🔹 ІІМ: Үш елдің аумағында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатуға бағытталған халықаралық арнайы операция жүргізілді Толық ақпарат сайтта. 🔹 МВД: Международная спецоперация по пресечению деятельности транснациональной организованной преступной группы проведена на территории трех стран Подробная информация на сайте.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық…
Жаңа Салық кодексі қандай өзгерістер әкеледі және азаматтардың мүддесін қалай қорғайды? 📌 Ашық әрі тұрақты экономикалық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі – жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің күшіне енуі болды. Жаңа салық саясаты нақты секторды жан-жақты қолдауға және салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған. Реформа қазірдің өзінде елеулі макроэкономикалық нәтижелер көрсетіп отыр. Биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджет кірістері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шамамен 16%-ға өсті. Елдің кіріс базасын нығайтуға ҚҚС түсімдерінің шамамен бір жарым есеге артуы да елеулі үлес қосты. Салық реформасының тиімділігі республикалық бюджеттің биылғы бірінші жартыжылдықтағы орындалу қорытындыларынан да көрінеді. Трансферттерді есептемегендегі бюджет кірістері 8,5 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,6%-ға орындалды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,6%-ға немесе 1,7 трлн теңгеге артық. Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі шаралардың нәтижесінде ҚҚС төлеушілер саны 22,3 мыңға артып, 158,2 мың субъектіге жетті. Осы оң үрдісті сақтап, нәтижесін нығайту мақсатында 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітілді. КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталды, бірақ банк қызметі үшін ол 25%-ға дейін көтерілді. Ал аграрлық сектор үшін жеңілдетілген 3% мөлшерлеме белгіленді. ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16% болып бекітілді. Осы ретте дәрілік заттарға, оқу әдебиеттеріне және баспасөз өнімдеріне төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізілді. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК болып белгіленді. Реформа аясында ЖТС бойынша прогрессивті мөлшерлеме енгізілді – жоғары табысқа салынатын салық. Енді жоғары табыс алатын азаматтар жылына 8,5 мың АЕК немесе 36,7 млн теңгеден асатын кіріс бөлігіне ғана 15% мөлшерлемемен салық төлейді. Ал қалған азаматтар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар БЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылды. Сондай-ақ пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автокөліктер үшін көлік салығы 30%-ға, ал 20 жылдан асатын автокөліктер үшін 50%-ға төмендетілді. Бұдан бөлек, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік салықтық шегерім мөлшері 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Салықтық әкімшілендіру жүйесі сервистік модельге көшуде: нәтижесінде салықтар мен алымдардың жалпы саны 20%-ға, ал салықтық есептілік нысандарының саны 30%-ға қысқартылды. Реформаны үйлестіру мақсатында 239 нормативтік құқықтық акт қабылданып, Жобалық офис инфрақұрылымы құрылды. ➖ Какие изменения несет в себе новый Налоговый кодекс и как он защищает интересы граждан? 📌 Важнейшим шагом на пути к созданию прозрачной и устойчивой экономической экосистемы стало введение в действие новых Налогового и Бюджетного кодексов. Новая налоговая политика ориентирована на всестороннюю поддержку реального сектора и справедливое распределение нагрузки. Реформа уже приносит серьезные макроэкономические результаты: в первом полугодии доходы государственного бюджета увеличились почти на 16% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Отдельным фискальным драйвером выступили поступления по НДС, которые возросли почти в полтора раза, укрепив доходную базу страны. Эффективность налоговых преобразований подтверждается и исполнением республиканского бюджета за первое полугодие: его доходы без учета трансфертов достигли 8,5 трлн тенге – 100,6% к плану, увеличившись на 24,6% или на 1,7 трлн тенге к прошлому году. Важным результатом вывода бизнеса из тени стал рост числа плательщиков НДС на 22,3 тыс. – до 158,2 тыс. субъектов. Для закрепления этого тренда утвержден Комплексный план по противодействию теневой экономике на 2026–2028 годы. При этом базовая ставка КПН сохранена на уровне 20%, но для банковской деятельности она повышена до 25%, а для аграриев, напротив, установлена на льготном уровне в 3%. Базовая ставка НДС зафиксирована на отметке 16%, при этом введены пониженные ставки на медикаменты,
Қазақстан Орталық Азиядағы greenfield-жобалардың 89%-ын тартты 📌 Айта кету керек, Үкімет жүзеге асырып жатқан реформалар 2029 жылға қарай елдің жалпы ішкі өнімін $450 млрд-қа дейін екі есеге ұлғайту және кемінде $150 млрд көлемінде шетелдік инвестиция тарту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға тікелей бағытталған. Шетелдік компаниялардың елімізге инвестиция салуына қолайлы жағдай жасау мақсатында инвесторлардың барлық мәселелерін жедел әрі нақты уақыт режимінде шешетін Инвестициялық штаб құрылды. Құны $60 млн-нан асатын ірі жобалар үшін республиканың заңнамасының 25 жыл бойы тұрақтылығына кепілдік беретін Инвестициялар туралы келісім тетігі енгізілді. Бүгінгі таңда осындай 57 келісім жасалған. Жүйелі жұмыс нәтижесінде Қазақстан өңірдегі жетекші инвестициялық бағыт мәртебесін сенімді түрде сақтап келеді. БҰҰ ЭСКАТО мәліметінше, былтыр еліміз жаңа өндірістерге арналған greenfield-жобаларға $19 млрд көлемінде инвестиция тартты. Бұл – Орталық Азиядағы жаңа өндірістерге бағытталған өңірішілік инвестициялардың 89%-ын құрайды. Жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд-қа жетті. ТШИ құрылымында сауда саласы ($4,8 млрд), өңдеу өнеркәсібі ($4,4 млрд) және тау-кен өндіру секторы ($3,4 млрд) көш бастап тұр. Қазақстанның негізгі бес инвесторы қатарында Нидерланд ($4,6 млрд), Ресей ($2,9 млрд), Қытай ($2,8 млрд), Біріккен Араб Әмірліктері ($1,6 млрд) және Сингапур ($1,4 млрд) бар. Олардың инвестициялары технологиялық тұрғыдан күрделі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. ➖ Казахстан аккумулировал 89% greenfield-проектов Центральной Азии 📌 Важно отметить, что внедряемые Правительством реформы напрямую работают на реализацию задачи, поставленной Президентом, – к 2029 году удвоить объем ВВП страны до $450 млрд и обеспечить приток иностранного капитала в размере не менее $150 млрд. Чтобы зарубежные компании охотно инвестировали в нашу страну, запущен Инвестиционный штаб, который решает любые возникающие вопросы инвесторов на месте и в режиме реального времени. Для крупных проектов стоимостью свыше $60 млн предусмотрен инструмент Соглашения об инвестициях, гарантирующий стабильность законодательства республики в течение 25 лет. На сегодня заключено уже 62 таких соглашений. Благодаря системному подходу Казахстан уверенно сохраняет статус ведущего инвестиционного направления в регионе. По данным ЭСКАТО ООН, в прошлом году республика привлекла $19 млрд в greenfield-проекты, что составило 89% от всех внутрирегиональных инвестиций в новые производства в Центральной Азии. Общий приток прямых иностранных инвестиций вырос на 14,4% и составил $20,5 млрд. В структуре ПИИ лидируют торговля ($4,8 млрд), обрабатывающая промышленность ($4,4 млрд) и горнодобывающий сектор ($3,4 млрд). В топ-5 ключевых инвесторов сегодня входят Нидерланды ($4,6 млрд), Россия ($2,9 млрд), Китай ($2,8 млрд), ОАЭ ($1,6 млрд) и Сингапур ($1,4 млрд), чьи вложения направлены на реализацию технологически сложных индустриальных и инфраструктурных проектов.
Тексерулердің орнына еркіндік: мемлекеттік бақылауды реформалау және жаңа кепілдіктер ШОБ-тың дамуына жаңа серпін берді 📌 Елдегі ірі өндірістердің өсуімен қатар шағын және орта бизнес өз позициясын дәйекті түрде нығайтуда. Мемлекеттік кірістер комитетінің…
Тексерулердің орнына еркіндік: мемлекеттік бақылауды реформалау және жаңа кепілдіктер ШОБ-тың дамуына жаңа серпін берді 📌 Елдегі ірі өндірістердің өсуімен қатар шағын және орта бизнес өз позициясын дәйекті түрде нығайтуда. Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша I жартыжылдықта Қазақстанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2,9 млн-ға жетті, бұл 2026 жылдың басындағыдан 499 мыңға немесе 20,4%-ға артық. Салалық бөліністе ресурстарды өнімді секторларға сапалы қайта бөлу тіркелуде: тау-кен өндіру өнеркәсібінде (+2,9%), құрылыста және ауыл шаруашылығында (+2,5%), ақпарат пен байланыста (+2,4%) шағын заңды тұлғалар санының өсуі байқалуда. Бұл ретте елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 40,9%-ға жетті, ал өнім шығару 104,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 27,8%-ға артық. Бизнестің мұндай белсенділігі көп жағдайда Үкіметтің әкімшілік жүктемені азайту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып отыр. Мемлекет бақылау жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізіп, жазалау тәсілінен алдын алу және профилактика қағидатына көшті. Нәтижесінде, Бас прокуратураның мәліметінше, өткен жылы бизнесті тексеру саны 8,6%-ға қысқарды. Заңдардан 10 мыңнан астам артық талаптар алынып тасталды, ал жаңа қысымның алдын алу үшін «1 in 2 out» қатаң қағидасы қолданылады, ол қолданыстағы екі норманы жоймай бір жаңа норманы енгізуге тыйым салады. Бүгінде бизнестің есептілігінің 49% оңтайландырылды, ал ШОБ-тың мемлекетпен жедел өзара іс-қимылы үшін «eGov Business» ыңғайлы цифрлық қосымшасы іске қосылды. Сонымен қатар мемлекет кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдауды күшейтуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңге сомасына 9,5 мыңға жуық жоба жеңілдетілген қаржыландырумен қамтылды. Бүгінде жаңа құралдар белсенді түрде іске қосылуда: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 10 жылға дейінгі мерзімге 12,6%-бен қомақты көлемде қарыздар берілуде (1 маусымдағы жағдай бойынша 18,4 млрд теңгеге 91 қарыз алушы қолдау тапты), ал өңірлерде өңдеу өнеркәсібі жобалары үшін 13,2%-бен «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды. Бизнестің қарыз қаражатына қолжетімділігін кеңейту және бюджеттік қаржыландыруға тәуелділікті азайту мақсатында «Даму» қорының базасында екі жаңа кепілдік қоры құрылды. Олардың басымдығы — өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика және білім беру. Бұл механизм бизнесті несиелендіруге коммерциялық банктердің қаражатын белсенді тартуға мүмкіндік берді. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша кепілдік қоры шеңберінде 189,9 млрд теңге сомасына 998 жоба қолдау алды (оның ішінде берілген кепілдіктер 95,9 млрд теңгені құрады), ал Кепілдік қоры-2 бойынша 442,4 млрд теңге сомасына 6 ірі жоба мақұлданды (берілген кепілдіктер мөлшері 93,2 млрд теңгені құрады). Осы қаражатты бөлу тиімділігін мониторингтеудің барлық процесі «Baqylauda» цифрлық жүйесінде толық автоматтандырылған. Адал бизнесті қорғау саясатының қисынды жалғасы мемлекеттік сатып алу жүйесін түбегейлі жаңғырту болды. Жаңа заңның арқасында рәсімдердің жалпы мерзімі үш есеге қысқарды – 30-дан 10 жұмыс күніне дейін, ал бір көзден бәсекелестікке жатпайтын сатып алу үлесі 23%-ға дейін төмендеді. Қазақстандық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдау үшін 50% мөлшерінде міндетті аванс енгізілді, келісімшартты қамтамасыз етудің барлық түрлерінен босату және тұрақсыздық айыбын 3%-ға дейін төмендету. Бұл жүйе қазірдің өзінде жемісін беріп отыр: алты айда мемлекеттік сатып алу көлемі 7,7 трлн теңгені құрады, бұл ретте отандық өндірушілермен 85,2 млрд теңге сомасына 61 532 шарт жасалды. ➖ Свобода вместо проверок: как реформа госконтроля и новые гарантии открыли второе дыхание для МСБ 📌 Параллельно с ростом крупных производств в стране последовательно укрепляет свои позиции малый и средний бизнес. По данным Комитета государственных доходов за I полугодие, общее количество зарегистрированных субъектов предпринимательства в Казахстане достигло 2,9 млн, что на 499 тыс. или на 20,4% больше чем в начале 2026 года. В отраслевом
Ел экономикасы қарқынды өсіп келеді: ЖІӨ-нің 4,1%-ға өсуіне қандай факторлар ықпал етті 📌 Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі мұнайға тәуелді емес секторлардың орнықты дамуы нәтижесінде 4,1%-ға өсті. Нақты сектордағы тауарлар өндірісі 5,1%-ға, ал қызмет көрсету саласы 3,5%-ға артты. Салалар бойынша құрылыс саласы ең жоғары өсім қарқынын сақтап отыр. Оның көлемі 15,2%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 9,8%-дық, көлік қызметтері саласында 7,1%-дық өсім тіркелді. Сонымен қатар сауда (+5,7%), байланыс қызметтері (+4,3%), ауыл шаруашылығы (+4,4%) салалары оң көрсеткішке қол жеткізді. Аталған негізгі салалардың жиынтық үлесі республикадағы ЖІӨ өсімінің шамамен 85%-ын қамтамасыз етті. Әлеуметтік секторда да оң үрдіс байқалады: Өткен жылғы төмендеуден кейін халықтың нақты табысы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 0,1%-ға өсті. Бұл үрдіске маусым айында жылдық инфляцияның 10,3%-ға дейін баяулауы оң ықпал етті. Оң серпінді нығайту мақсатында өнімділігі жоғары жұмыс орындарын ашуға бағытталған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды. Экономикалық өсімнің басты қозғаушы күші инвестициялық белсенділік болып отыр. Бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,6%-ға ұлғайды. Жалпы инвестициялар құрылымындағы жеке капиталдың үлесі 87%-ға жетті. Инвестициялық белсенділік әсіресе ақпарат және байланыс саласында жоғары қарқынмен өсуде. Бұл бағытқа тартылған инвестициялар көлемі 2,3 есеге артты. Сондай-ақ құрылыс саласы (+38,7%), өңдеу өнеркәсібі (+33,3%), ауыл шаруашылығы (+24,6%) және көлік саласында (+11,6%) өсім тіркелді. Ішкі сауда саласында да жоғары көрсеткіштер тіркелді. І жартыжылдықта оның көлемі 15,3%-ға артып, 36,2 трлн теңгеге жетті. Көтерме сауда 6,6%-ға, бөлшек сауда 3,8%-ға өсті. Оң үрдіс сыртқы сауда бағытымен де нығайтылуда: Қаңтар-мамыр айларында республиканың тауар айналымы $56,3 млрд-ты құрады, ал импорт $26 млрд-қа жетті. Соның нәтижесінде $4,4 млрд-тан асатын тұрақты оң сауда балансы сақталды. Бұл ретте жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының сапалық өсуі – 14,6%-ға, $14,9 млрд-қа дейін (оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 14,5%-ға, $11,8 млрд-қа дейін, қызметтер экспорты — 14,8%-ға, $3,1 млрд-қа дейін) тіркелді. ➖ Экономика Казахстана ускоряет темпы: за счет чего обеспечен рост ВВП на 4,1%? 📌 По итогам первого полугодия текущего года, ВВП Казахстана показал рост на 4,1% благодаря устойчивому развитию ненефтяного сектора. Производство товаров в реальном секторе увеличилось на 5,1%, а сфера услуг прибавила 3,5%. В разрезе отраслей лидирующие позиции по темпам роста сейчас прочно удерживает строительная отрасль, чьи показатели выросли сразу на 15,2%. Хорошую динамику показывает обрабатывающая промышленность – рост на 9,8%, а также сфера транспортных услуг – 7,1%. Положительная статистика сохраняется в торговле (+5,7%), услугах связи (+4,3%) и сельском хозяйстве (+4,4%). Совокупный вклад этих четырех ключевых отраслей обеспечивает около 85% всего роста ВВП республики. Положительная динамика отмечается и в социальном секторе: после прошлогоднего спада реальные доходы населения в I квартале выросли на 0,1%. Стабилизации способствовало замедление годовой инфляции в июне до 10,3%. Для закрепления тренда принят Комплексный план повышения доходов, ориентированный на создание высокопроизводительных рабочих мест. Основным драйвером, который двигает экономические показатели вперед, выступает инвестиционная активность. Общий объем капиталовложений в первом полугодии вырос на 9,6%, а в структуре инвестиций доля частного капитала достигла 87%. Качественный инвестиционный бум сейчас переживает сфера информации и связи, где объемы привлеченных средств увеличились сразу в 2,3 раза. Высокий интерес инвесторов также зафиксирован в строительном секторе (+38,7%), обрабатывающей промышленности (+33,3%), сельском хозяйстве (+24,6%) и сфере транспорта (+11,6%). Высокие показатели демонстрирует и сектор внутренней торг
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық…
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бизнес-ахуалды жақсарту және инвестиция тарту бағытында жүйелі шаралар қабылдап келеді. Жаңа инвестициялық кезеңді іске қосуға, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және болжамды фискалдық саясатты орнықтыруға ерекше назар аударылуда. Бүгінде экономикалық өсім нақты сектордың қарқынды дамуы, өндірісті әртараптандыру және еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін нығайту есебінен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар мемлекет төлемдерді арттыру бойынша әлеуметтік міндеттемелерді жүйелі түрде қамтамасыз етіп, жергілікті елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамытуда және ұзақмерзімді келісімшарттар тетігі арқылы отандық кәсіпорындар өнімдерін кепілді өткізу үшін қолайлы жағдай жасайды. 2026 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша бұл жұмыс тұрақты нәтиже көрсетті. Макроэкономикалық тұрақтылықтың басты драйвері негізгі капиталға салынған инвестициялар болды, олардың көлемі 9,5 трлн теңгеден асты. Бұл ретте жеке инвестициялар көлемі 21,4%-ға өсіп, жалпы өсімнен жоғары қарқын көрсетті. Көрсеткіштердің жақсаруына бизнеске әкімшілік қысымның төмендеуі, мемлекеттік сатып алу мерзімдерінің үш есе қысқаруы және цифрландыруды енгізу айтарлықтай ықпал етті. Слнымен қатар еліміздем жаңа Салық және Бюджет кодекстерін жүзеге асыру басталды. Олар нақты сектор үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуге бағытталған. 🔵Осы нәтижелердің негізінде қандай жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатыр және мемлекеттік қолдау шаралары елімізде бизнес жүргізу шарттарын қалай өзгертуде. Бұл туралы толығырақ Primeminister.kz редакциясының шолу материалынан оқи аласыздар. ➖ Исполнение поручений Президента: рост ВВП, приток частных инвестиций и поддержка ОТП 📌 В рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по модернизации национальной экономической модели Правительством принимаются меры по обеспечению макроэкономической стабильности, улучшению бизнес-климата и привлечению инвестиций. Особое внимание уделяется запуску нового инвестиционного цикла, созданию честной конкурентной среды и выстраиванию предсказуемой налогово-бюджетной политики. Сегодня экономический рост подкрепляется динамичным развитием реального сектора, диверсификацией производства и укреплением транспортного потенциала. Государством системно обеспечиваются социальные обязательства по повышению выплат, расширяется спортивная инфраструктура на местах, а также создаются условия для гарантированного сбыта продукции отечественных предприятий через механизмы долгосрочных контрактов. По итогам 6 месяцев 2026 года эта работа показала устойчивый результат. Главным драйвером макроэкономической стабильности стали инвестиции в основной капитал, объем которых превысил 9,5 трлн теңге, при этом частные вложения показали опережающий рост на 21,4%. Существенный вклад в рост вносит снижение административного давления на бизнес, трехкратное сокращение сроков госзакупок и внедрение цифровизации. Одновременно в Казахстане развернута реализация новых Налогового и Бюджетного кодексов, которые призваны создать более благоприятные условия для реального сектора и усилить контроль за расходованием государственных средств. 🔵Какие системные реформы стоят за этими показателями и как государственные меры поддержки меняют условия для ведения бизнеса в Казахстане – читайте в обзоре редакции сайта Primeminister.kz.
🔹 ІІМ жоғары оқу орындарына қабылдау толықтай цифрлық форматқа көшті: 15 шілдеден бастап дене дайындығы нормативтерін тапсыру кезеңі басталады Толық ақпарат сайтта. 🔹 Прием в высшие учебные заведения МВД стал полностью цифровым: с 15 июля стартует этап сдачи физических нормативов Подробная информация на сайте.
🇰🇿🇨🇳Қазақстан мен Қытай Шанхайдағы бизнес-форумда көлік логистикасы, цифрлық технологиялар және электрондық коммерцияның болашағын талқылайды 🔵2026 жылғы 15 шілдеде Шанхайда "Қазақстан-Қытай: көлік-логистикалық ынтымақтастық және электрондық коммерция-жаңа…
🇰🇿🇨🇳Қазақстан мен Қытай Шанхайдағы бизнес-форумда көлік логистикасы, цифрлық технологиялар және электрондық коммерцияның болашағын талқылайды 🔵2026 жылғы 15 шілдеде Шанхайда "Қазақстан-Қытай: көлік-логистикалық ынтымақтастық және электрондық коммерция-жаңа технологиялар, жаңа мүмкіндіктер " халықаралық бизнес-форумы өтеді, оны "Қазақстан темір жолы "ҰК "АҚ ұйымдастырады. 🔵Форум мемлекеттік органдардың, көлік-логистикалық компаниялардың, теміржол әкімшіліктерінің, қаржы институттарының, технологиялық корпорациялардың басшыларын және әлемдік экономиканың қарқынды цифрлық трансформациясы жағдайында халықаралық логистиканы дамытудың негізгі бағыттарын талқылау үшін Қазақстан мен Қытайдың бизнес өкілдерінің басын біріктіреді. 🔵Форумның басты тақырыптары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту, "Бір белдеу, бір жол" бастамасын одан әрі іске асыру, көлік-логистика саласын цифрландыру, жасанды интеллект және Big Data технологияларын енгізу, зияткерлік көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ электрондық коммерция мен заманауи логистикалық сервистердің перспективалары туралы болады. Халықаралық тасымалдың тиімділігін арттыруға қабілетті практикалық шешімдерге, яғни көлік процестерін басқаруды автоматтандыруға, көлік жүйелерінің цифрлық байланысын дамытуға, "ақылды" терминалдар құруға және еуразиялық көлік бағдарларының барлық ұзақтығында инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылатын болады. 🔵Бүгінде Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік және логистикалық торап ретіндегі өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтуда. Көлік инфрақұрылымын дамыту, халықаралық бағдарды кеңейту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу еуразиялық кеңістікте тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастырудың маңызды элементтеріне айналуда. Қытаймен стратегиялық әріптестік бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және тиімді, технологиялық көлік экожүйесін құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. 🔵Форум бағдарламасында көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға, цифрлық инновациялар мен электрондық коммерцияға арналған пленарлық және тақырыптық сессиялар, екі елдің мемлекеттік органдары мен жетекші компаниялары өкілдерінің сөз сөйлеуі, сондай-ақ ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі бар. Ресми бөлімнен кейін қатысушылар B2B кездесулері мен іскерлік қарым-қатынас аясында диалогты жалғастыра алады.
🔹 Бангкокта Қазақстан мен Таиланд арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды 🔸 В Бангкоке обсуждены перспективы развития транспортно-логистического сотрудничества между Казахстаном и Таиландом 🔹 Kazakhstan and Thailand Discuss Prospects for Transport and Logistics Cooperation in Bangkok @PressMFAKZ
🔹 Қазақстан БҰҰ-ның су архитектурасын нығайтуды ілгерілетуде 🔸 Казахстан продвигает укрепление водной архитектуры ООН 🔹 Kazakhstan Promotes the Strengthening of the UN Water Architecture @PressMFAKZ
🇰🇿 Қазақстан ТМД елдері салық қызметтері үйлестіру кеңесі жұмыс тобының отырысына қатысты. 5–11 шілде аралығында ТМД елдері салық қызметтерінің өкілдері мемлекеттік қызметтерді азаматтар мен бизнес үшін қалай барынша ыңғайлы, түсінікті әрі қолжетімді ету мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қатысушылар: 🔹 мемлекеттік қызмет көрсетуде клиентке бағдарлану тәсілін енгізу тәжірибесімен бөлісті; 🔹 салықтық әкімшілендіруде жасанды интеллекті қолдану мәселесін талқылады; 🔹 кері байланыс пен заманауи цифрлық сервистерді пайдалануды қоса алғанда, салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын арттырудың озық тәжірибелерін қарастырды. 🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үздік тәжірибелермен белсенді бөлісуге келісті. Бұл ТМД елдеріндегі салық қызметтерін бұдан да қарапайым, жылдам әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. 📈 Толығырақ 🔗 ⚜️⚜️⚜️ 🇰🇿 Казахстан принял участие в заседании рабочей группы Координационного совета налоговых служб стран СНГ. С 5 по 11 июля представители налоговых служб стран СНГ обсудили, как сделать государственные услуги более удобными, понятными и доступными для граждан и бизнеса. В ходе встречи участники: 🔹 обменялись опытом внедрения клиентоцентричного подхода при оказании государственных услуг; 🔹 обсудили использование искусственного интеллекта в налоговом администрировании; 🔹 рассмотрели лучшие практики повышения качества обслуживания налогоплательщиков, включая использование обратной связи и современные цифровые сервисы. 🤝 По итогам встречи стороны договорились активно делиться лучшими практиками, что позволит сделать налоговые услуги в странах СНГ еще более простыми, быстрыми и удобными. 📈 Подробнее 🔗
🔹2026 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша ОСК жанынан шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 60 байқаушысы аккредиттелді **** 🔹По состоянию на 14 июля 2026 года в ЦИКе аккредитовали 60 наблюдателей иностранных государств и международных организаций
Глава государства принял вновь назначенного посла Казахстана в Кыргызской Республике Абылкаира Скакова 🟦В ходе беседы Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность дальнейшего укрепления уз дружбы, добрососедства, стратегического партнерства и союзничества с братским Кыргызстаном. 🟦Президент поставил перед Абылкаиром Скаковым ряд задач по развитию многопланового казахско-кыргызского сотрудничества в транспортно-транзитной, энергетической, водной, аграрной сферах и в области цифровизации. 🟦Отдельное внимание было уделено укреплению культурно-гуманитарных связей. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады 🟦Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. 🟦Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды. t.me/aqorda_resmi
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындысын жариялады **** В Центральной избирательной комиссии подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая
Касым-Жомарт Токаев принял заместителя Председателя – руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі Канатбека Жайсанбаева ✔️Глава государства заслушал доклад о принимаемых мерах по формированию Қазақстан Халық Кеңесі и его Cекретариата. ✔️Канатбек Жайсанбаев доложил, что Секретариат будет обеспечивать организационное, правовое, материально-техническое, финансовое, информационно-аналитическое сопровождение деятельности Қазақстан Халық Кеңесі. ✔️Президент отметил, что Халық Кеңесі – это уникальная диалоговая площадка, которая будет выполнять важную роль в построении Справедливого Казахстана. 📌Глава государства поручил руководителю Секретариата обеспечить эффективную координацию взаимодействия Халық Кеңесі с государственными органами, организациями, институтами гражданского общества и международными организациями. ❗️Президент также обратил внимание на необходимость качественной подготовки к первой Сессии Қазақстан Халық Кеңесі. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады ✔️Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді. ✔️Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады. ✔️Президент Халық Кеңесі Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті. 📌Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын тиімді үйлестіруді тапсырды. ❗️Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды. t.me/aqorda_resmi
🏞 Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қатаң бақылауда Алакөл көлінің жағалауында туристер санының артуына байланысты полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірлесіп, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын еске салады. Әсіресе белгіленген жердерден асып жүзуге болмайтыны, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға жол берілмейтініне ерекше назар аударылуда. Туристік маусым басталғалы бері сақшылар демалыс кезінде жағалауда жоғалып кеткен 30 баланы іздеп тапты. Олардың барлығы жедел түрде іздестіріліп, бір сағат ішінде ата-аналарымен қауышты. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, полиция қызметкерлері заң мен қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу фактілерінің жолын кесуге және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталған шараларды қабылдап жатыр. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🏞 Безопасность и общественный порядок на побережье Алаколя находятся под строгим контролем В связи с увеличением количества туристов на побережье озера Алаколь сотрудники полиции совместно со специалистами служб по чрезвычайным ситуациям на постоянной основе проводят профилактические мероприятия, направленные на обеспечение безопасности отдыхающих и поддержание общественного порядка. Сотрудники полиции ежедневно проводят разъяснительную работу и напоминают о важности соблюдения правил безопасности на воде. Особое внимание уделяется недопустимости заплыва за пределы установленных зон, а также тому, что оставлять детей без присмотра взрослых запрещено. С начала туристического сезона сотрудники полиции помогли найти 30 детей, потерявшихся во время отдыха на побережье. Все они были оперативно разысканы и в течение часа возвращены родителям. Помимо обеспечения безопасности отдыхающих, сотрудники полиции принимают меры по поддержанию законности и общественного порядка, профилактике правонарушений, пресечению фактов распития алкогольных напитков в общественных местах, а также предотвращению других противоправных действий. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
⚖️ Ақмола облысының тұрғыны тергеушіге алғыс білдірді Резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққаннан кейін жәбірленушінің анасы Ақмола облысы полиция департаменті Целиноград ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Сәуле Сүлейменоваға алғысын білдірді. Сәуле Сүлейменова тергеу саласында сегіз жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол кәсіби тәжірибе жинақтап, күрделі әрі қоғам назарын аудартқан қылмыстық істерді тергеуде жоғары жауапкершілік танытып келеді. Бүгінде оған аса күрделі және резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу сеніп тапсырылады. Толық ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** ⚖️ Жительница Акмолинской области поблагодарила следователя полиции После вынесения приговора по резонансному уголовному делу мать потерпевшей публично выразила благодарность старшему следователю следственного отделения отдела полиции Целиноградского района ДП Акмолинской области Сауле Сулейменовой. За плечами Сауле Сулейменовой восемь лет службы в следственных подразделениях. В профессию она пришла в 2018 году, воплотив детскую мечту стать следователем. Сегодня ей доверяют расследование наиболее сложных и резонансных уголовных дел. Подробнее на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ