🇰🇿 Қазақстан Малайзияға кедендік бақылаудың цифрлық шешімдерін ұсынды 8 шілдеде Б.Қонысбаев шекара бекетінде Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері Малайзия Корольдік кеден департаментінің делегациясына кедендік бақылауда қолданылатын заманауи цифрлық шешімдерді көрсетті. Қонақтарға мыналар таныстырылды: ▪️ кедендік ресімдеуді автоматтандыруға арналған "KEDEN" ақпараттық жүйесі; ▪️ тәуекелдерді басқару жүйесі; ▪️ шекарадан өту уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін және кезектерді азайтуға көмектесетін "CargoRuqsat" электрондық кезек жүйесі. Малайзия тарапы Қазақстанның кеден қызметінің цифрландыру деңгейін жоғары бағалап, тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. 🔗 Толығырақ
#государство — страница 18
Архив раздела #государство, страница 18. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
📣 Прямой эфир на тему «Разъяснение порядка заполнения декларации об активах и обязательствах (форма 250.00)» 🎙 Спикер: Хасенова Гульден Сейтахметовна, главный эксперт Управления администрирования доходов физических лиц. 🗓 Дата: 15 июля 🕚 Время: 11:00 Подключайтесь к прямому эфиру, чтобы получить разъяснения по заполнению декларации и задать интересующие вопросы.
🏞 Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қатаң бақылауда Алакөл көлінің жағалауында туристер санының артуына байланысты полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірлесіп, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын еске салады. Әсіресе белгіленген жердерден асып жүзуге болмайтыны, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға жол берілмейтініне ерекше назар аударылуда. Туристік маусым басталғалы бері сақшылар демалыс кезінде жағалауда жоғалып кеткен 30 баланы іздеп тапты. Олардың барлығы жедел түрде іздестіріліп, бір сағат ішінде ата-аналарымен қауышты. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, полиция қызметкерлері заң мен қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу фактілерінің жолын кесуге және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталған шараларды қабылдап жатыр. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🏞 Безопасность и общественный порядок на побережье Алаколя находятся под строгим контролем В связи с увеличением количества туристов на побережье озера Алаколь сотрудники полиции совместно со специалистами служб по чрезвычайным ситуациям на постоянной основе проводят профилактические мероприятия, направленные на обеспечение безопасности отдыхающих и поддержание общественного порядка. Сотрудники полиции ежедневно проводят разъяснительную работу и напоминают о важности соблюдения правил безопасности на воде. Особое внимание уделяется недопустимости заплыва за пределы установленных зон, а также тому, что оставлять детей без присмотра взрослых запрещено. С начала туристического сезона сотрудники полиции помогли найти 30 детей, потерявшихся во время отдыха на побережье. Все они были оперативно разысканы и в течение часа возвращены родителям. Помимо обеспечения безопасности отдыхающих, сотрудники полиции принимают меры по поддержанию законности и общественного порядка, профилактике правонарушений, пресечению фактов распития алкогольных напитков в общественных местах, а также предотвращению других противоправных действий. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
⚖️ Ақмола облысының тұрғыны тергеушіге алғыс білдірді Резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққаннан кейін жәбірленушінің анасы Ақмола облысы полиция департаменті Целиноград ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Сәуле Сүлейменоваға алғысын білдірді. Сәуле Сүлейменова тергеу саласында сегіз жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол кәсіби тәжірибе жинақтап, күрделі әрі қоғам назарын аудартқан қылмыстық істерді тергеуде жоғары жауапкершілік танытып келеді. Бүгінде оған аса күрделі және резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу сеніп тапсырылады. Толық ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** ⚖️ Жительница Акмолинской области поблагодарила следователя полиции После вынесения приговора по резонансному уголовному делу мать потерпевшей публично выразила благодарность старшему следователю следственного отделения отдела полиции Целиноградского района ДП Акмолинской области Сауле Сулейменовой. За плечами Сауле Сулейменовой восемь лет службы в следственных подразделениях. В профессию она пришла в 2018 году, воплотив детскую мечту стать следователем. Сегодня ей доверяют расследование наиболее сложных и резонансных уголовных дел. Подробнее на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🔹 Қауіпсіз жол: ІІМ жүргізушілерді ЖЖҚ сақтауға шақырады Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 Безопасная дорога: МВД призывает водителей соблюдать ПДД Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
💻 Алаяқтар 10 млн теңгені иемденуге шақ қалды: Шымкентте киберполиция алаяқтықтың алдын алды Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтардың кезекті қылмыстық әрекетінің жолын кесіп, қала тұрғынының шотындағы 10 миллион теңгені сақтап қалды. Белгісіз адамдар әйелге хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажет деген сылтаумен олар тұрғынды нұсқауларын орындауға көндірген. Кейін байланыс WhatsApp мессенджері арқылы жалғасып, алаяқтар оған психологиялық қысым көрсетіп, ақшаны аударуға итермелеген. Осы уақытта мамандандырылған колл-орталық арқылы киберполицейлер күмәнді қоңырауды анықтап, дереу тұрғынның мекенжайына барып, оның алаяқтармен байланысын тоқтатты. Нәтижесінде қала тұрғынының шотындағы 10 миллион теңге алаяқтардың қалтасына түспеді. ❗️ Полиция азаматтарды бейтаныс адамдардың қоңырауларына сақтықпен қарауға шақырады. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан азаматтардан құпия деректерді, банк картасының мәліметтерін, SMS-кодтарды сұрамайды және қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейді. Күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, ақпаратты тек ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет. #ЗАҢМЕНТӘРТІП #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 💻 Хищение 10 млн предотвратили киберполицейские в Шымкенте Еще пару минут, и жительница Шымкента могла лишиться всех своих сбережений. Однако благодаря оперативным действиям сотрудников управления по противодействию киберпреступности департамента полиции города мошенническую схему удалось пресечь до того, как деньги были переведены злоумышленникам. Женщине поступил звонок от неизвестных, представившихся сотрудниками банка. Под предлогом защиты денежных средств они убедили ее выполнять их указания. В дальнейшем общение было переведено в мессенджер WhatsApp, где злоумышленники продолжили психологическое давление. В этот момент киберполицейские, осуществлявшие мониторинг подобных преступных схем через специализированный колл-центр, выявили подозрительный звонок. Незамедлительно установив адрес женщины, сотрудники выехали к ней домой и прервали общение с аферистами. Благодаря своевременному вмешательству киберполицейских удалось сохранить 10 млн тенге, находившихся на банковском счете горожанки. ❗️ Полиция призывает граждан проявлять бдительность при общении с неизвестными лицами по телефону. Не сообщайте посторонним данные банковских карт, коды из SMS и другую конфиденциальную информацию. Помните: сотрудники банков и правоохранительных органов не запрашивают подобные сведения и не требуют перевода денежных средств на "безопасные" счета. #ЗАКОНИПОРЯДОК #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🔔 33 баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді: полицейлер балшыққа батқан автобусты шығарды Атырау – Индер тасжолының 178 шақырымы тұсында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, автожолдың айналма бөлігінде ішінде 33 бала жолаушысы бар автобус балшыққа батып қалған. Осы уақытта аталған тасжолда қызмет атқарып жүрген Атырау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самат Даукенов пен Дәурен Жалауов бірден көмекке ұмтылған. Тәртіп сақшылары жағдайды жедел бағалап, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым қызметкерлерін іздестіріп, қажетті техниканы ұйымдастыру шараларын қабылдады. Арнайы жүк көлігінің көмегімен автобусты қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілді. Алғашқы сүйреу әрекеті кезінде тростың үзілуіне қарамастан, полицейлер қосымша құрал-жабдықтарды жеткізіп, автобусты жолдың қауіпсіз бөлігіне шығаруға ықпал етті. Полицейлердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, автобус бағытын әрі қарай жалғастырған. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔔 Полицейские помогли вызволить из грязи автобус с 33 детьми в Атырауской области На автодороге Атырау – Индер автобус, в котором находились 33 ребенка, застрял в грязи на объездном участке дороги, организованном в связи с проведением ремонтных работ. На помощь пассажирам оперативно прибыли сотрудники роты патрульной полиции департамента полиции Атырауской области — Самат Даукенов и Даурен Жалауов, несшие службу на данном участке автодороги. Оценив ситуацию, полицейские организовали взаимодействие с подрядной организацией, проводившей дорожные работы, и обеспечили привлечение спецтехники. Во время первой попытки буксировки оборвался трос, однако сотрудники полиции оперативно нашли дополнительное оборудование и продолжили работы. В результате автобус был успешно вытащен на безопасный участок дороги и смог продолжить движение. Никто из пассажиров не пострадал. Благодаря слаженным действиям полицейских безопасность детей и сопровождающих была обеспечена. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🛡️ Алакөлде ЖҚАЖ қызметкері есінен танып қалған жігіттің өмірін сақтап қалды Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдеу жүргізіп жүрген Абай облысы ПД арнайы жасақ қызметкерлері демалыс базаларының…
🛡️ Алакөлде ЖҚАЖ қызметкері есінен танып қалған жігіттің өмірін сақтап қалды Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдеу жүргізіп жүрген Абай облысы ПД арнайы жасақ қызметкерлері демалыс базаларының бірінің маңында кенеттен есінен танып қалған жас жігітті байқаған. Оның жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындаған. Жағдайдың шұғыл екенін ескерген ЖҚАЖ аға инспекторы Асланбек Абдельдинов уақыт оздырмай алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кәсіби әрі жедел әрекеттің нәтижесінде жігіттің тыныс алуы қалпына келді. Одан кейін полиция капитаны жігітті қауіпсіз қалыпқа жатқызып, жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстады. Осы уақытта арнайы бөлімшенің өзге қызметкерлері жедел жәрдем көлігін қарсы алып, медицина қызметкерлеріне оқиға орнына ең қысқа жолмен жетуге көмектесті. Жас жігіт медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Франции 🇰🇿🇫🇷Касым-Жомарт Токаев поздравил Эмманюэля Макрона с национальным праздником – Днем взятия Бастилии. Президент отметил, что этот знаменательный день символизирует единство французского народа и его приверженность принципам свободы и равенства. Глава государства подчеркнул, что Казахстан придает большое значение дальнейшему укреплению стратегического партнерства с Францией. Касым-Жомарт Токаев с удовлетворением отметил динамичное развитие многопланового сотрудничества между двумя странами и личный вклад Эмманюэля Макрона в расширение казахско-французских связей. Президент пожелал лидеру Франции успехов в его ответственной государственной деятельности, а дружественному народу страны – процветания и благополучия. t.me/aqorda_resmi
✉️Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇫🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты. Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🪖 Запастағы әскери міндеттілер қайта даярлау жиындарына кірісті Қазақстан Қарулы күштерінде әскери міндеттілермен өтіп жатқан бір айлық оқу жиындары әскери даярланған резервті қалыптастыруға және запастағы азаматтардың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. 🪖 В гарнизонах страны стартовали учебные сборы по переподготовке военнообязанных В Вооруженных силах проходят месячные учебные сборы военнообязанных, направленные на подготовку военно-обученного резерва и соврешенствование практических навыков граждан, пребывающих в запасе. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
❗️Абайлаңыз: алаяқтар! ▶️Алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, онда қаскүнемдер өзін ҚТЖ қызметкері ретінде таныстыра отырып, мессенджерлерге SMS және хабарламалар жібереді. Олар жиналыстарға шақырады немесе оны алаяқтық схемаларда қолдану үшін "Иә" деп жауап беруіңізді сұрайды. ▶️Мұндай хабарламаларға сенбеңіз. Ақпаратты тек ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз. ▶️Күмәнді ақпаратты тексеру үшін мыналарды пайдаланыңыз: NoFake.kz -фактілерді тексеру жөніндегі қазақстандық портал. Ресми Telegram арнасына мына жерден жазыла аласыз: https://t.me/nofakeofficialkz ▶️Билеттер және пойыздар кестесімен, сондай-ақ ҚТЖ қызметтерімен байланысты мәселелер бойынша 1433 нөмірі арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай анықтамалық қызметіне хабарласыңыз. ▶️Ақпаратты тексеріңіз, жеке деректеріңізді бермеңіз және күдікті сілтемелерге өтпеңіз. ➖➖➖ ❗️Осторожно: мошенники! ▶️Участились случаи мошенничества, когда злоумышленники звонят, отправляют SMS и сообщения в мессенджерах, представляясь сотрудниками КТЖ. Они приглашают на собрания или просят ответить «да», чтобы использовать это в мошеннических схемах. ▶️Не доверяйте таким сообщениям. Проверяйте информацию только через официальные источники. ▶️Для проверки сомнительной информации используйте NoFake.kz — казахстанский портал по проверке фактов. Подписаться на официальный Telegram-канал можно здесь: https://t.me/nofakeofficialkz ▶️По вопросам, связанным с билетами, расписанием поездов и услугами КТЖ, обращайтесь в круглосуточную Единую справочную службу по номеру 1433. ▶️Проверяйте информацию, не сообщайте персональные данные и не переходите по подозрительным ссылкам.
✅В Кызылординской области после реконструкции открылись вокзалы станций Казалы, Жанакорган и Шиели. ✅Вокзал Казалы, построенный в 1903 году, получил современную инфраструктуру. Его площадь превысила 1 тыс. кв. метров. Через станцию проходят 24 пассажирских поезда. Вокзал Жанакорган, построенный в 1976 году, полностью обновили. Площадь трехэтажного здания выросла до 922,3 кв. метра. Через станцию проходят 30 поездов, обеспечивающих сообщение с Астаной, Алматы, Кызылордой, Актобе, Кокшетау, Мангистауской областью, Уралом, Туркестаном, Петропавловском, а также с Россией и Узбекистаном. ✅Вокзал Шиели, построенный в 1904 году, также полностью модернизировали. Площадь здания составляет 636,4 кв. метра. Через станцию проходят 26 поездов, обеспечивающих сообщение с Алматы, Астаной, Кызылордой, Актобе, Мангистауской областью, Уралом, Кокшетау, а также с Россией, Узбекистаном и Кыргызстаном.
✅Қызылорда облысында қайта жаңғыртудан кейін Қазалы, Жаңақорған және Шиелі станцияларының вокзалдары ашылды. ✅1903 жылы салынған Қазалы вокзалы заманауи инфрақұрылымға ие болды. Оның ауданы 1 мың шаршы метрден асты. Станция арқылы 24 жолаушылар пойызы өтеді. 1976 жылы салынған Жаңақорған вокзалы толығымен жаңартылды. Үш қабатты ғимараттың ауданы 922,3 шаршы метрге дейін артты. Станция арқылы Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Көкшетау, Маңғыстау облыстарымен, Оралмен, Түркістанмен, Петропавлмен, сондай-ақ Ресеймен және Өзбекстанмен байланысты қамтамасыз ететін 30 пойыз өтеді. ✅1904 жылы салынған Шиелі станциясы да толығымен жаңартылды. Ғимараттың ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарымен, Оралмен, Көкшетаумен, сондай-ақ Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен байланысты қамтамасыз ететін 26 пойыз жүреді.
✅Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды 🔵Қостанай қаласындағы жыл сайын 1 мыңнан астам жүргізушіні даярлайтын «Вираж Авто-2012» автомектебінде теміржолшылар теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәселесіне арналған профилактикалық дәріс өткізді. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның республикалық «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында ұйымдастырылды. 🔵Дәрісті Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Тугамбаев өткізді. Ол тыңдаушыларға теміржол өткелдерінен қауіпсіз өту қағидаларын түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салды, сондай-ақ Жол қозғалысы қағидаларын сақтамаудың салдарынан орын алған нақты оқиғаларды мысалға келтірді. Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. 🔵Қостанай магистральдық желі бөлімшесінде мұндай профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2026 жылдың басынан бері полиция қызметкерлерімен бірлесіп 105 профилактикалық рейд ұйымдастырылып, олардың барысында 2 370 жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, автокөлік кәсіпорындарында қауіпсіздік мәселелеріне арналған 10 кездесу өткізілді. 🔵«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол өткелдерінен өту қағидаларын қатаң сақтау – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі екенін еске салады. ➖➖➖ ✅Железнодорожники призвали будущих водителей соблюдать правила безопасности на железнодорожных переездах 🔵В Костанае в автошколе «Вираж Авто-2012», ежегодно выпускающей более 1 000 водителей, железнодорожники провели профилактическую лекцию по безопасности на железнодорожных переездах. Мероприятие состоялось в рамках реализации концепции «Закон и порядок» и республиканской акции КТЖ «Безопасный переезд», направленной на предупреждение дорожно-транспортных происшествий. 🔵Лекцию провел директор Костанайского отделения магистральной сети Марат Тугамбаев. Слушателям рассказали о правилах безопасного пересечения железнодорожных переездов, напомнили об ответственности за нарушение требований безопасности и привели примеры последствий несоблюдения Правил дорожного движения. Участникам также раздали информационные памятки и ответили на их вопросы. 🔵Профилактическая работа на Костанайском отделении магистральной сети ведется на постоянной основе. С начала 2026 года совместно с сотрудниками полиции проведено 105 профилактических рейдов, в ходе которых проинформировано 2 370 водителей. Кроме того, на автотранспортных предприятиях организовано 10 профилактических встреч. 🔵АО «НК «Қазақстан темір жолы» напоминает, что строгое соблюдение правил проезда железнодорожных переездов является обязательным условием безопасности и позволяет предотвратить дорожно-транспортные происшествия.
🗣«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі ➡️Әлеуметтік желілерде пойыздарда жәндіктердің анықталғаны туралы жолаушылардың жарияланымдары кездеседі. Мұндай жағдайлар тек Ұлттық тасымалдаушының пойыздарына ғана…
🗣«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі ➡️Әлеуметтік желілерде пойыздарда жәндіктердің анықталғаны туралы жолаушылардың жарияланымдары кездеседі. Мұндай жағдайлар тек Ұлттық тасымалдаушының пойыздарына ғана емес, елімізде қызмет көрсететін 13 жеке тасымалдаушының пойыздарына да қатысты болуы мүмкін. ➡️Егер «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында жәндіктер анықталса, жауапты қызметтер бірден тиісті шараларды қабылдайды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес, әрбір жолаушылар вагоны рейске шығар алдында міндетті түрде санитариялық өңдеуден өтеді. ➡️Компанияда жолаушылардың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңдеудің үш түрі тұрақты жүргізіледі: 🔴Дезинфекция – әр рейс алдында жүргізіліп, жұқпалы ауру қоздырғыштарын жоюға және олардың таралуының алдын алуға бағытталған. 🔴Дезинсекция – жәндіктерді жоюға арналған арнайы өңдеу. Оның барысында кенелер, бүргелер, биттер, масалар, шыбындар, құмытылар, құм шыбындары, құмырсқалар, тарақандар және қандалалар секілді зиянкестерге қарсы шаралар қабылданады. Дезинсекция айына кемінде бір рет, сондай-ақ, эпидемиологиялық қажеттілік туындаған жағдайда қосымша жүргізіледі. 🔴Дератизация – кеміргіштердің пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған кешенді санитариялық шара. Айына кемінде бір рет және қажет болған жағдайда қосымша жүргізіледі. ➡️Әрбір санитариялық өңдеуден кейін вагондардың жай-күйі міндетті түрде тексеріледі. Егер жәндіктер қайта анықталса, вагон қосымша өңдеуден өткізіледі. Қажет болған жағдайда мәселе толық шешілгенге дейін вагонның пайдалануға шығу мерзімі кейінге шегеріледі. ➡️Санитариялық өңдеу жұмыстарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның филиалдары осы қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізеді. ➡️Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы қызмет көрсету сапасы немесе санитариялық жағдай бойынша жолаушылар WhatsApp желісіндегі +7 776 714 5686 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ, әр вагонда орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы WhatsApp чатындағы операторға тікелей өтініш жолдауға мүмкіндік бар. ➡️Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1433 тегін байланыс орталығы арқылы алуға болады.
📚Жаңа оқу жылына бірге! ➡️Жыл сайынғы «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясы аясында ҚТЖ-ның корпоративтік еріктілері өз күштерін біріктіріп, 730 мектеп жиынтығын жинады! ➡️Әрбір рюкзак ата-аналары теміржолда жұмыс істейтін және шалғай станцияларда тұратын көп балалы отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына жіберіледі. Көптеген балалар үшін бұл жай ғана мектеп құрал-жабдықтары емес, жаңа оқу жылының сенімді және қуанышты бастамасы. ➡️Әрбір жинақ болашақ бірінші сынып оқушыларының қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. ➡️Барлық корпоративтік еріктілерге уақыт бөліп, игі іске араласқандары үшін рахмет. Осындай бастамалар біздің үлкен теміржолшы отбасымызды одан әрі нығайта түседі! ➡️Жаңа оқу жылы балаларға жарқын жаңалықтар, тамаша бағалар әкеліп, ең батыл армандардың орындалуына септігін тигізсін! ➖➖➖ 📚Вместе — в новый учебный год! ➡️В рамках ежегодной благотворительной акции «Соберем детей в школу» корпоративные волонтеры КТЖ объединили свои усилия и собрали 730 школьных наборов! ➡️Каждый рюкзак отправится первоклассникам из многодетных семей, родители которых работают и проживают на отдаленных станциях. Для многих ребят это не просто школьные принадлежности, а уверенный и радостный старт нового учебного года. ➡️Каждый набор полностью обеспечивает потребности будущих первоклашек. ➡️Спасибо всем корпоративным волонтерам за уделенное время и сопричастие в благом деле. Именно такие инициативы делают нашу большую железнодорожную семью еще крепче! ➡️Пусть новый учебный год принесет ребятам яркие открытия, отличные оценки и исполнение самых смелых мечтаний!
🧫ҚТЖ жүк тасымалын талдау үшін отандық цифрлық платформаны өнеркәсіптік пайдалануға енгізді 🔴"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ өндірістік пайдалануға KTZ Cargo Reporting ақпараттық жүйесін — тасымалдау деректерін өңдеу және жүк тасымалдарын талдау үшін отандық цифрлық платформаны енгізді. 🔴Жоба компанияның соңғы жылдардағы ірі АТ-жобаларының біріне айналды. ҚТЖ 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылған шетелдік бағдарламалық шешімнен толығымен өзінің қазақстандық әзірлемесіне көшті. Бұл технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, тасымалдау деректерін басқарудың тиімділігін арттырды. 🔴Бұрын қолданылған ЕКжСҚ жүйесі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмей қалды. Оның архитектурасы ескірді, даму мүмкіндіктері шектелді, ал деректерді өңдеу алгоритмдерінің бір бөлігі жабық және жеткілікті құжатталмаған күйінде қалды. 🔴KTZ Cargo Reporting ҚТЖ-ның бизнес-қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген және компанияның одан әрі цифрлық трансформациясы үшін заманауи технологиялық негізді қамтамасыз етеді. 🔴Жүйеде микросервистік сәулет, орталықтандырылған деректер қоймасы, автоматтандырылған пішімді-логикалық бақылау, ҚТЖ корпоративтік ақпараттық жүйелерімен интеграция, сондай-ақ мониторинг, резервтік көшіру, талдау және есептілікті қалыптастыру құралдары іске асырылған. 🔴Платформаны енгізу тасымалдау деректерін өңдеуді жеделдетуге, талдамалық есептілікті дайындау мерзімін қысқартуға, ақпаратты бақылау сапасын арттыруға және бірқатар бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік берді. 🔴Болашақта жүйенің талдамалық мүмкіндіктерін кеңейту, корпоративтік сервистермен интеграцияны дамыту, деректерді талдаудың зияткерлік құралдарын енгізу және жаңа бизнес-процестерді автоматтандыру жоспарлануда. ➖➖➖ 🧫КТЖ ввело в промышленную эксплуатацию отечественную цифровую платформу для аналитики грузовых перевозок 🔴АО «НК «Қазақстан темір жолы» ввело в промышленную эксплуатацию информационную систему KTZ Cargo Reporting — отечественную цифровую платформу для обработки перевозочных данных и аналитики грузовых перевозок. 🔴Проект стал одним из крупнейших ИТ-проектов компании последних лет. КТЖ полностью перешло с зарубежного программного решения, использовавшегося более 30 лет, на собственную казахстанскую разработку. Это обеспечило технологическую независимость и повысило эффективность управления перевозочными данными. 🔴Ранее применявшаяся система ЕКиОДВ перестала соответствовать современным требованиям. Ее архитектура устарела, возможности развития были ограничены, а часть алгоритмов обработки данных оставалась закрытой и недостаточно документированной. 🔴KTZ Cargo Reporting разработана с учетом бизнес-потребностей КТЖ и обеспечивает современную технологическую основу для дальнейшей цифровой трансформации компании. 🔴В системе реализованы микросервисная архитектура, централизованное хранилище данных, автоматизированный форматно-логический контроль, интеграция с корпоративными информационными системами КТЖ, а также инструменты мониторинга, резервного копирования, аналитики и формирования отчетности. 🔴Внедрение платформы позволило ускорить обработку перевозочных данных, сократить сроки подготовки аналитической отчетности, повысить качество контроля информации и автоматизировать ряд бизнес-процессов. 🔴В дальнейшем планируется расширение аналитических возможностей системы, развитие интеграции с корпоративными сервисами, внедрение интеллектуальных инструментов анализа данных и автоматизация новых бизнес-процессов.
Live stream finished (1 hour)
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыратынын…
Қарқынды бәсеңдетпей, қолда бар ресурстардың бәрін толық пайдалану керек — Олжас Бектенов экономиканы дамыту туралы 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін экономиканың қазіргі даму қарқынын сақтап қана қоймай, оны одан әрі жеделдету қажет екенін және Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері өз салалары мен аймақтарында жоспарланған өсім көрсеткіштеріне қол жеткізуге тікелей жауапты екенін атап өтті. «Әрбір басшы салалар мен өңірлер бойынша экономиканың жоспарланған өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тікелей жауапты. Осы қарқынды бәсеңдетпей, қолда бар ресурстардың бәрін толықтай пайдалану керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Нельзя сбавлять набранных темпов. Нужно мобилизовать все имеющиеся ресурсы - Олжас Бектенов о развитии экономики 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что выполнение задач Главы государства требует не только сохранения текущих, но и наращивания темпов развития экономики. Члены Правительства и руководители регионов несут персональную ответственность за достижение плановых показателей роста в своих отраслях и регионах. «Каждый руководитель несет персональную ответственность за достижение плановых показателей роста экономики в разрезе отраслей и регионов. Нельзя сбавлять набранных темпов. Нужно мобилизовать все имеющиеся ресурсы», — отметил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
Олжас Бектенов өңірлерге бір ай ішінде сауданы дамытудың нақты бағыттарын айқындауды тапсырды 📌 Қазіргі таңда еліміздегі жалпы тауар айналымының 70%-дан астамы бес өңірге тиесілі. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге сауда саласының өңірлік өсу бағыттарын айқындап, шекара маңындағы аумақтардың әлеуетін тиімді пайдалануды және туристік тартымдылығы жоғары өңірлердің мүмкіндіктерін барынша пайдалануды тапсырды. «Әр облыс сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін өз әлеуетін тиімді пайдалануы қажет. Бұл бағытта шекара маңындағы өңірлердің, сондай-ақ туристік тартымдылығы жоғары аумақтардың мүмкіндіктері мол. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетін пайдаланып, олардың базасында заманауи сауда, қайта өңдеу және кәсіпкерлік орталықтарын дамыту қажет. Өңір әкімдіктеріне аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын нақты өндіріс орындарын, инвестициялық жобаларды және тауар айналымын ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді айқындай отырып, бір ай мерзімде Сауданы дамытудың өңірлік жол карталарын әзірлеуді тапсырамын. Сауда және интеграция министрлігі аталған жұмысты үйлестіру мен орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов. Шағын және орта бизнес саласының одан әрі дамуы үшін барлық мемлекеттік органдар «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп, өңірлердегі кәсіпкерлермен олардың бизнес-бастамаларын жан-жақты қолдау мақсатында өзара тығыз жұмыс істеуі қажет. «Туындаған барлық проблемалық мәселелер жедел түрде шешімін табуға тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Олжас Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли 📌 На сегодняшний день свыше 70% товарооборота Казахстана формируют пять регионов. В этой связи Премьер-министр Олжас Бектенов поручил акиматам определить собственные точки роста торговли, эффективнее использовать потенциал приграничных территорий и регионов с высокой туристической привлекательностью. «Каждая область должна эффективно использовать свой потенциал для обеспечения роста торговли. В этом направлении широкие возможности имеются у приграничных регионов, а также территорий с высокой туристической привлекательностью. Необходимо использовать потенциал специальных экономических и индустриальных зон, формируя на их базе современные центры торговли, переработки и предпринимательства. Поручаю акиматам регионов в месячный срок разработать региональные Дорожные карты развития торговли с определением конкретных точек роста, инвестиционных проектов и целевых показателей по увеличению товарооборота. Министерству торговли и интеграции обеспечить координацию и контроль исполнения», — поручил Олжас Бектенов. Для дальнейшего развития малого и среднего бизнеса всем государственным органам совместно с Нацпалатой «Атамекен» необходимо выстроить тесное взаимодействие с предпринимателями в регионах и обеспечить всестороннюю поддержки их инициатив. «Все возникающие проблемные вопросы должны находить оперативные решения», — подчеркнул руководитель Правительства.
Қазақстан Үкіметі астық, мақта және қант қызылшасын өңдеушілерді қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлейді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау тетіктерін кеңейтуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығында вегетациялық кезеңнің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, егін жинау науқанын сапалы өткізу және инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыру негізгі міндеттер болып саналады. Өткізу нарықтарын кеңейту және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, Азық-түлік корпорациясына астық өңдеу өнімдерін тасымалдау кезінде шығындарды өтеу жөніндегі оператордың өкілеттіктерін беруді тапсырамын. Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі “Атамекен” ұлттық палатасымен бірлесіп, мақта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға және қант қызылшасын тасымалдауға инвестициялық субсидиялау тетігін енгізсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов. Сонымен қатар өңір әкімдіктеріне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, нарықты ет өнімдерімен толықтыру және оның экспортын ұлғайту үшін Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал басын сатып алу жұмысын жеделдету тапсырылды. ➖ Правительство Казахстана проработает новые меры поддержки переработчиков зерна, хлопка и сахарной свеклы 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов поручил расширить инструменты поддержки отечественных сельхозпроизводителей и перерабатывающих предприятий. «Основными задачами в сельском хозяйстве являются стабильное прохождение вегетационного периода, качественное проведение уборочной кампании и своевременная реализация инвестиционных проектов. В целях расширения рынков сбыта и повышения конкурентоспособности отечественной продукции поручаю Министерству сельского хозяйства совместно с Агентством по защите и развитию конкуренции наделить Продовольственную корпорацию полномочиями оператора по возмещению затрат при транспортировке продукции переработки зерна. Для поддержки отечественных предприятий Министерству сельского хозяйства совместно с Нацпалатой „Атамекен“ внедрить инвестиционное субсидирование на модернизацию хлопкоперерабатывающих предприятий и перевозку сахарной свеклы», — поручил Олжас Бектенов. Также акиматам регионов совместно с Министерством сельского хозяйства поручено ускорить работу по закупке племенного поголовья в рамках Программы развития животноводства для насыщения рынка мясной продукцией и увеличения ее экспорта.
Елімізде жыл соңына дейін негізгі теміржол жобалары аяқталып, вокзалдарды жаңғырту қарқыны жеделдетіледі 📌 Үкіметте көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде теміржол арқылы транзиттік тасымал көлемі жылына 55 млн тоннаға дейін ұлғаятынын атап өтті. «Көлік министрлігі “Қазақстан темір жолы” компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін негізгі теміржол желілерінің құрылысын, сондай-ақ вокзалдарды жаңғырту жұмыстарын аяқтасын. Автомобиль жолдарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары аясында олардың нормативтік талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет. Мультимодальды транзит көлемін арттыру үшін көлік саласын цифрлық трансформациялау керек. Көлік министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, заманауи цифрлық құралдарды енгізуді, содан кейін оларды Smart Data Transport бірыңғай “деректер көліне” біріктіруді қамтамасыз етсін. Бұл саланың ашықтығын арттыруға және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді белсенді түрде енгізуге мүмкіндік береді», — деп тапсырды Олжас Бектенов. ➖ Казахстан до конца года завершит ключевые жд-проекты и ускорит обновление вокзалов 📌 В Правительстве рассмотрели вопросы реализации проектов в транспортной отрасли. Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что данные меры обеспечат увеличение объема железнодорожных транзитных перевозок до 55 млн тонн в год. «Министерству транспорта совместно с компанией “Қазақстан темір жолы” требуется завершить до конца года строительство ключевых железнодорожных линий - «Дарбаза-Мактаарал» и «Мойынты-Кызылжар», а также реконструкцию вокзалов. В рамках проводимой работы по строительству и реконструкции автомобильных дорог необходимо обеспечить соответствие их нормативным требованиям. Для увеличения мультимодального транзита необходима цифровая трансформация транспортной отрасли. Министерству транспорта совместно с Министерством искусственного интеллекта обеспечить внедрение современных инструментов с последующей их интеграцией в единое озеро данных Smart Data Transport. Это позволит повысить прозрачность отрасли и активно внедрять решения на основе искусственного интеллекта», — поручил Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшылығына Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының елімізді одан әрі индустрияландыру және цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау…
Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшылығына Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының елімізді одан әрі индустрияландыру және цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жаңа электр энергиясын өндіретін нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорына электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды. «Көмір химиясының қолда бар әлеуетін ескере отырып, көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды арттыру жұмысын жандандыруды және әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Экономиканың дамуы елімізді одан әрі индустрияландыру мен цифрландыру, сондай-ақ инфрақұрылымға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін энергетикалық қуаттарды арттыруды талап етеді», — деп атап өтті Премьер-министр. Олжас Бектенов Энергетика министрлігі мен “Самұрық-Қазына” қорының басшылары Алматы электр стансалары мен Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының уақтылы іске қосылуына тікелей жауап беретінін тағы да еске салды. «”Самұрық-Энерго” компаниясының басшысы, Қайрат Мақсұтов. Өткен аптада энергетика министрі Алматыға барып, екінші және үшінші ТЭЦ-ті тексеріп келді. Үшінші ТЭЦ бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке қатаң жауапкершілігіңіз қаралатын болады. Күнделікті бақылауға алыңыз», — деп тапсырды Премьер-министр. Сонымен қатар мұнай мен газ өндірудің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Энергетика министрлігіне барлық жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіп, нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Үкімет әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салу бағдарламасын жүзеге асыруға кіріседі 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметке еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға кірісу қажет екенін атап өтті. Бұл ретте заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше назар аударылады. «Мемлекет басшысы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алуды тапсырды. Бұл бастама жақын арада ел азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше басымдық беру қажет. Нұрлыбек Машбекұлы, Сізге тиісті тапсырмалар берілді, жұмысқа дереу кірісіңіз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство незамедлительно приступит к реализации программы строительства социальных и инфраструктурных объектов 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что по поручению Главы государства Правительству необходимо приступить к реализации масштабной программы строительства социальных и инфраструктурных объектов во всех регионах страны. Особое внимание будет уделено созданию современных объектов здравоохранения. «Главой государства поручено приступить к реализации масштабной программы строительства социальных и инфраструктурных объектов. В ближайшее время это обеспечит улучшение качества жизни казахстанцев во всех регионах страны. Особый акцент необходимо сделать на строительстве современных объектов здравоохранения. Нурлыбек Машбекович, необходимые поручения Вам даны, незамедлительно приступайте к работе», — подчеркнул Олжас Бектенов.
Архив #государство — страница 18
Это 18-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.