POLISIA.KZ » публикация №17479
🔹 Қостанай облысында полиция қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды Қостанай облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирінің орынбасары Ерік Сәршенов өңірдегі демалыс орындарының бірінде суға батып бара жатқан екі жасөспірімді байқап қалады. Бір сәт те кідірместен көмекке ұмтылған ол досы Айдос Манатовпен бірге жасөспірімдерді жағаға шығарып, қайғылы оқиғаның алдын алды. Ерік Сәршеновтің айтуынша, сол сәтте ойлануға уақыт болмаған. Ең бастысы – дер кезінде көмек көрсету еді. Ер азаматтардың батылдығы, жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында екі жасөспірімнің аман қалды. Полиция азаматтарға су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салады. — Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыздар, қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыздар, — дейді полицейлер. Есіңізде болсын, қырағылық пен жауапкершілік – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔹 Сотрудник ДП Костанайской области спас двух подростков Даже вне рабочего времени сотрудники полиции остаются верны своему главному призванию — защищать жизнь и безопасность людей. Это в очередной раз доказал заместитель командира СОБР департамента полиции Костанайской области Ерик Саршенов. На одной из баз отдыха региона он заметил, что в воде тонут двое несовершеннолетних, и, не теряя ни секунды, бросился им на помощь. Вместе со своим другом Айдосом Манатовым они вытащили подростков на берег, предотвратив трагедию. По словам Ерика Саршенова, времени на раздумья не было — главное было успеть. Благодаря смелости, решительным и слаженным действиям мужчин жизни обоих подростков удалось спасти. Полиция напоминает, что отдых у воды требует особой осторожности. Не оставляйте детей без присмотра, купайтесь только в оборудованных местах, соблюдайте правила безопасности и не переоценивайте свои силы. Помните, что именно внимательность и ответственное поведение помогают сохранить самое ценное — человеческую жизнь. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























