Комитет государственных доходов РК » публикация №11707
📌 23 маусымда Атырау қаласында «Халық бухгалтері 2026: бизнес және МКК ашық диалог алаңында» жобасы аясында кезекті семинар өтті. Кездесу интернет-бухгалтерия MyBuh.kz өкілдерінің, кәсіби бухгалтерлердің, салық консультанттарының және ҚР ҚМ МКК мамандарының қатысуымен өтті. Қатысушылар салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер, салық міндеттемелерін орындау, бухгалтерлік есеп жүргізу, арнайы салық режимдерін қолдану және МКК цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша түсіндірмелер алды. Салықтық әкімшілендіруді цифрландыруға және электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 2026 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында Атырау облысы бойынша МКД 178 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде шамамен 177,9 мың қызмет немесе 99,7%-ы электронды форматта ұсынылған. Семинар ашық диалог форматында өтіп, кәсіпкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және салық заңнамасын қолданудың практикалық аспектілерін талқылауға мүмкіндік берді. Толығырақ🔗
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























