🪽Не все ангелы имеют крылья, некоторые приходят на помощь в форме. 👮🏻 МВД своим трендовым видео напомнило родителям о детской безопасности, особенно в летний период: • не оставляйте детей без присмотра; • объясняйте им правила безопасности; • используйте средства защиты для окон; • не ставьте мебель рядом с подоконником. 💙 Берегите себя и своих близких. Всем хороших выходных!
#государство — страница 13
Архив раздела #государство, страница 13. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
🔹 ІІМ: Ақтауда робот-иттер қызметке кірісті Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 МВД: Робот-собаки заступили на службу в Актау Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю Дня памяти жертв политических репрессий и голода Уважаемые соотечественники, каждый год 31 мая мы отдаем дань памяти всем людям, которые стали жертвами политических репрессий в первой половине прошлого столетия. Наш моральный долг – помнить о них, быть верными принципам законности и ценностям справедливости. В Казахстане последовательно создаются условия для всесторонней защиты прав и свобод всех граждан. Данная обязанность государства получила законодательное оформление в Конституции, принятой в ходе общенационального референдума 15 марта. Наше общество встало на путь строительства прогрессивного государства. Это значит, что мы будем руководствоваться принципами Справедливости, Законности, Патриотизма, Трудолюбия, Природолюбия, а также уделим приоритетное внимание развитию науки, высоких технологий, культуры, волонтерства. Казахстан стал известен всему миру как государство, устремленное к прогрессу во всех сферах общественной жизни. Для достижения более впечатляющих результатов мы все должны укреплять единство и стабильность в нашей стране. Уверен, нашу страну ожидает светлое будущее! t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеуі Құрметті отандастар, біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдың бірінші жартысында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған адамдардың рухына тағзым етеміз. Оларды жадымызда сақтау, заңдылық қағидаты мен әділдік құндылықтарына адал болу – біздің қастерлі борышымыз. Қазақстанда барша азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғау үшін жүйелі түрде жағдай жасалып жатыр. Мемлекетіміздің осы міндеті 15 наурыздағы жалпыұлттық референдум кезінде қабылданған Конституцияда заң жүзінде бекітілді. Біз бір қоғам болып, озық ойлы ел құру жолына бет бұрдық. Бұл – елімізде Әділдік, Заңдылық, Отаншылдық, Еңбекқорлық, Табиғатқа сүйіспеншілік қағидаттары айрықша маңызға ие болады, сондай-ақ, ғылымды, жоғары технологияларды, мәдениетті және еріктілер қозғалысын дамытуға баса мән беріледі деген сөз. Қазір бүкіл әлем жұрты Қазақстанды барлық салада тек алға қарай қадам басып келе жатқан ел ретінде таниды. Біз бұдан да биік белестерді бағындыру үшін қоғамымыздың ынтымақ-бірлігі мен тұрақтылығын нығайта беруіміз керек. Қазақстанның болашағы әрдайым жарқын болмақ! Мен бұған кәміл сенемін. t.me/aqorda_resmi
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Хорватии 🇰🇿🇭🇷Касым-Жомарт Токаев поздравил Президента Зорана Милановича и народ Хорватии с Днем государственности. В своем послании Глава государства подчеркнул, что Казахстан высоко ценит многолетнее сотрудничество с Хорватией и привержен дальнейшему укреплению двусторонних связей по широкому спектру направлений. Касым-Жомарт Токаев пожелал Зорану Милановичу успехов в ответственной государственной деятельности, а хорватскому народу – благополучия и процветания. t.me/aqorda_resmi
✉️Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇭🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Зоран Милановичті және оның отандастарын Мемлекеттілік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы хатта Қазақстан Хорватиямен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және кең көлемді бағыттар бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал хорват халқына құт-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
🔹 Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін Толық ақпарат сайтта. 🔹 Кто может попасть под уголовную и административную амнистии в Казахстане Информация на сайте.
🇰🇿🇷🇺Касым-Жомарт Токаев проводил в столичном аэропорту Президента России Владимира Путина, завершившего свой государственный визит в Казахстан t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды t.me/aqorda_resmi
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы **** Заседание Высшего Евразийского экономического совета 📍Астана 🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇿Подписана Дорожная карта по реализации достигнутых договоренностей между Казахстаном и Узбекистаном ✍️ В Астане в присутствии Главы государства Касым-Жомарта Токаева и Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева состоялась церемония подписания Дорожной карты по торгово-экономическому сотрудничеству. ✔️Подписание Дорожной карты стало практическим продолжением договоренностей, достигнутых в ходе государственного визита Президента Казахстана в Узбекистан 14-15 ноября 2025 года. ✔️Новые проекты документа охватывают сферы промышленности, нефтехимии, логистики, металлургии, агропромышленного комплекса, туризма и «зеленой» энергетики. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды ✍️ Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қою рәсімі өтті. ✔️Аталған Жол картасы Қазақстан Президентінің 2025 жылы 14-15 қараша күндері Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзіндегі жалғасы ретінде қабылданды. ✔️Құжатқа өнеркәсіп, мұнай химиясы, логистика, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, туризм және «жасыл» энергия салаларын қамтитын жаңа жобалар енді. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇺Состоялась встреча Президента Казахстана с Вице-президентом Кубы Сальвадором Вальдесом Месой ✔️Глава государства поблагодарил высокого гостя за участие в сегодняшнем мероприятии, подчеркнув, что для Казахстана участие Кубы в работе ЕАЭС имеет большое значение. ✔️Президент отметил актуальность повестки прошедшего Евразийского экономического форума, посвященного вопросам развития искусственного интеллекта, и указал на перспективы расширения двустороннего сотрудничества в данной сфере. ✔️Касым-Жомарт Токаев сообщил гостю о проводимых в стране мерах по внедрению технологий ИИ и цифровизации ключевых отраслей экономики. В этом контексте он выразил готовность поделиться опытом с кубинской стороной в области развития электронного правительства, включая экспорт передовых казахстанских цифровых решений. ✔️В свою очередь Сальвадор Вальдес Меса передал Главе нашего государства слова приветствия Президента Кубы Мигеля Марио Диас-Канеля Бермудеса и выразил готовность к укреплению торгово-экономических связей между странами. ✔️В ходе встречи также был отмечен потенциал для наращивания взаимовыгодного сотрудничества в таких перспективных направлениях, как медицина и фармацевтика. ✔️Кроме того, были обсуждены возможности для дальнейшего углубления деловых и культурно-гуманитарных связей. ✔️Собеседники обменялись мнениями по актуальным вопросам международной повестки. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇺Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиынға қатысқаны үшін мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, еліміз Кубаның ЕАЭО қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. ✔️Президент Еуразиялық экономикалық форумда талқыланған жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігін атап өтіп, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасына тоқталды. ✔️Мемлекет басшысы еліміздегі экономиканың негізгі салаларын цифрландыру және оған жасанды интеллект технологияларын енгізу шаралары туралы мәлімет берді. Осы орайда, Қазақстанның Куба тарапымен электрондық үкіметті дамыту тәжірибесін бөлісуге, озық цифрлық шешімдерін экспорттауға әзір екенін растады. ✔️Сальвадор Вальдес Меса Қасым-Жомарт Тоқаевқа Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің сәлемін жеткізіп, өзара сауда-экономикалық байланысты арттыруға ниетті екенін айтты. ✔️Кездесуде медицина және фармацевтика бағытында тиімді ынтымақтастықты жандандыру әлеуетіне баса назар аударылды. Бұдан бөлек, іскерлік және мәдени-гуманитарлық қатынастарды тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды. ✔️Қазақстан Президенті мен Куба Вице-президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. t.me/aqorda_resmi
В ходе заседания Высшего Евразийского экономического совета в расширенном составе выступили Президент Республики Беларусь Александр Лукашенко, Президент Кыргызской Республики Садыр Жапаров, Президент Российской Федерации Владимир Путин, Вице-премьер Республики Армения Мгер Григорян, Президент Республики Узбекистан Шавкат Мирзиёев, Вице-президент Республики Куба Сальвадор Вальдес Меса, министр промышленности, рудников и торговли Исламской Республики Иран Сейед Мохаммад Аттабак и председатель Коллегии ЕЭК Бакытжан Сагинтаев. t.me/aqorda_resmi
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Аттабак және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі. t.me/aqorda_resmi
Президент Казахстана отметил важность реализации торгово-экономического потенциала ЕАЭС на внешнем контуре 🟦По его мнению, необходимо дальнейшее расширение связей Союза со странами Арабского мира, Юго-Восточной Азии, Африки и Латинской Америки, а также с авторитетными региональными экономическими объединениями. – На текущем этапе активно продвигаются переговоры с Индией по созданию зоны свободной торговли. Считаю, что эта работа достойна внимания, как и другие направления этой деятельности. Сегодня в узком формате Президент Беларуси высказал, на мой взгляд, правильное предложение в отношении того, что партнеры по созданию зоны свободной торговли, как, впрочем, и по обретению статуса наблюдателя, должны подбираться в избирательном режиме, если так можно выразиться, то есть не чохом, не всех подряд, а тех, кто действительно соответствует определенным критериям и могут принести пользу Евразийскому экономическому союзу, – заявил Президент Казахстана. 🟦Глава государства заявил, что Казахстан в рамках своего председательства в органах ЕАЭС намерен и далее всемерно содействовать укреплению общего экономического потенциала, обеспечению устойчивого развития стран – участниц. – Убежден, что совместными усилиями мы сможем добиться больших результатов и вывести сотрудничество в рамках Союза на качественно новый уровень. В прошлом году мы успешно завершили план мероприятий по реализации стратегических направлений в деятельности ЕАЭС. Впереди много новых задач, предусмотренных Декларацией о дальнейшем развитии евразийской интеграции. Хотел бы в заключение пожелать всем успешной работы в рамках достижения поставленных целей, – подытожил Президент Казахстана. t.me/aqorda_resmi
Қазақстан Президенті ЕАЭО-ның сыртқы сауда-экономикалық әлеуетін іске асыру маңызды екенін айтты 🟦Мемлекет басшысының пікірінше, Одақтың Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен, сондай-ақ беделді өңірлік экономикалық бірлестіктермен байланыстарын одан әрі кеңейту қажет. – Қазір Үндістанмен еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс басқа да қызмет бағыттары сияқты назар аударуға лайық. Менің ойымша, шағын құрамдағы кездесуде Беларусь Президенті өте дұрыс ұсыныс айтты. Еркін сауда аймағын құратын серіктестер де, сондай-ақ байқаушы мәртебесіне ие болатын елдер де мұқият таңдалуы қажет. Яғни бәрін бірдей емес, шын мәнінде белгілі бір талаптарға сай келетін және Еуразиялық экономикалық одаққа пайда әкелетін елдерді қабылдау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан ЕАЭО органдарына төрағалығы аясында мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық әлеуетін нығайтуға, орнықты дамуын қамтамасыз етуге алдағы уақытта да барынша жәрдемдесе беретінін мәлімдеді. – Біз бірлесе күш жұмылдыра отырып, маңызды нәтижеге қол жеткізе аламыз және Одақ аясындағы ынтымақтастықты жаңа әрі сапалы деңгейге шығарамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Былтыр ЕАЭО қызметінің стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты аяқтадық. Алдымызда Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту туралы декларацияда қарастырылған көптеген міндет тұр. Сөз соңында алға қойған мақсаттарға жету жолында баршаңызға табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті. t.me/aqorda_resmi
В выступлении еще одним приоритетом был обозначен поиск новых точек роста в условиях трансформации мировой экономики – От скорости адаптации к новым технологическим вызовам напрямую зависит долгосрочная устойчивость наших национальных экономик, их место в будущем мироустройстве. Об этом довольно подробно мы говорили вчера, в первый день Евразийского экономического форума. Волны технологического прогресса, от тотальной цифровизации до создания искусственного интеллекта, идут одна за другой. При этом каждая новая технологическая ступень создает основу для последующего прорыва, открывая невероятные возможности для тех, кто способен заглянуть за горизонт. По оценкам экспертов, в ближайшие 20 лет будет выделен целый ряд значимых технологических тенденций, включая биотехнологии, автономные системы, космическую экономику, хранение энергии, квантовые вычисления. В частности, согласно долгосрочным прогнозам, к 2035 году объем мирового рынка робототехники превысит рубеж в 376 миллиардов долларов. В индустрии виртуальной реальности будет вращаться около 700 миллиардов долларов. Нашим странам, конечно же, нельзя оставаться в стороне от мировых тенденций. Считаю, что Евразийская экономическая комиссия должна оказать поддержку в обмене практическим опытом и реализации совместных проектов по наиболее перспективным направлениям развития, – сказал Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев әлем экономикасы трансформацияланып жатқан кезеңде жаңа табыс көздерін іздеу тағы бір басымдық екенін атап өтті – Ұлттық экономикалардың ұзақмерзімді орнықтылығы мен болашақтағы орнын сайлауы жаңа технологиялық сын-қатерлерге жедел бейімделуіне тікелей байланысты. Бұл жөнінде біз кеше, Еуразиялық экономикалық форумның алғашқы күнінде егжей-тегжейлі талқыладық. Жаппай цифрландырудан бастап жасанды интеллектіге дейінгі технологиялық прогресс толқыны бірінен соң бірі туындап жатыр. Осылайша, технологиядағы әрбір жаңа белес озық ойлы адамдарға мүмкіндік сыйлайтын келесі соны серпіліске негіз қалайды. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 20 жылдың ішінде биотехнология, автономды жүйелер, ғарыш экономикасы, энергияны сақтау, кванттық есептеу секілді маңызды технологиялық үдерістердің тұтас легі пайда болады. Мәселен, ұзақмерзімді болжам бойынша 2035 жылға қарай әлемдік робот техникасы нарығының көлемі 376 миллиард доллардан асады. Виртуалды шынайылық индустриясындағы қаржы айналымы 700 миллиард долларға жуықтайды. Әрине, біздің елдеріміз осы жаһандық жаңашылдықтардан кенже қалмауға тиіс. Еуразиялық экономикалық комиссия перспективті даму бағыттарында нақты тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуі керек деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Глава государства указал на необходимость масштабирования опыта цифровизации сельского хозяйства – Наши усилия могут быть сосредоточены на поддержке высокотехнологичных инициатив, способных укрепить позиции ЕАЭС на глобальном продовольственном рынке. Принятие поправок в Договор о Евразийском экономическом союзе в части финансовой поддержки кооперационных проектов в сфере агропромышленного комплекса – важный шаг на этом пути. Для масштабного финансирования таких технологических инициатив необходимо в полной мере задействовать потенциал Евразийского банка развития. За два десятилетия с момента своего учреждения финансовый институт показал себя как эффективный и востребованный инструмент евразийской интеграции. В узком составе мы заслушали содержательный доклад председателя правления Банка и утвердили его. Пришли к мнению, что ЕАБР должен и впредь оставаться ключевым локомотивом в реализации стратегических проектов на пространстве нашего Союза, – подчеркнул Президент. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын цифрландыру тәжірибесін кеңінен тарату қажет деп санайды – Жаһандық азық-түлік нарығындағы ЕАЭО позициясын нығайтатын жоғары технологиялық бастамаларды қолдауға күш салуға болады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау бойынша түзетулер енгізіліп, қабылданды. Бұл – осы жолдағы маңызды қадамның бірі. Мұндай технологиялық бастамаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін Еуразия даму банкінің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Құрылғаннан бергі жиырма жыл ішінде аталған қаржы институты еуразиялық интеграцияның тиімді әрі сұранысқа ие құралы екенін дәлелдеді. Біз шағын құрамдағы кездесуде Банктің басқарма төрағасы жасаған мазмұнды баяндаманы тыңдап, оны бекіттік. ЕАДБ алдағы уақытта да Одақ кеңістігіндегі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда басты локомотив болуға тиіс деген ұйғарымға келдік, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Президент Казахстана подчеркнул важность цифровой трансформации промышленности и агропромышленного комплекса стран ЕАЭС 🟦По его словам, цифровизация экономики – это не дань технологической моде, а ключевой фактор конкурентоспособности. – В Казахстане мы подошли к этому вызову достаточно системно, запустив масштабную Концепцию цифровой трансформации. Роботизация, облачные решения в промышленном секторе и горно-металлургическом комплексе, «цифровые двойники» крупных промышленных предприятий повышают производительность, снижают издержки. Автоматизация сельского хозяйства увеличивает урожайность, сберегает водные ресурсы, снижает нагрузку на экологию. В животноводстве развернут ряд цифровых систем, которые исключают бумажный документооборот и повышают достоверность учета. По всей стране приступили к работе более 650 «умных» ферм, оснащенных автоматизированными системами доения, кормления и контроля микроклимата. В растениеводстве, включая семеноводство, последовательно внедряется система прослеживаемости продукции по принципу «от поля до стола». Благодаря цифровым возможностям детального планирования и прогнозирования Казахстан второй год подряд собирает рекордные объемы зерновых – на уровне 27 миллионов тонн. Ведется работа по полной оцифровке всех сельскохозяйственных угодий. Активно расширяется применение агродронов, спутниковой навигации и данных метеостанций. В электронный формат переводится процесс предоставления земель в пользование. Государственная поддержка аграриев будет полностью переведена в электронный вид, что снизит коррупционные риски, – сообщил Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі өндіріс ошақтары мен агроөнеркәсіп кешенін цифрлық трансформациялаудың маңызына назар аударды 🟦Президенттің пайымынша, экономиканы цифрландыру – технологиялық тренд қана емес, бәсекеге қабілетті болудың басты кепілі. – Қазақстан бұл сынаққа ауқымды Цифрлық трансформация тұжырымдасын қабылдау арқылы жүйелі әрекеттермен жауап бермек. Өнеркәсіп секторы мен тау-кен және металлургия кешеніндегі роботтандыру, «бұлттық» шешімдер, ірі кәсіпорындардың «цифрлық телнұсқасы» өнімділікті ұлғайтып, шығынды азайтады. Ауыл шаруашылығын автоматтандыру мол өнім жинауға, су үнемдеуге, қоршаған ортаға зиянды азайтуға септігін тигізеді. Мал шаруашылығына қағаз жүзіндегі құжат айналымынан бас тартып, есептің дәлдігін арттыратын бірқатар цифрлық жүйе енгізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде 650-ден астам «ақылды» фермалар жұмыс істеп тұр. Онда сиыр сауу, бордақылау және микроклиматты қадағалау үрдістері автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған. Егін және тұқым шаруашылығында өнімді «егіс даласынан тұтынушы дастарқанына дейін» жеткізу тізбегін қадағалайтын жүйе енгізіліп жатыр. Тыңғылықты жоспарлау мен цифрлық болжау мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде Қазақстанда екінші жыл қатарынан егін бітік шығып, 27 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Агродрондар, жерсеріктік навигациялар мен метеостанция мәліметтері кеңінен қолданыла бастады. Жер телімін пайдалануға беру үдерісі электронды форматқа көшірілді. Дихандар мен шаруаларды мемлекет тарапынан қолдау тетіктері толықтай электрондық форматқа ауысты. Бұл жемқорлық тәуекелдерін азайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев назвал еще одним приоритетом цифровизацию евразийских транспортных коридоров 🟦По его словам, Евразийский транспортный каркас представляет собой высокотехнологичную систему международных маршрутов, соединяющих ключевые рынки Азии, Европы и Ближнего Востока. – Речь идет о разветвленной сети сквозных коридоров общей протяженностью более 50 тысяч километров, из которых свыше 10 тысяч проходит по территории Казахстана. Для сохранения ключевой роли в глобальной системе торгово-экономических связей всем нам потребуется дальнейшее развитие и оцифровка трансграничной инфраструктуры. Гибкие логистические решения, стабильность поставок, скорость прохождения грузов позволят существенно нарастить объемы транзитных потоков в ЕАЭС. Поэтому с конца прошлого года мы системно внедряем такой инструмент, как Smart Cargo, действующий по принципу «единого окна». В рамках данной платформы проводятся работы по оцифровке транспортных коридоров. В Казахстане внедрен механизм обмена электронными бланками разрешений с соседними странами. Взаимная интеграция информационных систем в рамках Союза – требование времени. В этой связи крайне актуальна проводимая Евразийской экономической комиссией работа по созданию цифровой «витрины» национальных сервисов. Полагаю, нам необходимо ускорить эти процессы и обеспечить формирование полноценной экосистемы цифровых транспортных коридоров ЕАЭС. Убежден, консолидация усилий в этом направлении позволит создать высокотехнологический транспортный хаб Евразии, – сказал Глава нашего государства. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия кеңістігіндегі көлік дәліздерін цифрландыруды тағы бір басымдық ретінде атады 🟦Мемлекет басшысының айтуынша, Еуразияның көлік жүйесі Азия, Еуропа және Таяу Шығыстың басты нарықтарын байланыстыратын жоғары технологиялық халықаралық бағыттардан құралады. – Бұл арада жалпы ұзындығы 50 мың шақырымнан асатын көлік дәліздерінің тұтас жүйесі туралы сөз болып отыр. Оның 10 мың шақырымнан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Жаһандық сауда-экономика тізбегіндегі жетекші орнымызды сақтау үшін трансшекаралық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және цифрландыру қажет. Ыңғайлы логистикалық шешімдер, жүкті тұрақты жеткізу мен өткізу жылдамдығы Еуразиялық экономикалық одақтағы транзит көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан өткен жылдың соңында біз Smart Cargo секілді құралдарды жүйелі түрде енгізе бастадық. «Бір терезе» қағидатымен қызмет ететін платформа аясында көлік дәліздерін цифрландыру жұмыстары қолға алынды. Қазақстанда көрші елдермен рұқсатнаманы электрондық бланкі форматында алмасу механизмі енгізілді. Одақ аясындағы ақпараттық жүйелерді өзара кіріктіру – уақыт талабы. Осы орайда Еуразиялық экономикалық комиссия ұлттық сервистердің цифрлық «сөресін» жасақтауды қолға алды. Бұл – өте өзекті. Аталған үдерісті жеделдетіп, ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің толыққанды экожүйесін қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Осы бағытта күш-жігерімізді біріктірсек, Еуразияның жоғары технологиялы көлік хабын құруға әбден болады, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Глава государства: «В Казахстане осуществляется системная работа по внедрению искусственного интеллекта» – На базе Astana Hub формируется полноценная, динамично развивающаяся стартап-экосистема. В стране активно развивается более 100 новых высокотехнологических компаний. Казахстан официально закрепил за собой статус нетто-экспортера технологий: объем экспорта IT-услуг превысил 1 миллиард долларов. Наши стартовые позиции подтверждаются на международном уровне. Согласно глобальному рейтингу EGDI (E-Government Development Index) Казахстан занимает 24-е место, а по качеству онлайн-услуг закрепился в десятке лидеров. Наша следующая задача – масштабировать этот успех. В Астане запущен Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai. Центр призван стать не просто точкой притяжения талантливых разработчиков, но и ключевой региональной площадкой для создания и внедрения прикладных решений на базе искусственного интеллекта. Хочу отметить, что мы внимательно изучаем и высоко оцениваем достижения государств – членов ЕАЭС в сфере цифровизации, внедрения платформенных решений и современных подходов к государственному управлению. Каждая из стран – участниц Союза уже накопила значительный опыт в отдельных направлениях цифровой трансформации, представляющий прикладной интерес. Убежден, что наряду с развитием национальных компетенций нужно активнее формировать совместные технологические инициативы, обмениваться лучшими практиками и эффективными решениями. Такой подход позволит существенно ускорить цифровое развитие ЕАЭС, повысить конкурентоспособность наших экономик, – подчеркнул Президент. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жасанды интеллектіні енгізу бойынша бірқатар жүйелі шараны қолға алды – Astana Hub базасында қарқынды ілгерілеп келе жатқан әрі толыққанды стартап-экожүйе қалыптасуда. Елімізде 100-ден астам жаңа жоғары технологиялық компания жедел дамып келеді. Қазақстан технологияны нетто-экспорттаушы мәртебесін ресми түрде дәлелдеді. ІТ қызметтер экспортының көлемі 1 миллиард доллардан асты. Біздің бастапқы жетістіктеріміз халықаралық деңгейде мойындалды. EGDI (E-Government Development Index) жаһандық рейтингіне сәйкес, Қазақстан 24-орын алады. Ал онлайн қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі үздік ондыққа кіреді. Ендігі міндет – осы табысты тәжірибені кеңінен тарату. Астанада Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығы іске қосылды. Бұл талантты бағдарлама әзірлеушілер шоғырланған орталық қана емес, жасанды интеллект негізіндегі қолданбалы шешімдерді ойлап табатын әрі енгізетін аймақтағы басты алаң саналады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің цифрландыру саласындағы жетістіктерін, мемлекеттік басқарудағы платформалық шешімдері мен заманауи тәсілдерді енгізу үлгілерін мұқият зерделейміз әрі жоғары бағалаймыз. Одаққа мүше елдердің әрқайсысы цифрлық трансформацияның жекелеген бағыттарында айтарлықтай тәжірибе жинады. Ұлттық құзіреттерді дамытумен қатар бірлескен технологиялық бастамаларды қалыптастыруға белсенді түрде атсалысқан жөн. Үздік тәжірибелер мен тиімді шешімдерді бөлісуіміз керек. Бұл ЕАЭО аясындағы цифрлық дамуды жеделдетіп, экономикаларымыздың бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Архив #государство — страница 13
Это 13-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.





























