Aqorda » публикация №34028
📸 t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
📸 t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті Президентіміз Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. Мемлекет басшысы қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алып, ризашылық білдірді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі іспеттес. – Осынау қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті. @ptrkkz
Президент Казахстана встретился c Эмиром Катара шейхом Тамимом бен Хамадом Аль Тани 🇰🇿🇶🇦Касым-Жомарт Токаев прибыл в Доху, чтобы лично выразить слова соболезнования Эмиру Катара шейху Тамиму бен Хамаду Аль Тани и членам правящей семьи в связи с кончиной Эмира-отца шейха Хамада бен Халифы Аль Тани. 🟦Глава государства отметил неоценимый вклад шейха Хамада в построение сильного и успешного Государства Катар. – Многие знаковые исторические достижения современного Катара и высокий авторитет страны на мировой арене неразрывно связаны с его именем. Шейх Хамад был государственным деятелем мирового масштаба и настоящим другом казахского народа, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. 🟦По словам Президента, шейх Хамад бен Халифа Аль Тани внес огромный вклад в становление и успешное развитие казахско-катарских отношений. 🟦Он дважды посещал Казахстан с официальными визитами, а во время его первой поездки Касым-Жомарт Токаев встречал Эмира в качестве министра иностранных дел. 🟦Глава нашего государства с глубокой благодарностью отметил, что по инициативе шейха Хамада в Астане была построена мечеть имени Аль-Фараби, а также осуществлен ряд социальных и инфраструктурных проектов в первые годы независимости Казахстана. Все это – яркое свидетельство истинной дружбы и взаимопонимания между двумя странами. – В этот скорбный момент мы молимся, чтобы Всевышний даровал покойному место в раю, – сказал Президент Казахстана. 🟦В свою очередь Эмир шейх Тамим бен Хамад Аль Тани выразил признательность Касым-Жомарту Токаеву за приезд и личную поддержку, что отражает особый характер братских отношений между народами Казахстана и Катара. 🟦По инициативе катарской стороны состоялся обмен мнениями по нынешней международной обстановке, включая ситуацию на Ближнем Востоке. 🟦В завершение Глава нашего государства подтвердил свое приглашение Эмиру Катара совершить визит в Казахстан в удобное для него время. Приглашение было с благодарностью принято. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇶🇦Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. 🟦Президент қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Мемлекет басшысы қазақ-қатар қарым-қатынасының қалыптасып, табысты дамуына шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің зор еңбек сіңіргенін айтты. 🟦Ол Қазақстанға екі рет ресми сапармен келді. Әмірді бірінші сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметінде қарсы алған. 🟦Мемлекет басшысы шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алып, ризашылық білдірді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі іспеттес. – Осынау қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті. 🟦Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы келіп көңіл айтқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қатар мен Қазақстан халықтарының бауырластық байланыстары айрықша сипатқа ие екеніне назар аударды. Қатар тарапының бастамасымен мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасты. 🟦Президент Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шақыруды ықыласпен қабыл алды. t.me/aqorda_resmi
@PressMFAKZ
☀️ Технологиялық ынтымақтастық пен жасанды интеллект мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шанхайда өтетін Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында Ермек Көшербаев қытайлық тараптың форумды ұйымдастырудағы күш-жігерін, сондай-ақ Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік ынтымақтастық ұйымының құру бастамасын жоғары бағалады. Министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия-Қытай» форматы және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділіктерін растады. Тараптар жоғары деңгейде өтетін алдағы іс-шаралардың кестесін талқылап, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанның аталған ұйымға қосылуын көздейтін Медиация жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы конвенцияға қол қойды. ☀️ Отдельное внимание было уделено вопросам технологического сотрудничества и искусственного интеллекта. В преддверии Всемирной конференции по искусственному интеллекту в Шанхае Ермек Кошербаев высоко оценил усилия китайской стороны по подготовке форума, а также инициативу по учреждению Всемирной организации по сотрудничеству в области искусственного интеллекта. Министры «сверили часы» по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня, подтвердив приверженность дальнейшему тесному взаимодействию в рамках ООН, ШОС, СВМДА, формата «Центральная Азия-Китай» и других международных структур. Стороны также обсудили график предстоящих мероприятий на высшем уровне и выразили готовность продолжить совместную работу по дальнейшему укреплению стратегического партнёрства. По итогам переговоров была подписана Министром иностранных дел РК Е.Кошербаевым Конвенция об учреждении Международной организации по медиации, которая предусматривает присоединение Казахстана к данной организации. ☀️ Special attention was paid to technological cooperation and artificial intelligence. Ahead of the World Artificial Intelligence Conference in Shanghai, Kosherbayev highly appreciated China’s efforts in organizing the forum, as well as its initiative to establish the World AI Cooperation Organization. The ministers also exchanged views on key regional and international issues, reaffirming their commitment to close coordination within the United Nations, the Shanghai Cooperation Organization (SCO), the Conference on Interaction and Confidence Building Measures in Asia (CICA), the Central Asia-China format, and other multilateral frameworks. The two sides also discussed the schedule of upcoming high-level engagements and expressed readiness to continue joint efforts to further strengthen their strategic partnership. Following the talks, Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev signed the Convention on the Establishment of the International Organization for Mediation, providing for Kazakhstan’s accession to the Organization. @PressMFAKZ
✔️ Тараптар мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйін және екі мемлекет басшыларының кездесулері қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қанағаттанушылықпен атап өтті. «Соңғы кездесуімізден бері Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар жоғары серпінін сақтап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша тұрақты түрде дамып келеді», – деп айтып өтті Е. Көшербаев. Өз кезегінде, Ван И Қытай Қазақстанды өзінің негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде әрдайым қарастыратынын және екі ел көшбасшылары арасындағы сенімді диалог екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың берік негізі екенін баса айтты. ҚР СІМ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекет басшылары қойған өзара сауда көлемін екі есеге арттыру міндетін дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқанын айтты. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі екені және 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы рекордтық деңгейге – 48,7 млрд АҚШ долларына жеткені атап өтілді. ✔️ Стороны с удовлетворением отметили текущее состояние вечного всестороннего стратегического партнёрства и ход реализации договоренностей, достигнутых по итогам встреч глав двух государств. «С момента нашей последней встречи казахско-китайские отношения сохранили высокую динамику и демонстрируют поступательное развитие по всем направлениям двустороннего взаимодействия», - подчеркнул Е.Кошербаев. В свою очередь, Ван И отметил, что Китай неизменно рассматривает Казахстан как одного из ключевых стратегических партнёров и доверительный диалог лидеров двух стран является основой дальнейшего укрепления двустороннего сотрудничества. Глава МИД РК отметил, что Казахстан и КНР последовательно продвигаются к реализации задачи, поставленной главами двух стран по удвоению объема взаимной торговли. Было отмечено, что Китай – один из крупнейших торговых партнёров Казахстана и по итогам 2025 года двусторонний товарооборот достиг самого высокого уровня – 48,7 млрд. долларов США. ✔️ The two sides expressed satisfaction with the current state of their permanent comprehensive strategic partnership and the implementation of the agreements reached by the leaders of the two countries. “Since our last meeting, Kazakhstan-China relations have maintained strong momentum and continued to develop steadily across all areas of bilateral cooperation,” Kosherbayev stated. For his part, Wang Yi noted that China consistently regards Kazakhstan as one of its key strategic partners and that the trusting dialogue between the leaders of the two countries serves as a solid foundation for the further strengthening of bilateral cooperation. The Kazakh Foreign Minister noted that Kazakhstan and China are consistently advancing towards the goal set by the two Heads of State to double bilateral trade. It was highlighted that China remains one of Kazakhstan’s largest trading partners, with bilateral trade reaching a record high of 48.7 billion US dollars in 2025. @PressMFAKZ
🔸 Қазақстан мен Қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бағытын жалғастыруда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Қытай Халық Республикасына сапары аясында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздер өтті. Е. Көшербаев қытайлық тарапты Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығымен және Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Он бесінші бесжылдық жоспарын табысты іске асырудың басталуымен құттықтады. Сондай-ақ әріптесін Қазақстандағы институционалдық реформалардың жаңа кезеңі туралы хабардар етіп, ү.ж. 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енгенін атап өтті. Жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін одан әрі нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталғаны ерекше назар аударылды. 🔹 Казахстан и Китай продолжают курс на укрепление вечного всестороннего стратегического партнёрства В рамках визита Министра иностранных дел Республики Казахстан Ермека Кошербаева в Китайскую Народную Республику состоялись переговоры с членом Политбюро Центрального комитета Коммунистической партии Китая, Министром иностранных дел Китайской Народной Республики Ван И. Е.Кошербаев поздравил китайскую сторону с 105-летием Коммунистической партии Китая и успешным началом реализации Пятнадцатого пятилетнего плана социально-экономического развития Китайской Народной Республики, а также проинформировал коллегу о новом этапе институциональных преобразований в Казахстане, ознаменованным вступлением в силу с 1 июля с.г. новой Конституции. Было подчеркнуто, что проводимые реформы направлены на дальнейшее укрепление верховенства закона, совершенствование системы государственного управления и создание благоприятных условий для международного сотрудничества и привлечения инвестиций. 🔸 Kazakhstan and China Continue to Strengthen Their Permanent Comprehensive Strategic Partnership As part of the official visit of the Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev to the People’s Republic of China talks were held with the Member of the Political Bureau of the Central Committee of the Communist Party and Minister of Foreign Affairs of China Wang Yi. Foreign Minister Kosherbayev congratulated the Chinese side on the 105th anniversary of the Communist Party of China and on the successful launch of the implementation of the 15th Five-Year Plan for the National Economic and Social Development of China. He also briefed his counterpart on a new stage of Kazakhstan’s institutional reforms, marked by the entry into force of the country’s new Constitution on July 1 this year. It was emphasized that these reforms are aimed at further strengthening the rule of law, improving public administration, and creating favorable conditions for international cooperation and investment. @PressMFAKZ
🔹 ҚР СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Оман Елшісін қабылдады 🔸 Посла Омана приняли в МИД РК в связи с завершением дипломатической миссии 🔹 Omani Ambassador Received at the Kazakh Foreign Ministry Upon Completion of Diplomatic Mission @PressMFAKZ
🇰🇿 Қазақстан Қарулы күштерінде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады Бүгінде әйелдер Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ажырамас бөлігіне айналып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Олар ер азаматтармен қатар әскери қызметтің түрлі бағыттарында кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүр. Қазіргі таңда Қазақстан армиясының қатарында 7 мыңға жуық әйел қызмет етеді. Олардың мыңға жуығы – офицерлер, ал 6 мыңнан астамы – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер. Сонымен қатар 11 әйел басшылық лауазымдарды атқарады. 🇰🇿 В Вооруженных силах Казахстана проходят службу около 7000 женщин Сегодня женщины являются неотъемлемой частью Вооруженных сил Республики Казахстан, успешно выполняя широкий спектр задач наравне с мужчинами. В рядах казахстанской армии проходят службу около 7 тысяч женщин. Среди них около 1000 офицеров и свыше 6 тысяч военнослужащих по контракту. 11 женщин занимают руководящие должности. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🔹 Қазақстан мен Чехия экономикалық дипломатияны нығайтуда 🔸 Казахстан и Чехия усиливают экономическую дипломатию 🔹 Kazakhstan and the Czech Republic Strengthen Economic Diplomacy @PressMFAKZ
Если вы занимаетесь экспортом или импортом, важно соблюдать требования по репатриации валюты. Что это означает? ✅ Экспортная выручка должна поступить на счета в уполномоченных банках Казахстана. ✅ Если иностранный поставщик не поставил товар, не выполнил работы или услуги, перечисленные ему деньги необходимо вернуть. Это одно из обязательных требований валютного законодательства. ❗️За нарушения предусмотрена административная ответственность. По итогам I полугодия 2026 года: • составлено 1 116 административных протоколов за нарушения порядка учета валютных договоров; • к ответственности за невыполнение требований по репатриации валюты привлечен 141 участник ВЭД; • общая сумма штрафов составила 15,3 млрд тенге. Наибольшие суммы штрафов: 📍 Алматы более 9,2 млрд. тенге; 📍 Павлодарская область более 1,8 млрд. тенге; 📍 область Жетысу более 1,1 млрд. тенге; 📍 Астана более 1 млрд. тенге. Подробнее
Егер сіз экспорт немесе импортпен айналыссаңыз, валюталық түсімді қайтару (репатриация) талаптарын сақтау маңызды. Бұл нені білдіреді? ✅ Экспорттан түскен валюта түсімі ҚР уәкілетті банктердегі шоттарға түсуі тиіс. ✅ Егер шетелдік жеткізуші тауарды жеткізбесе, жұмысты орындамаса немесе қызмет көрсетпесе, оған аударылған қаражат қайтарылуы қажет. Бұл – валюталық заңнаманың міндетті талаптарының бірі. ❗️Валюталық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. 2026 ж. 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша: • валюталық шарттарды есепке алу тәртібін бұзғаны үшін 1 116 әкімшілік хаттама жасалды; • валюталық түсімді қайтару талаптарын орындамағаны үшін 141 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды; • салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 15,3 млрд теңгені құрады. Ең ірі айыппұлдар: 📍 Алматы қаласында 9,2 млрд. теңгеден астам; 📍 Павлодар облысында 1,8 млрд. теңгеден астам; 📍 Жетісу облысында 1,1 млрд. теңгеден астам; 📍 Астана қаласында 1 млрд. теңгеден астам. Толығырақ
В ЦИК ПОСТУПИЛИ ДОКУМЕНТЫ ОТ ОБЩЕСТВЕННОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ «КАЗАХСТАНСКАЯ ПАРТИЯ ЗЕЛЁНЫХ «БАЙТАҚ» Сегодня общественное объединение «Казахстанская партия зелёных «Байтақ» представило в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан документы о выдвижении партийного списка кандидатов в депутаты Курултая Республики Казахстан. Поступившие материалы будут рассмотрены Центральной избирательной комиссией в порядке и сроки, установленные Конституционным законом Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», с проверкой их соответствия требованиям законодательства. Представление документов осуществляется в рамках этапа выдвижения, предусмотренного статьей 87 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан». Правом выдвижения обладают политические партии, зарегистрированные в установленном законодательством порядке. Согласно Календарному плану основных мероприятий по подготовке и проведению выборов депутатов Курултая Республики Казахстан прием документов осуществляется до 18:00 часов 13 июля 2026 года.
ОСК-ҒА ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ КЕЛІП ТҮСТІ Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын тапсырды. Ұсынылған материалдар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріле отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарауына жатады. Құжаттарды ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 87-бабында көзделген кандидаттарды ұсыну кезеңі шеңберінде жүзеге асырылады. Кандидаттарды ұсыну құқығына заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар ие. Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының Күнтізбелік жоспарына сәйкес құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 шілде, сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ «ПОЛИТИЧЕСКАЯ ПАРТИЯ «ӘДІЛЕТ» ПРЕДСТАВИЛО В ЦИК ДОКУМЕНТЫ О ВЫДВИЖЕНИИ ПАРТИЙНОГО СПИСКА КАНДИДАТОВ Общественное объединение «Политическая партия «Әділет» сегодня представило в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан документы о выдвижении партийного списка кандидатов в депутаты Курултая Республики Казахстан. Центральная избирательная комиссия рассмотрит документацию в порядке и сроки, установленные Конституционным законом Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», с проверкой их соответствия требованиям законодательства. Представление документов осуществляется в рамках этапа выдвижения, предусмотренного статьей 87 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан». Правом выдвижения обладают политические партии, зарегистрированные в установленном законодательством порядке. Прием документов о выдвижении партийных списков кандидатов завершится в 18:00 часов 13 июля 2026 года согласно Календарному плану основных мероприятий по подготовке и проведению выборов депутатов Курултая Республики Казахстан.
«ӘДІЛЕТ» САЯСИ ПАРТИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОСК-ҒА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ «Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын тапсырды. Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарап, заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Құжаттарды ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 87-бабында көзделген кандидаттарды ұсыну кезеңі шеңберінде жүзеге асырылады. Кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну құқығына заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар ие. Кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және 2026 жылғы 13 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.
🟢АҢДАТПА 📍Сейсенбі, 14 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — 2026 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы. Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ⚫️ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов; ⚫️ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов; ⚫️ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов. БАҚ өкілдерін аккредиттеу 13 шілде, сағат 19:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. ➖ 🟢АНОНС 📍Во вторник, 14 июля, в 10:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства. Повестка заседания — итоги социально-экономического развития и исполнение республиканского бюджета за январь-июнь 2026 года По итогам заседания состоится пресс-конференция. Спикеры: ⚫️вице-министр национальной экономики РК Арман Касенов; ⚫️вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов; ⚫️вице-министр сельского хозяйства РК Азат Султанов. Аккредитация представителей СМИ продлится до 19:30 часов 13 июля (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET. 📱 @KZgovernment
UKIMET pinned a photo
✅В Акмолинской области после что ли реконструкции открылись вокзалы станций Курорт-Боровое, Шортанды, Макинка и Акколь. 🔵Вокзал Курорт-Боровое, построенный в 1988 году, ежедневно обслуживает около 1 601 пассажира, а летом — до 2 тысяч. Через станцию проходят до 30 поездов, связывающих курорт с Астаной, Алматы, Атырау, Петропавловском, Кызылордой, Оралом, Карагандой, а также Россией и Кыргызстаном. Площадь трехэтажного здания — более 3,2 тыс. кв. метра. 🔵Через станций Шортанды, Макинка и Акколь проходят 14 пассажирских поездов. 🔵С начала года пассажиропоток в Акмолинскую область железнодорожным транспортом составил 296 тыс. человек.
✅Ақмола облысында қайта құру жұмыстарынан кейін Бурабай, Шортанды, Макинка және Ақкөл курорттық станцияларының вокзалдары ашылды. 🔵1988 жылы салынған Бурабай курорты вокзалы күн сайын шамамен 1601 жолаушыға қызмет көрсетеді, ал жазда 2 мыңға дейін жолаушы келеді. Станция арқылы курортты Астана, Алматы, Атырау, Петропавл, Қызылорда, Орал, Қарағанды, сондай-ақ Ресей және Қырғызстанмен байланыстыратын 30 пойыз өтеді. Үш қабатты ғимараттың ауданы 3,2 мың шаршы метрден асады. 🔵Шортанды, Макинка және Ақкөл станциялары арқылы 14 жолаушылар пойызы өтеді. 🔵Жыл басынан бері Ақмола облысына бағытталған теміржол көлігі бойынша жолаушылар ағыны 296 мың адамды құрады.
🗣Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды ➡️KTZE – Khorgos Gateway құрғақ порты тоғыз 1520 мм калибрлі сұрыптау жолдарын және ағымды ағытып жөндеу базасын іске қосу арқылы жүктерді өңдеу қуатын арттырды. 2025 жылдың қыркүйегінде енгізілген жаңа инфрақұрылым терминалдың тиеу қабілетін жылына 540 мыңнан 800 мың ДФЭ-ге (TEU) (эквивалентте бір 20 футтық контейнерге тең) немесе 48%-ға арттыруға мүмкіндік берді. ➡️Жаңа жолдар пайдалануға берілгелі 9 айда онда 1 300-ге жуық вагон сақталды, 500-ден астам вагонға ағымды ағытып жөндеу жұмыстары жүргізілді және теміржол платформаларына 10 мыңнан астам автомобиль тиелді. ➡️Сұрыптау жолдары әрқайсысының ұзындығы 57 шартты вагонға дейін жететін тоғыз теміржол құрамын бір уақытта қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл вагондарды бағыттар бойынша жинақтауды және сұрыптауды, сондай-ақ магистральдық желі инфрақұрылымын босатуды күтпей контейнерлік пойыздарды қалыптастыруды жеделдетеді. ➡️Жаңа инфрақұрылым сонымен қатар жылжымалы құрамның тоқтап қалуын азайтады, вагон паркін пайдалану тиімділігін арттырады және бос вагондардың жинақталуын қамтамасыз етеді, бұл ең жоғары сұраныс кезеңінде бос вагондардың тапшылығы қаупін азайтуға мүмкіндік береді. ➡️Жобаны іске асыру Khorgos Gateway өндірістік мүмкіндіктерін нығайтты және Қытай-Қазақстан – Орталық Азия – Еуропа бағдарындағы негізгі көлік-логистикалық тораптардың бірінің өткізу қабілетін арттырды. ➖➖➖ 🗣Новые сортировочные пути увеличили мощность терминала Khorgos Gateway на 48% ➡️Сухой порт KTZE – Khorgos Gateway увеличил мощность обработки грузов благодаря вводу в эксплуатацию девяти сортировочных путей колеи 1520 мм и базы текущего отцепочного ремонта. Новая инфраструктура, введенная в сентябре 2025 года, позволила повысить перегрузочную способность терминала с 540 тыс. до 800 тыс. ДФЭ (TEU) (эквивалентно одному 20-футовому контейнеру) в год, или на 48%. ➡️За девять месяцев эксплуатации на новых путях обеспечено хранение около 1 300 вагонов, выполнен текущий отцепочный ремонт более 500 вагонов и погружено свыше 10 тыс. автомобилей на железнодорожные платформы. ➡️Сортировочные пути позволяют одновременно принимать до девяти железнодорожных составов длиной до 57 условных вагонов каждый. Это ускоряет накопление и сортировку вагонов по направлениям, а также формирование контейнерных поездов без ожидания освобождения инфраструктуры магистральной сети. ➡️Новая инфраструктура также сокращает простои подвижного состава, повышает эффективность использования вагонного парка и обеспечивает накопление порожних вагонов, что позволяет снизить риски дефицита порожних вагонов в периоды пикового спроса. ➡️Реализация проекта укрепила производственные возможности Khorgos Gateway и повысила пропускную способность одного из ключевых транспортно-логистических узлов на маршруте Китай – Казахстан – Центральная Азия – Европа.
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты. ➤ Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. 🟦Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты. 🟦Сондай-ақ сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді. 🟦Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды. ➤ Олжас Бектенов ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді. 🟦Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады. ➤ Үкімет басшысы ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты. 🟦Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион шаршы метрге жетпек. 🟦Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көрсеткіші 15 триллион теңгені құрап, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайды. 🟦Шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлінді. Бұл ретте бюджеттің әр теңгесі 6,5 теңге жеке инвестиция тартуға септігін тигізді. 🟦Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы және инфляцияны төмендету шаралары туралы ақпарат берілді. 🟦Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады. 🟦Президентке әлеуметтік және көші-қон саясатын жетілдіру нәтижелері туралы баяндалды, сондай-ақ жұмысқа орналасуға ынталандыру арқылы әлеуметтік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру тәсілдері таныстырылды. 🟦Кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделеді. t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об итогах социально-экономического развития Республики Казахстан за январь-июнь текущего года и планах по дальнейшей диверсификации экономики. ➤ Премьер-министр доложил, что по итогам полугодия рост ВВП составил 4,1%. 🟦Вклад обрабатывающей промышленности в структуру экономики увеличился на 9,8%, транспортной отрасли – на 7,1%, строительства – на 15,2%. 🟦Рост также зафиксирован в торговле – на 5,7%, сельском хозяйстве – на 4,4% и услугах связи – на 4,3%. 🟦Инвестиции в основной капитал составили 9,5 трлн тенге, в том числе приток частных инвестиций вырос на 21,4%. ➤ Олжас Бектенов отчитался об укреплении структуры национальной экономики. 🟦В текущем году в обрабатывающем секторе будут запущены 200 инвестиционных проектов на 1,7 трлн тенге с созданием 17 тыс. постоянных рабочих мест. ➤ Глава Правительства сообщил о ходе реализации крупных автодорожных проектов, планах по строительству второго аэропорта города Астаны и второй очереди Tarlan Astana. 🟦В строительной сфере показатель ввода жилья будет доведен до 20 млн кв. м. 🟦В сельском хозяйстве объем производства составил 15 трлн тенге, посевные площади увеличены до 23,8 млн га. 🟦На поддержку аграриев направлен 1 трлн тенге, при этом на каждый тенге из бюджета привлечено 6,5 тенге частных инвестиций. 🟦Глава государства был проинформирован о реализации Комплексного плана по повышению доходов населения и принимаемых мерах в целях снижения уровня инфляции. 🟦В июне уровень годовой инфляции составил 10,3%. 🟦Президенту доложено о текущих результатах совершенствования социальной и миграционной политики, а также представлены подходы к дальнейшему повышению эффективности механизмов социальной поддержки посредством стимулирования трудоустройства. 🟦Совокупный эффект от оптимизации нерациональных социальных выплат составит более 800 млрд тенге в год. t.me/aqorda_resmi
➤ Кездесуде жылыту маусымына дайындық мәселесіне айрықша назар аударылды. 🟦Өткен маусымның қорытындысы бойынша бес жылу электр орталығы аса жоғары тәуекелдің «қызыл» аймағынан шығарылып, үш ЖЭО «жасыл» аймаққа ауыстырылды. 🟦Биылғы жөндеу жұмыстары 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны қамтиды. Аталған мақсатқа 384 миллиард теңге бөлінген. 🟦«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. ➤ Президентке цифрландыру және ұлттық АІ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет ұсынылды. ➤ Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын іске асыру мақсатында әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірге қуаты 250 МВт болатын инфрақұрылым жасақталатынын айтты. 🟦Шетелден тартылған инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан асты. ➤ Мемлекет басшысына туризм инфрақұрылымын жаңғырту жайында есеп берілді. 🟦Алматы тау кластерін дамыту туризм саласының ІЖӨ құрылымындағы үлесін арттырады. 🟦Almaty SuperSki жобасының құрылысы жандана түсті: 60 шақырым трасса құрылысы аяқталғанда тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туады. 🟦Нысанды пайдалануға беру 2028 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. 🟦Еліміз «Болашақ ойындары-2026» жарыстарын өткізуге дайын. 📌Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сай қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар болды. ❗️Заңнаманы Ата заңға сәйкестендіру, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, Алатау қаласын қарқынды дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 📌Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыруды тапсырды. 📌Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алу міндеті жүктелді. Бұл бастама ел азаматтарының тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартуға тиіс. ❗️Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше назар аударылады. t.me/aqorda_resmi