ҚТЖ PRESS » публикация №13409
ҚТЖ Брюссельде өткен бизнес-конференцияда логистика мен машина жасаудың жаһандық көшбасшыларымен әріптестікті нығайтуда Брюссельде өткен «Қазақстан мен ЕО байланысын нығайту» халықаралық бизнес-конференциясы аясында Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы жетекші әлемдік компаниялармен бірқатар стратегиялық келіссөздер жүргізді. Қол жеткізілген уағдаластықтар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға, логистиканы цифрландыруға және тартқыш жылжымалы құрамды жаңғыртуға бағытталған. DHL Global Forwarding: мультимодальды қызметтерге ставка DHL Global Forwarding басшылығымен кездесуде тараптар Орта дәлізді дамыту бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты талқылады. ТХКБ-ны қолданудың сәтті мысалы – Түркия мен Қытай арасындағы DHL контейнерлік қызметі. ҚТЖ жоба ҚХР, Орталық Азия, Түркия және Еуропа арасындағы тасымалдау үшін маршруттың жоғары әлеуетін көрсететінін атап өтті. Транзиттік әлеуетті күшейту үшін ҚТЖ теңіз флотын кеңейтуді қоса алғанда, өзінің мультимодальды экожүйесін қалыптастырады. Қытаймен шекарадағы KIF Warehouses шекара кешені – жалпы ауданы 23 мың шаршы метрді құрайтын екі заманауи қойма бөлек атап өтілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өтпелі мультимодальды сервистерді құру үшін ҚТЖ инфрақұрылымын және DHL жаһандық құзыреттерін біріктіру ниетін растады. A. P. Moller – Maersk: жаңа ынтымақтастық келісімі A. P. Moller – Maersk-пен кездесудің басты нәтижесі серіктестікті жаңа практикалық деңгейге шығаратын келісімге қол қою болды. Тараптар қазірдің өзінде табысты тәжірибеге ие. Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту шеңберінде «KTZ Express» АҚ A. P. Moller – Maersk-пен бірлесіп экспорттық-импорттық қатынаста контейнерлік тасымалдарды жүзеге асырады. Қол қойылған келісімге сәйкес, Maersk Қара теңізде өзінің теңіз сервистерін дамытады, бұл ҚТЖ құрлық инфрақұрылымымен синергияда мультимодальды шешімдерді құруды қамтамасыз етеді және Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді жеткізу жылдамдығын арттырады. Тәжірибе алмасу және қызметкерлерді оқыту да перспективалы бағыттар деп аталады. Келісім жаңа еуразиялық логистикалық шешімдер жасау үшін Maersk теңіз сараптамасын және ҚТЖ транзиттік-инфрақұрылымдық әлеуетін біріктіруге арналған. CER: цифрландыру және стандарттау курсы Еуропалық теміржол және инфрақұрылымдық компаниялар қауымдастығының (CER) атқарушы директоры Альберто Маццоламен Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен қадамдар талқыланды. ҚТЖ жылжымалы құрамды дәйекті түрде жаңғыртып, инфрақұрылымды кеңейтеді және ТХКБ-да жүк ағынын ұлғайту үшін IT-шешімдерді енгізеді. CER еуропалық теміржолдармен интеграциялау, тәжірибе алмасу және стандарттаудың негізгі платформасы ретінде атап өтілді. Серіктестіктің орталық векторы тасымалдау процесін цифрландыру, соның ішінде деректермен алмасудың жіксіз ортасын құру және логистикалық тізбектердің ашықтығын арттыру деп аталады. Тараптар саланы орнықты дамыту және цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша диалогты тереңдетуге өзара қызығушылық танытты. DB Cargo Eurasia: Қытай – Еуропа инфрақұрылымын жаңарту DB Сargo Eurasia GMBH-мен келіссөздерде тараптар Қытай – Еуропа маршрутындағы жұмыстарды қорытындылады және ТХКБ бойынша жүк тасымалын дамыту жөніндегі қадамдарды белгіледі. ҚТЖ ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды ұсынды: Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар пайдалануға берілді, Алтынкөл – Қорғас өткеліндегі жүктемені түсіру үшін Алтынкөл – Жетіген желісін жаңғырту жалғасуда. ҚТЖ ҚХР – ЕО – ҚХР өсіп келе жатқан жүк ағыны үшін фитингтік платформалар паркін белсенді түрде ұлғайтады, сондай-ақ терминалдық өткізу қабілетін күшейтеді. Тараптардың пікірінше, жаңғырту Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттің сенімділігі мен жылдамдығын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























