Инфрақұрылымдық стандарттарды теңестіру және ауылдарды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру 📌 Өңіраралық айырмашылықты азайту мақсатында 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Мемлекет Өңірлік стандарттар жүйесін енгізіп, оның талаптарын бюджеттік жоспарлаумен байланыстырды. Негізгі игіліктермен қамтамасыз етілу деңгейі төмен өңірлер республикалық бюджеттен басым тәртіппен қаржыландырылады. 2025 жылғы жағдай бойынша қалалардағы орташа қамтамасыз етілу деңгейі – 89,1%; ауылдарда – 67,6%. 2029 жылға қарай бұл көрсеткіштерді тиісінше 96% және 71% деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр. 🔵«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы ауылдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Өткен кезеңде бағдарламаға 177 млрд теңге бөлініп, 800 ауыл жаңғыртылды. 2025 жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 73 млрд теңге бөлініп, 226 ауылда 255 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 150 әлеуметтік нысан және 67 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны салынып, қайта жаңғыртылды, 180 км жол жаңартылды, 1 мың шақырым ауылдық инженерлік желі жаңартылды. 🇰🇿 Ауыл тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашуға жылдық 2,5%-бен несие ала алады. Несие ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері үшін 5 жылға дейін, ал АӨК саласында 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ең жоғары несие сомасы – 2,5 мың АЕК-ке дейін, кооперативтер үшін – 8 мың АЕК-ке дейін. 2026 жылы жобаны іске асыруға 5,4 мың жобаға бюджеттік микронесиелер мен лизинг беру үшін 100 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі уақыттағы жағдай бойынша бағдарлама аясында жалпы сомасы 33,7 млрд теңгеге 3132 жоба нақты қаржыландырылды. 🎓 Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында «Дипломмен – ауылға» бастамасы аясында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және АӨК салаларының жас мамандарына 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға жылдық 1%-бен 15 жылға дейінгі мерзімге бюджеттік несие беріледі. Бұл ретте маман ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. 🔵Шағын қалаларды дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы бюджет пен Ұлттық қордан 21 қалада 40 жобаны іске асыруға 11,9 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 42 шақырым жол мен 40 шақырым инженерлік желі жаңғыртылды.
⚜️Ерлан Аккенженов потребовал ускорить строительство газоперерабатывающего завода в Жанаозене ▪️Жанаозен, 20 июля 2026 года. Министр энергетики Республики Казахстан Ерлан Аккенженов потребовал от подрядных организаций в несколько раз увеличить темпы строительства газоперерабатывающего завода в Жанаозене. ▪️В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область министр ознакомился с ходом реализации проекта и отметил существенное отставание от утвержденного графика. ▪️Согласно условиям контракта, срок строительства составляет 36 месяцев, при этом уже прошло 29 месяцев. Несмотря на это, общая готовность проекта составляет около 40%. Иными словами, использовано 81% отведенного на строительство времени, тогда как фактический объем выполненных работ значительно отстает от плановых показателей. ▪️«Такие темпы строительства нас не устраивают. Подрядчики должны незамедлительно нарастить объемы выполняемых работ», — заявил министр энергетики Ерлан Аккенженов. ▪️Уровень выполнения строительно-монтажных работ составляет всего 13%. Существенное отставание наблюдается и по бетонным работам: из запланированных 58,4 тыс. кубометров выполнено лишь 7,5 тыс. кубометров. ▪️Сохраняются задержки и с поставками технологического оборудования. Из 259 заказанных позиций зарубежными производителями отгружено только 98. В связи с этим подрядчикам поручено в несколько раз ускорить поставку оборудования, усилить взаимодействие с иностранными производителями и нарастить мощности по модульной сборке на территории Казахстана. ▪️«Жанаозенский газоперерабатывающий завод — стратегически важный проект для нашей страны. Заказчик своевременно обеспечил подрядчиков стопроцентным авансированием. Теперь необходимо значительно ускорить темпы строительства и обеспечить ввод завода в эксплуатацию в установленные сроки», — подчеркнул Ерлан Аккенженов. ▪️Для ускорения строительства на площадку необходимо дополнительно привлечь рабочую силу и специализированную технику. В период максимальной строительной активности здесь будут задействованы до 1200 специалистов. ▪️После ввода в эксплуатацию завод сможет перерабатывать 900 млн кубометров газа в год. В рамках проекта ежегодно планируется производить 743 млн кубометров товарного газа, 217 тыс. тонн сжиженного нефтяного газа и 122 тыс. тонн пентан-гексановой фракции. ▪️Министерство энергетики усилило контроль за реализацией проекта. Теперь подрядные организации будут еженедельно представлять оперативные отчеты о ходе строительства, выполненных работах и принимаемых мерах по устранению выявленных отставаний. ▪️Ввод Жанаозенского газоперерабатывающего завода в эксплуатацию запланирован на 2027 год.
⚜️Ерлан Ақкенженов Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді талап етті ▪️Жаңаөзен, 2026 жылғы 20 шілде. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мердігер ұйымдардан Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылыс қарқынын бірнеше есе арттыруды талап етті. ▪️Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында министр жобаның іске асырылу барысымен танысып, бекітілген кестеден айтарлықтай кешігудің бар екенін атап өтті. ▪️Келісімшарт бойынша құрылыс мерзімі 36 айды құраса, соның 29 айы өтіп кеткен. Соған қарамастан жобаның жалпы дайындығы шамамен 40 пайыз ғана. Басқаша айтқанда, құрылысқа бөлінген уақыттың 81 пайызы пайдаланылғанымен, нақты орындалған жұмыстардың көлемі жоспарланған көрсеткіштерден едәуір төмен. ▪️«Мұндай құрылыс қарқыны бізді қанағаттандырмайды. Мердігерлер жұмыс көлемін дереу ұлғайтуы тиіс», – деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов. ▪️Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу деңгейі небәрі 13 пайызды құрайды. Бетон жұмыстары бойынша да айтарлықтай артта қалу байқалады: жоспарланған 58,4 мың текше метрдің орнына небәрі 7,5 мың текше метр орындалған. ▪️Технологиялық жабдықтарды жеткізу ісінде де кешігулер сақталуда. Тапсырыс берілген 259 позицияның тек 98-і ғана шетелдік өндірушілер тарапынан жөнелтілген. Осыған байланысты мердігерлерге жабдықтарды жеткізуді бірнеше есе жеделдету, шетелдік өндірушілермен жұмысты күшейту және Қазақстан аумағында модульдік құрастыру қуаттарын арттыру тапсырылды. ▪️«Жаңаөзен газ өңдеу зауыты – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар жоба. Тапсырыс беруші мердігерлерді жүз пайыз аванспен уақытылы қамтамасыз етті. Енді құрылыс қарқынын күшейтіп, зауытты белгіленген мерзімде пайдалануға беру қажет», – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов. ▪️Құрылысты жеделдету үшін құрылыс алаңына қосымша жұмыс күші мен арнайы техника жұмылдырылуы тиіс. Құрылыстың ең қызған кезеңінде мұнда 1200-ге дейін маман еңбек ететін болады. ▪️Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 900 млн текше метр газ өңдей алады. Жоба аясында жыл сайын 743 млн текше метр тауарлық газ, 217 мың тонна сұйытылған мұнай газы және 122 мың тонна пентан-гексан фракциясы өндіріледі. ▪️Энергетика министрлігі жобаның іске асырылуын бақылауды күшейтті. Енді мердігер ұйымдар құрылыс барысы, орындалған жұмыстар және анықталған кешігулерді жою жөніндегі шаралар туралы апта сайын жедел есеп ұсынып отырады. ▪️Жаңаөзен газ өңдеу зауытын пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.
🈂️ «Ресурсы: вечное пламя степи» Металлургия – одна из ключевых отраслей экономики Казахстана, которая сегодня выходит на новый этап развития. В основе этого курса – задачи, поставленные Президентом Касым-Жомартом Токаевым: развитие производств высокого передела, внедрение современных технологий, цифровизация и укрепление промышленного потенциала страны. 🎥 Как тысячелетняя история металлургии стала фундаментом индустриального будущего Казахстана – в документальном фильме «Ресурсы: вечное пламя степи». 📺 Смотрите завтра, 21 июля, в 16:00 на телеканале Jibek Joly. @ptrkkz
🔹 Аустрия Парламентінде Аустрия–Қазақстан өзара байланыс платформасының ресми іске қосылу рәсімі өтті 🔸 В Парламенте Австрии состоялся официальный запуск Австрийско-казахстанской платформы по взаимосвязанности 🔹 Austrian-Kazakh Connectivity Platform Officially Launched at the Austrian Parliament @PressMFAKZ
ҚР ҚМ МКК ескертеді: егер сіз салықтарды, төлемдерді, өсімпұлдарды немесе айыппұлдарды қате немесе артық төлесеңіз, оларды қайтаруға немесе есепке жатқызуға болады. 📍 Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен басқа да төлемдерді қайтару жеке шот жүргізілетін жер бойынша МКБ арқылы жүзеге асырылады. Жеке шоттары жүргізілмейтін төлемдер (мемлекеттік баж, тіркеу алымы) төленген орны бойынша қайтарылады. ⚠️ Маңызды: Бұл қызмет e-Otinish сервисі арқылы КӨРСЕТІЛМЕЙДІ. 📲 Өтінішті (№ 637 нысаны) қалай беруге болады: Онлайн: eGov.kz порталы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы. Оффлайн: ХҚКО («Азаматтарға арналған үкімет») арқылы қағаз түрінде. Толығырақ ⚜️ КГД МФ РК напоминает: если вы ошибочно или излишне уплатили налоги, платежи, пени или штрафы, их можно вернуть или сделать зачет. 📍 Возврат налогов и других платежей, по которым ведутся лицевые счета, осуществляется ОГД по месту ведения лицевого счета. Платежи, по которым лицевые счета не ведутся (гос. пошлина, регистрационный сбор), возвращаются по месту их уплаты. ⚠️ Важно: Через сервис e-Otinish эта услуга НЕ оказывается. 📲 Как подать заявление по форме (№ 637): Онлайн: через портал eGov.kz или «Кабинет налогоплательщика». Оффлайн: на бумаге через ЦОН («Правительство для граждан»). Подробнее
🔹 Пусанда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады 🔸 В Пусане начала свою работу 48-я сессия Комитета Всемирного наследия ЮНЕСКО 🔹 The 48th Session of the UNESCO World Heritage Committee Opens in Busan @PressMFAKZ
⚡️ Контент үшін қауіпке барғандар: Жамбылда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды Жамбыл облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол ережелерін өрескел бұзудың бірнеше дерегін анықтады. Жолаушылар өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қатерге тігіп, қозғалыстағы автокөліктердің терезесінен денелерін сыртқа шығарған. Оқиғалардың бірінде мобилограф қатар келе жатқан автокөлікті бейнекамераға түсіру үшін көліктің терезесінен беліне дейін шығып тұрған. Полиция дер кезінде қауіпті әрекеттерді тоқтатты. Көлік жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция әлеуметтік желілерде әсерлі бейне түсіруге немесе көп қаралым жинауға деген ұмтылыс адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті ақтай алмайтынын ескертеді. Бір ғана абайсыз әрекет ауыр зардаптарға әкеліп, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ Водители, грубо нарушившие ПДД, привлечены к ответственности в Жамбыле В ходе мониторинга камер видеонаблюдения ЦОУ ДП Жамбылской области сотрудники полиции выявили несколько фактов грубого нарушения ПДД. Пассажиры, подвергая опасности свою жизнь и безопасность окружающих, высовывались из окон движущихся автомобилей. В одном из случаев мобилограф высунулся из окна автомобиля до уровня пояса, чтобы снять на видеокамеру движущийся рядом автомобиль. Полицейские своевременно пресекли опасные действия. Водители транспортных средств привлечены к ответственности за нарушение правил перевозки пассажиров. Полиция предупреждает, что стремление снять эффектное видео для социальных сетей или набрать большое количество просмотров не может оправдать риск для жизни и здоровья людей. Одно неосторожное действие может привести к тяжелым последствиям и стать причиной дорожно-транспортного происшествия. ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
✉️Глава государства направил телеграмму поздравления Королю Испании 🇰🇿🇪🇸Касым-Жомарт Токаев поздравил Короля Фелипе VI и его соотечественников с триумфом сборной Испании на чемпионате мира по футболу и завоеванием титула во второй раз. – Высокий уровень мастерства, слаженная командная игра и стремление к победе Вашей национальной сборной вызвали восхищение миллионов болельщиков. Признанный во всем мире передовой опыт Испании в сфере футбола может служить образцом для других стран. Пользуясь случаем, хотел бы особо отметить открытие в этом году в Казахстане Академии клуба «Атлетико Мадрид». Уверен, что эта инициатива придаст мощный импульс укреплению дружбы и многогранного сотрудничества между нашими народами, а также развитию контактов между молодежью, – говорится в телеграмме. Президент Казахстана пожелал Королю Фелипе VI успехов в его созидательных начинаниях, а дружественному испанскому народу – благополучия и процветания. t.me/aqorda_resmi
✉️Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇪🇸Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады. – Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
🏢Батыс Қазақстан облысында қайта жаңартудан кейін Семиглавый Мар (1916 жылы салынған) және Қазақстан (1937 жылы салынған) теміржол вокзалдары ашылды. Жаңартылған ғимараттар заманауи әрі жолаушыларға ыңғайлы етіп салынып, тарихи құндылығы сақталған. ▶️Қазақстан станциясы арқылы 12 жолаушылар пойызы, оның ішінде Ресей Федерациясына халықаралық маршруттар өтеді. Облыс бойынша барлығы 22 жолаушылар пойызы жүреді, оларды жыл басынан бері 124,8 мың жолаушы пайдаланды. ▶️Алматы облысында 1978 жылы салынған Қонаев станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Мұнда ғимараттың ауданы ұлғайтылып, платформа мен инженерлік желілер жаңартылды, сондай-ақ мобильділігі төмен жолаушылар үшін кедергісіз орта құрылды. ▶️Қонаев станциясы арқылы өңірді Алматы, Семей, Өскемен, Павлодар, Қызылорда және Қазақстанның басқа қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді. ▶️Жыл басынан бері Алматы облысында темір жолы көлігімен 11,3 мың жолаушы тасымалданды. ➖➖➖ 🏢В Западно-Казахстанской области после реконструкции открылись железнодорожные вокзалы Семиглавый Мар (1916 года постройки) и Казахстан (1937 года постройки). Обновленные здания сохранили свою историческую ценность, при этом стали современными и удобными для пассажиров. ▶️Через станцию Казахстан проходят 12 пассажирских поездов, в том числе международные маршруты в Российскую Федерацию. Всего по области курсируют 22 пассажирских поезда, которыми с начала года воспользовались 124,8 тысячи пассажиров. ▶️В Алматинской области завершена реконструкция вокзала станции Конаев, построенного в 1978 году. Здесь увеличили площадь здания, обновили платформу и инженерные сети, а также создали безбарьерную среду для маломобильных пассажиров. ▶️Через станцию Конаев проходят 12 пассажирских поездов, связывающих регион с Алматы, Семеем, Усть-Каменогорском, Павлодаром, Кызылордой и другими городами Казахстана, а также с Российской Федерацией. ▶️С начала года железнодорожным транспортом в Алматинскую область перевезено 11,3 тысячи пассажиров.
По поручению Президента РК началось строительство расширенного участка дороги Алматы - Бишкек 📌В Карасайском районе Алматинской области дан старт капитальному ремонту и расширению участка автомобильной дороги республиканского значения Алматы - Бишкек с 19-го по 27-й километр. Проект реализуется во исполнение поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию транспортной инфраструктуры и повышению пропускной способности автомобильных дорог. В мероприятии принял участие первый заместитель акима Алматы Алмасхан Сматлаев, а также представители акимата Алматинской области, АО «НК «ҚазАвтоЖол», Карасайского района, подрядных организаций и средств массовой информации. После ознакомления с техническими параметрами проекта строительная техника приступила к земляным работам. Реконструируемый участок является одним из наиболее загруженных направлений республиканской дорожной сети. Ежедневная интенсивность движения здесь превышает 70 тыс. автомобилей. Существующая четырехполосная дорога не обеспечивает необходимую пропускную способность, что приводит к систематическим заторам, снижению скорости движения и ухудшению транспортной связанности Алматы с пригородными населенными пунктами. Расширение участка позволит увеличить его пропускную способность, сократить время поездки и создать более безопасные и комфортные условия для водителей и пассажиров. В рамках проекта проезжая часть будет расширена с четырех до восьми полос. Также предусмотрены строительство двух транспортных развязок типа «подкова», девяти надземных пешеходных переходов, устройство тротуаров вдоль всего участка и современного наружного освещения. Кроме того, будут переустроены газопроводы, сети водоснабжения, электроснабжения и связи, а также уложено новое дорожное покрытие капитального типа. Проект получил положительное заключение государственной экспертизы в апреле 2026 года. Модернизация этого участка является частью комплексной работы по развитию транспортной системы Алматы. В городе продолжается строительство и продление шести радиальных дорог до БАКАД и семи магистральных улиц, параллельно развиваются метро, LRT и система SkyTrain.. Ожидается, что реализация проекта позволит снизить транспортную нагрузку на въезде и выезде из Алматы, повысить безопасность дорожного движения и улучшить сообщение между городом и пригородами. Проект также будет способствовать развитию международного транспортного коридора, связывающего Казахстан и Кыргызстан, укреплению торгово-экономических связей и повышению транзитного потенциала страны. Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды 📌 Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Алматы облысы әкімдігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Қарасай ауданы әкімдігінің, мердігер ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жобаның техникалық параметрлерімен танысқаннан кейін құрылыс техникасы жер жұмыстарына кірісті. Қайта жаңғыртылатын жол учаскесі республикалық жол желісіндегі ең қарқынды қозғалыс жүретін бағыттардың бірі саналады. Бұл жолмен тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Қазіргі төрт жолақты жолдың өткізу қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, көлік кептелісі жиі туындап, қозғалыс жылдамдығы төмендейді және Алматы қаласы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік байланысына кері әсерін тигізуде. Жолды кеңейту оның өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастырады. Жоба аясында жолдың жүріс бөлігі төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Сонымен қатар, «таға» үлгісіндегі екі жолайрық, тоғыз жерүсті жүргіншілер өткелі салынып, жол бойына тротуарлар мен заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұдан бөлек, газ құбырлары, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және байланыс желілері қайта жаңартылып, жолға жаңа күрделі үлгідегі жабын төселеді. Жоба 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Бұл жол учаскесін жаңғырту – Алматының көлік жүйесін кешенді дамыту жұмыстарының бір бөлігі. Қазіргі уақытта қалада Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін созылатын алты радиалды жол мен жеті магистральдық көшені салу және ұзарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар метро, LRT және SkyTrain жүйелері қатар дамытылып жатыр. Жобаны іске асыру нәтижесінде Алматы қаласына кіреберіс және шығаберіс бағыттардағы көлік жүктемесін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қала мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту көзделіп отыр. Сонымен қатар жоба Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын халықаралық көлік дәлізін дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🟢АҢДАТПА 📍Сейсенбі, 21 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — машина жасау саласын дамыту барысы. Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ⚫️ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев; ⚫️«Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ президенті Қайрат Еламанов; ⚫️Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева; ⚫️«Astana Motors мотор компаниясы» ЖШС бас директоры Бекнұр Несіпбаев; ⚫️«СарыарқаАвтоПром» ЖШС директорының орынбасары Әділ Шәйкемелов. БАҚ өкілдерін аккредиттеу 20 шілде, сағат 18:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. ➖ 🟢АНОНС 📍Во вторник, 21 июля, в 10:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства. Повестка заседания — развитие отрасли автомобилестроения. По итогам заседания состоится пресс-конференция. Спикеры: ⚫️министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев; ⚫️президент ОЮЛ «Союз промышленных инвесторов Казахстана» Кайрат Еламанов; ⚫️президент Казахстанского Автомобильного Союза Анар Макашева; ⚫️генеральный директор ТОО «Моторная компания Astana Motors» Бекнур Несипбаев; ⚫️заместитель директора ТОО «СарыаркаАвтопром» Адиль Шайкемелов. Аккредитация представителей СМИ продлится до 18:30 часов 20 июля (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET. 📱 @KZgovernment
☄️ Атырауда ер адамнан ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді Атырау облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 41 жастағы ер адамды ұстады. Тінту барысында күдіктінің автокөлігінен 125 грамм есірткі табылды. Сондай-ақ оқиға орнында жасырған жерінен 81 грамм есірткі тәркіленді. Аталған заттар жалпы салмағы 206 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ‼️ Полиция есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың болашағына бейжай қарамай, есірткіден аулақ болыңыз. ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ☄️ Крупную партию синтетических наркотиков изъяли у мужчины в Атырау В Атырауской области сотрудники полиции в ходе оперативно-розыскных мероприятий задержали 41-летнего мужчину, подозреваемого в сбыте наркотических средств. При обыске его автомобиля было обнаружено и изъято 125 гр наркотиков. Кроме того, на месте происшествия из оборудованного тайника полицейские изъяли еще 81 гр наркотического вещества. Согласно заключению экспертизы, изъятое является синтетическим наркотиком Альфа-PVP общей массой 206 гр. По данному факту проводилось досудебное расследование по факту незаконного приобретения, хранения, перевозки и сбыта наркотических средств, психотропных веществ и их аналогов. В настоящее время уголовное дело направлено в суд. Иная информация в соответствии со статьей 201 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан разглашению не подлежит. ‼️ Полиция предупреждает, что любые незаконные действия, связанные с наркотиками, влекут уголовную ответственность. Не подвергайте опасности свою жизнь и будущее своих близких — откажитесь от наркотиков. ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🗣Ұлттық тасымалдаушы №81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагонын іске қосады ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы Тальго жолаушылар пойызының құрамына әйелдер вагонын енгізеді. Бұл…
🗣Ұлттық тасымалдаушы №81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагонын іске қосады ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы Тальго жолаушылар пойызының құрамына әйелдер вагонын енгізеді. Бұл шешім аталған қызметке жолаушылар тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты қабылданды. ▶️№81/82 «Нұрлы жол – Орал» пойызы елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта пойыз күнара қатынайды: «Нұрлы жол» вокзалынан – жұп күндері сағат 23:55-те жөнеледі; Орал станциясына – жұп күндері сағат 05:20-да келеді; Орал станциясынан – жұп күндері сағат 09:55-те жөнеледі; «Нұрлы жол» вокзалына – тақ күндері сағат 15:04-те келеді. ▶️Бағыт бойында 9 аялдама қарастырылған. ▶️Жаңа вагонның іске қосылуымен әйелдер вагоны қызметі қолжетімді бағыттардың саны 13-ке жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда қатынайды: №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау»; №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»; №45/46 «Павлодар – Түркістан»; №37/38 «Маңғыстау – Семей»; №47/48 «Атырау – Нұрлы жол»; №33/34 «Алматы-1 – Ақтөбе»; №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2»; №71/72 «Нұрлы жол – Шымкент»; №24/23 «Ақтөбе – Алматы-1»; №25/26 «Алматы-2 – Шымкент»; №354/353 «Нұрлы жол – Семей»; №614/613 «Орал – Маңғыстау»; №81/82 «Нұрлы жол – Орал». ▶️Әйелдер вагонында ересектердің еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі (қоса алғанда) ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі. ▶️Билеттерді теміржол кассаларынан кассирге әйелдер вагонын таңдағаныңызды хабарлау арқылы, сондай-ақ, bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде әйелдер вагонын білдіретін «ӘЙ» белгісіне назар аудару қажет. ▶️Жолаушыларды тасымалдау қағидаларына сәйкес, билет сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады. Бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
🗣ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді ➡️ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еліміздің негізгі инфрақұрылымдық жобаларының бірі Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысын жалғастыруда. ➡️Бүгінгі таңда нысанда 57 км негізгі және станциялық жолдар төселген. Құрылысқа 1200 астам маман жұмылдырылса, олардың көпшілігі Түркістан облысының тұрғындары. Жұмыстар 800 бірліктен астам арнайы техниканы пайдалана отырып жүргізілуде. ➡️Сонымен қатар Мақтаарал шекара маңы станциясының құрылысы жалғасуда. Мұнда шекара және кеден қызметтерінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы үшін қажетті инфрақұрылым құрылады. ➡️ҚТЖ кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. Компания филиалдары басшыларына Мақтаарал, Сарыағаш және Жетісай аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен және жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп теміржол инфрақұрылымы объектілерінде одан әрі жұмыс істеу үшін жергілікті тұрғындарды оқыту мен жұмысқа орналастыруды жандандыру тапсырылды. ➡️Жаңа желі іске қосылғаннан кейін 400 жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. ➡️Жаңа теміржол желісі Мақтаарал және Жетісай аудандарының ҚТЖ негізгі желісімен тікелей байланысын қамтамасыз етеді. Бұл Сарыағаш шекара станциясына жүктемені шамамен 40% төмендетуге, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің тиімділігін арттыруға және Қазақстанның оңтүстігіндегі экономиканы, бизнесті және логистиканы дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға жол ашады. ➖➖➖ 🗣КТЖ ускоряет строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал ➡️АО «НК «Қазақстан темір жолы» продолжает строительство новой железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал — одного из ключевых инфраструктурных проектов страны. ➡️На сегодняшний день на объекте уложено 57 км главных и станционных путей. В строительстве задействованы более 1 200 специалистов, большинство из которых — жители Туркестанской области. Работы ведутся с использованием свыше 800 единиц специальной техники. ➡️Параллельно продолжается строительство приграничной станции Мактаарал. Здесь создается необходимая инфраструктура для работы пограничной и таможенной служб, а также других государственных контрольных органов. ➡️Особое внимание КТЖ уделяет подготовке кадров. Руководителям филиалов Компании совместно с местными исполнительными органами и центрами занятости Мактааральского, Сарыагашского и Жетысайского районов поручено активизировать обучение и трудоустройство местных жителей для дальнейшей работы на объектах железнодорожной инфраструктуры. ➡️После ввода новой линии в эксплуатацию будет создано около 400 постоянных рабочих мест. ➡️Новая железнодорожная линия обеспечит прямое сообщение Мактааральского и Жетысайского районов с основной сетью КТЖ. Это позволит примерно на 40 % снизить нагрузку на пограничную станцию Сарыагаш, повысить эффективность международного транспортного коридора «Север – Юг» и создать дополнительные возможности для развития экономики, бизнеса и логистики юга Казахстана.
❓Тіркеуді растау туралы хат келмеді ме? Егер тіркеуді растауға арналған сілтеме көрсетілген хат келмесе немесе сілтеменің жарамдылық мерзімі (48 сағат) өтіп кетсе, алаңдамаңыз. 📌 Мәселенің шешімі карусельде. —— ❓Не получили письмо с подтверждением регистрации? Если вы не получили письмо со ссылкой для подтверждения регистрации или срок действия ссылки (48 часов) уже истек, не переживайте. 📌 Подробное решение в карусели.