Aqorda » публикация №32903
Президент екіжақты әрі көпжақты деңгейдегі ықпалдастықты одан әрі ілгерілету үшін берік саяси негіз қалыптасқанына тоқталды – Қазақстанның және Қытайдың халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас немесе бірдей. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясындағы нәтижелі ықпалдастығымызды ерекше атап өткім келеді. Қазақстан Қытай ұсынып отырған даму, өркениеттер диалогы және жаһандық басқару салаларындағы маңызды бастамаларды жоғары бағалайды әрі қолдайды. Еліміз «Бір Қытай» қағидатын берік ұстанады. Сонымен қатар Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» жаңа форматындағы көпжақты ынтымақтастықты толықтай қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Мемлекет басшысы орайлы мүмкіндікті пайдаланып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге сәлемі мен ізгі тілегін жолдады. Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы ұстанған стратегиялық бағыт-бағдардың тиімділігін атап өтті. – Жаңа 15-ші бесжылдық жоспар да Қытайды халықаралық сахнада маңызды рөл атқаратын әлемдік держава және жоғары дамыған мемлекет ретінде одан әрі нығайта түсеріне сенеміз, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi





























