Life News Новостной агрегатор

POLISIA.KZ » публикация №17585

Источник: POLISIA.KZ

🔶Қазақстанда адам саудасына қарсы 2027–2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленуде ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2027–2029 жылдарға арналған адам саудасының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысуда. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Үшінші басқармасының бастығы Самат Құсетов хабарлады. «Сонымен қатар, Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен адам саудасының құрбандарын анықтау және оларды көмек көрсету жүйесіне қайта бағыттау бойынша стандартты операциялық рәсімдер әзірленді. Бұл мемлекеттік органдардың әрекет ету алгоритмі. Ал ЕҚЫҰ кеңсесінің қолдауымен адам саудасының белгілері мен осы мәселе туралы ақпараттық материалдар дайындалды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында. 🔶В Казахстане разрабатывается План по противодействию торговле людьми на 2027-2029 годы МВД совместно с заинтересованными госорганами принимает участие в разработке Плана мероприятий по профилактике, предотвращению и борьбе с преступлениями, связанными с торговлей людьми, на 2027–2029 годы. Об этом сообщил начальник Третьего управления Департамента по борьбе с организованной преступностью МВД РК Самат Кусетов. «Кроме того, при поддержке Международной организации по миграции подготовлены стандартные операционные процедуры по выявлению и перенаправлению жертв для оказания им помощи, т.е. это алгоритм действий госорганов. При содействии Офиса ОБСЕ – информационный материал о признаках и проблеме торговли людьми», – сказал спикер в ходе круглого стола в СЦК. @ortcom_kz #CCS

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

UKIMET » публикация №25348

UKIMET ·

В Актау состоялось первое заседание Совета глав регионов Казахстана и Узбекистана 📌Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов и Премьер-министр Республики Узбекистан Абдулла Арипов приняли участие в первом заседании Совета глав регионов Казахстана…


UKIMET » публикация №25347

UKIMET ·

Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысы өтті 📌 Ақтауда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары…


UKIMET » публикация №25340

UKIMET ·

Олжас Бектенов «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын толыққанды іске қосудың және оны өзара тиімді әрі бәсекеге қабілетті жобалармен толықтырудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстан Еуразия кіндігінде, стратегиялық маңызы бар негізгі көлік бағыттарының торабында орналасқандықтан айтарлықтай әлеуетке ие. Солтүстік – Оңтүстік бағыттарымен және Трансауған дәлізімен ұштасатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы ерекше атап өтілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк тиеу-жөнелту көлемі 8 млн тоннаны құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының порттары арқылы контейнерлік тасымалдау көлемі 5%-ға артып, 50 мың ЖФЭ-ден асты. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ынтымақтастықты дамыту әлеуетіне назар аударылды, оның ішінде екі ел азаматтарының тарихи-мәдени орталықтарға баруға деген қызығушылығының артып келе жатқаны атап өтілді. Пленарлық отырыста Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері Нұрдәулет Қилыбай мен Нұралхан Көшеров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, сондай-ақ Жызақ, Сырдария және Ташкент облыстарының әкімдері – Улугбек Мустафоев, Эркинжон Турдимов, Зойир Мирзаев баяндама жасады. Сонымен қатар іс-шараға екі елдің 300-ден астам кәсіпкері қатысты. Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында бірқатар меморандумға, сондай-ақ жалпы сомасы 80 млрд теңгеден астам коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Жаңа уағдаластықтар бауырлас елдер мен шекара маңы байланыстарын нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және Орталық Азияның орнықты экономикалық дамуына ықпал етуі тиіс. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25334

UKIMET ·

Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысы өтті 📌 Ақтауда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысына қатысты. Екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің бірлескен шешімімен өңіраралық өзара іс-қимылдың жаңа тетігі құрылды. Олжас Бектенов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жаңа Конституцияны жүзеге асыру ұлттық экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін берік институционалдық негіз қалыптастырады. «Біз бауырлас Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға ерекше мән береміз. Өңірлер басшылары кеңесінің құрылуы мемлекеттеріміз арасындағы қарқынды саяси диалогтың дәйекті жалғасы болып, өзара сенім мен тату көршілікке негізделген ықпалдастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге, елдеріміз арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыруда өңіраралық қарым-қатынастар орасан зор рөл атқарады. Кеңес жұмысы екі мемлекет басшыларының белгілеген көрсеткіштерін $10 млрд-қа дейін ұлғайту міндетіне қол жеткізуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов. «Біздің бүгінгі кездесуіміз Каспий теңізінің інжу-маржаны әрі өңіріміздің маңызды көлік-логистикалық хабы саналатын Ақтау қаласында өтуінің мәні зор. Қазақстан – Өзбекстан үшін жақын көрші ғана емес, сенімді стратегиялық серіктес әрі одақтас мемлекет. Өңіраралық әріптестік өзара іс-қимылымыздың басым бағыттарының біріне айналды. Осыған байланысты мемлекеттеріміздің құрметті президенттері Өңірлер басшылары кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Өңірлік деңгейдегі тікелей байланыстар өзбек-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтуға қуатты серпін беретініне», — деп атап өтті Абдулла Арипов. Қазақстанның Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстары Өзбекстан құрамына кіретін Қарақалпақстанмен, сондай-ақ Жызақ, Науаи, Сырдария, Ташкент облыстарымен шектеседі. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы шамамен 2,3 мың шақырымды құрайды.



MFA Qazaqstan » публикация №25233

MFA Qazaqstan ·

​​🔷Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Көшербаев және ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Қырғызстан Президенті С.Жапаровтың қабылдауында болды 📍 Чолпон-Ата, 24 шілде 🔶Министр иностранных дел Казахстана Е.Кошербаев и другие главы внешнеполитических ведомств государств-членов ШОС, были приняты Президентом Кыргызстана С.Жапаровым 📍 Чолпон-Ата, 24 июля 🔷Foreign Minister of Kazakhstan Yermek Kosherbayev and other heads of foreign ministries of SCO member states were received by President of Kyrgyzstan Sadyr Japarov 📍 Cholpon-Ata, July 24 @PressMFAKZ


Aqorda » публикация №34139

Aqorda ·

📞 Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана 🇰🇿🇺🇿Касым-Жомарт Токаев тепло поздравил Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева с днем рождения, пожелав ему дальнейших успехов в ответственной государственной деятельности на благо братского узбекского народа. Президент Казахстана отметил, что под мудрым руководством Шавката Мирзиёева Узбекистан уверенно движется вперед по пути комплексных реформ, демонстрируя впечатляющие успехи в социально-экономическом развитии и повышении своего международного авторитета. Глава нашего государства подчеркнул, что высоко ценит огромный личный вклад лидера Узбекистана в укрепление двусторонних отношений стратегического партнерства и союзничества, неизменно развивающихся в духе дружбы и добрососедства. Собеседники отметили текущую высокую динамику казахско-узбекского сотрудничества и обсудили перспективы углубления взаимодействия в торгово-экономической, транспортно-логистической и культурно-гуманитарной сферах. Президенты обменялись мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки, а также обсудили график предстоящих встреч. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34138

Aqorda ·

📞 Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇺🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің парасатты басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Мемлекет басшысы Өзбекстан көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесіне жоғары бағалайтынын атап өтті. Тараптар бүгінде қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету перспективасын талқылады. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібінде өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды. t.me/aqorda_resmi



UKIMET » публикация №25332

UKIMET ·

Бірлескен үкіметаралық комиссияның кеңейтілген құрамдағы отырысында нақты жобаларды жүзеге асыруға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін одан әрі арттыруға назар аударылды. Қазақстан тарапынан сауда және…


Комитет государственных доходов РК » публикация №11888

Комитет государственных доходов РК ·

Нұрлан Құсайынұлы Рахметовты еске алу ҚР ҚМ МКК-нің ұжымы ҚР ҚМ бұрынғы Салық комитетінің төрағасы болған Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. 2006–2008 жылдары ол Салық комитетін басқарып, салық қызметін дамытуға, мемлекеттік кірістер жүйесін жетілдіруге және елдің қаржы жүйесін нығайтуға зор үлес қосты. Көп жылғы адал еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Нұрлан Құсайынұлы жоғары кәсіби басшы, дарынды ұйымдастырушы, жауапкершілігі жоғары әрі мінсіз беделге ие тұлға болды. Оның терең білімі, принципшілдігі, адалдығы және өз ісіне деген шынайы беріктігі әріптестері мен бірге қызмет атқарған жандардың зор құрметіне ие болды. Нұрлан Құсайынұлының жарқын бейнесі оны таныған туған-туыстарының, достарының, әріптестерінің және барша жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады. * Светлой памяти Нурлана Кусаиновича Рахметова Коллектив КГД МФ РК выражает глубокие соболезнования семье и близким в связи с кончиной Нурлана Кусаиновича Рахметова - бывшего Председателя Налогового комитета МФ РК. В 2006–2008 годах он возглавлял Налоговый комитет, внес значительный вклад в развитие налоговой службы, совершенствование системы государственных доходов и укрепление финансовой системы страны. За многолетний добросовестный труд был награжден орденом «Құрмет». Нурлан Кусаинович был высокопрофессиональным руководителем, талантливым организатором, человеком высокой ответственности и безупречной репутации. Его глубокие знания, принципиальность, порядочность и преданность своему делу вызывали искреннее уважение коллег и всех, кто имел честь работать рядом с ним. Светлая память о Нурлане Кусаиновиче навсегда сохранится в сердцах его родных, друзей, коллег и всех, кто его знал.



UKIMET » публикация №25331

UKIMET ·

Бірлескен үкіметаралық комиссияның кеңейтілген құрамдағы отырысында нақты жобаларды жүзеге асыруға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін одан әрі арттыруға назар аударылды. Қазақстан тарапынан сауда және…


UKIMET » публикация №25330

UKIMET ·

Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Үкіметаралық комиссия отырысы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов…


UKIMET » публикация №25325

UKIMET ·

Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Үкіметаралық комиссия отырысы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов…


UKIMET » публикация №25321

UKIMET ·

Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Үкіметаралық комиссия отырысы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Ақтауда Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысын өткізді. Шағын құрамдағы кездесуде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, алдағы жұмыстың басым бағыттары талқыланды. «Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонович Мирзиёевтің бірлескен күш-жігерінің арқасында біздің көпқырлы байланыстарымыз қарқынды дамып келеді және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі өзара іс-қимылдың табысты үлгісіне айналды. Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы қазақ-өзбек серіктестігінің сенім рухындағы сипатын тағы бір айқындап берді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. «Биыл мемлекеттеріміздің басшылары Бұхара, Астана және Түркістан қалаларында өткен кездесулері аясында екі елдің үкіметтеріне ынтымақтастықты кеңейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз. Біздің бүгінгі келіссөздер сауда, инвестиция, өнеркәсіп, көлік, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», — деп атап өтті Абдулла Арипов. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $4,8 млрд-ты құрады. 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 37%-ға артып, $2,3 млрд-қа жетті. Қазақстанның экспорттық әлеуеті металлургия, машина жасау, мұнай химиясы, химия өнеркәсібі, фармацевтика, көлік құралдары мен құрылыс материалдары өндіру салаларында айқын байқалады. Олжас Бектенов инвестициялар және сауда саласындағы жалпы құны $7,8 млрд құрайтын жол картасын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оған енгізілген жобалар бойынша бірлескен жұмыс тауар айналымын әртараптандыру, өзара жеткізілімдерді кеңейту және жаңа инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – өнеркәсіптік кооперация. Қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны $1,8 млрд-тан асатын 80 бірлескен жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Құны $227 млн-ды құрайтын 15 жоба іске қосылып, 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бүгінде жалпы сомасы $102 млн болатын 6 жоба белсенді жүзеге асыру кезеңінде. Сонымен қатар құны $1,5 млрд-ты құрайтын келешегі зор 59 бастаманы жүзеге асыру мәселесі пысықталуда. Көлік қатынасы және логистикалық дәліздерді дамыту мәселелері қаралды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол тасымалының көлемі 16%-ға өсіп, 32,3 млн тоннаны құрады. Тасымалдарды одан әрі ұлғайту үшін теміржол дәліздерінің өткізу қабілетін 35 млн тоннадан 60 млн тоннаға дейін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдерімен көлік байланыстарын кеңейту үшін теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты іргелес теміржол учаскелерін жаңғырту және қосымша өткізу пункттерін ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Қазақстандық теңіз инфрақұрылымын пайдалануда оң динамика байқалады. Автомобиль тасымалы саласындағы ынтымақтастық дамуда.E-Permit жүйесінде шетелдік рұқсат бланкілерімен электрондық алмасу тетігінің енгізілуі төрт жыл ішінде олардың санын он еседен астам арттыруға және мемлекеттік шекарадан өту уақытын 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Су шаруашылығы саласында өзара түсіністік пен екі елдің мүдделерін есепке алу негізінде ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігі расталды. Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи-мәдени нысандарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы: Ферғана–Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясы


POLISIA.KZ » публикация №17586

POLISIA.KZ ·

🔶Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық жұмыс жалғасуда Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау мақсатында полиция мен әлеуметтік қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Үшінші басқармасының бастығы Самат Құсетовтің айтуынша, қайта бағыттау тетігі аясында 15 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, 11 адамға адвокаттардың заңгерлік кеңесі берілсе, 4 жәбірленуші арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Сонымен қатар, 29 жәбірленуші мемлекет қорғауына алынды. «ҚР Бас прокуратурасымен және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, ауылдық жерлерде мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мобильді топтар аудандар мен ауылдарға 155 рет барып, 8 мыңнан астам адамды қамтыды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, кәмелетке толмағандарды жыныстық қанауға тартудың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Биыл адам саудасына қарсы күрес аясында заңсыз контентті шектеу мақсатында 8 мыңға жуық интернет-ресурс бұғаттауға жолданды. 🔶В Казахстане продолжается межведомственная работа по противодействию торговле людьми Для соблюдения прав жертв торговли людьми на местах обеспечивается сотрудничество полиции с социальными службами. Как отметил начальник Третьего управления Департамента по борьбе с организованной преступностью МВД РК Самат Кусетов, в рамках механизма перенаправления помощь оказана 15 жертвам торговли людьми, в том числе юридическая консультация адвокатов – 11 лицам, специальные социальные услуги – 4 жертвам. Государственной защитой обеспечены 29 потерпевших. «Совместно с Генеральной прокуратурой и Министерством труда и социальной защиты населения РК продолжена работа мобильных групп по выявлению принудительного труда в сельской местности. За первое полугоде осуществлено 155 выездов в районы и села с охватом более 8 тыс. человек», – сказал спикер в ходе круглого стола в СЦК. Также совместно с Минпросвещения проводится профилактическая работа в учебных заведениях по предупреждению фактов вовлечения несовершеннолетних лиц в занятие проституцией, иные услуги сексуального характера. Кроме того, в рамках борьбы с торговлей людьми на блокировку направлено около 8 тыс. интернет-ресурсов. @ortcom_kz #CCS


ТРК Президента » публикация №12665

ТРК Президента ·

🈂️ Jibek Joly телеарнасында жаңа жоба – «Елмен бірге» «Елмен бірге» – өңірлердің бүгінгі тыныс-тіршілігін жергілікті халықтың көзімен танытатын танымдық-саяхаттық жоба. Бағдарламада аймақтардың даму қарқыны, инфрақұрылымы, өндірісі, кәсіпкерлігі, әлеуметтік нысандары мен тұрғындардың өмірі боямасыз көрсетіледі. Әр өңір – елдің өз көзімен, елдің өз сөзімен. 📺 Бағдарламаны Jibek Joly арнасынан 27 шілде, сағат 19:30-да тамашалай аласыздар! @ptrkkz


POLISIA.KZ » публикация №17584

POLISIA.KZ ·

🔶Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай: ІІМ өкілі атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді 30 шілдеде БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтіледі. Биыл ол қанаудың жаңа түрі адам саудасының құрбандарын ең алдымен онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеу нысанына назар аударуға арналған «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтеді. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстар қылмыстың осы түріне қарсы іс-қимылдың ең тиімді құралдардың бірі болып қала береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Үшінші басқармасының бастығы Самат Құсетов мәлімдеді. Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінде қанаудың барлық түрлері үшін, соның ішінде мәжбүрлі еңбекке тарту, сексуалдық қанау және қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. «Осындай қылмыстарды анықтау мен жолын кесу мақсатында жүйелі түрде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Жыл басынан бері полиция бөлімшелері адам саудасына қатысты 80-нен астам қылмысты анықтады. Сондай-ақ екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды», – деді спикер. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан аумағында азаматтарды интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстарды жасауға мәжбүрлеу фактілері тіркелмеген. Дегенмен, шетелде Қазақстан азаматтарын арбап тарту жағдайлары болған. Бұдан бөлек, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету фактілерінің жолын кесу жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта 700-ден астам әкімшілік іс тіркеліп, жалпы сомасы 213 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 🔶К Всемирному дню борьбы с торговлей людьми: в МВД рассказали о проводимой работы 30 июля по инициативе ООН отмечается Всемирный день борьбы с торговлей людьми. В этом году он проходит девизом «В ловушке мошенничества», который призван привлечь внимание к новой форме эксплуатации, т.е. это принуждение жертв торговли людьми к совершению преступлений, прежде всего, в сфере онлайн-мошенничества. Поэтому профилактика остается одним из наиболее эффективных инструментов противодействия данному виду преступлений, подчеркнул в ходе круглого стола в СЦК начальник Третьего управления Департамента по борьбе с организованной преступностью МВД РК Самат Кусетов. По его словам, Уголовный кодекс РК предусматривает ответственность за все формы эксплуатации, включая принудительный труд, сексуальную эксплуатацию, принуждение к занятию попрошайничеством. «В целях выявления и пресечения таких фактов на системной основе проводятся оперативно-розыскные и профилактические мероприятия. Так, с начала года подразделениями полиции уже выявлено более 80 преступлений, связанных с торговлей людьми. Также пресечена противоправная деятельность двух организованных преступных групп», – сказал спикер. При этом, по его словам, фактов принуждения граждан к совершению преступлений в сфере онлайн-мошенничества на территории Казахстана не зарегистрировано. Вместе с тем имели случаи вербовки граждан Казахстана за границей. Кроме того, продолжается работа по пресечению фактов предоставления помещений заведомо для занятия проституцией, оказания иных услуг сексуального характера или сводничества, где зарегистрировано более 700 административных дел с наложением штрафов на общую сумму более 213 млн тенге. @ortcom_kz #CCS


ҚТЖ PRESS » публикация №13776

ҚТЖ PRESS ·

Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті Орал – Жилаево аралығында теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың алдын алу бойынша бірлескен профилактикалық рейд өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін бүкіл ел бойынша ҚТЖ өткізіп келе жатқан «Қауіпсіз темір жол» акциясы аясында жүзеге асырылды. Рейдке теміржолшылар, Орал станциясының көліктегі полиция бөлімінің, Батыс Қазақстан облысы бойынша ведомстволық теміржол күзеті мен Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты. Профилактикалық іс-шаралар Орал қаласының Кар-Сити ауданында және Жилаево станциясында өтті. Дәл осы жерде тұрғындар көбінесе темір жолдарын белгіленбеген жерлерде кесіп өтіп, өз өмірі мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Рейдке қатысушылар темір жолдың жанында орналасқан аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға темір жолы арқылы қауіпсіз өту ережелері қаперге салынып, жадынамалар табысталды және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. Жасөспірімдер өтіп бара жатқан пойыздарға тас лақтыратын жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Теміржолшылар белгіленбеген жерлерде темір жолы арқылы өтуге әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. ҚТЖ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және темір жолдарды тек арнайы жабдықталған орындардан өтуге шақырады. ➖➖➖ На перегоне Уральск – Жилаево прошел профилактический рейд по безопасности на железной дороге На перегоне Уральск – Жилаево состоялся совместный профилактический рейд по предупреждению травматизма на объектах железнодорожного транспорта. Мероприятие прошло в рамках акции «Безопасная железная дорога», проводимой КТЖ по всей стране для реализации Концепции «Закон и порядок». В рейде приняли участие железнодорожники, сотрудники отдела полиции на транспорте станции Уральск, ведомственной железнодорожной охраны и Инспекции транспортного контроля по Западно-Казахстанской области. Профилактические мероприятия прошли в районе Кар-Сити г. Уральск и на станции Жилаево. Именно здесь жители чаще всего переходят железнодорожные пути в неустановленных местах, создавая угрозу для своей жизни и безопасности движения поездов. Участники рейда провели разъяснительную работу с жителями районов, расположенных рядом с железной дорогой. Им напомнили о правилах безопасного перехода через железнодорожные пути, вручили памятки и предупредили об административной ответственности. Особое внимание уделили профилактике случаев, когда подростки бросают камни в проходящие поезда. Железнодорожники напоминают, что за проход через железнодорожные пути в неустановленных местах предусмотрена административная ответственность. КТЖ призывает граждан соблюдать правила безопасности и переходить железнодорожные пути только в специально оборудованных местах.


Минобороны РК » публикация №33751

Минобороны РК ·

🇰🇿 Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің есімі отандық ғарышнама шежіресіне алтын әріппен жазылған. Оның асқақ арманы 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа сапар шеккенде орындалды. Сынақшы ұшқыштың кәсіби жетістіктерінің қатарында әуеде екі мәрте жанармай құйып, Солтүстік полюске дейін ұшуы, МиГ-29К палубалық жойғыш ұшағын авиакрейсерге қондырып, кейін сол кемеден қайтадан трамплин арқылы әуеге көтерілуі сияқты бірегей ерліктері бар. Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы – қайсарлықтың, мұқалмас жігердің және Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі. 🇰🇿 Первому казахстанскому космонавту Тохтару Аубакирову – 80 лет Имя Героя Советского Союза, Халық қаһарманы Тохтара Аубакирова навсегда вписано в историю отечественной космонавтики. Его главная мечта исполнилась 2 октября 1991 года, когда он совершил космический полет на корабле «Союз ТМ-13». Среди его профессиональных достижений – полет на Северный полюс с двумя дозаправками в воздухе, посадка палубного истребителя МиГ-29К на авианесущий крейсер с последующим взлетом с использованием трамплина. Жизненный путь Тохтара Аубакирова – яркий пример мужества, силы духа и беззаветного служения Родине. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com




ҚТЖ PRESS » публикация №13775

ҚТЖ PRESS ·

🚫Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды? ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға теміржол көлігінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізбесін еске салады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті немесе алып жүруге тыйым салынған заттарды…


ҚТЖ PRESS » публикация №13774

ҚТЖ PRESS ·

🚫Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды? ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға теміржол көлігінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізбесін еске салады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті немесе алып жүруге тыйым салынған заттарды тасымалдауға әрекет жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. ▶️Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды? 🔵Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар, пиротехникалық бұйымдар (салюттар, отшашулар және жарылыс қаупі бар өзге де заттар). 🔵Радиоактивті және есірткі заттары, тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде бензин, метил эфирі, метанол және т.б. 🔵Өздігінен немесе оңай тұтанатын қатты заттар. 🔵Сұйық немесе қатты күйдегі улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар. 🔵Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, заттар және оларды қамтитын бұйымдар. 🔵Атыс қаруының барлық түрлері, оның ішінде лақтыратын, электрлік, механикалық, аралас, ұңғысыз травматикалық және газды қарулар, сондай-ақ, соққы беруге немесе жарақат салуға арналған заттар, қылыштар, семсерлер, сапылар, ятағандар, палаштар, шпага, найза ұштары, қанжарлар, кортиктер, стилеттер, кастеттер және кистеньдер. 🔵Атыс және газ қаруына арналған оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік, жарық-дыбыстық, травматикалық, бос және жарақталған аңшылық патрондар. ▶️Пойызға мінер алдында барлық жолаушылар теміржол вокзалдарында міндетті тексеруден өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ірі теміржол вокзалдарында рентген-телевизиялық тексеру қондырғылары, стационарлық және қол металл іздегіштері, сондай-ақ, портативті детекторлар орнатылған. Сонымен қатар бейнебақылау, күзет және дабыл беру жүйелері жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері мен күзет қызметі тәулік бойы кезекшілік атқарады. ▶️Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру мақсатында пойыздарға кезең-кезеңімен бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта компанияның 1 100 жолаушылар вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оның ішінде 550 «Тальго» вагоны және 550 стандартты жолаушылар вагоны бар. Бейнежазбалар Жағдаяттық орталыққа келіп түседі. Онда мамандар тәулік бойы жедел мониторинг жүргізіп, штаттан тыс жағдайларды талдайды және қажет болған жағдайда жедел әрекет ету шараларын қабылдайды. ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және сапарлардың жайлы әрі қауіпсіз өтуіне бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.



POLISIA.KZ » публикация №17583

POLISIA.KZ ·

🔹 Қазақстан мен АҚШ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда Астанада химиялық заттар мен есірткі құралдарының мониторингі мәселелеріне арналған екіжақты сарапшылық кеңес өтті. Толық ақпарат сайтта. 🔹 Казахстан и США укрепляют сотрудничество в противодействии наркопреступности В Астане состоялись двусторонние экспертные консультации по вопросам мониторинга химических веществ и наркотических средств. Подробная информация на сайте.


ҚТЖ PRESS » публикация №13772

ҚТЖ PRESS ·

🏢Шығыс Қазақстан облысында жаңғыртудан кейін Риддер және Шемонаиха станцияларының вокзалдары ашылды. ▶️1936 жылы салынған Шемонаиха вокзалы Қазақстан мен Ресей Федерациясының бағдарлары бойынша жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетеді. Қайта құрудан кейін ғимарат ауданы 229 шаршы метрді құрайды. ▶️1938 жылы салынған Риддер станциясы Өскемен және Ресей Федерациясы бағдарлары бойынша жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетеді . Қайта жаңартудан кейінгі ғимараттың ауданы - 470 шаршы метр. ▶️Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының бағдарлары бойынша теміржол көлігімен 105,3 мың жолаушы тасымалданды. ➖➖➖ 🏢В Восточно-Казахстанской области после модернизации открылись железнодорожные вокзалы станций Риддер и Шемонаиха. ▶️Вокзал станции Шемонаиха, построенный в 1936 году, обслуживает пассажирские поезда, следующие по маршрутам Казахстана и Российской Федерации. После реконструкции площадь здания составляет 229 кв. м. ▶️Вокзал станции Риддер, построенный в 1938 году, обслуживает пассажирские поезда по направлениям Усть-Каменогорск — Российская Федерация. После реконструкции площадь здания составляет 470 кв. м. ▶️С начала года железнодорожным транспортом по маршрутам Восточно-Казахстанской области перевезено 105,3 тыс. пассажиров.



MFA Qazaqstan » публикация №25231

MFA Qazaqstan ·

​🇰🇿 Бүгін Шолпан-Ата қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысуда. Кездесу барысында қатысушылар Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің алдағы отырысына дайындықтың негізгі бағыттарын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады. 🇷🇺 Сегодня, в городе Чолпон-Ата, Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев принимает участие в заседании совета министров иностранных дел государств - членов Шанхайской организации сотрудничества (ШОС). В рамках встречи участники обсудят ключевые направления подготовки к предстоящему заседанию Совета глав государств Организации, а также проведут обмен мнениями по наиболее значимым вопросам международной и региональной повестки дня. 🇬🇧 Today, in the city of Cholpon-Ata, Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev is participating in a meeting of the Council of Foreign Ministers of the Shanghai Cooperation Organisation (SCO) Member States. During the meeting, the participants will discuss key areas of preparations for the Summit of the Council of Heads of State of the Organisation and exchange views on pressing issues of the international and regional agenda. @PressMFAKZ