UKIMET » публикация №24768
Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысына қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысына қатысушылар: Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен, Chevron Upstream Президенті Клэй Неффпен, Shell plc «Барлау және өндіру» бөлімшесінің президенті Питер Костелломен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында бірлескен бастамалардың ағымдағы мәртебесі және әріптестікті одан әрі нығайту перспективалары қаралды. Олжас Бектенов кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енгені туралы хабардар етті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына жаңа экономикалық модельге көшу міндетін қойды. Биыл елімізде 200-ден астам жаңа өндіріс орындары ашылмақ. Бұл ұлттық экономиканың одан әрі дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайтуға елеулі серпін бермек. Қазақстан үкіметі ел экономикасы үшін басым бағыттар бойынша халықаралық инвесторлармен ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру мақсатында тұрақты жағдайларды қамтамасыз етуді жалғастырады», — деп атап өтті Премьер-министр. Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассани Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың еліміздің одан әрі тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. «Ең алдымен, сіздерді жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын. Бұл – ел үшін шынымен тарихи сәт. Сондай-ақ, ЖІӨ өсуінің жоғары қарқынын және халықтың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай артуын қоса алғанда, Қазақстанның соңғы жылдардағы елеулі экономикалық нәтижелерін атап өткім келеді. Бұл жетістіктер елді табысы жоғары мемлекет мәртебесіне сенімді түрде жеткізеді. Менің білуімше, бұл – Президент белгілеген негізгі мақсаттардың бірі», — деді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























