Life News Новостной агрегатор

UKIMET » публикация №25193

Источник: UKIMET

Үкімет 2028 жылға дейінгі көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді іс-қимыл жоспарын бекітті 📌Мемлекет басшысының экономикалық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Жоспарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты – көлеңкелі экономика үлесін қысқарту, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, бизнесті жүргізудің ашықтығын арттыру және кәсіпкерлерге қосымша міндеттемелер жүктемей-ақ бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту. Кейінгі жылдары Қазақстан көлеңкелі экономиканы қысқартуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Елімізде 20 ақпараттық жүйе енгізіліп, жаңғыртылды, айналымы 2 трлн теңгені құрайтын интернет-казиноның қаржылық инфрақұрылымының қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ 360 млрд теңге көлеміндегі негізсіз бюджеттік шығыстардың алдын алынды. Нәтижесінде көлеңкелі экономиканың үлесі 2019 жылғы ЖІӨ-нің 24%-ынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16,7%-ға дейін төмендеді. Жаңа кешенді жоспар қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және көлеңкелі экономика үлесін 2028 жылы ЖІӨ-нің 13,8%-ына дейін дәйекті түрде төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспарды жүзеге асырудың негізгі құралы жасанды интеллектіні пайдаланатын бірыңғай цифрлық мониторинг платформасы болмақ. Платформа мемлекеттік органдардың деректерін біріктіріп, көлеңкелі экономиканың тәуекелдерін жедел анықтауға және бюджетке залал келтірілмей тұрып заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Кешенді жоспар экономиканың ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономиканың тәуекелі жоғары салаларын цифрландыруға бағытталған 53 іс-шараны қамтиды. Олардың қатарында сауда, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салалары бар. Сауда саласын цифрландыруға ерекше назар аударылатын болады. Digital Bazaar нарықтарын басқарудың электрондық платформасын дамыту жалғасады, міндетті цифрлық таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ тауарлардың Ұлттық каталогы кеңейтіледі. Бұл шаралар тауар айналымының ашықтығын арттыруға, контрафактілік өнім көлемін қысқартуға және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ акцизделетін және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің айналымын бақылауды одан әрі автоматтандыру, электрондық коммерция мен маркетплейстерді реттеуді дамыту және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау көзделген. Әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға, баға мониторингін жүргізуге және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалауға арналған цифрлық құралдар енгізіледі. Жекелеген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын және мемлекеттік қаражат қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Цифрлық теңге» жобасын қолдануды кеңейту жалғасады. Кешенді жоспар бизнеске әкімшілік жүктемені күшейтуді көздемейді. Цифрландыруға, процестерді автоматтандыруға, жасанды интеллект пен заманауи аналитикалық құралдарды қолдануға баса аударылады. Жоспарды жүзеге асыру экономиканың ашықтығын арттыруға, көлеңкелі айналым көлемін қысқартуға, адал кәсіпкерлер үшін тең жағдай жасауға және заманауи цифрлық шешімдер арқылы бюджет кірістерінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 📱 @KZgovernment

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

Комитет государственных доходов РК » публикация №11878

Комитет государственных доходов РК ·

🌍 В Астане стартовал международный семинар по контролю стратегических товаров! С 20 по 23 июля эксперты Всемирной таможенной организации (ВТамО) и Программы EXBS Госдепартамента США делятся лучшими мировыми практиками с таможенниками Казахстана и Узбекистана. 🇰🇿🇺🇿 📌 На повестке: * 🎯 Изучение методов оценки рисков и работы с товарами двойного назначения * 📦 Внедрение современных технологий и обмен электронными данными (FECDEP) * 🤝 Укрепление международного сотрудничества в экспортном контроле Также в рамках семинара заместитель председателя КГД Кайрат Джумагулов обсудил с руководителем EXBS Кристофером Тэйфом дальнейшее развитие технологий в таможне. Казахстан продолжает совершенствовать таможенный контроль и укреплять безопасность на границах! ✨ Подробнее


Комитет государственных доходов РК » публикация №11875

Комитет государственных доходов РК ·

🌍 Астанада стратегиялық тауарларды бақылау бойынша халықаралық семинар өтуде 20–23 шілде аралығында Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің EXBS бағдарламасының сарапшылары Қазақстан мен Өзбекстан кеденшілерімен озық халықаралық тәжірибелерімен бөлісуде. 🇰🇿🇺🇿 📌 Күн тәртібінде: 🎯 Тәуекелдерді бағалау және қос мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру 📦 Кеденге заманауи технологияларды енгізу және электрондық деректер алмасу (FECDEP) 🤝 Экспорттық бақылаудағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту Сондай-ақ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов EXBS бағдарламасының басшысы Кристофер Тэйфпен кездесіп, саланы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан кедендік бақылауды жетілдіріп, шекара қауіпсіздігін нығайтуды жалғастыруда! ✨ 🔗Толығырақ


ҚТЖ PRESS » публикация №13741

ҚТЖ PRESS ·

🏢В Костанайской области обновлены вокзалы Аманкарагай и Кушмурун. На станции Аманкарагай удлинили пассажирский перрон. С начала года железнодорожным транспортом в регионе воспользовались более 92 тыс. пассажиров. В регионе курсирует 13 пассажирских поездов. ▶️В области Жетысу после реконструкции открылся вокзал станции Талдыкорган, построенный в 1947 году. Из-за роста пассажиропотока увеличили площадь здания, модернизировали платформу и создали безбарьерную среду. Длина пассажирской платформы выросла со 110,6 до 198 метров. Дополнительный импульс развитию вокзала дал запуск маршрута Астана – Талдыкорган – Астана. С начала года поездами в область Жетысу перевезено 69,2 тыс. пассажиров.


ҚТЖ PRESS » публикация №13739

ҚТЖ PRESS ·

🏢Қостанай облысында Аманқарағай және Құсмұрын вокзалдары жаңартылды. Аманқарағай станциясында жолаушылар перроны ұзартылды. Жыл басынан бері өңірде 92 мыңнан астам жолаушы теміржол көлігін пайдаланды. Өңірде 13 жолаушылар пойызы қатынайды. ▶️Жетісу облысында қайта жаңғыртудан кейін 1947 жылы салынған Талдықорған станциясының вокзалы ашылды. Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты ғимараттың ауданы ұлғайтылып, платформа жаңартылды және кедергісіз орта құрылды. Жолаушылар платформасының ұзындығы 110,6 метрден 198 метрге дейін өсті. Вокзалдың дамуына Астана – Талдықорған – Астана бағдарын іске қосу қосымша серпін берді. Жыл басынан бері Жетісу облысына пойызбен 69,2 мың жолаушы тасымалданды.



POLISIA.KZ » публикация №17570

POLISIA.KZ ·

⚡️ Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды Елорда тұрғынына қатысты сот үкімі шығарылды. Ол әлеуметтік желіде әдейі жалған ақпарат таратып, заңсыз жолмен ақша жинамақ болған.…


POLISIA.KZ » публикация №17569

POLISIA.KZ ·

⚡️ Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды Елорда тұрғынына қатысты сот үкімі шығарылды. Ол әлеуметтік желіде әдейі жалған ақпарат таратып, заңсыз жолмен ақша жинамақ болған. Осы жылдың ақпан айында ол анонимді түрде жариялаған жазбасында әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын ойдан шығарып, өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған. Жазбаға ақша аударуға арналған банк реквизиттерін де қоса көрсеткен. Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің шағымынан кейін жүргізілген тексеру барысында жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ сотталған азаматтың ешқашан әскери қызмет өтемегені белгілі болды. Ақша жинау үшін ол мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күннің ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен. Тергеп-тексеру барысында күдікті жалған ақпаратты тек ақша табу мақсатында жариялағанын мойындады. Алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. ‼️ Полиция азаматтарға әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді. Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенім артыңыз. ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ


ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК » публикация №1986

ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК ·

🔹2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға халықаралық байқау институты ашылған сәттен бастап Орталық сайлау комиссиясы 8 шет мемлекеттен және 5 халықаралық ұйымнан 76 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша, бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 86 адамды құрайды. 🔹С момента открытия 1 июля 2026 года института международного наблюдения за выборами депутатов Курултая Республики Казахстан Центральной избирательной комиссией были аккредитованы 76 наблюдателей от 8 иностранных государств и 5 международных организаций. Сегодня ЦИК аккредитовала еще 10 наблюдателей. Таким образом, количество аккредитованных ЦИК международных наблюдателей на сегодня составляет 86 человек.


ҚТЖ PRESS » публикация №13737

ҚТЖ PRESS ·

🇰🇿ҚТЖ теміржолшысы Эльбрус шыңында Қазақстан мен ҚТЖ туларын желбіретті ▶️Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Алматы белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Досымжан Ерланов Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа көтеріліп, Қазақстан Республикасы мен ҚТЖ туларын желбіретті. ▶️Ол өзінің шыңды бағындыруын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және теміржолға арнады. ▶️Досымжан Ерланов ҚТЖ-да 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол өзін жауапты маман және Компанияның қоғамдық өміріне белсенді қатысушы ретінде көрсетті. «Мен үшін теміржол – бұл жай ғана мамандық емес, үнемі дамып, жаңа мақсаттарға жету мүмкіндігі. Өндірістегі жұмыс пен қоғамдық қызмет маған жақсырақ болуға және адамдарға пайда әкелуге көмектеседі», – дейді Досымжан Ерланов. ▶️Досымжан – «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» жобасының қатысушысы, Компания жастар кадрлық резервінің мүшесі және корпоративтік волонтер. Ол «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атағына ие болды және «Өндірістің үздік жас қызметкері» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды. ▶️Спорт оның өмірінде маңызды орын алады. Ол 2024 жылғы скандинавиялық серуендеуден әлем кубогының иегері, ҚТЖ марафондарының жүлдегері, Іле Алатауының 15 шыңын бағындырған алғашқы теміржолшы, UNICEF ресми еріктісі және «Елбасы медалі» жобасы күміс медалінің иегері. ➖➖➖ 🇰🇿Железнодорожник КТЖ поднял флаги Казахстана и КТЖ на вершине Эльбруса ▶️В преддверии Дня работников железнодорожного транспорта электромеханик Алматинской дистанции сигнализации и связи АО «НК «Қазақстан темір жолы» Досымжан Ерланов поднялся на высочайшую вершину Европы — Эльбрус, где развернул флаги Республики Казахстан и КТЖ. ▶️Свое восхождение он посвятил 35-летию Независимости Республики Казахстан и железной дороге. ▶️В КТЖ Досымжан Ерланов работает с 2022 года. За это время он проявил себя как ответственный специалист и активный участник общественной жизни Компании. «Железная дорога для меня — это не просто профессия, а возможность постоянно развиваться и достигать новых целей. Работа на производстве и общественная деятельность помогают мне становиться лучше и приносить пользу людям», — говорит Досымжан Ерланов. ▶️Досымжан — участник проекта «100 молодых лиц КТЖ», член молодежного кадрового резерва Компании и корпоративный волонтер. Он удостоен звания «Лучший технический инспектор по охране труда» и стал победителем регионального этапа конкурса «Лучший молодой работник производства». ▶️Спорт занимает важное место в его жизни. Он является обладателем Кубка мира по скандинавской ходьбе 2024 года, призером марафонов КТЖ, первым железнодорожником, покорившим 15 вершин Заилийского Алатау, официальным волонтером UNICEF и обладателем серебряной медали проекта «Медаль Елбасы».



UKIMET » публикация №25225

UKIMET ·

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет: Премьер-министр көлік құралдарын заңсыз әкелудің алдын алу шаралары жөнінде тапсырма берді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. «Қолда бар деректерге сәйкес еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін. Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуы тиіс. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қабылданып жатқан барлық шаралар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Необходимо обеспечить разъяснительную работу среди населения: Премьер-министр дал поручения по мерам против «серого» ввоза автомобилей 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках реализации задач Главы государства по противодействию нелегальному торговому обороту, совершенствованию таможенного администрирования и технического регулирования, поручил Министерству финансов совместно с Министерством промышленности и строительства в десятидневный срок выработать комплекс мер по предотвращению незаконного ввоза автомобилей в Казахстан. «По имеющимся данным продолжают фиксироваться случаи незаконного ввоза транспортных средств на территорию нашей страны. Зачастую они не соответствуют техническим и экологическим требованиям. Это происходит в том числе из-за имеющихся пробелов в правоприменении норм таможенного законодательства. Министерству финансов совместно с Министерством промышленности и строительства требуется в десятидневный срок выработать комплекс мер по предотвращению незаконного («серого») ввоза автомобилей в страну. Должна быть четкая позиция в трактовании действующих законодательных норм. Соответствующие подходы в таможенном администрировании и техническом регулировании должны заработать с 1 сентября текущего года. По всем принимаемым мерам необходимо обеспечить разъяснительную работу среди населения», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


Комитет государственных доходов РК » публикация №11872

Комитет государственных доходов РК ·

❓Автокөлік құралының кедендік декларациялануы туралы ақпаратты қалай алуға болады? Автокөліктің Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеуден өткенін қайдан және VIN-коды арқылы қалай тексеруге болатынын карусельден біле аласыз. 🔗https://eokno.gov.kz/index.xhtml —— ❓Как получить информацию о таможенном декларировании автотранспортного средства? Рассказываем, где это можно сделать и как проверить информацию по VIN-коду – в карусели. 🔗https://eokno.gov.kz/index.xhtml


UKIMET » публикация №25224

UKIMET ·

Олжас Бектенов машина жасау саласындағы кәсіптік стандарттарды цифрландыру мен нарықтың жаңа талаптарын ескере отырып жаңартуды тапсырды 📌 Мемлекет басшысының кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, жоғары оқу орындары мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланысты нығайту және қолданбалы ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру, озық технологиялар енгізу және көлікті электрлендіру мәселелерін ескере отырып, машина жасаудағы кәсіптік стандарттарды бір ай мерзімде өзектендіруді тапсырды. «Саланың орнықты әрі серпінді дамуына тікелей әсер ететін ең басты мәселе – кадрлық әлеуетті нығайту. Соңғы бес жылда жоғары оқу орындары “Машина жасау” бағыты бойынша 1700-ге жуық маман даярласа, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 32 мыңнан астам түлек тәмамдады. Сонымен қатар цифрландыру, озық инновациялық технологиялар мен автокөлікті электрлендіру мамандардың кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп жатыр. Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде машина жасау саласындағы кәсіптік стандарттарды заманауи талаптарға сәйкестендіре отырып, жаңартуды тапсырамын. Сондай-ақ озық халықаралық тәжірибеге сәйкес автоөнеркәсіп кластерлері базасында ғылым мен өндірістің ықпалдастығын қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Ғылым және жоғары білім және Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне салалық кәсіпорындармен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, бір ай ішінде ғылыми-зерттеу зертханаларын құруға қатысты нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. ➖ Олжас Бектенов поручил актуализировать профстандарты в машиностроении с учетом цифровизации и новых требований рынка 📌 Во исполнение поручения Главы государства по трансформации системы профессионального образования, усилению связи вузов с реальным сектором экономики и развитию прикладной науки Премьер-министр Олжас Бектенов поручил в месячный срок актуализировать профессиональные стандарты в машиностроении с учетом цифровизации, внедрения передовых технологий и электрификации транспорта. «Укрепление кадрового потенциала выступает ключевым фактором устойчивого и динамичного развития отрасли. За последние пять лет по направлению “Машиностроение” высшие учебные заведения выпустили порядка 1700 специалистов, организации технического и профессионального образования – более 32 тыс. Вместе с тем, цифровизация, передовые инновационные технологии и электрификация автотранспорта кардинально меняют требования к компетенции специалистов. Поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями в месячный срок актуализировать профессиональные стандарты в машиностроении, обеспечив их соответствие современным требованиям. Также необходимо обеспечить интеграцию науки и производства на базе автопромышленных кластеров по аналогии с передовой международной практикой», — подчеркнул Олжас Бектенов. Министерствам науки и высшего образования и промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями и высшими учебными заведениями также поручено в течение месяца внести конкретные предложения по созданию научно-исследовательских лабораторий. 📱@KZgovernment


MFA Qazaqstan » публикация №25207

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Қазақстан мен Израиль инновациялар, цифрландыру және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты жандандыруда 🔸 Казахстан и Израиль активизируют сотрудничество в области инноваций, цифровизации и технологий 🔹 Kazakhstan and Israel Strengthen Cooperation in Innovation, Digitalization, and Advanced Technologies @PressMFAKZ


UKIMET » публикация №25223

UKIMET ·

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының сапары аясында қол жеткізілген аккумулятор бөлшектерін өндіру жобасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды 📌 Жуырда Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары барысында Қазақстанда аккумулятор бөлшектерін өндіру бойынша жоғары технологиялық жобаны жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға жобаны жүзеге асыруды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. «Елімізде электромобильдерге арналған аккумуляторлар өндірісінің жаһандық тізбегіне ықпалдасу үшін қажетті шикізат қоры бар. Аккумулятор өндірісінде аса маңызды – сфералы графит шығаратын ірі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаның уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ жуырда Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында аккумулятор өндірісінде әлемдік көшбасшы саналатын CATL (Contemporary Amperex Technology Company Limited) компаниясының басшылығымен кездесті. Компания еліміздің аумағында жоғары технологиялық өндірісті жүзеге асыру ниетін растады. Барлық уәкілетті органдар аталған жобаны жүзеге асыру барысын ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов поручил держать на особом контроле проект по производству компонентов для аккумуляторов, договоренность по которому достигнута в ходе визита Президента 📌 По итогам недавнего визита Главы государства в Китай достигнута договоренность о реализации в Казахстане высокотехнологичного проекта по производству компонентов для аккумуляторов. Премьер-министр Олжас Бектенов поручил всем уполномоченным государственным органам держать реализацию проекта на особом контроле. «В стране имеется необходимая сырьевая база для интеграции в глобальную цепочку производства аккумуляторов для электромобилей. Планируется запуск крупного проекта по производству сферического графита, критически важного в производстве аккумуляторов. Министерству промышленности и строительства совместно с заинтересованными государственными органами требуется обеспечить своевременный ввод проекта в эксплуатацию. Также в ходе недавней поездки в Китайскую Народную Республику Глава Государства встретился с руководством компании CATL (Contemporary Amperex Technology Company Limited), которая является мировым лидером в производстве аккумуляторов. Компания подтвердила свое намерение в реализации высокотехнологичного производства на территории нашей страны. Всем уполномоченным органам необходимо держать на особом контроле реализацию данного проекта», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №25222

UKIMET ·

Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін халықаралық компанияларды тарту жөнінде тапсырма берді 📌 Мемлекет басшысы электромобильдер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Тиісті инфрақұрылымды одан әрі кеңейтіп, жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді. «Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2030 жылға қарай электромобильдердің әлемдік автокөлік сатылымындағы үлесі 40%-дан асады. Жаһандық автоөнеркәсіп саласы да белсенді түрде электр жүк көліктерін пайдалануға көшуде. Бүгінде еліміздің негізгі күре жолдарының бойында электр көліктерін қуаттайтын 70-ке жуық станса жұмыс істеп тұр. Жақында Car Park Transformer компаниясымен 2030 жылға дейін жол бойында сервистік қызмет көрсетуге арналған 250 станса салу бойынша инвестициялар туралы келісім бекітілді. Алдағы уақытта да жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тиісті инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет. Көлік министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов дал поручения по привлечению международных компаний для развития сети электрозарядных станций 📌 В рамках обозначенной Главой государства задачи по развитию инфраструктуры для электромобилей Премьер-министр Олжас Бектенов поручил усилить работу по привлечению крупных международных компаний для развития сетей электрозарядных станций. Отмечена необходимость дальнейшего расширения соответствующей инфраструктуры и создания благоприятных условий для новых инвесторов. «По данным Международного энергетического агентства, уже к 2030 году электромобили займут более 40% от общего объема продаж автомобилей по всему миру. Мировой автопром также стремительно переходит к использованию электрического грузового транспорта. На сегодняшний день вдоль ключевых автомагистралей страны функционирует порядка 70 электрозарядных станций. Недавно заключено соглашение об инвестициях с компанией Car Park Transformer по строительству 250 станций придорожного сервиса до 2030 года. Необходимо и далее активно развивать соответствующую инфраструктуру создавая благоприятные условия для новых инвесторов. Поручаю Министерству транспорта совместно с Министерством промышленности и строительства усилить работу по привлечению крупных международных компаний для развития сетей электрозарядных станций», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №25221

UKIMET ·

Үкімет автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қойып, қолданылатын отандық материалдар түрлерін кеңейтеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль өндірісін локализациялауды тереңдету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бір ай ішінде елімізде автобөлшектер өндірісін құру жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Елімізде заманауи талаптарға сай келетін автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою – маңызды бағыт. Ол үшін қосалқы бөлшектер өндірісінде қолданылатын отандық материалдардың түрлерін кеңейту қажет. Мәселен, Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясы автобустар мен жүк көліктері үшін арнайы болат маркаларын шығаруда. Келесі кезеңде жеңіл автомобильдерге арналған болат өндірісін қолға алу қажет. Сонымен қатар мыс, алюминий, хромды терең өңдеу, резеңке, пластик, кабель және басқа да өнім түрлерін дамыту саласында да үлкен әлеует бар.Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде автобөлшектер өндірісін құру бойынша тиісті жоспарды әзірлеуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство РК обеспечит создание локальной базы автокомпонентов и расширения доли привлекаемых отечественных материалов 📌 Во исполнение поручений Главы государства по углублению локализации автомобильного производства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил в месячный срок разработать план по созданию в Казахстане производств автокомпонентов. «Важным направлением является формирование полноценной локальной базы автокомпонентов соответствующих современным требованиям. Для этого требуется расширить номенклатуру отечественных материалов, используемых при их производстве. К примеру, Карагандинский Qarmet уже осуществляет производство специальных марок стали для автобусов и грузовых автомобилей. Следующим этапом необходимо наладить выпуск стали для легковых автомобилей. Имеется высокий потенциал глубокой переработки меди, алюминия, хрома, а также производства резиновых, пластиковых, кабельных и других изделий. В этой связи, поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями в месячный срок разработать соответствующий план по созданию производств автокомпонентов», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №25220

UKIMET ·

Үкімет автомобиль өнеркәсібін толыққанды жоғары технологиялық салаға айналдыру жөніндегі жұмысты күшейтуде 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес, отандық автомобиль өнеркәсібі толыққанды жоғары технологиялық салаға айналуы тиіс екенін атап өтті. «Машина жасау саласы – экономиканы өркендетуге және оны іс жүзінде әртараптандыруға ықпал ететін аса маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы отандық автомобиль өнеркәсібін толыққанды жоғары технологиялық салаға трансформациялау міндетін қойды. Осы орайда, KIA Qazaqstan, Astana Motors және басқа да ірі жобалардың жүзеге асырылуы еліміздің бүкіл өнеркәсібін технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға елеулі серпін берді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство усиливает работу по трансформации автомобильной промышленности в высокотехнологичную отрасль Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что в соответствии с задачами, поставленными Главой государства, отечественная автомобильная промышленность должна быть трансформирована в полноценную высокотехнологичную отрасль. «Отрасль машиностроения является одной из важнейших точек роста и локомотивом ускоренной диверсификации экономики страны. Главой государства ставится задача по трансформации отечественной автомобильной промышленности в полноценную высокотехнологичную отрасль. Реализация ряда крупных проектов, таких как KIA Qazaqstan, Astana Motors и другие, придала значительный импульс технологической модернизации всей промышленности страны», — отметил Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment


MFA Qazaqstan » публикация №25206

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Қазақстан мен Кения бірлескен экономикалық жобаларды іске асыруды жандандыруда 🔸 Казахстан и Кения активизируют реализацию совместных экономических проектов 🔹 Kazakhstan and Kenya Step Up the Implementation of Joint Economic Projects @PressMFAKZ


ТРК Президента » публикация №12662

ТРК Президента ·

🌳 «Таза қала» Батыс Қазақстан облысында Хан ордасы, Жайық өзені, Балықты Сарқыл мен Ақжайық шипажайы – өңірдің туристік әлеуеті «Таза қала» бағдарламасының жаңа шығарылымында. 🈂️Тарих, табиғат және туризм тоғысқан Батыс Қазақстанның бүгінгі келбетін бірге тамашалаңыз. 📺 Ертең, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz


UKIMET » публикация №25219

UKIMET ·

Елімізде өндірілген техника өрт қаупі жоғары кезеңде тиімді пайдаланылуда — Олжас Бектенов 📌 QazTehna кәсіпорнында автобус, коммерциялық және арнайы техника өндірісін локализациялау деңгейін екі есеге жуық арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Александр Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. «2026 жылы 4 млрд теңге инвестициямен жеке штамптау өндірісінің жобасы жүзеге асырылды. Өндіріс Qarmet компаниясы өндірген болатты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергіліктендіру деңгейін қосымша 11%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автобустарға арналған компоненттер өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. 2026 жылғы шілдеде жылына 25 мың дана жолаушылар орындығын шығаратын өндіріс, ал қарашада жылына 1,5 мың жиынтық тұтқа өндіру желісі іске қосылды. Сонымен қатар аккумуляторлар мен шиналар өндірісін локализациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Александр Цой. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда өндірілетін арнайы техниканың тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті. «Қазір, өздеріңіз білетіндей, өрт қаупі жоғары кезең. Ауа температурасы да күрт көтеріліп отыр. Осы ретте QazTehna зауытында шығарылған заманауи өрт сөндіру техникалары үлкен көмек көрсетуде. Аталған техникалар кеше ғана "Семей орманы" аумағында өрт сөндіру жұмыстарына белсенді қатысты. Қазақстанда шығарылған техниканың ел игілігіне тиімді пайдаланылып жатқаны қуантады», — деді Премьер-министр. ➖ Произведенная в Казахстане техника активно используется в пожароопасный период — Олжас Бектенов 📌 Почти вдвое планируется увеличить уровень локализации производства автобусной, коммерческой и специальной техники на предприятии QazTehna. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный директор компании Александр Цой. «В 2026 году реализовался проект собственного штамповочного производства с инвестициями 4 млрд теңге. Производство осуществляется с использованием казахстанской стали Qarmet, что позволит увеличить уровень локализации еще на 11%. Дополнительно планируется запуск производства компонентной базы автобусов. В июле 2026 года запустили производство пассажирских сидений мощностью 25 тыс. единиц в год, а в ноябре 2026 года – производство 1,5 тыс. комплектов поручней в год. Параллельно ведется работа по локализации производства аккумуляторов и шин», — отметил Александр Цой. Премьер-министр Олжас Бектенов отметил высокую эффективность и значимость производимой спецтехники в Казахстане. «У нас сейчас, как вы знаете, пожароопасный период, температурный фон повышен. Помогают современные пожарные машины, произведенные на заводе QazTehna. Вчера в "Семей орманы" (прим. техника QazTehna) принимали активное участие в тушении пожаров. Это очень радует, что произведенная в Казахстане техника активно используется», — подчеркнул Премьер-министр. 📱 @KZgovernment


POLISIA.KZ » публикация №17568

POLISIA.KZ ·

🚔 Түркістанда полиция қызметкерлері шетелдік жүргізушілерге көмектесті Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов көшесінде жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жалпы салмағы 5 тоннадан асатын жүк автокөліктерінің қозғалысына тыйым салынған учаскеге Түркия Республикасынан келген жүк автокөліктерінің абайсызда кіріп кеткені анықталды. Аталған жағдайды байқаған ЖБО қызметкерлері дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тиісті бағыттама берді. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкері Түркия Республикасының азаматтарымен түрік тілінде байланыс орнатып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар жүк автокөліктерінің қаладан қауіпсіз шығып кетуін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу шараларын ұйымдастырып, қажетті көмек көрсетті. Көрсетілген кәсіби қолдау мен ілтипатқа ризашылық білдірген Түркия Республикасының азаматтары Қазақстан полициясына, әсіресе жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізді. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Сотрудники полиции помогли иностранным водителям в Туркестане На улице Бекзата Саттарханова в Туркестане сотрудники ЦОУ с помощью камер видеонаблюдения выявили, что грузовые автомобили из Турецкой Республики случайно заехали на участок дороги, где запрещено движение транспортных средств с общей массой более 5 тонн. Обнаружив данный факт, сотрудники ЦОУ незамедлительно передали соответствующую информацию экипажам патрульной полиции. Прибывший на место сотрудник патрульной полиции установил контакт с гражданами Турецкой Республики на турецком языке и разъяснил им требования ПДД Республики Казахстан. Кроме того, для обеспечения безопасного выезда грузовых автомобилей из города были организованы меры по регулированию дорожного движения и оказана необходимая помощь. Граждане Турецкой Республики, выразив благодарность за оказанную профессиональную поддержку и внимательное отношение, передали искренние слова признательности полиции Казахстана, особенно сотрудникам дорожно-патрульной полиции. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


ҚТЖ PRESS » публикация №13735

ҚТЖ PRESS ·

ҚТЖ өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты 2026 жылғы 21 шілдеде сағат 04:30-да Алматы станциясының өрт сөндіру пойызы құрылыс материалдары қоймасындағы өртті жоюға бағытталды. Өрт Алматыдағы кірме теміржол жолында, теміржол төсемінен 250-300 метр қашықтықта орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру пойызы ТЖД-ның екі өрт сөндіру көлігіне су құюды қамтамасыз етті, бұл өртті үздіксіз сөндіруді қолдауға мүмкіндік берді. Өрт шалған алаң 1500 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге 93 адам және 24 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірілді. Өрт себептерін ТЖД комиссиясы анықтайды. Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Теміржол инфрақұрылымы объектілерінің, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау, байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларының зақымдалуына жол берілмеді. ➖➖➖ Пожарный поезд КТЖ участвовал в ликвидации пожара в Алматы 21 июля 2026 года в 04:30 пожарный поезд станции Алматы был направлен для участия в ликвидации пожара на складе строительных материалов. Возгорание произошло на подъездном железнодорожном пути в Алматы, на расстоянии 250–300 метров от железнодорожного полотна. Пострадавших нет. Пожарный поезд обеспечил заправку водой двух пожарных автомобилей ДЧС, что позволило поддержать бесперебойное тушение пожара. Площадь возгорания составила 1 500 кв. метров. В ликвидации пожара были задействованы 93 человека и 24 единицы техники. Пожар ликвидирован. Причины возгорания устанавливает комиссия ДЧС. Происшествие не повлияло на движение поездов. Повреждений объектов железнодорожной инфраструктуры, устройств сигнализации, централизации и блокировки, связи и электроснабжения не допущено.


UKIMET » публикация №25218

UKIMET ·

KIA Qazaqstan Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау деңгейін арттырады 📌 Kia Qazaqstan компаниясы қазақстандық және халықаралық әріптестермен бірлесіп автобөлшектер шығаруды кеңейте отырып, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруды жалғастырады. Бұл туралы Үкіметтің отырысында компанияның бас директоры Ким Де Ки хабарлады. Оның айтуынша, локализация компания дамуының стратегиялық бағыттарының бірі. Kia компаниясының қолдауымен Қазақстанда электр сымдарын, автокөлік орындықтарын, интерьер элементтерін және басқа да бөлшектерді өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Осы жылдың соңына дейін Kia компаниясы автомобильдерін локализациялау деңгейін арттыруды жоспарлап отыр. Ким Де Ки атап өткендей, компания үшін локализациялау қазақстандық қамту үлесінің өсуін ғана емес, сонымен қатар өндірістік кооперацияны дамытуды, елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуды, заманауи технологияларды енгізуді және отандық жеткізушілердің тұрақты желісін қалыптастыруды білдіреді. Бұл Қазақстанның автомобиль саласын одан әрі дамытуға негіз болады. Бүгінгі таңда кәсіпорын сенімді дамып келеді және жоспарланған өндірістік көрсеткіштерге дәйекті түрде қол жеткізуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 9 772 автомобиль өндірілді, бұл ретте өндірістің негізгі көлемі локализациялаудың анағұрлым жоғары деңгейін және өндірістік құзыреттерді дамытуды қамтамасыз ететін CKD технологиясына тиесілі. ➖ KIA Qazaqstan увеличит локализацию производства автомобилей в Казахстане 📌 Компания KIA Qazaqstan продолжит наращивать уровень локализации производства, расширяя выпуск автокомпонентов совместно с казахстанскими и международными партнерами. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный директор компании Ким Де Ки. По его словам, локализация является одним из стратегических направлений развития компании. При поддержке Kia в Казахстане уже реализуются проекты по производству электропроводки, автомобильных сидений, элементов интерьера и других комплектующих. До конца текущего года компания планирует увеличить уровень локализации автомобилей Kia. Как отметил Ким Де Ки, локализация для компании означает не только рост доли казахстанского содержания, но и развитие производственной кооперации, укрепление промышленной базы страны, передачу современных технологий и формирование устойчивой сети отечественных поставщиков. Это создаст основу для дальнейшего развития автомобильной отрасли Казахстана. Сегодня предприятие уверенно развивается и последовательно выходит на запланированные производственные показатели. По итогам первого полугодия 2026 г. произведено 9 772 автомобиля,при этом основной объем производства приходится на технологию CKD, обеспечивающую более высокий уровень локализации и развитие производственных компетенций. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25217

UKIMET ·

Локализациялау деңгейін тереңдету және қосылған құны жоғары өнім шығару: Премьер-министр Qarmet компаниясынның автомобиль болаты жобасын қолдады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында локализациялау қарқынын арттыру, оның ішінде жеке автокөлік брендтерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл экономиканың дамуы үшін де, Қазақстанның беделін арттыру тұрғысынан да маңызды. Премьер-министр отандық автомобиль болат өндірісін игеру жобасының стратегиялық маңыздылығын баса айтты. «Негізгі міндет – құнның барынша көп бөлігін ел ішінде сақтау үшін локализациялау деңгейін барынша тереңдету. Мемлекеттік қолдауы және бизнестің белсенді қатысуымен осы бағытта, соның ішінде өзіміздің автомобиль брендтерімізді дамыту бойынша жүйелі жұмыс істеуіміз керек. Бұл экономика тұрғысынан да, еліміздің беделін арттыру тұрғысынан да өте маңызды. Біз бірлесіп жақсы нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Автомобиль болаты өндірісі стратегиялық маңызға ие. Біздің мүмкіндіктеріміз бола тұра, ондаған жылдар бойы елімізде автомобиль болаты өндірісін жолға қоя алмағанымыз таңғалдырады. Сондықтан бұл (автомобиль болаты өндірісі бойынша) жобаны, сондай-ақ Qarmet компаниясын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын қолдаймыз. Мұнда болат зауыты мен автомобиль өнеркәсібі арасында тиімді ықпалдастық қалыптасып отыр. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Углубление локализации и выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью: Премьер-министр поддержал проект Qarmet по выпуску автомобильной стали 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства подчеркнул важность наращивания темпов локализации, в том числе работы над созданием собственных брендов автомобилей. Это имеет важное значение как для экономики, так и для престижа Казахстана. Руководитель Правительства отметил стратегическое значение проекта по освоению производства отечественной автомобильной стали. «Основная задача – максимальное углубление локализации, чтобы оставлять как можно больше стоимости внутри страны. Настал тот период, когда мы должны активно при государственной поддержке, при активном участии бизнеса работать в этом направлении, в том числе над развитием собственных брендов автомобилей. Это очень важно и с точки зрения экономики, и с точки зрения престижа страны. Мы с вами вместе должны дать хороший результат. Стратегическое значение имеет производство автомобильной стали. Удивляет, что многие десятилетия при наших возможностях мы не наладили производство автомобильной стали в стране. Поэтому этот проект (по производству автомобильной стали) мы поддерживаем в целом, как и большую программу модернизации Qarmet. Здесь получилась хорошая синергия между сталелитейным предприятием и автомобильной промышленностью. Мы, как Правительство, будем вас поддерживать», — подчеркнул Премьер-министр. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25216

UKIMET ·

Қазақстанда автокөлік шанағы бөлшектерінің өндірісі іске қосылады 📌 Қазақстанда отандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Allur» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев мәлімдеді. «Автомобиль өнеркәсібі үшін маңызды қадам қазақстандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру болады. Біз "Qarmet — Allur — Kia Kazakhstan" және басқа өндірушілермен салааралық жобаны пысықтап жатырмыз, ол металлургия мен автомобиль жасауды Qarmet компаниясының болаты пайдаланылып жатқан Саран қаласындағы автобустар өндірісіне ұқсас бірыңғай өндірістік тізбекке біріктіреді», – деді Андрей Лаврентьев. Оның айтуынша, 2028 жылы Qarmet жеңіл автомобиль өндірушілерінің талаптарына сәйкес келетін автомобиль парағын шығаруды жоспарлап отыр. 2029 жылы оның негізінде шанақ бөлшектерін сериялық өндіру басталады. Жобалық қуаттылығы жылына кемінде 100 мың шанақты құрайды, ал олардағы қазақстандық болаттың үлесі кемінде 75% болады. ➖ Производство кузовных деталей запустят в Казахстане В Казахстане планируется освоение полного цикла штамповочного производства для легковых автомобилей с использованием отечественной стали. Об этом на заседании Правительства сообщил председатель совета директоров «Allur» Андрей Лаврентьев. «Важным шагом для автомобильной промышленности станет освоение полного цикла штамповочного производства для легковых автомобилей с использованием казахстанской стали. Нами прорабатывается межотраслевой проект «Qarmet — Allur — Kia Kazakhstan» и с другими производителями, который объединит металлургию и автомобилестроение в единую производственную цепочку по аналогии с производством автобусов в городе Сарань, где уже используется сталь компании Qarmet», — сообщил Андрей Лаврентьев. По его словам, в 2028 году Qarmet планирует запустить выпуск автомобильного листа, соответствующего требованиям производителей легковых автомобилей. В 2029 году на его основе начнется серийное производство кузовных деталей. Проектная мощность составит не менее 100 тыс. кузовов в год, а доля казахстанской стали в них будет не менее 75%. 📱 @KZgovernment




MFA Qazaqstan » публикация №25205

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Қазақстан мен Армения екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады 🔸 Казахстан и Армения подтвердили настрой на расширение двустороннего сотрудничества 🔹 Kazakhstan and Armenia Reaffirm Commitment to Expanding Bilateral Cooperation @PressMFAKZ