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























