Stan.kz » публикация №29295
📲Қазақстанға ұялы телефон әкелу ережелері өзгерді: Азаматтар нені білуі керек 2026 жылдың 19 сәуірінен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының №34 шешімі негізінде өзгерістер күшіне енді. Енді жеке пайдалануға арналған құрылғыларды елге әкелетін жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын толтыру кезінде гаджеттің IMEI-кодын көрсетуге міндетті. Жаңа ережелер мына құрылғыларға қолданылады: - смартфондар мен ұялы телефондар; - ұялы байланысқа қосылу мүмкіндігі бар планшеттер; - ұялы байланыс желілерін пайдаланатын және жеке IMEI-коды бар өзге де құрылғылар. Кедендік бақылаудан өту кезінде кідірістерді болдырмау үшін азаматтарға әкелінетін құрылғының IMEI-кодын алдын ала анықтап алуға кеңес берілді. t.me/stankznews





























