Life News Новостной агрегатор

Aqorda » публикация №34013

Источник: Aqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады Мемлекет басшысы биылғы бірінші жартыжылдықтағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындысы туралы есепті тыңдады. 🔹Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін арттыру, ауылшаруашылық техникалары лизингін дамыту жұмыстары жайында мәлімет берілді. Айдарбек Сапаров: ➤ агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынғанын баяндады. ✔️2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды. ✔️Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін – 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті. ➤ экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлері де көбейіп келе жатқанын жеткізді. ✔️Биылғы қаңтар-сәуір айларында АӨК өнімдерінің экспорты 3 миллиард долларды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезең көрсеткішімен (2,2 миллиард доллар) салыстырғанда 36 пайызға артық. ✔️Жыл соңына қарай экспорт көлемін 7,2 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарланған. ➤ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қабылданған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді. ✔️Барлық санаттағы шаруашылықтарды қамтитын жеңілдікпен қаржыландыру жүйесі қалыптасты. Қабылданған шаралар мал басын көбейтуді, саланың өнімділігін көтеруді және ет өнімдерінің экспортын арттыруды көздейді. ✔️Жайылымдық мал шаруашылығын ілгерілетуге ерекше назар аударылып отыр. ✔️Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2030 жылға дейін ветеринарияны дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның аясында ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, саланы қосымша қаржыландыру және нормативтік-құқықтық базаны жаңарту қарастырылған. ✔️Агроөнеркәсіп кешенін цифрлық тұрғыдан трансформациялау жалғасуда. «Е-АӨК» бірыңғай цифрлық платформасы базасында мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен жаңа цифрлық сервистер біріктіріліп жатыр. ✔️Болжамға сәйкес, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 5,9 пайызға артады. Тағам өнімдері өндірісін 9,5 пайызға, сусын өндірісін 10,5 пайызға ұлғайту көзделген. Саладағы негізгі капиталға 2,2 триллион теңге инвестиция салынбақ. Президент: 📌ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

POLISIA.KZ » публикация №17528

POLISIA.KZ ·

🔹 Оралда полицейлер 4 жасар баланы қауіптен аман алып қалды Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔹 Полицейские спасли 4-летнего ребенка от опасности в Уральске Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


Комитет государственных доходов РК » публикация №11817

Комитет государственных доходов РК ·

📢 Что важно знать импортерам? ✅ При соблюдении требований статьи 509 НК метод зачета позволяет не уплачивать НДС при импорте. 📦 Применяется только к товарам, включенным в утвержденный перечень. 📝 Для применения необходимо представить заявление о ввозе и подтверждающие документы. ⏳ Товары должны использоваться по целевому назначению: • 5 лет для большинства товаров; • 18 месяцев для сельскохозяйственной птицы. ⚠️ При нарушении условий НДС подлежит уплате с начислением пени. 🔗 Подробнее по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1256551?lang=ru


Комитет государственных доходов РК » публикация №11816

Комитет государственных доходов РК ·

📢 Импорттаушылар нені білуі керек? ✅ Салық кодексінің 509-бабының талаптары сақталған жағдайда, есепке жатқызу әдісі импорт кезінде ҚҚС төлемеуге мүмкіндік береді. 📦 Әдіс тек бекітілген тізбеге енгізілген тауарларға қолданылады. 📝 Қолдану үшін тауарларды әкелу туралы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсыну қажет. ⏳ Тауарлар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс: • 5 жыл - тауарлардың басым бөлігі үшін; • 18 ай - ауыл шаруашылығы құстары үшін. ⚠️ Талаптар бұзылған жағдайда ҚҚС өсімпұлмен бірге бюджетке төленуге тиіс. 🔗 Толығырақ сілтеме арқылы.


POLISIA.KZ » публикация №17527

POLISIA.KZ ·

🚔 Ақмола облысында полицейлер ер адамды құтқарып қалды 10 шілде күні сағат 13:25 шамасында Степногорск қаласының шағын аудандарының біріндегі көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы балконнан ер адамның секіруге ниетті екені туралы полицияға хабарлама түскен.…


POLISIA.KZ » публикация №17526

POLISIA.KZ ·

Ақмола облысында полицейлер ер адамды құтқарып қалды 10 шілде күні сағат 13:25 шамасында Степногорск қаласының шағын аудандарының біріндегі көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы балконнан ер адамның секіруге ниетті екені туралы полицияға хабарлама түскен. Үш минут ішінде оқиға орнына патрульдік полиция взводының қызметкерлері Дамир Нұртасов пен Арман Блялов жетті. Полицейлер сегізінші қабатқа көтерілген кезде балкон сыртында тұрған ер адамды байқап, дереу онымен байланыс орнатуға кірісті. Сақшылар сабырлы түрде сөйлесіп, оның назарын аударып, сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысты. Әңгіме барысында ер адамның мұндай қадамға баруына жұбайымен болған жанжал себеп болғаны анықталды. Бір полицей әңгімелесуді жалғастырып жатқан сәтте, екінші қызметкер қауіпсіздік шарасын қолданып, ер адамды балконның ішкі жағына қарай тартып алды. Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Құтқарылған азамат медициналық қызметкерлерге тапсырылып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Адам өмірін сақтау — полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Осындай қиын сәтте жедел шешім қабылдап, дұрыс әрекет етіп, полицейлер тағы бір азаматтың өмірін сақтап қалды. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


Aqorda » публикация №34014

Aqorda ·

Касым-Жомарт Токаев принял министра сельского хозяйства Айдарбека Сапарова Глава государства заслушал доклад об итогах развития агропромышленного комплекса за первое полугодие 2026 года. 🔹Президент был проинформирован о работе по диверсификации посевных площадей, расширению механизмов льготного кредитования аграриев и развитию лизинга сельскохозяйственной техники. Айдарбек Сапаров: ➤ доложил о том, что продолжается реализация комплекса мер, направленных на увеличение доли переработанной продукции в АПК до 70%. ✔️За шесть месяцев 2026 года производство продуктов питания увеличилось на 14,7%. ✔️Рост индекса физического объема сельского хозяйства составил 4,4%, в том числе растениеводства – 7,7%, животноводства – 4,4%. ➤ сообщил, что одновременно растут объемы экспорта и расширяется номенклатура поставляемой за рубеж продукции. ✔️По итогам января – апреля 2026 года экспорт продукции АПК составил 3 млрд долларов, что на 36% превышает показатель аналогичного периода прошлого года (2,2 млрд долларов). ✔️По итогам года ожидается увеличение экспорта до 7,2 млрд долларов. ➤отчитался о ходе реализации Комплексного плана по развитию животноводства, принятого во исполнение поручения Главы государства. ✔️Сформирована система льготного финансирования, охватывающая хозяйства всех категорий. Принимаемые меры направлены на увеличение поголовья сельскохозяйственных животных, повышение продуктивности отрасли и наращивание экспорта мясной продукции. ✔️Особое внимание уделяется развитию отгонного животноводства. ✔️В целях исполнения поручения Президента утвержден Комплексный план по развитию ветеринарии до 2030 года, предусматривающий совершенствование системы ветеринарной безопасности, дополнительное финансирование отрасли и обновление нормативно-правовой базы. ✔️Продолжается цифровая трансформация агропромышленного комплекса. На базе единой цифровой платформы «Е-АПК» осуществляется интеграция государственных информационных систем и внедрение новых цифровых сервисов. ✔️До конца 2026 года прогнозируется рост валовой продукции сельского хозяйства на 5,9%. Производство продуктов питания планируется увеличить на 9,5%, напитков – на 10,5%. Инвестиции в основной капитал отрасли ожидаются на уровне 2,2 трлн тенге. Президент: 📌 поставил ряд задач, направленных на повышение эффективности отрасли, увеличение производства продукции с высокой добавленной стоимостью, расширение экспортного потенциала и укрепление продовольственной безопасности страны. t.me/aqorda_resmi


ҚТЖ PRESS » публикация №13651

ҚТЖ PRESS ·

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 вокзал мен жолаушылар инфрақұрылымы нысаны іске қосылды 🚉 Жобалар Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмалары аясында жүзеге асырылды. Жұмыстарды «Қазақстан темір жолы» мен «Самұрық-Қазына» қоры және ҚР Көлік министрлігі бірлесіп орындады. 📍Жаңартылған вокзалдар еліміздің 10 өңірінде пайдалануға берілді. Олардың қатарында Талдықорған, Қонаев, Бурабай курорты, Риддер, Шемонаиха, Жаңақорған, Қазалы, Шиелі, Тайынша, Жаңаесіл, Саумалкөл, Ақкөл, Шортанды, Макинка және басқа да станциялар бар. Сондай-ақ, Қарағанды-Сұрыптау станциясының нысандары мен Талап және Бозшакөл станцияларындағы нысандар жаңғыртылды. Жұмыстар барысында вокзалдардың қасбеттері, инженерлік желілері мен жолаушылар платформалары жаңартылды, заманауи күту залдары жабдықталды, кедергісіз орта қалыптастырылып, жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді. Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр. Жобаларды «Қазақстан темір жолы» қаржыландырады. 🔘 30 вокзалов и объектов пассажирской инфраструктуры открылись в Казахстане после модернизации 🚉 Проекты реализованы в рамках поручений Главы государства и Правительства РК. Работы выполнены «Қазақстан темір жолы» совместно с АО «Самрук-Қазына» и Министерством транспорта РК. 📍Обновленные вокзалы начали работу в 10 регионах страны. Среди них - Талдыкорган, Конаев, Курорт-Боровое, Риддер, Шемонаиха, Жанакорган, Казалы, Шиелі, Тайынша, Жаңаесіл, Саумалкөл, Акколь, Шортанды, Макинка и другие станции. Также модернизированы объекты станции Караганда-Сортировочная и платформы на станциях Талап и Бозшаколь. В ходе реконструкции обновлены фасады, инженерные сети и пассажирские платформы, оборудованы современные залы ожидания, создана безбарьерная среда и внедрена новая система безопасности. Модернизация железнодорожной инфраструктуры продолжается по всей стране. Финансирование работ осуществляется за счет средств АО «НК «КТЖ».


MFA Qazaqstan » публикация №25097

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Женевада Қазақстанның ұлттық көрмесі ашылды 🔸 В Женеве открылась национальная выставка Казахстана 🔹 Kazakhstan's National Exhibition Opened in Geneva @PressMFAKZ


Минобороны РК » публикация №33618

Минобороны РК ·

❗️Әскери қызметтің беделіне нұқсан келтірген азамат жауапкершілікке тартылды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 2-бөлігі («Жалған ақпаратты орналастыру, тарату») бойынша кінәлі деп танылған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кету керек, 26 маусым күні @egovpress Telegram-арнасында жарияланған бейнематериалдарда азамат өзін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі ретінде көрсетіп, әскери қызметтің беделін түсіретін мәліметтер таратқан. Қорғаныс министрлігі жүргізген тексеру нәтижесінде аталған азаматтың әскери қызметке қатысы жоқтығы және бұған дейін Қарулы Күштерде немесе өзге де әскери құралымдарында қызмет атқармағаны анықталды. Тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданып, оның нәтижесі бойынша азамат жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызмет пен Қарулы Күштердің беделін түсіретін жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. ❗️За дискредитацию воинской службы гражданин привлечен к ответственности Гражданин привлечен к административной ответственности по части 2 статьи 456-2 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях («Размещение, распространение ложной информации»). Ему назначен штраф в размере 20 МРП. Основанием стала публикация, размещенная 26 июня в Telegram-канале @egovpress, в которой мужчина, изображенный на видеоматериалах, был необоснованно представлен как военнослужащий Вооруженных Сил Республики Казахстан, а сама публикация содержала утверждения, дискредитирующие воинскую службу. Проведенной Министерством обороны проверкой установлено, что данный гражданин не является военнослужащим, не проходит воинскую службу и ранее не служил в Вооруженных Силах или иных воинских формированиях Республики Казахстан. Материалы проверки были переданы в органы внутренних дел, по результатам чего гражданин привлечен к административной ответственности за распространение ложной информации. Министерство обороны Республики Казахстан напоминает, что распространение недостоверных сведений, дискредитирующих воинскую службу и Вооруженные Силы, влечет ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu



Минобороны РК » публикация №33607

Минобороны РК ·

🕹 Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын, киберқауіпсіздік саласының сарапшыларын және тактикалық дайындық бойынша кәсіби мамандарды бір алаңға тоғыстырды. 🕹 В Казахстане впервые проходит военно-инженерный чемпионат «Shaiqas-2026» Масштабный проект объединил разработчиков беспилотных авиационных систем, наземной робототехники, специалистов в области кибербезопасности и тактической подготовки. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu


Минобороны РК » публикация №33606

Минобороны РК ·

«Sarbaz 2.0.» открывает солдатам срочной службы новые возможности для образования и развития. Платформа помогает получить грант на обучение или поступить в вуз после службы без ЕНТ и лишней бюрократии.


Минобороны РК » публикация №33605

Минобороны РК ·

«Sarbaz 2.0» – әскери қызметті білім мен мансап мүмкіндігімен ұштастыратын цифрлық платформа. Ол сарбаздарға жоғары оқу орындарына түсу жеңілдіктерін пайдалануға және мемлекеттік грантқа үміткер болуға мүмкіндік береді. Барлық процесс онлайн, ашық және қолжетімді.


ҚТЖ PRESS » публикация №13650

ҚТЖ PRESS ·

🗣Алматы бағыты бойынша Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 992 мыңнан астам жолаушы тасымалданды ➡️Жазғы тасымал кезеңінде Алматы еліміздің негізгі теміржол тораптарының бірі болып есептеледі. Бұл бағытқа деген жоғары сұраныс жолаушылар ағынымен расталады. 2026…


ҚТЖ PRESS » публикация №13649

ҚТЖ PRESS ·

🗣Алматы бағыты бойынша Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 992 мыңнан астам жолаушы тасымалданды ➡️Жазғы тасымал кезеңінде Алматы еліміздің негізгі теміржол тораптарының бірі болып есептеледі. Бұл бағытқа деген жоғары сұраныс жолаушылар ағынымен расталады. 2026 жылдың басынан бері Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Алматы бағыты бойынша 992 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. ➡️Тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағыты бойынша қатынайтын 26 жұп пойызға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 13 стандартты пойыз, 11 «Тальго» пойызы және 2 қала маңы бағыты бар. ✅Стандартты пойыздар 1. №21/22 Қызылорда – Семей — күн сайын 2. №23/24 Ақтөбе – Алматы — күн ара 3. №31/32 Павлодар – Алматы — күн сайын 4. №33/34 Ақтөбе – Алматы — күн сайын 5. №41/42 Атырау – Алматы — күн ара 6. №7/8 Алматы – Саратов — күн ара 7. №77/78 Алматы – Маңғыстау — күн сайын 8. №351/352 Алматы – Өскемен — күн сайын 9. №73/74 Алматы – Жезқазған — күн ара 10. №87/88 Алматы – Сарыағаш — күн ара 11. №113/114 Алматы – Қазан — аптасына 1 рет 12. №301/302 Алматы – Новосібір — күн ара 13. №221/222 Алматы – Достық — аптасына 3 рет ✅«Тальго» пойыздары 1. №1/2 Алматы – Ташкент — күн сайын 2. №3/4 Алматы – Астана — күн сайын 3. №9/10 Астана – Алматы — күн сайын 4. №11/12 Алматы – Шымкент — күн сайын 5. №25/26 Алматы – Шымкент — күн сайын 6. №27/28 Алматы – Орал — күн ара 7. №105/106 Алматы – Петропавл — күн ара 8. №119/120 Алматы – Қостанай — күн ара 9. №207/208 Алматы – Достық — күн ара 10. №211/212 Алматы – Достық — күн ара 11. №231/232 Алматы – Семей — күн ара ✅Қала маңы пойыздары 1. №6931/6932 Алматы – Сарыөзек — күн ара 2. №6985/6986 Алматы – Алтынкөл — күн сайын ➡️Жол жүру билеттерін bilet.railways.kz ресми сайтынан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол билет кассаларынан, сондай-ақ, билеттерді сату бойынша мобильді сервистер арқылы сатып алуға болады. ➡️Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында электрондық кезек арқылы босаған орындарға билет сатып алуға мүмкіндік беретін «Күту парағы» қызметі жұмыс істейді. Бұл қызметті bilet.railways.kz сайтында және теміржол билет кассаларында пайдалануға болады. ➡️Қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы ала алады.


UKIMET » публикация №24973

UKIMET ·

Олжас Бектенов провел заседание Совета города Алатау: обсужден ход реализации поручений Главы государства по развитию нового города 📌Под председательством Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова состоялось заседание Совета города Алатау. Рассмотрены…


POLISIA.KZ » публикация №17525

POLISIA.KZ ·

🔥 Оралда патрульдік полицейлер өрт кезінде 15 тұрғынды құтқарды Орал қаласындағы Самал көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша баспалдақ алаңында жеке заттар жанған. Өрт туралы хабарлама түскен…


POLISIA.KZ » публикация №17524

POLISIA.KZ ·

🔥 Оралда патрульдік полицейлер өрт кезінде 15 тұрғынды құтқарды Орал қаласындағы Самал көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша баспалдақ алаңында жеке заттар жанған. Өрт туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция инспекторлары Азамат Тілеков пен Әлихан Аманғалиев жетті. Олар төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін тұрғындарды жедел эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында 15 тұрғын, оның ішінде үш бала құтқарылды. Сондай-ақ бір адам қауіпсіз жерге шығарылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Кейін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті жедел оқшаулап, толықтай сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі батыл әрекетінің нәтижесінде тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, адам шығынына жол берілмеді. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


UKIMET » публикация №24972

UKIMET ·

Олжас Бектенов провел заседание Совета города Алатау: обсужден ход реализации поручений Главы государства по развитию нового города 📌Под председательством Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова состоялось заседание Совета города Алатау. Рассмотрены вопросы реализации Конституционного закона Республики Казахстан «О специальном правовом режиме города Алатау» и дальнейшего развития нового города. 🔵Олжас Бектенов отметил, что вступившая в силу 1 июля текущего года Конституция служит продолжением масштабных президентских реформ и создает прочную основу для дальнейшей модернизации экономики. В данном контексте особое значение имеет проект Alatau City, нацеленный на привлечение инвестиций, внедрение передовых управленческих решений и создание новой модели города. «В развитие положений новой Конституции вступил в силу Конституционный закон «О специальном правовом режиме города Алатау». В соответствии с поручением Главы государства проект Alatau City должен стать одним из драйверов экономического развития. Поэтому основная задача Совета города Алатау – обеспечить своевременную и качественную реализацию специального правового режима», — подчеркнул руководитель Правительства. 🔵Главный исполнительный директор Alatau City Authority Алишер Абдыкадыров доложил о текущей деятельности организации и планах дальнейшего развития Алатау. В настоящее время ведется работа по формированию нормативной правовой базы города, разработке стратегических документов, созданию современной системы государственного управления, привлечению инвестиций и сопровождению инвестиционных проектов. Продолжается работа по развитию инженерной и транспортной инфраструктуры действующих населенных пунктов Алатау, в частности на текущий момент охвачены микрорайоны Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, Жаңадәуір, Жаңаталап. До конца текущего года планируется завершить разработку Долгосрочного плана развития города до 2055 года, Стратегии развития и Мастер-плана до 2040 года с привлечением ведущих международных консалтинговых компаний ARUP и BCG. Внимание уделено проектам K-Smart City, Alatau AI-Driven City и Alatau Crypto City. В рамках K-Smart City предусматривается создание пилотного самодостаточного района площадью 330 га с применением передовых смарт-технологий по опыту Южной Кореи. Концепция Alatau AI-Driven City предполагает внедрение цифрового двойника, Big Data и искусственного интеллекта для управления городскими процессами в режиме реального времени. Alatau Crypto City подразумевает запуск проектов по токенизации и формированию Web3-экосистемы города. В целом, по данным Alatau City Authority, сформирован пул из 53 инвестиционных проектов на сумму 2 трлн теңге с созданием 51 тыс. рабочих мест. Среди ключевых проектов – Iconic Complex стоимостью более $1 млрд, производство PepsiCo, Mars, Hyundai Green Food, биофармацевтический завод Khan Tengri Biopharma, проекты городской воздушной мобильности с AutoFlight и Joby, строительство кампуса университета KAIST. До конца 2026 года планируется запустить первые проекты по токенизации, привлечь резидентов и сформировать единое пространство виртуальной и реальной экономики. По итогам рассмотрения вопросов повестки Совет принял ряд решений. 📎Утверждено Положение об Alatau City Authority, определяющее правовой статус, полномочия и систему управления организации. Так, Государственный фонд Alatau City Authority преобразуется в специальную организацию управления – государственный орган, ответственный за функционирование и развитие города Алатау. 📎Для обеспечения эффективного управления городом приняты решения о создании Оперативного комитета и Регуляторной комиссии. Оперативный комитет будет рассматривать вопросы, требующие своевременного принятия решений. Регуляторная комиссия будет утверждать нормативные правовые акты, а также внедрять передовые международные практики в рамках специального правового режима. 📎В целях урегулирования вопросов переходного периода Совет поддержал создание Временной комиссии по земельным отношениям


UKIMET » публикация №24971

UKIMET ·

Олжас Бектенов Алатау қаласы кеңесінің отырысын өткізді: Мемлекет басшысының жаңа қаланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы…


UKIMET » публикация №24964

UKIMET ·

Олжас Бектенов Алатау қаласы кеңесінің отырысын өткізді: Мемлекет басшысының жаңа қаланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Онда «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын жүзеге асыру және жаңа қаланы одан әрі дамыту мәселелері қаралды. 🔵Олжас Бектенов биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Конституция ауқымды президенттік реформалардың жалғасы екенін және экономиканы одан әрі жаңғырту үшін берік негіз қалайтынын атап өтті. Бұл тұрғыда инвестициялар тартуға, озық басқару шешімдерін енгізуге және қаланың жаңа моделін құруға бағытталған Alatau City жобасы ерекше маңызға ие. «Негізгі заңмен бірге «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Alatau City жобасы экономикалық даму драйверлерінің бірі болуға тиіс. Мемлекет басшысының Жарлығымен Алатау қаласының кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеті – арнаулы құқықтық режимді уақтылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету», — деп атап өтті Үкімет басшысы. 🔵Alatau City Authority бас атқарушы директоры Алишер Абдықадыров ұйымның ағымдағы қызметі және Алатау қаласын одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады. Қазіргі уақытта қаланың нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру, стратегиялық құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік басқарудың заманауи жүйесін құру, инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алатаудың қазіргі бар елді мекендерінің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда, олар – Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, Жаңадәуір, Жаңаталап шағын аудандары. Осы жылдың соңына дейін Қаланы дамытудың 2055 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарын, жетекші халықаралық консалтингтік ARUP және BCG компанияларын тарта отырып, 2040 жылға дейінгі Даму стратегиясы мен Мастер-жоспарды әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. K-Smart City, Alatau AI-Driven City және Alatau Crypto City жобаларына назар аударылды. K-Smart City шеңберінде пилоттық жоба ретінде Оңтүстік Кореяның тәжірибесі бойынша озық смарт-технологияларды қолдана отырып, ауданы 330 гектар болатын жерге өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан құру көзделген. Ал Alatau AI-Driven City тұжырымдамасы нақты уақыт режимінде қалалық процестерді басқару үшін цифрлық сыңарды, Big Data және жасанды интеллектіні енгізуді қарастырады. Alatau Crypto City бойынша токенизация және қаланың Web3-экожүйесін қалыптастыру бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады. Жалпы, Alatau City Authority деректері бойынша 51 мың жұмыс орны ашылатын 2 трлн теңге сомасына 53 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Негізгі жобалардың қатарында құны $1 млрд-тан асатын Iconic Complex, PepsiCo, Mars, Hyundai Green Food өндірістері, Khan Tengri Biopharma биофармацевтикалық зауыты, AutoFlight пен Joby компанияларымен бірлескен қалалық әуе мобильдігі жобалары, сондай-ақ KAIST университетінің кампусын салу жобасы бар. 2026 жылдың соңына дейін токенизациялау бойынша алғашқы жобаларды іске қосу, резиденттерді тарту және виртуалды әрі нақты экономиканы біріктіретін бірыңғай кеңістік қалыптастыру жоспарланып отыр. 📱 @KZgovernment


ҚТЖ PRESS » публикация №13645

ҚТЖ PRESS ·

🗣Теміртауда теміржол жолаушылар платформасы жаңғыртылды ➡️Теміртау станциясындағы теміржол жолаушылар платформасын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. ➡️Жұмыстар барысында платформаға іргелес аумақ толық абаттандырылды: жолаушылар жүретін жолдар мен кіреберістерге тас төсем төселіп, заманауи аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, шағын сәулет нысандары және жарықтандыру жүйелері орнатылды. ➡️Теміртау станциясынан Құлайғыр және Ақадыр бағыттарына төрт қала маңы пойызы қатынайды. ➡️Жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, пойызға отыру және түсу үдерісін жақсартуға, сондай-ақ станцияның сәулеттік келбетін жаңартуға мүмкіндік берді. Жобаны іске асыру Мемлекет басшысы мен Үкіметтің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды. ➖➖➖ 🗣В Темиртау завершена реконструкция железнодорожной пассажирской платформы ➡️На станции Темиртау завершена реконструкция железнодорожной пассажирской платформы. ➡️В ходе работ благоустроена прилегающая территория: подходы и пешеходные дорожки вымощены брусчаткой, установлены современные остановочные павильоны, скамейки, урны, малые архитектурные формы и освещение. ➡️Со станции Темиртау курсируют четыре пригородных поезда по направлениям Кулайгыр и Акадыр. ➡️Реконструкция повысила комфорт и безопасность пассажиров, улучшила условия посадки и высадки, а также внешний облик объекта. Работы выполнены в рамках реализации поручений Главы государства и Правительства по модернизации железнодорожной инфраструктуры.


POLISIA.KZ » публикация №17523

POLISIA.KZ ·

🔹 Орташа жылдамдықты бақылау тағы бес жол учаскесінде іске қосылады Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 Контроль средней скорости запускается еще на пяти участках дорог Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


ТРК Президента » публикация №12605

ТРК Президента ·

#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Конституция – Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысының бүгінгі құбылмалы, шиеленістер мен соғыстарға толы жаңа геосаяси жағдайда көрініс тапқан жаңа сипаттағы жалғасы» @ptrkkz


POLISIA.KZ » публикация №17522

POLISIA.KZ ·

☄️ ІІМ интернет-есірткі дүкенінің "қоймасын" әшкереледі Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ☄️ МВД пресекло деятельность "склада" интернет-наркомагазина Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


ҚТЖ PRESS » публикация №13643

ҚТЖ PRESS ·

✅Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті 😮Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің Құсмұрын станциясында "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде "Қауіпсіз өткел" республикалық профилактикалық акциясы өтті. Оның мақсаты - жүргізушілерге темір жолдарды кесіп өту ережелерін еске салу және өткелдердегі жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту. Акцияға теміржолшылар, Көлік және желілік полиция қызметкерлері қатысты. Іс-шара Құсмұрын-Есіл учаскесінің 290 км-дегі теміржол өткелінде өтті. Бұл - аймақтың ең көп жүретін өткелдерінің бірі, мұнда күн сайын 45 жүк және 14 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 3 мыңға жуық вагон бар. 😮Өткел арқылы Әулиекөл ауданының, сондай-ақ Қостанай және Ақмола облыстарының елді мекендерімен қарқынды автомобиль қатынасы жүзеге асырылады. Акция барысында қатысушылар жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізді, темір жолдарды кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салып, ақпараттық жадынамалар таратты. Қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулықтан 89 жеңіл автомобиль жүргізушісі және 35 жүк көлігінің жүргізушісі өтті. 😮ҚТЖ теміржол өткелі - қауіптілігі жоғары объект екенін еске салады. Жүргізушілер жол белгілерінің, бағдаршамның және дыбыстық сигнал берудің талаптарын қатаң сақтауы, тыйым салу сигналы кезінде өткелге шықпауы және жақындап келе жатқан пойыздың алдында жолдарды кесіп өтуге тырыспауы қажет. 😮Теміржолшылар "Қауіпсіз өткел" акциясы Қазақстанның барлық өңірінде өтуде. Олар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға, теміржол өткелдеріндегі бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. ➖➖➖ ✅На станции Кушмурун прошла акция «Безопасный переезд» 😮На станции Кушмурун Костанайского отделения магистральной сети в рамках Концепции «Закон и порядок» состоялась республиканская профилактическая акция «Безопасный переезд». Ее цель — напомнить водителям о правилах пересечения железнодорожных путей и снизить риск дорожно-транспортных происшествий на переездах. В акции приняли участие железнодорожники, сотрудники транспортной и линейной полиции. 😮Мероприятие прошло на железнодорожном переезде 290 км участка Кушмурун — Есиль. Это один из наиболее загруженных переездов региона: ежедневно здесь проходят 45 грузовых и 14 пассажирских поездов, а также около 3 тысяч вагонов. Через переезд осуществляется интенсивное автомобильное сообщение с населенными пунктами Аулиекольского района, а также Костанайской и Акмолинской областей. 😮Во время акции участники провели профилактические беседы с водителями, напомнили о необходимости неукоснительно соблюдать Правила дорожного движения при пересечении железнодорожных путей и раздали информационные памятки. Инструктаж по вопросам безопасности прошли 89 водителей легковых автомобилей и 35 водителей грузового транспорта. 😮КТЖ напоминает, что железнодорожный переезд — объект повышенной опасности. Водителям необходимо строго соблюдать требования дорожных знаков, светофорной и звуковой сигнализации, не выезжать на переезд при запрещающем сигнале и не пытаться пересечь пути перед приближающимся поездом. 😮Акции «Безопасный переезд» железнодорожники проходят во всех регионах Казахстана. Они направлены на повышение культуры безопасного поведения участников дорожного движения, предупреждение нарушений на железнодорожных переездах и сохранение жизни и здоровья граждан.




Комитет государственных доходов РК » публикация №11815

Комитет государственных доходов РК ·

❓Ваша ситуация: Я самозанятое лицо и у меня образовалась пеня по социальным платежам. Как и где мне оплатить пеню по социальным платежам? ❗Как исправить? Пеню по социальным платежам (начисленную за несвоевременную уплату соцплатежей), можно оплатить через: 1. мобильное приложение БВУ (например, через Halyk (Платежи → Все платежи → Государственные платежи →Самозанятые), Kaspi.kz (Госуслуги → Платежи и бизнес → Отчисления для самозанятых); 2. АО «Казпочта». ❇Важно: оплата (списание) сумм социальных платежей через мобильное приложение «E-Salyq Вusiness» не осуществляется. При оплате пени социальных платежей необходимо выбрать корректный код назначения платежа (КНП).


Комитет государственных доходов РК » публикация №11814

Комитет государственных доходов РК ·

❓Сіздің жағдайыңыз: Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғамын, менде әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл қалыптасты. Әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұлды қайда және қалай төлей аламын? ❗Қалай түзетуге болады? Әлеуметтік төлемдер бойынша (уақытылы төлемегені үшін есептелген) өсімпұлды: · ЕДБ қосымшалары арқылы (мысалы, Halyk: (Төлемдер → Барлық төлемдер → Мемлекеттік төлемдер → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар); Kaspi.kz: (Мемлекеттік қызметтер → Төлемдер және бизнес → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар); · «Қазпошта» АҚ арқылы төлеуге болады. ❇Маңызды: «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы әлеуметтік төлемдер сомасын төлеу (есептен шығару) жүзеге асырылмайды. Әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұлды төлеу кезінде төлемдерді тағайындау кодын (ТТК) дұрыс таңдау қажет.