Aqorda » публикация №33627
Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Мемлекет басшысына ілтипат танытып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапар қарсаңында Euronews ресурсында жарияланған мақаласымен мұқият танысқанын жеткізді ✔️Оның айтуынша, материалда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың үш негізгі басымдығы айқындалған. Атап айтқанда, орнықтылықты нығайтуға, өзара байланысты кеңейтуге және азаматтар үшін тың мүмкіндіктерге жол ашуға ден қойылған. Бұл қарым-қатынастың ортақ күн тәртібіндегі Брюссельдің ұстанымдарымен үндеседі. ✔️Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның географиялық орналасуы, бірегей тарихы мен мәдениеті Еуропа мен Азияның арасына көпір бола алатынына назар аударды. – Қазақстан өзара көлік байланысын қамтамасыз етуде басты дәліз саналады. Транскаспий халықаралық көлік бағдары – осы бағыттағы ынтымақтастықтың табысты мысалдарының бірі. Әрине, қазіргі уақытта цифрлық технологиялар шешуші мәнге ие болып отыр. Сондықтан білім беру, ғылыми зерттеулер мен инновацияларға инвестиция құю өте маңызды. Бүгінгі көпполярлы әлемде екіжақты қарым-қатынасты да, өңірлік деңгейдегі байланысты да дамытуымыз қажет. Біз Орталық Азия елдерімен ықпалдастықты жалғастыруға шын мәнінде бейілміз, – деді Антониу Кошта. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























