UKIMET » публикация №24662
ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі тау-кен өндіру секторының көрсеткіштерінен асып түсті – Ерсайын Нағаспаев 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жоғары қайта бөлінген өнім шығаруға және шикізаттық емес экспортқа бағдарланған экономикадағы құрылымдық өзгерістер туралы мәлімдеді. «Екінші жыл қатарынан экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі тау-кен секторынан асып түсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндіру секторы ЖІӨ-де шамамен 11,9%-ды құрады, ал өңдеу өнеркәсібі 13%-ға жетті», — деді министр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 17 ірі инвестициялық жобаның пулы құрылды, оның тоғызын министрлік бақылайды. Салалар бойынша негізгі жобалар: 🟦Машина жасау: Қостанайда қуаты жылына 70 мың авто болатын «Kia Қазақстан» зауыттары және автокластерлерді қалыптастыра отырып, Алматыда 120 мыңға арналған Astana Motors; Астанада Stadler вагондарын өндіру; John Deere және Volvo брендтерін тарту.Химпром: Жамбыл облысында қуаттылығы 500 мың тонна кальцийленген сода өндіру, Қаратауда тыңайтқыштар зауытын іске қосу; Маңғыстауда Азотты тыңайтқыштар және БҚО – да калий тыңайтқыштарының жобалары. 🟦Металлургия: Павлодар облысында 160 мың тонна ферросилиций және Доре қорытпасында 15 тоннаға дейін алтын шығаратын зауыттар; болат шығаруды 5 млн тоннаға дейін ұлғайта отырып, «Карметті» жаңғырту. 🟦Химия өнеркәсібі: Жамбыл облысында қуаттылығы 500 мың тонна кальцийленген сода өндіру, Қаратауда тыңайтқыштар зауытын іске қосу; Маңғыстауда азотты тыңайтқыштар және БҚО-да калий тыңайтқыштарының жобалары. 🟦Құрылыс материалдары: Қызылорда облысында санфаянс шығару бойынша Roca Group бірегей жобасы; Саран қаласында жылу оқшаулау өндірісі. 🟦Жеңіл өнеркәсіп: Түркістан облысындағы Lihua Group тоқыма кластері, 40 млн метрге дейін мата шығару. «Биыл елімізде жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге өңдеуші өнеркәсіптің 200 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























