Life News Новостной агрегатор

UKIMET — страница 4

Источник: UKIMET · сбросить

Архив материалов источника UKIMET, страница 4. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


UKIMET » публикация №25089

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Өңдеуші өнеркәсіптің өсімі және Президенттік пулдағы 17 мегажоба 📌 Шикізатты терең өңдеуді жүйелі түрде ынталандыру өңдеуші өнеркәсіптің қарқынды дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы 6 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 9,8%-ды құрады. 🔵Инвестиция тартуға қажетті инфрақұрылымды бүгінде 18 арнайы экономикалық аймақ, сондай-ақ 67 индустриялық аймақ және 34 шағын өнеркәсіптік аймақ қамтамасыз етіп отыр. Арнайы экономикалық аймақтардың географиясы да кеңейіп келеді. Бұған дейін Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында іске қосылған аймақтарға қосымша 2026 жылы Жамбыл облысында «ИТЛК Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бүгінгі таңда бұл аймақтарда 558 жоба іске қосылды, оның 85-і шетелдік тараптың қатысумен жүзеге асырылды. Бұл ретте тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 трлн теңгеден асты. Инвестициялық штаб жұмысы аясында осы жылы 3 трлн теңгеден астам сомаға инвестициялар туралы 18 келісімге қол қойылды. 📌 Үкімет Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан 17 серпінді жобаның пулына ерекше назар аударады. Олар жоғарғы қайта бөлуді барынша игеруге, отандық шикізатты пайдалануға және іргелес кластерлерді дамытуға бағытталған. Осы бағдарлама аясында Қостанай облысында Kia Qazaqstan және Алматыда «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС зауыттары іске қосылды. Павлодар облысында «Mineral Product International» ЖШС металлургиялық кластерін құру, Qarmet комбинатын жаңғырту, Абай облысында мыс балқыту зауытын, сондай-ақ Атырау облысында «Силлено» ЖШС және «Бутадиен» ЖШС ірі газ-химия кешендерін салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2026 жылы жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге 18 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын аша отырып, 200 индустриялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 267 млрд теңге сомасына 77 жоба іске қосылып, 4,5 мың жұмыс орны ашылды. Жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін бұл өндірістер жыл сайын шамамен 1,5 трлн теңгеге өнім шығаруды қамтамасыз етеді, оның ішінде 500 млрд теңгеге өнім экспортқа бағытталады. Жаңа зауыттардың өңірлерді дамытуға бағытталғаны маңызды. 📎Осы жылы Қазақстанда бұрын өндірілмеген бірегей ірі габаритті машина жасау тораптары мен арнайы техникадан бастап сутегі мен күрделі минералды тұздарға дейін мүлдем жаңа тауарлардың 15-тен астам түрін шығару басталады. Осы орайда мұнай-газ-химия саласында өндіріс өткен жылы екі еселенген өсімді көрсетіп, 619 мың тоннаға жетті, ал осы жылдың 5 айында өндіріс көлемі 225,3 мың тоннаны құрады. ➖ Рост обрабатывающего сектора и 17 мегапроектов Президентского пула 📌 Системное стимулирование глубокой переработки сырья вывело обрабатывающую промышленность на опережающие темпы роста. Как результат, по итогам 6 месяцев текущего года рост в секторе переработки составил 9,8%. 🔵Инфраструктурный каркас для привлечения капитала формируют 18 специальных экономических зон, а также 67 индустриальных и 34 малые промышленные зоны. География СЭЗ планомерно расширяется: вслед за запущенными ранее площадками в Актюбинской, Кызылординской и Атырауской областях, в 2026 году создана новая СЭЗ «ИТЛК Алатау» в Жамбылской области. На сегодня в этих зонах запущено уже 558 проектов, причем 85 из них реализованы с иностранным участием. При этом объем привлеченных прямых иностранных инвестиций превысил 1 трлн теңге. В рамках работы Инвестиционного штаба в текущем году уже подписано 18 Соглашений об инвестициях на сумму свыше 3 трлн теңге. 📌 Особое внимание Правительство уделяет пулу из 17 прорывных проектов, реализуемых по прямому поручению Главы государства. Они нацелены на максимальное освоение верхних переделов, использование отечественного сырья и развитие смежных кластеров. В рамках этой программы в автомобилестроении уже запущены заводы KIA Qazaqstan в Костанайской области и ТОО «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» в Алматы. Активная работа ведется по созданию металлургического кластера ТОО «Mineral Product International» в Павлодарской области, модернизации комбината Qarmet, строительству медеплавильного зав


UKIMET » публикация №25087

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Экономикалық патриотизмге бағыт: отандық кәсіпорындарға 466 млрд теңгенің кепілдендірілген өткізу нарығы 📌 Ішкі нарықты қолдаудың ең тиімді құралдарының бірі – ұзақмерзімді кепілдендірілген сұраныс тетігін енгізу. 2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы…


UKIMET » публикация №25086

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанда жасалған: ішкі өндіріс халықты жұмыспен қамтып, нарықтағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде 📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет өңдеуші өнеркәсіпті…


UKIMET » публикация №25084

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанда жасалған: ішкі өндіріс халықты жұмыспен қамтып, нарықтағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде 📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бойынша жүйелі шаралар қабылдап келеді. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес негізгі басымдықтар экономикалық патриотизмді дамытуға, қазақстандық тауар өндірушілердің әлеуетін барынша ашуға және жоғары деңгейде өңделетін өнім шығаратын ірі өндірістерді іске қосуға бағытталған. 🔵Биыл өңдеуші сектор индустрияландырудың басты қозғаушы күшіне айналды. Ал агроөнеркәсіптік кешенде ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған инвестициялық және технологиялық жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Үкімет ішкі өндірісті қандай тетіктер арқылы қолдап отырғаны, цифрлық сүзгілер жалған кәсіпорындарды нарықтан қалай анықтайтыны және еліміздің өнеркәсіптік картасын өзгертетін серпінді жобалар туралы Primeminister.kz редакциясының арнайы шолуынан оқи аласыз. ➖ Сделано в Казахстане: как внутреннее производство обеспечивает людей работой, а рынок – стабильными ценами 📌 В рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по глубокой диверсификации национальной экономики Правительством принимаются системные меры по развитию обрабатывающей промышленности и модернизации агропромышленного комплекса. Сегодня, согласно поручениям Президента, ключевые акценты смещены в сторону экономического патриотизма, максимального раскрытия потенциала казахстанских товаропроизводителей и запуска крупных производств высоких переделов. 🔵В текущем году обрабатывающий сектор закрепил позиции главного локомотива индустриализации, а в АПК развернута беспрецедентная по масштабам инвестиционная и технологическая модернизация. О том, за счет каких механизмов Правительство стимулирует внутреннее производство, как цифровые фильтры очищают рынок от лжепредприятий и какие прорывные проекты меняют промышленную карту страны, – читайте в специальном обзоре редакции сайта Primeminister.kz.


UKIMET » публикация №25083

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

По поручению Президента дорогу «Алматы – Қаскелен» расширят до восьми полос 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросу исполнения поручений Президента Касым-Жомарта Токаева. «Глава государства обратил внимание на жалобы жителей Алматы и…


UKIMET » публикация №25082

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмасына сәйкес, «Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. «Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен…


UKIMET » публикация №25076

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмасына сәйкес, «Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. «Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен оған іргелес елді мекендер тұрғындары тарапынан “Алматы – Қаскелең” жолындағы көлік қозғалысының жоғары жүктемесіне қатысты айтылып жүрген шағымдарға назар аударды. Президент жолды кеңейту жобасын дереу бастау туралы тапсырма берді. Мердігер осы аптаның соңына дейін қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдыруы қажет. Құрылыс жұмыстарын дүйсенбі, 20 шілде күні бастау керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы сапалы әрі барынша қысқа мерзімде орындалуы тиіс», — деп тапсырды Олжас Бектенов. 🔵Премьер-министр жоба құнының бекітілгенін және оның өсуіне жол берілмейтінін атап өтті. «Жобаны жүзеге асыру мақсатында сатып алынатын жер учаскелеріне қатысты алыпсатарлыққа жол берілмеуі үшін олардың құнын кешегі, 14 шілдедегі жағдай бойынша белгілеу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 🔵Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматыдан Қаскелең қаласына дейінгі автожол учаскесінің 8 шақырымдық бөлігін 8 жолаққа дейін кеңейту жобасын ұсынды. Жобаны қаржыландыру Қазақстанның Даму банкі арқылы жүзеге асырылады. Екі жолайрық пен 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде аталған учаскенің өткізу қабілеті 2 есе артады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау және пайдалануға беру 2027 жылғы желтоқсан айына жоспарланған. 🔵Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының мәліметінше, мегаполиске күн сайын 300 мың автокөлік кіреді. Қала ішіндегі автокөліктерді қоса есептегенде, жол қозғалысының жалпы көлемі 1 миллионнан астам көлік құралын құрайды. Алматы – Қаскелең автомобиль жолы Алматы агломерациясындағы ең қарқынды қозғалыс жүретін жол учаскелерінің бірі. Бұл жолдағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 60 мың автокөлікке жетеді. Сондай-ақ Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасы туралы баяндалды. 🔵Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылынан ұзындығы 32 шақырым болатын балама жол салу жұмыстарының басталғаны туралы баяндады. Бұл жоба Алматы – Қаскелең тас жолына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Аталған жобалар бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысында жер мәселелерін шешу жұмыстары соңғы сатыда тұр. Сонымен қатар Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Алматы – Есік және Алматы – Талғар бағыттарындағы автожол жобалары қаралды. Сондай-ақ рельсті көлікті және Алматы метрополитенін дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. 📎Олжас Бектенов Алматы агломерациясының көлік байланысы мәселелерін кешенді шешу бойынша бірқатар тапсырма берді.


UKIMET » публикация №25074

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық…


UKIMET » публикация №25073

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Жаңа Салық кодексі қандай өзгерістер әкеледі және азаматтардың мүддесін қалай қорғайды? 📌 Ашық әрі тұрақты экономикалық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі – жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің күшіне енуі болды. Жаңа салық саясаты нақты секторды жан-жақты қолдауға және салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған. Реформа қазірдің өзінде елеулі макроэкономикалық нәтижелер көрсетіп отыр. Биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджет кірістері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шамамен 16%-ға өсті. Елдің кіріс базасын нығайтуға ҚҚС түсімдерінің шамамен бір жарым есеге артуы да елеулі үлес қосты. Салық реформасының тиімділігі республикалық бюджеттің биылғы бірінші жартыжылдықтағы орындалу қорытындыларынан да көрінеді. Трансферттерді есептемегендегі бюджет кірістері 8,5 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,6%-ға орындалды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,6%-ға немесе 1,7 трлн теңгеге артық. Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі шаралардың нәтижесінде ҚҚС төлеушілер саны 22,3 мыңға артып, 158,2 мың субъектіге жетті. Осы оң үрдісті сақтап, нәтижесін нығайту мақсатында 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітілді. КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталды, бірақ банк қызметі үшін ол 25%-ға дейін көтерілді. Ал аграрлық сектор үшін жеңілдетілген 3% мөлшерлеме белгіленді. ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16% болып бекітілді. Осы ретте дәрілік заттарға, оқу әдебиеттеріне және баспасөз өнімдеріне төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізілді. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК болып белгіленді. Реформа аясында ЖТС бойынша прогрессивті мөлшерлеме енгізілді – жоғары табысқа салынатын салық. Енді жоғары табыс алатын азаматтар жылына 8,5 мың АЕК немесе 36,7 млн теңгеден асатын кіріс бөлігіне ғана 15% мөлшерлемемен салық төлейді. Ал қалған азаматтар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар БЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылды. Сондай-ақ пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автокөліктер үшін көлік салығы 30%-ға, ал 20 жылдан асатын автокөліктер үшін 50%-ға төмендетілді. Бұдан бөлек, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік салықтық шегерім мөлшері 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Салықтық әкімшілендіру жүйесі сервистік модельге көшуде: нәтижесінде салықтар мен алымдардың жалпы саны 20%-ға, ал салықтық есептілік нысандарының саны 30%-ға қысқартылды. Реформаны үйлестіру мақсатында 239 нормативтік құқықтық акт қабылданып, Жобалық офис инфрақұрылымы құрылды. ➖ Какие изменения несет в себе новый Налоговый кодекс и как он защищает интересы граждан? 📌 Важнейшим шагом на пути к созданию прозрачной и устойчивой экономической экосистемы стало введение в действие новых Налогового и Бюджетного кодексов. Новая налоговая политика ориентирована на всестороннюю поддержку реального сектора и справедливое распределение нагрузки. Реформа уже приносит серьезные макроэкономические результаты: в первом полугодии доходы государственного бюджета увеличились почти на 16% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Отдельным фискальным драйвером выступили поступления по НДС, которые возросли почти в полтора раза, укрепив доходную базу страны. Эффективность налоговых преобразований подтверждается и исполнением республиканского бюджета за первое полугодие: его доходы без учета трансфертов достигли 8,5 трлн тенге – 100,6% к плану, увеличившись на 24,6% или на 1,7 трлн тенге к прошлому году. Важным результатом вывода бизнеса из тени стал рост числа плательщиков НДС на 22,3 тыс. – до 158,2 тыс. субъектов. Для закрепления этого тренда утвержден Комплексный план по противодействию теневой экономике на 2026–2028 годы. При этом базовая ставка КПН сохранена на уровне 20%, но для банковской деятельности она повышена до 25%, а для аграриев, напротив, установлена на льготном уровне в 3%. Базовая ставка НДС зафиксирована на отметке 16%, при этом введены пониженные ставки на медикаменты,


UKIMET » публикация №25072

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан Орталық Азиядағы greenfield-жобалардың 89%-ын тартты 📌 Айта кету керек, Үкімет жүзеге асырып жатқан реформалар 2029 жылға қарай елдің жалпы ішкі өнімін $450 млрд-қа дейін екі есеге ұлғайту және кемінде $150 млрд көлемінде шетелдік инвестиция тарту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға тікелей бағытталған. Шетелдік компаниялардың елімізге инвестиция салуына қолайлы жағдай жасау мақсатында инвесторлардың барлық мәселелерін жедел әрі нақты уақыт режимінде шешетін Инвестициялық штаб құрылды. Құны $60 млн-нан асатын ірі жобалар үшін республиканың заңнамасының 25 жыл бойы тұрақтылығына кепілдік беретін Инвестициялар туралы келісім тетігі енгізілді. Бүгінгі таңда осындай 57 келісім жасалған. Жүйелі жұмыс нәтижесінде Қазақстан өңірдегі жетекші инвестициялық бағыт мәртебесін сенімді түрде сақтап келеді. БҰҰ ЭСКАТО мәліметінше, былтыр еліміз жаңа өндірістерге арналған greenfield-жобаларға $19 млрд көлемінде инвестиция тартты. Бұл – Орталық Азиядағы жаңа өндірістерге бағытталған өңірішілік инвестициялардың 89%-ын құрайды. Жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд-қа жетті. ТШИ құрылымында сауда саласы ($4,8 млрд), өңдеу өнеркәсібі ($4,4 млрд) және тау-кен өндіру секторы ($3,4 млрд) көш бастап тұр. Қазақстанның негізгі бес инвесторы қатарында Нидерланд ($4,6 млрд), Ресей ($2,9 млрд), Қытай ($2,8 млрд), Біріккен Араб Әмірліктері ($1,6 млрд) және Сингапур ($1,4 млрд) бар. Олардың инвестициялары технологиялық тұрғыдан күрделі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. ➖ Казахстан аккумулировал 89% greenfield-проектов Центральной Азии 📌 Важно отметить, что внедряемые Правительством реформы напрямую работают на реализацию задачи, поставленной Президентом, – к 2029 году удвоить объем ВВП страны до $450 млрд и обеспечить приток иностранного капитала в размере не менее $150 млрд. Чтобы зарубежные компании охотно инвестировали в нашу страну, запущен Инвестиционный штаб, который решает любые возникающие вопросы инвесторов на месте и в режиме реального времени. Для крупных проектов стоимостью свыше $60 млн предусмотрен инструмент Соглашения об инвестициях, гарантирующий стабильность законодательства республики в течение 25 лет. На сегодня заключено уже 62 таких соглашений. Благодаря системному подходу Казахстан уверенно сохраняет статус ведущего инвестиционного направления в регионе. По данным ЭСКАТО ООН, в прошлом году республика привлекла $19 млрд в greenfield-проекты, что составило 89% от всех внутрирегиональных инвестиций в новые производства в Центральной Азии. Общий приток прямых иностранных инвестиций вырос на 14,4% и составил $20,5 млрд. В структуре ПИИ лидируют торговля ($4,8 млрд), обрабатывающая промышленность ($4,4 млрд) и горнодобывающий сектор ($3,4 млрд). В топ-5 ключевых инвесторов сегодня входят Нидерланды ($4,6 млрд), Россия ($2,9 млрд), Китай ($2,8 млрд), ОАЭ ($1,6 млрд) и Сингапур ($1,4 млрд), чьи вложения направлены на реализацию технологически сложных индустриальных и инфраструктурных проектов.


UKIMET » публикация №25070

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Тексерулердің орнына еркіндік: мемлекеттік бақылауды реформалау және жаңа кепілдіктер ШОБ-тың дамуына жаңа серпін берді 📌 Елдегі ірі өндірістердің өсуімен қатар шағын және орта бизнес өз позициясын дәйекті түрде нығайтуда. Мемлекеттік кірістер комитетінің…


UKIMET » публикация №25069

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Тексерулердің орнына еркіндік: мемлекеттік бақылауды реформалау және жаңа кепілдіктер ШОБ-тың дамуына жаңа серпін берді 📌 Елдегі ірі өндірістердің өсуімен қатар шағын және орта бизнес өз позициясын дәйекті түрде нығайтуда. Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша I жартыжылдықта Қазақстанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2,9 млн-ға жетті, бұл 2026 жылдың басындағыдан 499 мыңға немесе 20,4%-ға артық. Салалық бөліністе ресурстарды өнімді секторларға сапалы қайта бөлу тіркелуде: тау-кен өндіру өнеркәсібінде (+2,9%), құрылыста және ауыл шаруашылығында (+2,5%), ақпарат пен байланыста (+2,4%) шағын заңды тұлғалар санының өсуі байқалуда. Бұл ретте елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 40,9%-ға жетті, ал өнім шығару 104,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 27,8%-ға артық. Бизнестің мұндай белсенділігі көп жағдайда Үкіметтің әкімшілік жүктемені азайту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып отыр. Мемлекет бақылау жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізіп, жазалау тәсілінен алдын алу және профилактика қағидатына көшті. Нәтижесінде, Бас прокуратураның мәліметінше, өткен жылы бизнесті тексеру саны 8,6%-ға қысқарды. Заңдардан 10 мыңнан астам артық талаптар алынып тасталды, ал жаңа қысымның алдын алу үшін «1 in 2 out» қатаң қағидасы қолданылады, ол қолданыстағы екі норманы жоймай бір жаңа норманы енгізуге тыйым салады. Бүгінде бизнестің есептілігінің 49% оңтайландырылды, ал ШОБ-тың мемлекетпен жедел өзара іс-қимылы үшін «eGov Business» ыңғайлы цифрлық қосымшасы іске қосылды. Сонымен қатар мемлекет кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдауды күшейтуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңге сомасына 9,5 мыңға жуық жоба жеңілдетілген қаржыландырумен қамтылды. Бүгінде жаңа құралдар белсенді түрде іске қосылуда: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 10 жылға дейінгі мерзімге 12,6%-бен қомақты көлемде қарыздар берілуде (1 маусымдағы жағдай бойынша 18,4 млрд теңгеге 91 қарыз алушы қолдау тапты), ал өңірлерде өңдеу өнеркәсібі жобалары үшін 13,2%-бен «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды. Бизнестің қарыз қаражатына қолжетімділігін кеңейту және бюджеттік қаржыландыруға тәуелділікті азайту мақсатында «Даму» қорының базасында екі жаңа кепілдік қоры құрылды. Олардың басымдығы — өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика және білім беру. Бұл механизм бизнесті несиелендіруге коммерциялық банктердің қаражатын белсенді тартуға мүмкіндік берді. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша кепілдік қоры шеңберінде 189,9 млрд теңге сомасына 998 жоба қолдау алды (оның ішінде берілген кепілдіктер 95,9 млрд теңгені құрады), ал Кепілдік қоры-2 бойынша 442,4 млрд теңге сомасына 6 ірі жоба мақұлданды (берілген кепілдіктер мөлшері 93,2 млрд теңгені құрады). Осы қаражатты бөлу тиімділігін мониторингтеудің барлық процесі «Baqylauda» цифрлық жүйесінде толық автоматтандырылған. Адал бизнесті қорғау саясатының қисынды жалғасы мемлекеттік сатып алу жүйесін түбегейлі жаңғырту болды. Жаңа заңның арқасында рәсімдердің жалпы мерзімі үш есеге қысқарды – 30-дан 10 жұмыс күніне дейін, ал бір көзден бәсекелестікке жатпайтын сатып алу үлесі 23%-ға дейін төмендеді. Қазақстандық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдау үшін 50% мөлшерінде міндетті аванс енгізілді, келісімшартты қамтамасыз етудің барлық түрлерінен босату және тұрақсыздық айыбын 3%-ға дейін төмендету. Бұл жүйе қазірдің өзінде жемісін беріп отыр: алты айда мемлекеттік сатып алу көлемі 7,7 трлн теңгені құрады, бұл ретте отандық өндірушілермен 85,2 млрд теңге сомасына 61 532 шарт жасалды. ➖ Свобода вместо проверок: как реформа госконтроля и новые гарантии открыли второе дыхание для МСБ 📌 Параллельно с ростом крупных производств в стране последовательно укрепляет свои позиции малый и средний бизнес. По данным Комитета государственных доходов за I полугодие, общее количество зарегистрированных субъектов предпринимательства в Казахстане достигло 2,9 млн, что на 499 тыс. или на 20,4% больше чем в начале 2026 года. В отраслевом



UKIMET » публикация №25064

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ел экономикасы қарқынды өсіп келеді: ЖІӨ-нің 4,1%-ға өсуіне қандай факторлар ықпал етті 📌 Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі мұнайға тәуелді емес секторлардың орнықты дамуы нәтижесінде 4,1%-ға өсті. Нақты сектордағы тауарлар өндірісі 5,1%-ға, ал қызмет көрсету саласы 3,5%-ға артты. Салалар бойынша құрылыс саласы ең жоғары өсім қарқынын сақтап отыр. Оның көлемі 15,2%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 9,8%-дық, көлік қызметтері саласында 7,1%-дық өсім тіркелді. Сонымен қатар сауда (+5,7%), байланыс қызметтері (+4,3%), ауыл шаруашылығы (+4,4%) салалары оң көрсеткішке қол жеткізді. Аталған негізгі салалардың жиынтық үлесі республикадағы ЖІӨ өсімінің шамамен 85%-ын қамтамасыз етті. Әлеуметтік секторда да оң үрдіс байқалады: Өткен жылғы төмендеуден кейін халықтың нақты табысы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 0,1%-ға өсті. Бұл үрдіске маусым айында жылдық инфляцияның 10,3%-ға дейін баяулауы оң ықпал етті. Оң серпінді нығайту мақсатында өнімділігі жоғары жұмыс орындарын ашуға бағытталған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды. Экономикалық өсімнің басты қозғаушы күші инвестициялық белсенділік болып отыр. Бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,6%-ға ұлғайды. Жалпы инвестициялар құрылымындағы жеке капиталдың үлесі 87%-ға жетті. Инвестициялық белсенділік әсіресе ақпарат және байланыс саласында жоғары қарқынмен өсуде. Бұл бағытқа тартылған инвестициялар көлемі 2,3 есеге артты. Сондай-ақ құрылыс саласы (+38,7%), өңдеу өнеркәсібі (+33,3%), ауыл шаруашылығы (+24,6%) және көлік саласында (+11,6%) өсім тіркелді. Ішкі сауда саласында да жоғары көрсеткіштер тіркелді. І жартыжылдықта оның көлемі 15,3%-ға артып, 36,2 трлн теңгеге жетті. Көтерме сауда 6,6%-ға, бөлшек сауда 3,8%-ға өсті. Оң үрдіс сыртқы сауда бағытымен де нығайтылуда: Қаңтар-мамыр айларында республиканың тауар айналымы $56,3 млрд-ты құрады, ал импорт $26 млрд-қа жетті. Соның нәтижесінде $4,4 млрд-тан асатын тұрақты оң сауда балансы сақталды. Бұл ретте жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының сапалық өсуі – 14,6%-ға, $14,9 млрд-қа дейін (оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 14,5%-ға, $11,8 млрд-қа дейін, қызметтер экспорты — 14,8%-ға, $3,1 млрд-қа дейін) тіркелді. ➖ Экономика Казахстана ускоряет темпы: за счет чего обеспечен рост ВВП на 4,1%? 📌 По итогам первого полугодия текущего года, ВВП Казахстана показал рост на 4,1% благодаря устойчивому развитию ненефтяного сектора. Производство товаров в реальном секторе увеличилось на 5,1%, а сфера услуг прибавила 3,5%. В разрезе отраслей лидирующие позиции по темпам роста сейчас прочно удерживает строительная отрасль, чьи показатели выросли сразу на 15,2%. Хорошую динамику показывает обрабатывающая промышленность – рост на 9,8%, а также сфера транспортных услуг – 7,1%. Положительная статистика сохраняется в торговле (+5,7%), услугах связи (+4,3%) и сельском хозяйстве (+4,4%). Совокупный вклад этих четырех ключевых отраслей обеспечивает около 85% всего роста ВВП республики. Положительная динамика отмечается и в социальном секторе: после прошлогоднего спада реальные доходы населения в I квартале выросли на 0,1%. Стабилизации способствовало замедление годовой инфляции в июне до 10,3%. Для закрепления тренда принят Комплексный план повышения доходов, ориентированный на создание высокопроизводительных рабочих мест. Основным драйвером, который двигает экономические показатели вперед, выступает инвестиционная активность. Общий объем капиталовложений в первом полугодии вырос на 9,6%, а в структуре инвестиций доля частного капитала достигла 87%. Качественный инвестиционный бум сейчас переживает сфера информации и связи, где объемы привлеченных средств увеличились сразу в 2,3 раза. Высокий интерес инвесторов также зафиксирован в строительном секторе (+38,7%), обрабатывающей промышленности (+33,3%), сельском хозяйстве (+24,6%) и сфере транспорта (+11,6%). Высокие показатели демонстрирует и сектор внутренней торг


UKIMET » публикация №25062

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық…


UKIMET » публикация №25061

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бизнес-ахуалды жақсарту және инвестиция тарту бағытында жүйелі шаралар қабылдап келеді. Жаңа инвестициялық кезеңді іске қосуға, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және болжамды фискалдық саясатты орнықтыруға ерекше назар аударылуда. Бүгінде экономикалық өсім нақты сектордың қарқынды дамуы, өндірісті әртараптандыру және еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін нығайту есебінен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар мемлекет төлемдерді арттыру бойынша әлеуметтік міндеттемелерді жүйелі түрде қамтамасыз етіп, жергілікті елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамытуда және ұзақмерзімді келісімшарттар тетігі арқылы отандық кәсіпорындар өнімдерін кепілді өткізу үшін қолайлы жағдай жасайды. 2026 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша бұл жұмыс тұрақты нәтиже көрсетті. Макроэкономикалық тұрақтылықтың басты драйвері негізгі капиталға салынған инвестициялар болды, олардың көлемі 9,5 трлн теңгеден асты. Бұл ретте жеке инвестициялар көлемі 21,4%-ға өсіп, жалпы өсімнен жоғары қарқын көрсетті. Көрсеткіштердің жақсаруына бизнеске әкімшілік қысымның төмендеуі, мемлекеттік сатып алу мерзімдерінің үш есе қысқаруы және цифрландыруды енгізу айтарлықтай ықпал етті. Слнымен қатар еліміздем жаңа Салық және Бюджет кодекстерін жүзеге асыру басталды. Олар нақты сектор үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуге бағытталған. 🔵Осы нәтижелердің негізінде қандай жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатыр және мемлекеттік қолдау шаралары елімізде бизнес жүргізу шарттарын қалай өзгертуде. Бұл туралы толығырақ Primeminister.kz редакциясының шолу материалынан оқи аласыздар. ➖ Исполнение поручений Президента: рост ВВП, приток частных инвестиций и поддержка ОТП 📌 В рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по модернизации национальной экономической модели Правительством принимаются меры по обеспечению макроэкономической стабильности, улучшению бизнес-климата и привлечению инвестиций. Особое внимание уделяется запуску нового инвестиционного цикла, созданию честной конкурентной среды и выстраиванию предсказуемой налогово-бюджетной политики. Сегодня экономический рост подкрепляется динамичным развитием реального сектора, диверсификацией производства и укреплением транспортного потенциала. Государством системно обеспечиваются социальные обязательства по повышению выплат, расширяется спортивная инфраструктура на местах, а также создаются условия для гарантированного сбыта продукции отечественных предприятий через механизмы долгосрочных контрактов. По итогам 6 месяцев 2026 года эта работа показала устойчивый результат. Главным драйвером макроэкономической стабильности стали инвестиции в основной капитал, объем которых превысил 9,5 трлн теңге, при этом частные вложения показали опережающий рост на 21,4%. Существенный вклад в рост вносит снижение административного давления на бизнес, трехкратное сокращение сроков госзакупок и внедрение цифровизации. Одновременно в Казахстане развернута реализация новых Налогового и Бюджетного кодексов, которые призваны создать более благоприятные условия для реального сектора и усилить контроль за расходованием государственных средств. 🔵Какие системные реформы стоят за этими показателями и как государственные меры поддержки меняют условия для ведения бизнеса в Казахстане – читайте в обзоре редакции сайта Primeminister.kz.



UKIMET » публикация №25059

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыратынын…


UKIMET » публикация №25058

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қарқынды бәсеңдетпей, қолда бар ресурстардың бәрін толық пайдалану керек — Олжас Бектенов экономиканы дамыту туралы 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін экономиканың қазіргі даму қарқынын сақтап қана қоймай, оны одан әрі жеделдету қажет екенін және Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері өз салалары мен аймақтарында жоспарланған өсім көрсеткіштеріне қол жеткізуге тікелей жауапты екенін атап өтті. «Әрбір басшы салалар мен өңірлер бойынша экономиканың жоспарланған өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тікелей жауапты. Осы қарқынды бәсеңдетпей, қолда бар ресурстардың бәрін толықтай пайдалану керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Нельзя сбавлять набранных темпов. Нужно мобилизовать все имеющиеся ресурсы - Олжас Бектенов о развитии экономики 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что выполнение задач Главы государства требует не только сохранения текущих, но и наращивания темпов развития экономики. Члены Правительства и руководители регионов несут персональную ответственность за достижение плановых показателей роста в своих отраслях и регионах. «Каждый руководитель несет персональную ответственность за достижение плановых показателей роста экономики в разрезе отраслей и регионов. Нельзя сбавлять набранных темпов. Нужно мобилизовать все имеющиеся ресурсы», — отметил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25057

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов өңірлерге бір ай ішінде сауданы дамытудың нақты бағыттарын айқындауды тапсырды 📌 Қазіргі таңда еліміздегі жалпы тауар айналымының 70%-дан астамы бес өңірге тиесілі. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге сауда саласының өңірлік өсу бағыттарын айқындап, шекара маңындағы аумақтардың әлеуетін тиімді пайдалануды және туристік тартымдылығы жоғары өңірлердің мүмкіндіктерін барынша пайдалануды тапсырды. «Әр облыс сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін өз әлеуетін тиімді пайдалануы қажет. Бұл бағытта шекара маңындағы өңірлердің, сондай-ақ туристік тартымдылығы жоғары аумақтардың мүмкіндіктері мол. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетін пайдаланып, олардың базасында заманауи сауда, қайта өңдеу және кәсіпкерлік орталықтарын дамыту қажет. Өңір әкімдіктеріне аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын нақты өндіріс орындарын, инвестициялық жобаларды және тауар айналымын ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді айқындай отырып, бір ай мерзімде Сауданы дамытудың өңірлік жол карталарын әзірлеуді тапсырамын. Сауда және интеграция министрлігі аталған жұмысты үйлестіру мен орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов. Шағын және орта бизнес саласының одан әрі дамуы үшін барлық мемлекеттік органдар «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп, өңірлердегі кәсіпкерлермен олардың бизнес-бастамаларын жан-жақты қолдау мақсатында өзара тығыз жұмыс істеуі қажет. «Туындаған барлық проблемалық мәселелер жедел түрде шешімін табуға тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Олжас Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли 📌 На сегодняшний день свыше 70% товарооборота Казахстана формируют пять регионов. В этой связи Премьер-министр Олжас Бектенов поручил акиматам определить собственные точки роста торговли, эффективнее использовать потенциал приграничных территорий и регионов с высокой туристической привлекательностью. «Каждая область должна эффективно использовать свой потенциал для обеспечения роста торговли. В этом направлении широкие возможности имеются у приграничных регионов, а также территорий с высокой туристической привлекательностью. Необходимо использовать потенциал специальных экономических и индустриальных зон, формируя на их базе современные центры торговли, переработки и предпринимательства. Поручаю акиматам регионов в месячный срок разработать региональные Дорожные карты развития торговли с определением конкретных точек роста, инвестиционных проектов и целевых показателей по увеличению товарооборота. Министерству торговли и интеграции обеспечить координацию и контроль исполнения», — поручил Олжас Бектенов. Для дальнейшего развития малого и среднего бизнеса всем государственным органам совместно с Нацпалатой «Атамекен» необходимо выстроить тесное взаимодействие с предпринимателями в регионах и обеспечить всестороннюю поддержки их инициатив. «Все возникающие проблемные вопросы должны находить оперативные решения», — подчеркнул руководитель Правительства.


UKIMET » публикация №25056

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан Үкіметі астық, мақта және қант қызылшасын өңдеушілерді қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлейді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау тетіктерін кеңейтуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығында вегетациялық кезеңнің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, егін жинау науқанын сапалы өткізу және инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыру негізгі міндеттер болып саналады. Өткізу нарықтарын кеңейту және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, Азық-түлік корпорациясына астық өңдеу өнімдерін тасымалдау кезінде шығындарды өтеу жөніндегі оператордың өкілеттіктерін беруді тапсырамын. Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі “Атамекен” ұлттық палатасымен бірлесіп, мақта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға және қант қызылшасын тасымалдауға инвестициялық субсидиялау тетігін енгізсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов. Сонымен қатар өңір әкімдіктеріне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, нарықты ет өнімдерімен толықтыру және оның экспортын ұлғайту үшін Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал басын сатып алу жұмысын жеделдету тапсырылды. ➖ Правительство Казахстана проработает новые меры поддержки переработчиков зерна, хлопка и сахарной свеклы 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов поручил расширить инструменты поддержки отечественных сельхозпроизводителей и перерабатывающих предприятий. «Основными задачами в сельском хозяйстве являются стабильное прохождение вегетационного периода, качественное проведение уборочной кампании и своевременная реализация инвестиционных проектов. В целях расширения рынков сбыта и повышения конкурентоспособности отечественной продукции поручаю Министерству сельского хозяйства совместно с Агентством по защите и развитию конкуренции наделить Продовольственную корпорацию полномочиями оператора по возмещению затрат при транспортировке продукции переработки зерна. Для поддержки отечественных предприятий Министерству сельского хозяйства совместно с Нацпалатой „Атамекен“ внедрить инвестиционное субсидирование на модернизацию хлопкоперерабатывающих предприятий и перевозку сахарной свеклы», — поручил Олжас Бектенов. Также акиматам регионов совместно с Министерством сельского хозяйства поручено ускорить работу по закупке племенного поголовья в рамках Программы развития животноводства для насыщения рынка мясной продукцией и увеличения ее экспорта.


UKIMET » публикация №25055

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Елімізде жыл соңына дейін негізгі теміржол жобалары аяқталып, вокзалдарды жаңғырту қарқыны жеделдетіледі 📌 Үкіметте көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде теміржол арқылы транзиттік тасымал көлемі жылына 55 млн тоннаға дейін ұлғаятынын атап өтті. «Көлік министрлігі “Қазақстан темір жолы” компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін негізгі теміржол желілерінің құрылысын, сондай-ақ вокзалдарды жаңғырту жұмыстарын аяқтасын. Автомобиль жолдарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары аясында олардың нормативтік талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет. Мультимодальды транзит көлемін арттыру үшін көлік саласын цифрлық трансформациялау керек. Көлік министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, заманауи цифрлық құралдарды енгізуді, содан кейін оларды Smart Data Transport бірыңғай “деректер көліне” біріктіруді қамтамасыз етсін. Бұл саланың ашықтығын арттыруға және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді белсенді түрде енгізуге мүмкіндік береді», — деп тапсырды Олжас Бектенов. ➖ Казахстан до конца года завершит ключевые жд-проекты и ускорит обновление вокзалов 📌 В Правительстве рассмотрели вопросы реализации проектов в транспортной отрасли. Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что данные меры обеспечат увеличение объема железнодорожных транзитных перевозок до 55 млн тонн в год. «Министерству транспорта совместно с компанией “Қазақстан темір жолы” требуется завершить до конца года строительство ключевых железнодорожных линий - «Дарбаза-Мактаарал» и «Мойынты-Кызылжар», а также реконструкцию вокзалов. В рамках проводимой работы по строительству и реконструкции автомобильных дорог необходимо обеспечить соответствие их нормативным требованиям. Для увеличения мультимодального транзита необходима цифровая трансформация транспортной отрасли. Министерству транспорта совместно с Министерством искусственного интеллекта обеспечить внедрение современных инструментов с последующей их интеграцией в единое озеро данных Smart Data Transport. Это позволит повысить прозрачность отрасли и активно внедрять решения на основе искусственного интеллекта», — поручил Олжас Бектенов.


UKIMET » публикация №25054

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшылығына Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының елімізді одан әрі индустрияландыру және цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау…


UKIMET » публикация №25053

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшылығына Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының елімізді одан әрі индустрияландыру және цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жаңа электр энергиясын өндіретін нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорына электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды. «Көмір химиясының қолда бар әлеуетін ескере отырып, көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды арттыру жұмысын жандандыруды және әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Экономиканың дамуы елімізді одан әрі индустрияландыру мен цифрландыру, сондай-ақ инфрақұрылымға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін энергетикалық қуаттарды арттыруды талап етеді», — деп атап өтті Премьер-министр. Олжас Бектенов Энергетика министрлігі мен “Самұрық-Қазына” қорының басшылары Алматы электр стансалары мен Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының уақтылы іске қосылуына тікелей жауап беретінін тағы да еске салды. «”Самұрық-Энерго” компаниясының басшысы, Қайрат Мақсұтов. Өткен аптада энергетика министрі Алматыға барып, екінші және үшінші ТЭЦ-ті тексеріп келді. Үшінші ТЭЦ бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке қатаң жауапкершілігіңіз қаралатын болады. Күнделікті бақылауға алыңыз», — деп тапсырды Премьер-министр. Сонымен қатар мұнай мен газ өндірудің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Энергетика министрлігіне барлық жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіп, нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.


UKIMET » публикация №25052

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салу бағдарламасын жүзеге асыруға кіріседі 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметке еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға кірісу қажет екенін атап өтті. Бұл ретте заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше назар аударылады. «Мемлекет басшысы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алуды тапсырды. Бұл бастама жақын арада ел азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше басымдық беру қажет. Нұрлыбек Машбекұлы, Сізге тиісті тапсырмалар берілді, жұмысқа дереу кірісіңіз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство незамедлительно приступит к реализации программы строительства социальных и инфраструктурных объектов 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что по поручению Главы государства Правительству необходимо приступить к реализации масштабной программы строительства социальных и инфраструктурных объектов во всех регионах страны. Особое внимание будет уделено созданию современных объектов здравоохранения. «Главой государства поручено приступить к реализации масштабной программы строительства социальных и инфраструктурных объектов. В ближайшее время это обеспечит улучшение качества жизни казахстанцев во всех регионах страны. Особый акцент необходимо сделать на строительстве современных объектов здравоохранения. Нурлыбек Машбекович, необходимые поручения Вам даны, незамедлительно приступайте к работе», — подчеркнул Олжас Бектенов.


UKIMET » публикация №25051

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов бір апта ішінде барлық инвестициялық жобаны мұқият тексеріп шығуды тапсырды 📌 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет инвестициялық жобалар мен арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктер мен салалық мемлекеттік органдарға жобалардың жүзеге асырылуын бақылауды күшейтуді, құрылыс қарқынын сақтауды және тұрғын үйлерді уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. «Өңдеуші сектордың өсу қарқыны – инвестициялық жобалардың уақтылы жүзеге асырылуына байланысты. Өңір әкімдіктерімен бірге бір апта ішінде барлық инвестициялық жобаны мұқият тексеріп шығып, проблемалық мәселелерді анықтауды және оларды шешудің нақты шараларын айқындауды тапсырамын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, арнайы экономикалық аймақтар тиімділігін арттырудың жаңа тетіктері әзірленді. Өнеркәсіп министрлігі бір ай ішінде жаңа тетіктерді іске қосу үшін Үкіметке тиісті түзетулер жобасын енгізсін. Құрылыс жұмыстарының өсу қарқынын сақтап, тұрғын үйді пайдалануға беру мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажет. Әрбір нысан бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп, туындайтын мәселелер жедел түрде шешілуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов поручил в течение недели провести ревизию всех инвестпроектов для определения проблемных вопросов 📌 В рамках поручения Главы государства Правительство продолжает работу по повышению эффективности инвестиционных проектов и специальных экономических зон (СЭЗ). Премьер-министр Олжас Бектенов поручил акиматам и профильным государственным органам усилить мониторинг реализации проектов, сохранить темпы строительства и обеспечить своевременный ввод жилья. «На темпы роста обрабатывающего сектора влияет своевременная реализация инвестиционных проектов. Поручаю совместно с акиматами регионов в недельный срок провести ревизию всех инвестиционных проектов для определения проблемных вопросов с указанием конкретных мер реагирования. По поручению Главы государства разработаны новые механизмы повышения эффективности специальных экономических зон. Министерству промышленности в месячный срок внести в Правительство проект соответствующих поправок для внедрения новых механизмов. Необходимо сохранить набранные темпы роста строительных работ и держать на особом контроле вопрос ввода жилья. По каждому объекту должен вестись постоянный мониторинг и оперативное устранение возникающих вопросов», — подчеркнул Олжас Бектенов.


UKIMET » публикация №25050

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын толық жүктеуді, металлургия өндірісін кеңейтуді тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бір ай ішінде металлургия саласын дамытудың жаңа ынталандыру тетіктерін әзірлеуді тапсырды. «Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бір ай ішінде металлургия саласын ынталандырудың қосымша тетіктерін әзірлесін. Түсті металлургияда министрлік “Тау-Кен Самұрық” компаниясымен бірлесіп, отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын толық жүктеуді, оның ішінде импорттық алтынды ел ішінде аффинаждау үшін жеткізуді қамтамасыз етсін. Қара металлургияда Qarmet компаниясын жаңғырту бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда барынша сұранысқа ие өнім түрлерінің тізбесін кеңейтсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов поручил обеспечить полную загрузку отечественных предприятий и расширить выпуск металлургической продукции 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов поставил перед Министерством промышленности и строительства задачу в течение месяца разработать новые инструменты для развития металлургической отрасли. «Министерству промышленности и строительства в течение месяца разработать дополнительные механизмы стимулирования металлургической отрасли. В цветной металлургии министерству совместно с компанией «Тау-Кен Самрук» обеспечить полную загрузку отечественных предприятий, в том числе путем поставки импортного золота для аффинажа внутри страны. В черной металлургии в рамках программы модернизации компании «Qarmet» расширить перечень выпускаемой продукции, наиболее востребованной на внутреннем и внешних рынках», — поручил Олжас Бектенов.


UKIMET » публикация №25049

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыратынын атап өтті. Тұрақты экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу аясында әртараптандыру, заманауи инвестициялық экожүйені қалыптастыру және негізгі салалардың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылады. «Үкіметке елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыру тапсырылды. Жаңа Конституцияның қабылдануымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында тұрақты экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу үдерісі жүріп жатыр. Экономиканы белсенді әртараптандыру, заманауи инвестициялық экожүйені қалыптастыру, инновациялық кластерлер мен өнімділігі жоғары индустрияларды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Үкіметтің қадамы экономика салаларында қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануға бағытталып отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Исполнение поручений Президента: Правительство сконцентрировано на эффективном использовании потенциала отраслей экономики 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что по поручению Главы государства Правительство продолжит системную работу по обеспечению динамичного развития страны. В рамках перехода к новой модели устойчивого экономического роста особое внимание будет уделено диверсификации, развитию инвестиционной экосистемы и повышению эффективности ключевых отраслей. «Правительству поручено продолжить системную работу по дальнейшему обеспечению динамичного развития страны. С принятием новой Конституции проводятся масштабные преобразования в социально-экономическом развитии страны. В рамках задач, поставленных Главой государства, осуществляется переход к новой модели устойчивого экономического роста. Запущены процессы активной диверсификации экономики, формирования современной инвестиционной экосистемы, развития инновационных кластеров и высокопродуктивных индустрий. Работа Правительства сконцентрирована на максимально эффективном использовании имеющегося потенциала в отраслях экономики», — подчеркнул Олжас Бектенов.


UKIMET » публикация №25048

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Жетісу облысында 129 млрд теңгеге 40 тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда 📌Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Үкімет отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Ол 2026 жылғы 6 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор шамамаен 104%-ды құрағанын атап өтті. Экономикалық өсімде негізгі үлес өнеркәсіп, көлік және қоймалау, байланыс қызметтері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі. «Бүгінде облыста жалпы сомасы 129 млрд теңгеге 43 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішінде ірілері: Ақсу және Көксу қант зауыттарын жаңғырту арқылы өндірістік қуатты жылына 950 мың тоннаға дейін ұлғайту, қуаттылығы жылына 20 мың тонна арматура өндіретін «Steelers» және кофе мен шай сусындарын шығаратын MacCoffee зауыттары іске қосылады», — деді Бейбіт Исабаев. ➖ Более 40 инвестиционных проектов на 129 млрд теңге реализуются в области Жетісу 📌Аким области Жетісу Бейбит Исабаев на заседании Правительства доложил о показателях социально-экономического развития региона за первое полугодие 2026 года. Он отметил, что по итогам 6 месяцев 2026 года краткосрочный экономический индикатор составил около 104%. Основной вклад в экономический рост обеспечили отрасли промышленности, транспорта и складирования, услуг связи, а также сельского хозяйства. «На сегодня в области ведется реализация 43 инвестиционных проектов на общую сумму 129 млрд теңге. Из них крупные: модернизация сахарных заводов в Аксуском и Коксуском районах с увеличением производственной мощности до 950 тыс. тонн в год, ввод заводов «Steelers» по производству арматуры мощностью 20 тыс. тонн в год и MacCoffee по кофейным и чайным напиткам», — добавил Бейбит Исабаев.


UKIMET » публикация №25047

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қарағанды облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,2%-ға өсті 📌Жыл басынан бері Қарағанды облысында өңдеуші сектордың өсуі 6,3%-ды құрады, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 433 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады. «Жартыжылдық қорытындысы бойынша облыс өнеркәсібінің нақты көлем индексі 105,2%-ды құрап, маусым айы бойынша көрсеткіш 0,2%-ға өскені байқалды. Өңдеу секторының жартыжылдықтағы өсімі 6,3%-ды, шойын мен болат өндірісі көлемінің өсуі тиісінше 4,6%-ды және 0,7%-ды құрады», — деді облыс әкімі. Оның айтуынша инвестицияның 30%-дан астамы өндірісті техникалық қайта жабдықтау мен автоматтандыруға бағытталған. Жыл соңына дейін облыста 2,8 мыңнан астам жұмыс орнын ашумен, жалпы құны 322,8 млрд теңгені құрайтын 44 инвестициялық жоба іске қосылады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 118,4 млрд теңгені құрады, жыл соңына дейін АӨК саласында 65,4 млрд теңгенің 32 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады. ➖ На 5,2% вырос объем промышленного производства в Карагандинской области 📌С начала года рост обрабатывающего сектора в Карагандинской области составил 6,3%, а объем инвестиций в основной капитал достиг 433 млрд теңге. Об этом на заседании Правительства доложил аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев. «По итогам полугодия ИФО промышленности области составил 105,2% с ростом на 0,2% за июнь. Рост обрабатывающего сектора за полугодие составил 6,3%. Рост объемов производства чугуна и стали составил 4,6% и 0,7% соответственно», — сообщил аким. По его словам, более 30% инвестиций направлено на техническое переоборудование и автоматизацию предприятий. До конца года в области запустят 44 инвестпроекта на 322,8 млрд теңге с созданием более 2,8 тыс. рабочих мест. Ввод жилья составил 187 тыс. м2, ИФО транспорта – 98,7%. В сельском хозяйстве произведено продукции на 118,4 млрд теңге, до конца года в сфере АПК реализуют 32 инвестпроекта на 65,4 млрд теңге.


Архив UKIMET — страница 4

Это 4-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.