🇰🇿 Итоги недели: Международный сбор молодежи «Айбын-2026» завершился в Акмолинской области В городе Щучинске Акмолинской области завершился XII Международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын-2026», объединивший около тысячи участников в составе 52 команд из Казахстана и зарубежных стран. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Минобороны РК — страница 6
Архив материалов источника Минобороны РК, страница 6. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🇰🇿 Апта қорытындысы: Ақмола облысында «Айбын-2026» халықаралық жастар жиыны мәресіне жетті Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан мен шет мемлекеттерден келген 52 команданың құрамындағы мыңға жуық жастың басын қосқан XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Ресми хабарлама Ағымдағы жылғы 29 маусым мен 2 шілде аралығында Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі. Іс-шаралар жеке құрам мен бөлімшелердің әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру кезіндегі практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Өткізілетін іс-шаралар жоспарлы оқу сипатында болады және негізінен әскери бөлімдердің аумақтарында және оқу полигондарында ұйымдастырылады. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін. Жекелеген бөлімшелер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Осы кезеңде өңірлердегі жекелеген автожол учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерді басшылыққа алуға шақырады. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Официальное сообщение В период с 29 июня по 2 июля текущего года в воинских частях и учреждениях Вооруженных сил пройдут комплексные тактико-строевые занятия по приведению войск в высшие степени боевой готовности. Мероприятия направлены на совершенствование практических навыков личного состава и подразделений при приведении в высшие степени боевой готовности. Проводимые мероприятия носят плановый учебный характер и будут проведены преимущественно на территориях воинских частей и учебных полигонах, в связи с чем возможно передвижение техники. Отдельные подразделения совершат плановые марши на учебные полигоны и в учебные центры. В это время на отдельных участках дорог в регионах возможны временные ограничения дорожного движения. В этой связи Министерство обороны призывает граждан, пользователей социальных сетей и представителей средств массовой информации руководствоваться сведениями, публикуемыми исключительно в официальных источниках. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿 Қазақстандық бітімгерлер Сирияның Хан-Арнаба қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштері (UNDOF) құрамында қызмет атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссиясының далалық госпиталінің медицина қызметкерлерімен және Сирия Араб Республикасының денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірлесіп гуманитарлық медициналық акция өткізді. 🇰🇿 Казахстанские миротворцы оказали медицинскую помощь жителям сирийского г. Хан-Арнабы Военнослужащие Казахстана, выполняющие задачи в составе Сил Организации Объединенных Наций по наблюдению за разъединением (UNDOF), совместно с медицинским персоналом полевого госпиталя миссии ООН и специалистами системы здравоохранения Сирийской Арабской Республики провели гуманитарную медицинскую акцию. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿 Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын 25-ші мерейтойлық түлектер бітірді Алматы қаласындағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының 25-ші мерейтойлық оқуды аяқтау рәсімі салтанатты түрде өтті. 🇰🇿 В Алматы состоялся 25-й юбилейный выпуск офицеров Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи В парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев состоялась торжественная церемония 25-го юбилейного выпуска курсантов Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи Министерства обороны РК. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді аралау 📍Ақмола облысы, Щучинск қаласы **** Посещение Военного колледжа имени Шокана Уалиханова 📍город Щучинск, Акмолинская область 🎦 t.me/aqorda_resmi
Президент посетил Военный колледж имени Шокана Уалиханова 🟦Глава государства ознакомился с деятельностью Военного колледжа министерства обороны Республики Казахстан имени Шокана Уалиханова. 🟦Касым-Жомарту Токаеву продемонстрировали показательные выступления участников сбора на полосе препятствий «Айбын», созданной по аналогии с полосой препятствий Dubai SWAT Challenge, и тренировочную зону по практической стрельбе Action Air. 🟦Затем Президенту представили цифровую платформу патриотического воспитания молодежи Aibyn App и библиотеку колледжа. 🟦Кроме того, Глава государства осмотрел учебно-лабораторный корпус, в котором кадеты занимаются на симуляционных тренажерах отечественного производства. 🟦Здесь также состоялся показ современных образцов военной техники, включая бронированную машину казахстанского производства «Арлан» и современные технологии беспилотной авиации. 🟦В завершение Касым-Жомарт Токаев вручил ключи от автобуса начальнику военного колледжа Айбеку Габдрахову. ➡️Кадетский корпус министерства обороны был образован Указом Президента от 1 июля 1996 года. В 2000 году учебному заведению было присвоено имя выдающегося казахского ученого и офицера Шокана Уалиханова. В 2020 году Кадетский корпус был переименован в Военный колледж имени Шокана Уалиханова. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты. 🟦Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді. 🟦Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды. 🟦Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация қондырғылары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді. 🟦Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды. ➡️Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты. t.me/aqorda_resmi
«Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 📍 Ақмола облысы, Щучинск қаласы **** ХІI Международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын» 📍город Щучинск, Акмолинская область 🎦 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуымен құттықтады – Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Ерлік – елдің қасиеті» деген қанатты сөзі бар. Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады. Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс. Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Жарайсыздар! Жеңімпаз болған командаларды шын жүректен құттықтаймын! Рухты жастардың осылай бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта түсері сөзсіз. Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! – деп түйіндеді сөзін Президент. t.me/aqorda_resmi
Далее в выступлении был отмечен вклад движения «Жас сарбаз» в патриотическое воспитание молодежи – Важную роль в формировании прогрессивной системы ценностей играет движение «Жас сарбаз», объединяющее в своих рядах более 280 тысяч школьников и студентов по всей стране. Многие участники военно-патриотических клубов связывают свою судьбу с военной службой, правоохранительными органами и системой национальной безопасности. Как Глава государства я всецело поддерживаю это стремление нашей молодежи. Некоторые из вас уже добились серьезных успехов и являются примером для своих последователей и сверстников. Здесь среди нас находится лучший выпускник Военного института Сухопутных войск имени Сагадата Нурмагамбетова – Арман Ондасынов. Недавно, в День государственных символов, я лично присвоил ему первое офицерское звание – старший лейтенант. На сегодняшнем мероприятии также присутствуют победители международных состязаний «Айбын» прошлых лет. Особую ценность имеет то, что наши ежегодные военно-патриотические сборы объединили талантливую молодежь из разных регионов Казахстана и дружественных государств. Пользуясь случаем, хочу выразить признательность нашим гостям из России, Узбекистана, Кыргызстана, Азербайджана за активное участие и поддержку данной инициативы, – сказал Глава государства. ✔️По словам Президента, этот масштабный проект стал настоящей школой патриотизма, собрав под своими знаменами свыше тысячи парней и девушек. – Здесь в условиях честной борьбы молодые люди познают основы железной дисциплины, учатся чувству локтя и оттачивают умение работать в команде. Сами состязания служат проверкой не только физической выносливости и силы, но и гибкости ума, смекалки и творческого потенциала. Поэтому главная миссия сборов «Айбын» – формирование высокопрофессиональной, интеллектуальной элиты Вооруженных сил. Такие встречи укрепляют международное сотрудничество, развивают дух солидарности и способствуют дальнейшему укреплению дружбы, единства и взаимопонимания между народами, – считает Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Президент елімізде жасақталған «Жас сарбаз» қозғалысының айрықша рөліне назар аударды – Озық құндылықтарды дәріптейтін ұйымның қатарында 280 мыңнан астам мектеп оқушысы және студент бар. Әскери-патриоттық бірлестіктерде тәрбие алған азаматтардың көбі болашақ өмірін әскери қызметпен, құқық қорғау органдарымен және ұлттық қауіпсіздік жүйесімен байланыстырады. Мен Мемлекет басшысы ретінде жастарымыздың осындай ұмтылысын толық қолдаймын. Сіздердің араларыңызда қазірдің өзінде елеулі табысқа қол жеткізіп, құрдастары мен ізінен ерген інілеріне үлгі көрсетіп жүрген жандар бар. Бүгін осы жиынға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтын тәмамдаған үздік түлек Арман Оңдасынов қатысып отыр. Жақында Мемлекеттік рәміздер күні аясында оған аға лейтенант офицерлік атағын өз қолыммен табыстадым. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараға «Айбын» халықаралық жарысының өткен жылдардағы жеңімпаздары келді. Жыл сайынғы әскери-патриоттық жиында еліміздің әр өңірінің және достас елдердің талантты жастары бас қосады. Мұның мәні зор. Орайлы сәтті пайдаланып, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінен келген қонақтарымызға бастаманы қолдап, оған белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы аталған ауқымды жоба осы жылдар аралығында нағыз патриотизм мектебіне айналғанын, мыңнан аса жігіттер мен қыздарды бір тудың астына біріктіргенін айтты. – Жастар мұнда әділ бәсекеге түсіп, темірдей тәртіптің не екенін біледі. Қысылтаяңда бір-біріне қол ұшын созуға және командада жұмыс істеуге үйренеді. Жарыстар тек физикалық төзімділік пен күшті ғана сынап қоймайды, ақыл-ой ұшқырлығын, тапқырлық пен шығармашылық қабілетті де шыңдайды. Сондықтан «Айбын» жиынының ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру. Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. Өзара тілеулeстікті күшейтіп, халықтарымыз арасындағы достық, бірлік және түсіністік қағидаттарының беки түсуіне септігін тигізеді, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Как подчеркнул Касым-Жомарт Токаев, Казахстан уделяет большое внимание всестороннему развитию подрастающего поколения – Перед нами стоит задача стратегической важности – воспитывать молодежь, которая понимает и близко к сердцу воспринимает главные ценности нашего государства: Независимость, Суверенитет, территориальную целостность страны, законные права и свободы наших граждан, превращение Казахстана в Справедливое, правовое, прогрессивное государство. Служба в армии должна стать важнейшим, ключевым этапом воспитания подлинных патриотов. Поэтому я поддержал инициативу, направленную на модернизацию армейских традиций в соответствии с принципом: «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» («Ответственный гражданин – Воин – Защитник Отечества»). Отныне три главных этапа воинской службы – призыв, принятие присяги и демобилизация – будут проходить в новом формате, торжественно в соответствии с государственной протокольной практикой. Новый церемониал придаст этим важным вехам особое значение и символизм, укрепит преемственность поколений и существенно повысит авторитет армии как среди молодежи, так и в обществе в целом. Быть солдатом – это высокая честь, и каждый, кто достойно отслужил в рядах Вооруженных сил, должен пользоваться почетом и признанием нашего общества. Мы все вместе сделаем так, чтобы родители гордились своими сыновьями и дочерьми, выбравшими воинскую стезю. Другими словами, деятельный, ответственный патриотизм –это добросовестная работа на всех участках, включая воинскую службу. Уважение к государственным символам и гражданская ответственность должны стать основой мировоззрения каждого молодого человека. В современном мире, где бушуют войны, разгораются военные конфликты, налагаются санкции на государства, а глобальная обстановка становится все более непредсказуемой, равнодушие к собственной стране может обернуться тяжелыми последствиями для нас самих, для наших граждан, – подчеркнул Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына баса мән беретінін жеткізді – Алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр. Мемлекетіміздің басты құндылықтарын жете түсініп, жүрекпен қабылдайтын жастар тәрбиелеуіміз керек. Бұл құндылықтар – Тәуелсіздік пен Егемендік, елдің аумақтық тұтастығы, азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары, Қазақстанды Әділ, Құқықтық және Озық мемлекетке айналдыру. Әскер қатарындағы қызмет шынайы патриоттарды тәрбиелейтін маңызды, тіпті, басты мектепке айналғаны жөн. Дәл осы себепті әскери дәстүрлерді «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» қағидатына сай жаңғырту жөніндегі бастамаға қолдау білдірдім. Бұдан былай әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату секілді үш кезең мемлекеттік протокол тәжірибесіне сәйкес жаңа форматта, ерекше салтанатпен ұйымдастырылады. Мұндай есте қаларлық рәсімдер аталған іс-шаралардың мән-маңызын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады. Сонымен қатар жастар арасында және жалпы қоғамда әскердің беделін айтарлықтай көтереді. Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек. Баршамыз бірге күш жұмылдырсақ, ата-аналар әскери саланы таңдаған ұл-қыздарын мақтан тұтатындай жағдайға жететінімізге сенімдімін. Басқаша айтқанда, Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді. Әскери қызмет те осы санатта. Мемлекеттік рәміздерге құрмет және азаматтық жауапкершілік жастар дүниетанымының өзегіне айналуға тиіс. Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан, мемлекеттер санкциядан көз ашпаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев: «Наша главная задача – сформировать эффективную систему воспитания военных профессионалов» ✔️По словам Главы государства, быть патриотом – значит делом поддерживать государственную политику и стратегию, стараться быть полезным стране, брать на себя ответственность за судьбу Родины. – В ряду этих священных обязанностей защита Отечества занимает особое место. Воинская служба была и остается высшим проявлением настоящей гражданской зрелости и почетным конституционным долгом. Мы проводим последовательную модернизацию Вооруженных сил. В армейскую среду и систему военного образования активно внедряются цифровые технологии, искусственный интеллект и передовые стандарты подготовки. Это уже веление времени, и всем нам следует находиться в полной готовности, чтобы, будучи во всеоружии, достойно встретить все сложные вызовы современной эпохи, обратить каждую возможность в актив и силу нашего государства. Наша главная задача – сформировать эффективную систему воспитания военных профессионалов. В нынешнее время профессиональные военные должны показывать примеры всесторонне развитых личностей, востребованных на всех участках общественной жизни. Ярким примером такой успешной работы служит Военный колледж имени Шокана Уалиханова, на территории которого мы сегодня находимся. Символично, что в этом году учебное заведение отмечает свой 30-летний юбилей. За эти три десятилетия колледж подготовил более четырех с половиной тысяч высококлассных специалистов сержантского корпуса. Этот уникальный опыт, который получил высокую оценку на международном уровне, – сообщил Президент. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру» ✔️Мемлекет басшысының айтуынша, патриот болу дегеніміз – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын іс жүзінде қолдау, ел игілігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу. – Осы қасиетті борыштың қатарында Отан қорғау ерекше, киелі парыз саналады. Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет. Біз Қарулы күштерді дәйекті түрде жаңғыртуды қолға алдық. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы. Сондықтан қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін дайындығымыз сақадай-сай болуы қажет. Әрбір мүмкіндікті мемлекеттің іргесін бекемдеп, қуатын арттыруға пайдалану керек. Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Қазіргі уақытта әскерилер жан-жақты дамыған, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын үлгілі тұлға екенін көрсетуге тиіс. Бүгін арнайы келген Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді осындай табысты жұмыстың жарқын мысалы ретінде атауға болады. Биыл оқу орнының құрылғанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде колледж сержанттық құрамға 4,5 мыңнан аса жоғары білікті маман даярлады. Бұл бірегей тәжірибе халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Президент напомнил, что 1 июля вступит в силу Основной закон страны, который откроет принципиально новую веху в развитии страны – Новая Конституция уже дала старт масштабной перезагрузке всех государственных и общественных институтов. Таких серьезных преобразований в 35-летней истории нашей страны, и тем более раньше, никогда не было. Речь идет о развитии Казахстана в сторону прогресса, технологичности на основе качественной науки. Стране нужны патриотичные молодые люди, обладающие знаниями и волей, стремлением служить Родине – Республике Казахстан. Но даже самые выверенные государственные планы останутся лишь на бумаге без общественного единства, консолидации, взаимной толерантности, солидарности и сплочения. В этом и заключается фундаментальное значение Основного закона. Конституция – это, по сути, прочная, незыблемая платформа для объединения всех здравых и созидательных сил, настоящих патриотов вокруг общенациональных планов и целей стратегического курса нашей страны, другими словами, курса реформ. Наша Новая Конституция – это нравственный и правовой компас, это жизненный путеводитель, который будет ориентировать всех нас, но, прежде всего, молодое поколение к достижению стабильности в нашем обществе, достойной жизни граждан на основе уважения к закону, интересов всей страны, – заявил Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Президент 1 шілде күні мемлекетіміздің Бас құжаты – Конституция заңды күшіне енетінін, осылайша, ел дамуының мүлдем жаңа дәуіріне қадам басатынымызды еске салды – Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес. Яғни Қазақстан сапалы ғылым негізінде өркендеу мен технологиялық өрлеу жолына түсті. Дегенмен қоғам бір мақсатқа жұмылып, ынтымақ-бірлік танытпаса, кез келген, тіпті мұқият сараланған мемлекеттік жоспардың өзі қағаз жүзінде қалады. Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді. Негізгі заңның түпкі мәні де осыдан көрінеді: Конституция шын мәнінде барлық парасатты және жасампаз күштерді, нағыз патриоттарды еліміздің стратегиялық бағдарының, яғни, реформалардың жалпыұлттық жоспары мен мақсаттары төңірегіне біріктіретін берік тұғырнама іспеттес. Жаңа Конституциямыз – барша халықтың, әсіресе, өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық бағдары, өмір жолындағы темірқазығы. Осы бағыттан айнымасақ, қоғамдағы тұрақтылықты сақтаймыз, азаматтарымыз заң мен ел мүддесіне құрметпен қарайтын лайықты өмірге қол жеткізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Глава государства выступил на ХІI международном военно-патриотическом сборе молодежи «Айбын» ✔️Президент Касым-Жомарт Токаев посетил ХІI международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын», который проходит в городе Щучинске Акмолинской области. ✔️В программу «Айбын-2026» вошли военно-спортивные, интеллектуальные, творческие и военно-прикладные соревнования. В этом году мероприятие собрало более 50 команд из ряда регионов Казахстана, а также из Азербайджана, Кыргызстана, России и Узбекистана. ✔️В своем выступлении Глава государства отметил, что это важное мероприятие закаляет дух подрастающего поколения и воспитывает в нем патриотизм. – В этом престижном состязании достойное мастерство продемонстрировали самые сильные, самые волевые молодые воины нашей страны. Также свои силы испытали представители молодежи из дружественных и братских государств – Азербайджана, Кыргызстана, Узбекистана и России. Сегодня я выражаю всем вам искреннюю благодарность. Этот масштабный конкурс проходит в поистине важнейший для нашей страны период. В марте была принята новая Конституция Казахстана. Это историческое событие, определяющее будущее нашего государства и оказывающее прямое влияние на судьбу нашей нации. Основной Закон, в котором отражены чаяния и устремления всего нашего народа, принят, прежде всего, во благо подрастающего поколения. Будущее любой страны – в руках таких, как вы, патриотичных, образованных, трудолюбивых, созидательных и отважных молодых людей. Именно целеустремленные представители нового поколения будут укреплять авторитет Казахстана и вести его к прогрессу. Я возлагаю на вас большие надежды! – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты. ✔️«Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар енді. Биылғы жиын Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам команданың басын қосты. ✔️Мемлекет басшысы бұл өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін атап өтті. – Байрақты бәсекеде еліміздің ең мықты, ең жігерлі жас сарбаздары лайықты өнер көрсетті. Сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген достас, бауырлас мемлекеттердің жастары бақ сынады. Бүгін мен бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі дода еліміз үшін шын мәнінде аса маңызды кезеңде өтіп жатыр. Наурыз айында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл – мемлекетіміздің келешегін айқындайтын, ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды. Кез келген елдің болашағы – өздеріңіз секілді отаншыл, білімді, еңбекқор, жасампаз және батыл жастардың қолында. Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! Мен сіздерге зор үміт артамын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿 БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің (UNDOF) қолбасшысы генерал-майор Анита Асма жеке құрамның кезекті ротациясынан кейін Голан жоталарында қызмет атқарып жатқан қазақстандық бітімгерлік контингент орналасқан ауданға барды. 🇰🇿 Командующий миссией ООН встретилась с казахстанскими миротворцами на Голанских высотах Командующий Силами Организации Объединенных Наций по наблюдению за разъединением (UNDOF) генерал-майор Анита Асма посетила район, где несет службу казахстанский миротворческий контингент на Голанских высотах после очередной ротации личного состава. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿🇰🇿 «Айбын жұлдызы» – өнер мен достықтың жарқын кеші XII Халықаралық әскери-патриоттық «Айбын – 2026» жастар жиыны аясындағы «Айбын жұлдызы» шығармашылық кеші көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында қатысушылар өз өнерлерін паш етсе, Қырғыз Республикасынан келген делегация ұлттық өнерін тарту етіп, мерекелік кештің сәнін келтірді. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының жарқын өнер көрсетуі кештің шырайын аша түсті. «Айбын – 2026» – мықтылардың ғана емес, дарындылардың да алаңы! 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Архив Минобороны РК — страница 6
Это 6-я страница архива публикаций источника Минобороны РК. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.