🚔 Қызылорда облысында полицейлер жол үстінде сырқаттанған балаға көмек көрсетті Қостанай облысынан Түркістан қаласына жолға шыққан отбасы Қызылорда облысының Қазалы ауданы аумағында келе жатқанда олардың кәмелетке толмаған баласының дене қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлаған. Осыған байланысты ата-анасы жол жиегіне тоқтауға мәжбүр болған. Осы сәтте аталған бағытта қызмет атқарып жүрген Қызылорда облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері тоқтап тұрған автокөлікті байқап, мән-жайды анықтаған. Жағдайдың шұғыл екенін түсінген полицейлер дереу жедел медициналық жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенге дейін балаға алғашқы қажетті көмек көрсеткен. Кейін полиция қызметкерлері жедел жәрдем бригадасымен бірлесіп, арнайы автокөліктің медициналық мекемеге кедергісіз әрі уақытылы жетуін қамтамасыз еткен. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қиын сәтте көмекке ұмтылған тәртіп сақшыларына баланың ата-анасы шынайы алғыстарын білдіріп, олардың кәсібилігі мен жанашырлығына ризашылықтарын жеткізді. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли заболевшему в дороге ребенку в Кызылординской области Семья, следовавшая из Костанайской области в Туркестан, во время движения по территории Казалинского района Кызылординской области была вынуждена остановиться на обочине дороги из-за резкого ухудшения самочувствия несовершеннолетнего ребенка — у него поднялась высокая температура. В этот момент по данному маршруту несли службу сотрудники патрульной полиции департамента полиции Кызылординской области. Заметив остановившийся автомобиль, они выяснили обстоятельства произошедшего. Поняв, что ситуация требует незамедлительного вмешательства, полицейские сразу вызвали бригаду скорой медицинской помощи и до прибытия врачей оказали ребенку необходимую помощь. В дальнейшем сотрудники полиции совместно с бригадой скорой помощи обеспечили беспрепятственное и оперативное сопровождение специализированного автомобиля до медицинского учреждения. Благодаря слаженным и оперативным действиям полицейских ребенку своевременно была оказана необходимая медицинская помощь. Родители ребенка выразили искреннюю благодарность сотрудникам полиции за своевременно оказанную помощь, профессионализм и неравнодушное отношение. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді – Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда еліңізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді бәріміз үлкен қызығушылықпен қараймыз. Бұл, ең алдымен, Сіздің көреген басшылығыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасы деп санаймын. Өзіңізді халқын алға бастап келе жатқан тегеурінді көшбасшы және жаһандық деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде ерекше құрметтеймін. Сіз көтерген игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазақстан Қытаймен мәңгілік әрі стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайта беруге қашанда мүдделі. Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🇨🇳ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға орайлы мүмкіндік туып отырғанына назар аударды. – Бірлескен күш-жігердің арқасында Қытай мен Қазақстанның мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі жоғары деңгейге жетті. Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор. Қазақстан Президенті Қытаймен достық саясат жүргізіп отыр. Бұл халықтарымыздың мүддесіне сай келеді, – деді Си Цзиньпин. @ptrkkz
✍️ По завершении встречи лидеров Казахстана и Китая были подписаны Программа и Дорожная карта торгово-экономического сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики на период 2027-2030 годы. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды. t.me/aqorda_resmi
🇨🇳Председатель КНР, приветствуя Президента Казахстана, отметил, что сегодня представилась благоприятная возможность для обсуждения актуальных вопросов двусторонней повестки дня – Совместными усилиями отношения вечного всестороннего стратегического партнерства между Китаем и Казахстаном достигли высокого уровня. Вместе с тем имеется значительный потенциал для их развития. Президент Казахстана проводит дружественную политику в отношении Китая, это отвечает интересам народов обеих стран, – сказал Си Цзиньпин. 🟦Кроме того, Председатель КНР дал высокую оценку проводимому по инициативе Президента Касым-Жомарта Токаева курсу масштабных преобразований, а также поздравил его с принятием новой Конституции и пожелал успехов на предстоящих выборах в Курултай. t.me/aqorda_resmi
🇨🇳ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға орайлы мүмкіндік туып отырғанына назар аударды – Бірлескен күш-жігердің арқасында Қытай мен Қазақстанның мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі жоғары деңгейге жетті. Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор. Қазақстан Президенті Қытаймен достық саясат жүргізіп отыр. Бұл халықтарымыздың мүддесіне сай келеді, – деді Си Цзиньпин. 🟦Сонымен қатар ҚХР Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге жоғары баға беріп, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев отметил, что с каждым годом крепнут культурно-гуманитарные связи – В прошлом году Казахстан посетили более 1 миллиона граждан Китая. В столицах двух стран открылись культурные центры. В нашей стране успешно функционируют мастерские Лу Баня. Это является еще одним свидетельством дружбы и взаимного доверия, сложившихся между двумя народами, – подчеркнул Президент. 🟦Глава государства обратил внимание на высокий уровень взаимодействия на международной арене. 🟦Два государства придерживаются схожих позиций по вопросам глобального устойчивого развития и обеспечения безопасности. 🟦В частности, налажены эффективные контакты в рамках ООН, ШОС, СВМДА, а также формата «Центральная Азия – Китай». t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыс жылдан жылға нығайып келе жатқанына тоқталды – Былтыр Қазақстанға 1 миллионнан астам Қытай азаматы сапарлап келді. Екі ел астаналарында мәдени орталықтар ашылды. Елімізде Лу Бань шеберханалары табысты жұмыс істеуде. Бұл – қос халықтың арасында қалыптасқан достық пен өзара сенімнің тағы бір айғағы, – деді Президент. 🟦Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы ықпалдастықтың жоғары деңгейіне назар аударды. 🟦Екі мемлекеттің жаһандық орнықты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ұстанымдары – ортақ. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Орталық Азия – Қытай» форматы аясында тиімді байланыстар орнаған. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳Президент Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Председателем Китайской Народной Республики Си Цзиньпином 🟦Глава государства Касым-Жомарт Токаев поблагодарил Председателя Си Цзиньпина за приглашение принять участие во Всемирной конференции по искусственному интеллекту, отметив символичность проведения данного мероприятия в Шанхае – «жемчужине Востока». 🟦Касым-Жомарт Токаев поздравил Председателя КНР со 105-летием со дня основания Коммунистической партии Китая. – Китай обладает огромным авторитетом в международном сообществе, его достижения получили признание во всем мире. Сегодня мы все с большим интересом наблюдаем за впечатляющими изменениями, происходящими в Вашей стране. Считаю, что это, прежде всего, результат Вашего дальновидного руководства и неустанного труда. Я глубоко уважаю Вас как сильного лидера, ведущего свой народ вперед, и как мудрого политика глобального масштаба. Мы всегда готовы поддерживать Ваши благородные инициативы. Казахстан неизменно заинтересован во всестороннем укреплении вечного и стратегического партнерства с Китаем. За последние годы политический диалог между нашими государствами значительно активизировался, – заявил Касым-Жомарт Токаев. 🟦По словам Президента, в торгово-экономической сфере достигнуты большие успехи. 🟦Китай является крупнейшим торговым партнером Казахстана. На сегодняшний день КНР инвестировала в экономику нашей страны 30 миллиардов долларов. В прошлом году объем двусторонней торговли достиг 49 миллиардов долларов. Сейчас в Казахстане успешно работают более 8,5 тысячи китайских компаний. 🟦Реализуются крупные совместные проекты в различных секторах экономики, в том числе в промышленности, энергетике, газохимии, машиностроении и сельском хозяйстве. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді 🟦Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект жөніндегі конференцияға қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы іс-шараның Шығыстың інжу-маржаны – Шанхай қаласында ұйымдастырылуы символдық мәнге ие екенін жеткізді. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады. – Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда еліңізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді бәріміз үлкен қызығушылықпен қараймыз. Бұл, ең алдымен, Сіздің көреген басшылығыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасы деп санаймын. Өзіңізді халқын алға бастап келе жатқан тегеурінді көшбасшы және жаһандық деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде ерекше құрметтеймін. Сіз көтерген игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазақстан Қытаймен мәңгілік әрі стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайта беруге қашанда мүдделі. Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Президенттің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық салада мол табысқа қол жеткізді. 🟦Қытай – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Осы уақытқа дейін ҚХР еліміздің экономикасына 30 миллиард доллар инвестиция салды. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 49 миллиард долларға жетті. Қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан аса Қытай компаниясы жемісті жұмыс істеп жатыр. 🟦Өнеркәсіп, энергетика, газ-химия, машина жасау және ауыл шаруашылығы секілді экономиканың түрлі секторында бірлескен ірі жобалар жүзеге асырылуда. t.me/aqorda_resmi
🔹 Қазақстан СІМ мен ЕҚДБ климаттық және инвестициялық жобаларды іске асырудағы стратегиялық әріптестікті нығайтуда 🔸 МИД Казахстана и ЕБРР укрепляют партнерство в реализации климатических и инвестиционных проектов 🔹 Kazakhstan's Foreign Ministry and the EBRD Strengthen Partnership on Climate and Investment Projects @PressMFAKZ
🔹 Berglandmilch пен Desserta Hellas Қазақстанда сүт өнімдерін өндіруді жергіліктендіру мүмкіндігін қарастыруда 🔸 Berglandmilch и Desserta Hellas рассматривают локализацию производства молочной продукции в Казахстане 🔹 Austrian Berglandmilch and Greek Desserta Hellas Consider Localising Dairy Production in Kazakhstan @PressMFAKZ
🚁🪖 Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Абай облысының Бородулиха ауданында 16 шілде күні тұтанған ірі орман өртін сөндіруге қатысып жатыр. 🚁🪖 Авиация Минобороны привлечена к тушению лесного пожара в области Абай Военнослужащие Сил воздушной обороны Вооруженных сил Республики Казахстан принимают участие в ликвидации крупного лесного пожара, возникшего 16 июля в Бородулихинском районе области Абай. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🔹 Иорданияның Тәуелсіз сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстандағы сайлауды байқауға қатысады 🔸 Представители Избирательной комиссии Иордании примут участие в наблюдении за выборами в Казахстане 🔹 Representatives of Jordan’s Independent Election Commission will Participate in Observing the Elections in Kazakhstan @PressMFAKZ
🔗 Наш Президент: «Мы закладываем основу единой цифровой экосистемы в сфере международных грузовых перевозок. Главным проектом Казахстана в этой области является платформа Smart Cargo» @ptrkkz
📌 Как правильно заполнить декларацию по форме 910.00 Подготовили для вас пошаговую видеоинструкцию по заполнению формы 910.00 за первое полугодие 2026 года. В ролике подробно показан весь процесс – от начала заполнения до отправки декларации. 💡 Сохраняйте публикацию, чтобы инструкция всегда была под рукой, и делитесь ею с другими предпринимателями.
📌 910.00 нысаны бойынша декларацияны қалай дұрыс толтыруға болады Сіздер үшін 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған 910.00 нысанын толтыру бойынша қадамдық бейненұсқаулық дайындадық. Бейнеде декларацияны толтырудың барлық кезеңі – толтыруды бастаудан декларацияны жіберуге дейінгі процесс толық көрсетілген. 💡 Нұсқаулықты жоғалтып алмау үшін жарияланымды сақтап қойыңыз және оны басқа кәсіпкерлермен бөлісіңіз.
Арқалықта Магистральдық желі дирекциясы басшылығының жұмыс сапары өтті Жұмыс сапары барысында инфрақұрылым жөніндегі Басқарушы директор - "ҚТЖ "ҰК" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының директоры Сәкен Рахметов теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жағдайымен және Арқалық теміржол вокзалындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сапар аясында құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен қорытынды кеңес өтті, онда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды күтіп ұстау, объектілерді алдағы пайдалану кезеңдеріне дайындау, сондай-ақ өндірістік жоспарлар мен ағымдағы міндеттерді орындау мәселелері қаралды. 1972 жылы салынған Арқалық теміржол вокзалы қайта жөндеуден өтуде. Жөндеу нәтижесінде ғимараттың ауданы 1 772-ден 2 400 шаршы метрге дейін ұлғаяды. Вокзал жұмыс көлемі бойынша II сыныпқа жатады, бір жолаушылар платформасымен жабдықталған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жіберілген жолаушылардың орташа тәуліктік саны 410 адамды, есептік орташа тәуліктік жолаушылар ағыны — 799 адамды құрады. Арқалық станциясы арқылы сегіз пойыз жүреді, оның ішінде Астана, Қостанай және Шұбаркөл қалаларымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін төрт қала маңындағы қатынас бар. Нысанды аралау барысында орындалған жұмыстардың сапасына, оның ішінде инженерлік және технологиялық жабдықтарды қосуға ерекше назар аударылды. Жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бақылауды күшейту, анықталған ескертулерді уақтылы жоюды қамтамасыз ету және барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп вокзал маңы аумағын кешенді дамыту қажеттілігіне, сондай-ақ тұрғындар үшін теміржол қатынасының қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруды қоса алғанда, өңірдің көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін пысықтауға баса назар аударылды. ➖➖➖ В Аркалыке состоялся рабочий выезд руководства Дирекции магистральной сети В ходе рабочей поездки Управляющий директор по инфраструктуре – директор филиала АО «НК «ҚТЖ» – «Дирекция магистральной сети» Сакен Рахметов ознакомился с состоянием объектов железнодорожной инфраструктуры и ходом ремонтных работ на железнодорожном вокзале Аркалыка. В рамках визита также состоялось узловое совещание с участием руководителей структурных подразделений, на котором рассмотрены вопросы обеспечения безопасности движения, содержания инфраструктуры, подготовки объектов к предстоящим периодам эксплуатации, а также исполнения производственных планов и текущих задач. Железнодорожный вокзал Аркалыка, построенный в 1972 году, проходит реконструкцию. В результате ремонта площадь здания увеличится с 1 772 до 2 400 кв. м. Вокзал относится ко II классу по объему выполняемых работ, оснащен одной пассажирской платформой. По итогам 2025 года среднесуточное количество отправленных пассажиров составило 410 человек, расчетный среднесуточный пассажиропоток — 799 человек. Через станцию Аркалык курсируют восемь поездов, в том числе четыре пригородного сообщения, обеспечивающие железнодорожное сообщение с Астаной, Костанаем и Шубарколем. В ходе посещения объекта особое внимание было уделено качеству выполненных работ, в том числе подключению инженерного и технологического оборудования. Даны поручения усилить контроль на всех этапах реализации проекта, обеспечить своевременное устранение выявленных замечаний и завершить все работы в установленные сроки. Кроме того, акцентировано внимание на необходимости комплексного развития привокзальной территории совместно с местными исполнительными органами, а также проработки вопросов дальнейшего развития транспортной инфраструктуры региона, включая повышение доступности и удобства железнодорожного сообщения для жителей.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Семей орманы» аумағындағы жұмыстарды үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді 🔵Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Абай облысына шұғыл баруды тапсырды. Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды. 2026 жыл 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді. 📌 Жедел штаб жұмысы Премьер-министрдің жеке бақылауында. ➖ По поручению Премьер-министра для координации работ в «Семей орманы» направлены министры по ЧС и экологии 🔵 Премьер-министр Олжас Бектенов поручил министру по чрезвычайным ситуациям Чингису Аринову и министру экологии и природных ресурсов Ерлану Нысанбаеву незамедлительно направиться в область Абай для координации работ по ликвидации лесного пожара на территории «Семей орманы». Поручено усилить меры для оперативного предотвращения огня и защиты ближайших населенных пунктов. По состоянию на 16:00 часов 16 июля 2026 года, в пожаротушении задействовано свыше 400 человек и порядка 100 единиц техники. Произведены вбросы воды, объемом свыше 100 тонн. 📌 Работа штаба находится на личном контроле руководителя Правительства. 📱 @KZgovernment
🇰🇿🇨🇳Президент Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен суретке түсті **** 🇰🇿🇨🇳Совместное фото Президента с руководителями ведущих компаний Китая 📸 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесу 📍ҚХР, Шанхай қаласы **** 🇰🇿🇨🇳Встреча с руководителями ведущих компаний Китая 📍г.Шанхай, КНР 🎦 t.me/aqorda_resmi
11. «Қазақтелеком» АҚ мен HV & Submarine Hengtong Group компаниясы арасындағы «Дата-орталықтар алқабын» дамыту шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім; 12. Harvest Group компаниясы мен Minmetals Logistics Group Co., Ltd. компаниясы арасында «Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық дәлізі («Қорғас – Шығыс қақпасы» екі паркі) жобасы бойынша эксклюзивті ынтымақтастық туралы келісім; 13. «Транстелеком» АҚ мен GuoDong Group компаниясы арасында антенналық-діңгекті құрылыстар салу туралы шарт; 14. Qazaq AI Research University мен Shanghai Innovation Institute арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 15. Алматы қаласының әкімдігі, NERO Group компаниясы және UBTECH Robotics компаниясы арасында Алматы қаласында жасанды интеллект пен робот техникасын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 16. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сучжоу университеті арасындағы бірлескен институтты құру туралы келісім; 17. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Jiangsu Huibo Robot Technology компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. ✍️ Мемлекет басшысының Шанхайға жұмыс сапары аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Бұл құжаттар жасанды интеллект, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, қаржы, агроөнеркәсіп кешені, машина жасау және басқа да жоғары технологиялық салаларды қамтиды. t.me/aqorda_resmi
11. Соглашение о базовых принципах сотрудничества в рамках развития «Долины дата-центров» между АО «Казахтелеком» и компанией HV & Submarine Hengtong Group; 12. Соглашение об эксклюзивном сотрудничестве по проекту «Казахстанско-китайский международный логистический коридор (два парка «Хоргос – восточные ворота»)» между компаниями Harvest Group и Minmetals Logistics Group Co., Ltd.; 13. Договор между АО «Транстелеком» и компанией GuoDong Group по строительству антенно-мачтовых сооружений; 14. Меморандум о сотрудничестве между Qazaq AI Research University и Shanghai Innovation Institute; 15. Соглашение о сотрудничестве в области развития искусственного интеллекта и робототехники в городе Алматы между акиматом г.Алматы, компанией NERO Group и UBTECH Robotics; 16. Соглашение между Казахским национальным университетом им.Аль-Фараби и университетом Сучжоу о создании совместного института; 17. Соглашение о сотрудничестве между Казахским национальным университетом им.Аль-Фараби и компанией Jiangsu Huibo Robot Technology. ✍️ В рамках рабочего визита Главы государства в Шанхай подписано более 70 коммерческих соглашений на общую сумму свыше 15 миллиардов долларов. Заключенные соглашения охватывают сферы искусственного интеллекта и цифровизации, транспортной инфраструктуры, финансов, агропромышленного комплекса, машиностроения и других высокотехнологичных отраслей. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Xiaomi корпорациясының президенті Лу Вэйбинмен кездесті 🟦Жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын компанияның жетекшісімен әңгімелесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заманауи цифрлық экономика қалыптастыруға, жасанды интеллект пен жоғары технологиялық өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріп отырғанын айтты. 🟦Мемлекет басшысы өңірде Xiaomi брендіне сұраныс арта түскенін атап өтті. Компанияның озық технологияларды игеруде тәжірибесі мол екенін ескеріп, жасанды интеллектіні, есептеуіш қуатын, «бұлтты» технологияларды және цифрлық платформаларды дамыту бағытында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуетін зерделеп көру ұсынылды. 🟦Лу Вэйбин корпорацияның стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. 🟦Xiaomi басшылығы Қазақстан мен Орталық Азия нарығында дистрибуцияны барынша реттеуді жоспарлап отыр. 🟦Сонымен қатар күрделі ЖИ-жүйелерге қызмет көрсету үшін жергілікті мамандарды даярлау мәселесі де күн тәртібінде тұр. 🟦Бұл ретте Президент еліміздің электромобиль, аккумулятор өндірісін жолға қоюға, сондай-ақ интеллектуалдық көлік жүйелерін дамытуға мүдделі екенін жеткізді. 🟦Мемлекет басшысы Xiaomi компаниясының Қазақстан нарығында қызмет аясын кеңейтуге және ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған барлық бастамасын қолдауға дайын екенін растады. t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял партнера и президента Xiaomi Corporation Лу Вэйбина 🟦В ходе беседы с руководством компании, являющейся одним из мировых лидеров в сфере высоких технологий, были обсуждены перспективы взаимовыгодного сотрудничества. 🟦Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Казахстан уделяет особое внимание формированию современной цифровой экономики, развитию искусственного интеллекта и высокотехнологичной промышленности. 🟦Глава государства отметил растущую популярность бренда Xiaomi в нашем регионе. Учитывая колоссальный опыт компании во внедрении передовых технологий, было предложено изучить потенциал реализации совместных проектов в области ИИ, вычислительных мощностей, облачных технологий и цифровых платформ. 🟦В свою очередь Лу Вэйбин поделился стратегическими планами развития корпорации. 🟦Руководство Xiaomi рассматривает возможности перехода к более упорядоченной дистрибуции на рынке Казахстана и Центральной Азии. 🟦В повестке дня также стоит вопрос о подготовке местных кадров для обслуживания сложных ИИ-систем. 🟦В этом контексте Глава государства отметил заинтересованность нашей страны в налаживании партнерства в области производства электромобилей, аккумуляторов, а также интеллектуальных транспортных систем. 🟦В завершение Касым-Жомарт Токаев подтвердил готовность поддержать инициативы компании Xiaomi, направленные на расширение сферы деятельности на рынке Казахстана и развитие долгосрочного стратегического партнерства. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньмен жоғары технология саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық перспективасын талқылады. ✔️Мемлекет басшысы CATL компаниясының елімізде аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салу бастамасын құптады. ✔️Бұл кәсіпорын Орталық Азияда осындай ауқымдағы алғашқы өндіріс орнына айналуы мүмкін. ✔️Президент Қазақстанның шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі тұтас өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндігі толық жететінін атап өтті. ✔️Пань Цзянь CATL Қазақстанды компания қызметінің басты бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыратын маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. ✔️Сонымен қатар оның компаниясы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсатына жәрдемдесе алатынын айтты. ➡️Contemporary Amperex Technology (CATL) 2011 жылы құрылған, электромобильдерге арналған аккумулятор өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы саналады (нарықтың 40 пайызы) және Қытайдағы белгілі әрі ірі компаниялар қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша CATL аккумулятор өнімдерін сату көлемі 661 ГВт-сағатқа жетіп, табыс 62,6 миллиард долларды, соның ішінде таза пайда 10,6 миллиард долларды құрады. t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял сопредседателя cовета директоров CATL Пань Цзяня ✔️Президент Касым-Жомарт Токаев обсудил с сопредседателем cовета директоров Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) Пань Цзянем перспективы долгосрочного сотрудничества в высокотехнологичных отраслях. ✔️Глава государства приветствовал готовность CATL к строительству в нашей стране завода по выпуску аккумуляторных батарей. ✔️Данное предприятие может стать первым производством подобного масштаба в Центральной Азии. ✔️Президент отметил, что Казахстан имеет все возможности для формирования полного производственного цикла от переработки сырья до выпуска готовой продукции. ✔️В свою очередь Пань Цзянь сообщил, что CATL рассматривает Казахстан как важного и надежного партнера для реализации совместных проектов по ключевым направлениям деятельности компании. ✔️В данном контексте глава СATL отметил, что его компания может оказать содействие Казахстану в достижении стратегической цели – углеродной нейтральности к 2060 году. ➡️Contemporary Amperex Technology (CATL), основанная в 2011 году, является мировым лидером по производству аккумуляторов для электромобилей (40% рынка) и входит в число крупнейших публичных компаний Китая. По итогам 2025 года объем реализации аккумуляторной продукции CATL достиг 661 ГВт/ч, выручка составила 62,6 млрд долларов, чистая прибыль – 10,6 млрд долларов. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдады 🟦Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты. 🟦Президент Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. 🟦Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы атап өтілді. 🟦Мемлекет басшысы бірлескен кәсіпорын Каспий маңы елдері мен одан тысқары жерлерде қауіпсіз теңіз қатынасын қамтамасыз ету қызметін ұсынатын өңірлік орталық қалыптастыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. 🟦Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар аясында Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімге қол қойылуын құптады. 🟦Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі. 🟦Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны СССС компаниясына еншілес China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жоспарланып отыр. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев принял президента China Communications Construction Company Чжан Биньнаня 🟦В ходе встречи был обсужден ход реализации совместных проектов, имеющих стратегическое значение для укрепления транспортно-логистического и энергетического потенциала нашей страны. 🟦Глава государства отметил, что за годы работы в Казахстане СССС зарекомендовала себя как надежный и профессиональный партнер, успешно реализующий сложные инфраструктурные решения. 🟦Президент обратил внимание на стратегическую важность строительства железнодорожной линии Бахты – Аягоз, которая поможет существенно увеличить объем грузоперевозок между Казахстаном и Китаем. 🟦Кроме того, была отмечена важность создания совместного предприятия по проведению дноуглубительных работ в акватории Каспийского моря. 🟦Глава государства выразил уверенность в том, что создание совместного предприятия позволит также сформировать региональный центр, который сможет оказывать услуги по обеспечению безопасного мореплавания в странах Каспийского региона и за его пределами. 🟦Собеседники также обсудили перспективные инициативы в энергетической сфере. 🟦Касым-Жомарт Токаев приветствовал подписание в рамках данного визита Соглашения о совместной разработке проекта по строительству первой в Казахстане гидроаккумулирующей электростанции. 🟦По его словам, данный объект укрепит надежность национальной энергосистемы. 🟦Гидроэлектросооружение мощностью 600 МВт планируется возвести с участием дочерней компании СССС – China International Water & Electric Corporation – в долине реки Каргалы в Алматинской области. t.me/aqorda_resmi