Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Мемлекет басшысы құттықтауында Тұңғыш Президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды. – Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді, – делінген құттықтауда. Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
🪂 6 июля - День образования Десантно-штурмовых войск В этом году войска отмечают свое 26-летие. За эти годы Десантно-штурмовые войска прошли путь становления и развития, став одним из наиболее мобильных и боеготовых родов войск Вооруженных сил Казахстана. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🪂 6 шілде - Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылған күні Биыл десантшылар 26 жылдық белестерін атап өтуде. Осы жылдар ішінде Десанттық-шабуылдау әскерлері қалыптасу мен даму жолынан өтіп, Қазақстан Қарулы күштерінің ең ұтқыр әрі жауынгерлік әзірлігі жоғары әскер тектерінің біріне айналды. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Глава государства Касым-Жомарт Токаев направил поздравление Нурсултану Назарбаеву по случаю его дня рождения В своем поздравлении Глава государства отметил историческую миссию Первого Президента по строительству основ современной казахской государственности, созданию Республики Казахстан, укреплению экономического потенциала и позиций нашей страны на международной арене. В поздравительном послании также сказано об исключительной важности решения Нурсултана Назарбаева о переносе столицы в Астану. – Перенос столицы в бескрайние степи Сарыарки придал мощный импульс развитию всего Казахстана. Сегодня Астана продолжает динамично расти и преображаться, превращаясь в один из самых красивых городов мира, – говорится в поздравлении. Касым-Жомарт Токаев пожелал Первому Президенту крепкого здоровья, долгих лет жизни и благополучия. t.me/aqorda_resmi
⚜️6 шілде – Қазақстан Республикасы Астана күні! Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы, мемлекетіміздің бай тарихы мен мәдениетін айшықтайтын басты құндылықтардың бірі. Елордамыздың көркейіп, гүлдене беруіне тілектеспіз. Бұл мереке әрқайсымыздың жүрегімізге туған Отанымызға деген мақтаныш сезімін ұялатсын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілейміз. Әр шаңырақта ынтымақ пен береке орнап, ертеңгі күнге деген сенім нығая берсін. Құрметпен, ҚР ҚМ МКК. ***** ⚜️6 июля - День столицы Республики Казахстан! Уважаемые казахстанцы, поздравляем вас с Днем столицы! Столица - это символ независимости и единства, отражающий богатую историю и культуру нашей страны. Пусть она процветает, а этот праздник приносит гордость за нашу Родину. Желаем Вам крепкого здоровья, благополучия и новых успехов. Пусть в каждой семье царят согласие и уверенность в завтрашнем дне. С уважением, КГД МФ РК.
⚜️ Мемлекет басшысы Астана күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады. Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болды. Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр. Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады. Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті. Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді. Аймақтық және жаһандық саясаттың аса өзекті мәселелеріне қатысты шешімдердің Астанада қабылдануы – соның айқын дәлелі. Бас қаламыз жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіпке», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуға тиіс. Елордамыз Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей береді деп сенемін. Құрметті Астана тұрғындары, баршаңызға амандық және табыс тілеймін! @ptrkkz
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем столицы Дорогие соотечественники! Поздравляю вас с Днем столицы! Именно в Астане бьется сердце суверенного Казахстана. Наша столица – символ Независимости государства, средоточие созидательной энергии нации, устремленной в будущее. В этом городе принимаются все судьбоносные для нашего народа решения. Астана стала движущей силой масштабных исторических событий. Наша столица обрела статус «умного города», где внедрены системы качественно нового управления. В то же время в столице появились парки, скверы, детские площадки – все это для жителей Астаны и ее гостей. Символично, что накануне Дня столицы вступила в силу Народная Конституция, открывшая эпохальную по своей сути страницу в летописи нашего государства. Это поистине историческое событие ознаменовало модернизацию основных институтов власти и общества. Новый Конституционный закон о статусе столицы усилил ведущую роль Астаны как политического, административного, экономического и культурного центра страны, подтвердил ее особое значение в дальнейшем развитии государства. Последовательно укрепляется и международный авторитет Астаны, где принимаются решения по самым актуальным вопросам региональной и глобальной политики. Астане предстоит стать ярким примером воплощения в жизнь новой общественной этики, основанной на фундаментальных принципах ответственного гражданства, «Закона и Порядка», «Таза Қазақстан». Уверен, наша столица будет процветать и идти в авангарде строительства Справедливого Казахстана. Желаю вам, дорогие жители Астаны, благополучия и успехов! t.me/aqorda_resmi
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады. Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болды. Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр. Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады. Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті. Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді. Аймақтық және жаһандық саясаттың аса өзекті мәселелеріне қатысты шешімдердің Астанада қабылдануы – соның айқын дәлелі. Бас қаламыз жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіпке», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуға тиіс. Елордамыз Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей береді деп сенемін. Құрметті Астана тұрғындары, баршаңызға амандық және табыс тілеймін! t.me/aqorda_resmi
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте 🔸 Заседание Правительства Исполнение поручений Главы государства в свете вступления в силу новой Конституции РК 🔹 Олжас Бектенов: Казахстан вступает в новый этап модернизации под руководством Касым-Жомарта Токаева. 🔹 Правительство обеспечит контроль за мерами по снижению инфляции, а также снизит регуляторные барьеры для экспортоориентированных предприятий. 🔹 До конца года запланирован ремонт порядка 12 тыс. км инженерных сетей в рамках Нацпроекта «МЭКС». https://t.me/KZgovernment/24746 🔹 В текущем году в обрабатывающем секторе запланирован запуск порядка 200 новых проектов, при этом Казахстан нацелен на привлечение $25,5 млрд иностранных инвестиций. 🔹Правительство в месячный срок актуализирует планы работ по ускорению газификации страны с увеличением показателя до 80%. 🔹Олжас Бектенов поручил до конца года полностью обеспечить потребности страны в авиатопливе и ускорить строительство трех новых угольных станций. 🔹По поручению Президента Правительство в следующем году завершит модернизацию автомобильных пунктов пропуска. 🔹Премьер-министр поручил госорганам усилить работу по благоустройству территорий и повышению экологической культуры общества в рамках инициативы «Таза Казахстан», а также поручил МВД актуализировать план профилактики правонарушений. 🔹Олжас Бектенов: От скоординированной работы всех госорганов зависит эффективная реализация новых конституционных норм. *** 🔹 Олжас Бектенов провел совещание по ситуации на рынке ГСМ. 🔹 Руководитель Правительства провел заседание по текущей гидрологической ситуации: уровни воды – в пределах нормы, организован круглосуточный мониторинг. 🔹 Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан. 🔹 Премьер-министр провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына». 🔹 Олжас Бектенов ознакомился с технологическим оснащением и созданными образовательными условиями в новом здании Казахского национального университета спорта, открытого в Астане по поручению Президента. 🔸 Двусторонние встречи 🔹 Премьер-министр провел встречу с Премьер-министром Грузии Ираклием Кобахидзе, прибывшим в Казахстан с официальным визитом. 🔹 Руководитель Правительства провел встречу с Федеральным министром экономики и энергетики Германии Катериной Райхе. 🔹 Олжас Бектенов провел встречу с участниками заседания Совета иностранных инвесторов при Президенте РК. В частности, с президентом ЕБРР, вице-президентом Всемирного банка, а также руководством компаний ExxonMobil, Marubeni, Chevron , Shell plc, Eni и Baker Hughes. 🔸 Заместители Премьер-министра 🔹 Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в область Ұлытау принял участие в официальной церемонии запуска проекта реконструкции автомобильной дороги Жезказган – Караганда. 🔹 Под председательством заместителья Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин на заседании Проектного офиса рассмотрены вопросы налогового регулирования деятельности АО «Казпочта». 🔹 Заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации Аида Балаева от имени Главы государства вручила государственную награду шахматистке Бибисаре Асаубаевой. 📱@KZgovernment
📌 Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз 🔸 Үкімет отырысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау. 🔹 Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов. 🔹 Үкімет инфляцияны төмендету шараларын бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін реттеушілік кедергілерді төмендетеді. 🔹 Жыл соңына дейін «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында шамамен 12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. 🔹 Биыл өңдеуші секторда 200-ге жуық жаңа жоба іске қосылады деп күтілуде, бұл ретте Қазақстан $25,5 млрд шетелдік инвестиция тартуға бағытталған. 🔹 Үкімет бір ай мерзімде көрсеткішті 80%-ға дейін арттыра отырып елді мекендерді газбен қамту ісін жеделдету жөніндегі жұмыс жоспарларын өзектендіреді. 🔹 Олжас Бектенов жыл соңына дейін елдің авиаотынға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуді және үш көмір стансасының құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. 🔹 Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет келесі жылы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. 🔹Премьер-министр мемлекеттік органдарға аумақтарды абаттандыру және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарын өзектендіруді тапсырды. 🔹 Жаңа конституциялық нормаларды тиімді жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысына байланысты – Олжас Бектенов. *** 🔹 Олжас Бектенов ЖЖМ нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді. 🔹 Олжас Бектенов ағымдағы гидрологиялық жағдай бойынша жиын өткізді: су деңгейі қалыпты жағдайда, тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылған. 🔹Премьер-министрдің төрағалығымен өткен жиынның басты тақырыбы – елдегі қазіргі гидрологиялық жағдай. 🔹 Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. 🔹 Премьер-министр «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. 🔹 Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы технологиялық жарақтандыру деңгейімен және білім беру жағдайымен танысты. 🔸 Екіжақты кездесулер 🔹 Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді. 🔹 Премьер-министр Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті. 🔹 Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді. Атап айтқанда, ЕҚДБ президенті, Дүниежүзілік банктің вице-президенті, сондай-ақ ExxonMobil, Marubeni, Chevron, Shell plc, Eni және Baker Hughes компанияларының басшылығымен. 🔸 Премьер-министрдің орынбасары 🔹 ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасының ресми басталуына қатысты. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жобалық кеңсенің отырысында «Қазпошта» АҚ қызметін салықтық реттеу мәселелері қаралды. 🔹 ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады. 📱@KZgovernment
🇺🇳🪕 Голан жоталарында қызмет етіп жатқан Үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің әскери қызметшісі сержант Ақжол Әшімбаев барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
⚜️Домбыра – ұлттың үні ▫️Біздің ұлттық аспабымыз бүгін Ұлттық домбыра күнінде бұрынғыдан да асқақ үнмен күмбірлеп, ұлттың күші оның тамыры мен өнерінде екенін тағы бір мәрте еске салады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, домбыра – Қазақстанның мәдениетін әлемге танытатын бірегей ұлттық бренд. 🎶 Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде мыңдаған домбырашы күй орындауда. Тек Астана қаласының өзінде ғана «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» атты челленджге 10 000-нан астам жас орындаушы қатысса, Ұлттық домбыра күні аясындағы мерекелік іс-шаралар ел бойынша 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. @ptrkkz
Астана қаласының әкімі мен ҚТЖ Басқарма Төрағасы Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңарту барысымен танысты "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Астана әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Астана-1 теміржол вокзалына барып, нысанды қайта жаңарту барысымен танысты. Вокзалды қайта жаңарту Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізілуде. Объектінің жалпы ауданы 8 409 ш.м. Жобалау-сметалық құжаттама "Мемсараптама"РМК-да мемлекеттік сараптамадан өтеді. Нысанда шатыр жабу жұмыстары аяқталып келеді. Ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, жылыту, желдету, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және әлсіз ток желілерін монтаждау жұмыстары жалғасуда. Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде, жағалау платформасында жұмыстар аяқталуда, конкорск өткелінің құрылысы жалғасуда. Қайта құру жұмысына 261 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды. Технологиялық жабдықтар мен жиһаздарды жеткізуге келісімшарттар жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша қайта құру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыру қажеттігі атап өтілді. Мердігер ұйымға жұмысшылар санын және тартылған техниканың санын көбейту, сондай-ақ лифтілерді, эскалаторларды, қасбеттік жүйелер мен витражды конструкцияларды жеткізу мен монтаждауды жеделдету тапсырылды. ➖➖➖ Аким Астаны и Председатель Правления КТЖ ознакомились с ходом реконструкции железнодорожного вокзала Астана-1 Председатель Правления АО «НК «Қазақстан темір жолы» Талгат Алдыбергенов совместно с акимом Астаны Женисом Касымбеком посетил железнодорожный вокзал Астана-1, где ознакомился с ходом реконструкции объекта. Реконструкция вокзала ведется в рамках поручений Главы государства и Правительства Республики Казахстан по модернизации транспортной инфраструктуры. Общая площадь объекта составляет 8 409 кв. м. Проектно-сметная документация проходит государственную экспертизу в РГП «Госэкспертиза». На объекте завершаются кровельные работы. Продолжаются наружная и внутренняя отделка здания, монтаж систем отопления, вентиляции, водоснабжения, канализации, электроснабжения и слаботочных сетей. Выполняется строительство наружных инженерных сетей, завершаются работы на береговой платформе, продолжается возведение конкорсного перехода. В реконструкции задействованы 261 работник и 11 единиц техники. Заключены договоры на поставку технологического оборудования и мебели. По итогам осмотра отмечена необходимость наращивания темпов строительно-монтажных работ для завершения реконструкции в установленные сроки. Подрядной организации поручено увеличить численность работников и количество задействованной техники, а также ускорить поставку и монтаж лифтов, эскалаторов, фасадных систем и витражных конструкций.
🇰🇿 Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлерінің Оқу орталығының сарбаздары Ұлттық домбыра күніне орай Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады. Ұлттық дәстүрді қастерлеген сарбаздар күнделікті әскери қызметте де, оқу-жаттығу барысында да қолдарынан домбыраны тастамай, күй өнері арқылы жауынгерлік рух пен отансүйгіштік қасиетті дәріптеп келеді. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿 Ұлттық рухты ұлықтаған сарбаздар Абай гарнизонындағы 36803 әскери бөлімінің сарбаздарынан құралған «Ықылас» домбырашылар ансамблі барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Мерекеге орай ансамбль мүшелері Семей қаласының көрікті орындарында қазақтың күмбірлеген күйін орындап, халқымыздың төл мәдениеті мен рухани мұрасын насихаттауға өз үлестерін қосты. Жас әскери қызметшілердің орындауындағы «Домбыра» күйі елдік рухты асқақтатып, халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық құндылықтарының маңызын тағы бір мәрте айшықтай түсті. Олар Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзінің мәнін өнер арқылы дәлелдеп, ұлттық аспаптың қасиетін кеңінен насихаттады. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Алжира 🇰🇿🇩🇿Касым-Жомарт Токаев поздравил Абдельмаджида Теббуна и его соотечественников с Днем независимости Алжирской Народной Демократической Республики. — Мы рассматриваем Алжир в качестве одного из надежных партнеров в арабском мире. Убежден, что казахско-алжирские отношения, основанные на узах крепкой дружбы и взаимопонимания, будут и впредь поступательно развиваться на благо наших народов, — говорится в телеграмме. Президент Казахстана пожелал Абдельмаджиду Теббуну успехов в его ответственной деятельности, а дружественному народу Алжира — благополучия и процветания. t.me/aqorda_resmi
✉️Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇩🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін,– деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
Ұлы даланың әуені 🌾 Домбыра үні – ата-баба тарихы, туған жердің жылуы мен халықтың рухы тоғысқан қасиетті үн. Пойыз дөңгелектерінің ырғақты дыбысы күй әуенін еске түсіретінін байқаған ба едіңіз? Домбыраның қос ішегі өткен мен бүгінді жалғағандай, теміржол да қалаларды, елдер мен жүректерді байланыстырады. Біз күн сайын мыңдаған шақырым жол жүріп, адамдар арасындағы байланысты сақтап келеміз. Қай бағытқа жол тартсақ та, бізбен бірге Ұлы даланың мәңгілік сазы тербелуде. Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Әр шаңырақта ізгі әуен естіліп, әрбір жол бақытқа, жаңа кездесулерге және жарқын болашаққа бастасын! ➖➖➖ Мелодия Великой степи 🌾 Звуки домбры — это голос нашей земли, в котором живут история предков, тепло родного края и душа народа. А вы замечали, как ритмичный стук колес поезда напоминает звучание кюя? Как две струны домбры соединяют прошлое и настоящее, так и железная дорога объединяет города, страны и сердца людей. Каждый день мы преодолеваем тысячи километров, сохраняя невидимую связь между людьми. И куда бы ни вел путь, вместе с нами звучит вечная мелодия Великой степи. Поздравляем с Национальным днем домбры! Пусть в каждом доме звучат добрые кюи, а каждая дорога ведет к счастью, новым встречам и светлому будущему!
⚜️День домбры - это праздник, который объединяет поколения, культуру и народы Ежегодно в первое воскресенье июля Казахстан отмечает Национальный день домбры - праздник, учреждённый в 2018 году как символ уважения к национальному наследию и духовным ценностям народа. Президент Республики Казахстан Касым-ЖомартТокаев неоднократно подчёркивал особую роль домбры в жизни страны. «Это особый праздник, который подчеркивает нашу самобытность и поднимает дух народа, особенно подрастающего поколения»,-отметил Глава государства. Домбра - это не просто музыкальный инструмент. На протяжении веков она была голосом Великой степи, хранителем истории, памяти и традиций. Через кюи передавались легенды, рассказы о подвигах, радости и испытаниях, а каждая мелодия становилась отражением души казахского народа. Сегодня домбра продолжает объединять людей, напоминая о важности сохранения культурного наследия и взаимного уважения между народами. В этом году к празднованию Национального дня домбры присоединился дипломатический корпус, аккредитованный в Республике Казахстан. Представители ОБСЕ, ЮНЕСКО, Европейского союза, Иордании, Японии, Китая, Турции, Соединённых Штатов Америки, Кыргызской Республики, Соединённого Королевства и Республики Молдова исполнили известные казахские кюи, выразив своё уважение к богатой культуре и традициям Казахстана. Музыка не знает границ. Она говорит на языке, который понятен каждому, укрепляя дружбу, взаимопонимание и доверие между странами. Пусть звучание домбры и впредь объединяет сердца, вдохновляет новые поколения и несёт миру богатство казахской культуры. С Национальным днём домбры! @PressMFAKZ
⚜️National Dombra Day is a Celebration that Brings Together Generations, Cultures, and Nations Every year, on the first Sunday of July, Kazakhstan celebrates National Dombra Day, established in 2018 as a tribute to the country's rich cultural heritage and the spiritual values of the Kazakh people. The President of the Republic of Kazakhstan, Kassym-Jomart Tokayev, has repeatedly emphasized the special role of the dombra in the life of the nation. “This is a special holiday that highlights our national identity and uplifts the spirit of our people, especially the younger generation,” the President noted. The dombra is far more than a musical instrument. For centuries, it has served as the voice of the Great Steppe, preserving the nation's history, memory, and traditions. Through the performance of kui - traditional instrumental compositions-stories of heroism, joy, hardship, and historical events have been passed down from generation to generation, with every melody reflecting the spirit of the Kazakh people. Today, the dombra continues to unite people, reminding us of the importance of safeguarding cultural heritage and fostering mutual respect among nations. This year, the diplomatic corps accredited to the Republic of Kazakhstan joined the celebration of National Dombra Day. Representatives of the OSCE, UNESCO, the European Union, Jordan, Japan, China, Türkiye, the United States, the Kyrgyz Republic, the United Kingdom, and the Republic of Moldova performed well-known Kazakh kui, expressing their appreciation for Kazakhstan's rich culture and traditions. Music knows no borders. It is a universal language that strengthens friendship, mutual understanding, and trust among nations. May the sound of the dombra continue to unite hearts, inspire future generations, and share the richness of Kazakhstan's cultural heritage with the world. Happy National Dombra Day! @PressMFAKZ
⚜️Домбыра күні – ұрпақтарды, мәдениеттер мен халықтарды тоғыстыратын мереке Жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Қазақстан ұлттық мұра мен халықтың рухани құндылықтарына деген құрметтің белгісі ретінде 2018 жылы бекітілген Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраның ел өміріндегі айрықша рөлін бірнеше рет атап өтті. «Бұл -ұлттық болмысымызды айшықтайтын әрі халқымыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың рухын көтеретін ерекше мереке», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Домбыра - жай ғана музыкалық аспап емес. Ғасырлар бойы ол Ұлы даланың үніне айналып, халықтың тарихын, жадын және салт-дәстүрін сақтап келеді. Күйлер арқылы аңыздар, батырлық шежірелер, қуаныш пен сын-қатерлер ұрпақтан ұрпаққа жетіп, әрбір әуен қазақ халқының жан дүниесінің көрінісіне айналды. Бүгінде домбыра мәдени мұраны сақтаудың және халықтар арасындағы өзара құрметтің маңызын дәріптей отырып, адамдарды біріктіруді жалғастыруда. Биыл Ұлттық домбыра күнін мерекелеуге Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус та қосылды. ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, Еуропалық одақ, Иордания, Жапония, Қытай, Түркия, Америка Құрама Штаттары, Қырғыз Республикасы, Ұлыбритания және Молдова Республикасының өкілдері қазақтың танымал күйлерін орындап, Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүріне деген құрметтерін білдірді. Музыканың шекарасы жоқ. Ол баршаға түсінікті тілде сөйлеп, елдер арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сенімді нығайтады. Домбыраның үні жүректерді біріктіріп, жас ұрпақты шабыттандырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын әлемге таныта берсін. Ұлттық домбыра күні құтты болсын! @PressMFAKZ
⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын…
⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра. Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді. Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі. Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын. 1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз. Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді! Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін! @ptrkkz
Поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева с Национальным днем Домбры Дорогие соотечественники! От всей души поздравляю вас с прекрасным праздником – Национальным днем Домбры! Этот священный инструмент – неотъемлемая часть нашей идентичности, бесценное достояние, возвышающее дух народа. Посредством Домбры на протяжении веков пестовались высокие нравственные идеалы нашего народа, сохранялась связь эпох и поколений. По сути, Домбра – это голос нации, который проникновенно звучит и в радости, и в испытаниях, укрепляя дух и единство народа. В мелодиях Домбры мы черпаем вдохновение и находим духовные ориентиры уверенного движения вперед. В эпоху нарастающих глобальных вызовов, размывания традиционных ценностей именно Домбра и связанное с ней богатейшее наследие Великой степи должны стать незыблемой основой казахской культуры. Наш общенациональный долг – ознакомить международное сообщество с величавыми мелодиями казахской Домбры. Считаю, что неповторимый по образности афоризм выдающегося поэта Қадыр Мырза Әлі «Нағыз қазақ – Домбыра» («Истинный казах – это Домбра») должен стать путеводной звездой в нашей работе по масштабной популяризации Домбры. Символично, что в преддверии этого знаменательного дня мы открыли поистине судьбоносную главу в летописи нашей государственности – 1 июля вступила в силу Новая Конституция страны. Сохранение историко-культурного наследия, поддержка национальной культуры впервые определены в качестве основополагающих принципов поистине Народной Конституции. Это полностью соответствует бытию, целям и интересам нашего народа, устремленного своими помыслами в будущее. Выражаю сердечную признательность домбристам, преподавателям и всем, кто словом и делом развивает это уникальное искусство в Казахстане и достойно представляет его за рубежом. Казахские кюи и песни будут и впредь согревать сердца всех соотечественников, вдохновляя нас на новые свершения во имя построения Сильного и Справедливого Казахстана! Желаю каждому дому мира, счастья и благополучия! t.me/aqorda_resmi