Life News Новостной агрегатор

Aqorda — страница 2

Источник: Aqorda · сбросить

Архив материалов источника Aqorda, страница 2. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Aqorda » публикация №33400
Aqorda » публикация №33400

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек» «Соңғы жылдары мемлекетіміз аса ауқымды құқықтық және қоғамдық жаңғыру жолына түсті. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады. Біз өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек. Барша азаматтарға, әсіресе, жастарға заңды құрметтеу, заңға бағыну қажет екенін қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірген жөн. Заңды қадірлеу, тәртіпті қолдау, бұл – әр адамның жарқын өміріне жол ашатын маңызды шарт. Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституциямызда осы негізгі қағидат туралы анық жазылды. Қазақстанның Бас құжаты – барша азаматқа тең мүмкіндік беретін әділетті қоғамның мызғымас тұғыры. Адам және оның өмірі – еліміздің Ата заңына арқау болған басты құндылық. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттің басты міндеттері ретінде айқындалды. Түптеп келгенде, жаңа тұрпатты ел болу жолындағы әрбір реформа, ең алдымен, халықтың қалауымен, жұртшылықтың тікелей қолдауымен жасалады. Әрине, мұның барлығы бір сәтте жүзеге аспайтыны белгілі». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33399
Aqorda » публикация №33399

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «Укрепление целостности государства и общества является одним из основных приоритетов в нашей деятельности» «Прежде всего, поздравляю вас с началом заседания! Хотел бы поблагодарить высоких гостей, прибывших в Астану для участия в мероприятии. По повестке форума были высказаны важные идеи и конструктивные предложения, которые Правительству предстоит учесть в дальнейшей работе. Безусловно, сегодняшняя встреча имеет особое значение. Укрепление целостности государства и общества является одним из основных приоритетов в нашей деятельности. Безусловно, поступательное развитие страны невозможно без взаимного согласия и доверия между гражданами и властью. Но очевидно, что такое согласие не возникает само по себе. Общественное согласие – это результат многогранных неустанных усилий. Как Президент я уделяю этому вопросу первостепенное внимание. Мы претворяем в жизнь концепцию «Слышащего государства». В основу масштабных преобразований заложены принципы открытого диалога, учета запросов общества и оперативного реагирования на обращения граждан. Представители всех уровней власти, включая министров, акимов и депутатов, должны принимать самое активное участие в этой важной работе. Это конституционная обязанность государственных служащих». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33398
Aqorda » публикация №33398

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі» «Ең алдымен, баршаңызды алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын! Қадірлі меймандарға осы форумға арнайы келгендері үшін алғыс айтамын. Сіздерді Астана төрінде көргеніме ризамын. Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл – көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы өте өзекті мәселеге баса мән беремін. Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра бастадық. Ашық диалог жүргізу, азаматтардың мұң-мұқтажын ескеріп, арыз-шағымына дер кезінде жауап беру елдегі түбегейлі өзгерістердің өзегі саналады. Осы маңызды жұмысқа биліктің әр деңгейдегі өкілдері, соның ішінде министрлер, әкімдер, депутаттар белсенді түрде қатысуы керек. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің конституциялық міндеті». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33397
Aqorda » публикация №33397

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі **** Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на международном форуме «Административная юстиция и ее роль в обеспечении верховенства права» t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33396
Aqorda » публикация №33396

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

3. Конституционный закон «О Қазақстан Халық Кеңесі» ➤ Конституционный закон определяет правовой статус, полномочия, порядок образования, формирования состава и организации деятельности Қазақстан Халық Кеңесі. ➤ Қазақстан Халық Кеңесі является высшим консультативным органом. Создается в целях обеспечения общенационального диалога и участия гражданского общества в формировании внутренней политики страны, обладает широким спектром полномочий, в том числе законодательной инициативной и правом инициировать проведение всенародного референдума. ➤ Состав формируется из граждан Республики Казахстан на паритетной основе по 42 человека от этнокультурных объединений, общественных объединений, а также от маслихатов и общественных советов столицы, областей и городов республиканского значения и утверждается Президентом Республики Казахстан. ➤ Руководство Қазақстан Халық Кеңесі осуществляет Председатель. Срок полномочий Халық Кеңесі 4 года. 4. Конституционный закон «О статусе столицы Республики Казахстан» ➤ Конституционный закон регулирует общественные отношения в области функционирования столицы, определяет правовые, экономические и организационные основы ее деятельности. ➤ Документ четко разграничивает полномочия маслихата, органов местного самоуправления и местного исполнительного органа под руководством Акима города. ➤ Закон устанавливает обязательные требования к единому архитектурному облику и дизайн-коду города, а также закрепляет полномочия подведомственных организаций по жизнеобеспечению и инфраструктурному развитию столицы. 5. Конституционный закон «Об административно-территориальном устройстве» ➤ Конституционный закон определяет порядок образования и упразднения административно-территориальных единиц, установления и изменения их границ, учета и регистрации, наименования и переименования административно-территориальных единиц. ➤ Целью государственного регулирования общественных отношений в административно-территориальном устройстве является обеспечение рациональной территориальной организации Республики Казахстан для эффективного государственного управления. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33395
Aqorda » публикация №33395

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

✍️ Главой государства подписаны конституционные законы в целях реализации положений Конституции, принятой 15 марта 2026 года: 1. Конституционный закон «О Президенте Республики Казахстан» ➤ Закон определяет правовое положение, полномочия и порядок обеспечения деятельности Президента и правовое положение Вице-Президента РК. ➤Ключевой новеллой закона стало учреждение института Вице-Президента. По поручению Главы государства Вице-Президент представляет его интересы при взаимодействии с госорганами и выполняет функции, определенные Президентом. 2. Конституционный закон «О Курултае Республики Казахстан и статусе его депутатов» ➤ Конституционный закон определяет организацию и деятельность Курултая, законодательный процесс и другие формы осуществления полномочий Курултая, правовое положение его депутатов. ➤ Курултай является высшим представительным органом, осуществляющим законодательную власть. ➤ Курултай состоит из 145 депутатов, избираемых по партийным спискам. Срок полномочий депутатов Курултая – 5 лет. ➤ Возглавляет орган Председатель, избираемый из числа депутатов, свободно владеющих государственным языком, тайным голосованием, большинством голосов. ➤ Законом определен широкий круг полномочий Курултая, в том числе по даче согласия на назначение Вице-Президента, Премьер-Министра, судей Конституционного Суда, членов Центральной избирательной комиссии, Высшей аудиторской палаты, по избранию и освобождению от должностей по представлению Президента Республики Казахстан судей Верховного Суда, лишению неприкосновенности судей Конституционного Суда, судей Верховного Суда; по назначению выборов Президента, по утверждению отчетов Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33394
Aqorda » публикация №33394

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

3. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңы ➤ Конституциялық заң Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесін, өкілеттігін, құрылу тәртібін, құрамын қалыптастыруды және қызметін ұйымдастыруды белгілейді. ➤ Қазақстан Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган саналады. Жалпыхалықтық диалогты және азаматтық қоғамның елдегі ішкі саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Кең ауқымдағы өкілеттікке, соның ішінде заңнамалық бастама көтеруге және жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынуға құқығы бар. ➤ Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады. ➤ Кеңес құрамында тепе-теңдік қағидаты негізінде этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан 42 адамнан өкілдік етеді, оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. ➤ Халық Кеңесіне Төраға басшылық жасайды. Халық Кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл. 4. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» конституциялық заңы ➤ Конституциялық заң астананың жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды. ➤ Құжатта мәслихаттың, жергілікті өзін өзі басқару органының және қала әкімі жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органның өкілеттіктері нақты белгіленген. ➤ Заң шаһардың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн кодына қойылатын міндетті талаптарды айқындайды, сондай-ақ елорда тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілеттіктерін бекітеді. 5. «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» конституциялық заң ➤ Конституциялық заң әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, әкімшілік-аумақтық бірліктерді есепке алу және тіркеу, атаулар беру мен атауларды өзгерту тәртібін айқындайды. ➤ Әкімшілік-аумақтық құрылымдағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты – тиімді мемлекеттік басқару үшін Қазақстан Республикасының ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33393
Aqorda » публикация №33393

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

✍️ Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды 1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңы ➤ Заң Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. ➤ Заңның басты жаңалығы – Вице-Президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды. 2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңы ➤ Конституциялық заң Құрылтайды ұйымдастыру мен оның қызметін, заң шығару процесін және Құрылтайдың өкілеттіктерін жүзеге асырудың өзге де нысандарын, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін белгілейді. ➤ Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. ➤ Құрылтай партиялық тізім бойынша сайланған 145 депутаттан тұрады. Құрылтай депутатының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл. ➤ Органды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланатын Төраға басқарады. ➤ Заңда Құрылтай өкілеттіктерінің кең ауқымы, соның ішінде Вице-Президентті, Премьер-Министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім беру, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың судьяларын қолсұғылмаушылық құқынан айыру, Президент сайлауын тағайындау, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін бекіту айқындалады. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33392
Aqorda » публикация №33392

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент Касым-Жомарт Токаев принял отчет Национального банка Казахстана 🟦Глава государства заслушал отчет руководства Национального банка об итогах работы в 2025 году и планах на 2026 год. 🟦Председатель Национального банка Тимур Сулейменов представил информацию о результатах денежно-кредитной политики, состоянии финансового сектора, золотовалютных резервов, активов Национального фонда и пенсионных активов ЕНПФ, а также о ходе цифровой трансформации финансовой системы. 🟦Президенту было доложено, что инфляция по итогам 2025 года замедлилась до 12,3%. В 2026 году инфляция продолжила снижаться и по итогам мая составила 10,4%. 🟦Нацбанк продолжает совместно с Правительством комплексную работу по дальнейшему снижению инфляции. 🟦Глава государства был проинформирован о результатах управления активами Национального фонда и активами ЕНПФ, находящимися в доверительном управлении Национального банка. 🟦По итогам 2025 года объем золотовалютных резервов Национального банка достиг рекордного уровня – 65,4 млрд долларов. Валютные активы Нацфонда выросли на 5,1 млрд долларов и составили 63,9 млрд долларов. Объем активов ЕНПФ увеличился на 2,7 трлн тенге, достигнув 25,1 трлн тенге. 🟦Касым-Жомарту Токаеву также сообщили о ходе цифровизации и реализации цифровых проектов. В 2025 году запущен специальный правовой режим для цифровых активов, на базе которого осуществлено более 30 пилотных проектов, включая токенизацию реальных активов, эмиссию стейблкоинов, обеспеченных деньгами, организацию деятельности криптопровайдеров и крипто-фиатных каналов. 🟦Казахстан первым в регионе запустил Национальную цифровую финансовую инфраструктуру, которая объединяет безопасную биометрию, проведение межбанковских расчетов, систему обмена финансовой информацией, цифровой тенге, защиту от мошенничества и современные цифровые сервисы. 📌По итогам встречи Глава государства поручил Национальному Банку обеспечить устойчивость финансовой системы и реализацию совместно с Правительством скоординированной политики по сдерживанию инфляции и поддержанию макроэкономической стабильности. ❗️Отдельно была отмечена важность дальнейшего развития современной цифровой инфраструктуры финансового рынка. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33391
Aqorda » публикация №33391

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады. 🟦Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатында қол жеткізген нәтижелер, қаржы секторы, алтын-валюта резерві, Ұлттық қор мен БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жағдайы, сондай-ақ қаржы жүйесінің цифрлық трансформациялануы жөнінде мәлімет берді. 🟦Президентке былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндалды. Инфляцияның төмендеуі биыл да жалғасуда, мамыр айының мәліметіне сәйкес – 10,4 пайыз. 🟦Ұлттық банк Үкіметпен бірге инфляция деңгейін баяулату бағытында кешенді жұмыс жүргізуде. 🟦Мемлекет басшысына Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына берілген Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат ұсынылды. 🟦Ұлттық банктің алтын-валюта резерві былтыр рекордтық деңгейге жетіп, 65,4 миллиард долларды құрады. Ұлттық қордың валюталық активтері 5,1 миллиард долларға өсіп, 63,9 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ активтерінің көлемі 2,7 триллион теңгеге артып, 25,1 триллион теңгеге ұлғайды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру және цифрлық жобаларды дамыту жайында айтылды. 2025 жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим қолданысқа еніп, оның базасында нақты активтерді токендеу, ақшаға байланған стейблкоиндер шығару, криптопровайдер мен крипто-фиат арналарын ұйымдастыру сияқты 30-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылды. 🟦Қазақстан өңірдегі алғашқы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске қосты. Бұл қауіпсіз биометрия, банкаралық есеп айырысуларды жүргізу, қаржылық ақпарат алмасу жүйесі, цифрлық теңге, алаяқтықтан қорғау және заманауи цифрлық сервистер секілді тетіктерді біріктіреді. 📌Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Үкіметпен бірлесе инфляцияны тежеу және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау жөнінде үйлесімді саясат жүргізуді тапсырды. ❗️Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша атап өтілді. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33390
Aqorda » публикация №33390

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Арье Лайтстоун поздравил Президента и народ Казахстана с Днем государственных символов, пожелав мира и процветания нашей стране ✔️Собеседник также передал Касым-Жомарту Токаеву теплые слова приветствия Президента США Дональда Трампа. ✔️Представитель Совета мира высоко оценил активное участие Казахстана в работе данной организации и других международных инициативах, в том числе решение о присоединении к Авраамским соглашениям. ✔️Собеседники обсудили перспективы сотрудничества в транспортно-логистической сфере, включая инициативу TRIPP и взаимодействие в рамках Среднего коридора. Подчеркнута заинтересованность Казахстана в укреплении межрегиональной взаимосвязанности и диверсификации международных транспортных маршрутов. ✔️По итогам встречи была подтверждена обоюдная готовность к дальнейшему углублению сотрудничества по широкому спектру вопросов двусторонней и многосторонней повестки дня. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33389
Aqorda » публикация №33389

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Арье Лайтстоун Қазақстан Президенті мен халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік және бақ-береке тіледі ✔️Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Дональд Трамптың ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді. ✔️Бейбітшілік кеңесінің өкілі Қазақстанның осы және басқа да халықаралық ұйымдар жұмысына белсене қатысатынын, соның ішінде Ибраһим келісімдеріне қосылу жөнінде шешім қабылдағанын жоғары бағалады. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арье Лайтстоун көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, TRIPP және Орта дәліз аясындағы ықпалдастық перспективасын талқылады. Қазақстанның өңіраралық өзара байланысты нығайтуға және халықаралық көлік бағдарын әртараптандыруға қызығушылық танытатыны атап өтілді. ✔️Кездесу соңында Президент пен Ұйым өкілі екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33388
Aqorda » публикация №33388

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Глава государства принял старшего советника Совета мира Арье Лайтстоуна ✔️Касым-Жомарт Токаев отметил значимость участия Казахстана в Совете мира и подчеркнул приверженность нашей страны выстраиванию плодотворного сотрудничества в рамках организации. – В качестве одного из сооснователей Совета мира мы убеждены, что данный институт будет эффективно содействовать укреплению глобального мира и безопасности, – сообщил Президент. ✔️В ходе встречи были обсуждены инициативы Казахстана, направленные на содействие стабилизации ситуации в секторе Газа, которые включают участие в проектах по восстановлению социальной инфраструктуры, реализацию инициатив в сфере образования, здравоохранения и поддержку продовольственной безопасности. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33387
Aqorda » публикация №33387

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйым аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға бейіл екенін жеткізді. – Біз Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушылардың бірі ретінде аталған институттың жаһандық қауіпсіздік пен диалогты нығайтуға тиімді ықпал ететініне сенімдіміз, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Кездесуде Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосуды көздейтін Қазақстан бастамалары талқыланды. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдау бағыттарын қамтиды. t.me/aqorda_resmi



Aqorda » публикация №33385
Aqorda » публикация №33385

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі Никита Кадочников Конституция құндылықтарын сақтау жолында адал қызмет етуге ант етті **** Выпускник Карагандинской академии МВД им. Б. Бейсенова Никита Кадочников торжественно пообещал верно служить делу сохранения конституционных ценностей 🎦 t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33384
Aqorda » публикация №33384

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі Санжар Ақбергенов алдағы қызметінде Заң мен тәртіп қағидатын ұстануға дайын екенін жеткізді **** Выпускник Академии Комитета национальной безопасности Санжар Акбергенов заявил о готовности придерживаться в своей деятельности принципа «Закон и Порядок» 🎦 t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33380
Aqorda » публикация №33380

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

В рамках мероприятия звание «старший лейтенант» было присвоено лучшим выпускникам Военного института Сухопутных войск им. С. Нурмагамбетова, Академии КНБ, Пограничной академии КНБ, Карагандинской академии МВД имени Б. Бейсенова, Академии Национальной гвардии и Академии гражданской защиты имени М. Габдуллина. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33376
Aqorda » публикация №33376

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Іс-шара аясында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы, Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Ұлттық ұлан академиясы, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шені тапсырылды. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33375
Aqorda » публикация №33375

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Честь и доблесть настоящего офицера измеряются не погонами, а безупречной службой во благо Родины» «В прошлом году я выступил с инициативой поддержать лучших выпускников военных учебных заведений. Тогда я подчеркнул, что им следует присваивать звание «старшего лейтенанта», а не «лейтенанта», как это было принято. Соответствующее поручение мною было дано, и сегодня оно будет воплощено в жизнь. Вы станете первыми выпускниками, которым будет присвоено звание «старший лейтенант». Безусловно, это огромное доверие и высокая ответственность, возложенная на вас. Легендарному казахскому герою Сагадату Нурмагамбетову принадлежат слова: «Атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын» («Не так сложно получить звание, как достойно нести его»). В конечном счете, честь и доблесть настоящего офицера измеряются не погонами, а безупречной службой во благо Родины. Наше подрастающее поколение искренне восхищается вами, видя в вас достойный пример для подражания. Уверен, что все вы будете верны присяге, гордо храня офицерскую честь. Сегодня в торжественной церемонии принимают участие родители лучших выпускников. Выражаю вам искреннюю благодарность, вы воспитали истинных патриотов Казахстана. Поздравляю молодых офицеров с присвоением первого воинского звания! Желаю вам успехов в службе! Пусть всегда высоко реет наш бирюзовый стяг! Пусть будет вечным наше государство!». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33374
Aqorda » публикация №33374

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Нағыз сарбаздың абырой-беделі, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді» «Мен былтыр әскери оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөнінде бастама көтердім. Оларға қалыптасқан дәстүрге сай «лейтенант» емес, «аға лейтенант» шенін тапсыру қажет екенін айттым. Соған сәйкес нақты тапсырма бердім. Міне, бүгін осы бастама нақты жүзеге асырылмақ. Сіздер оқуды бітіріп, бірден «аға лейтенант» шенін алатын тұңғыш түлек боласыздар. Бұл – өздеріңізге артылған зор сенім және үлкен жауапкершілік. Қазақтың біртуар батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың «атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын» деген сөзі бар. Шын мәнінде, нағыз сарбаздың абырой-беделі оның шенімен емес, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді. Көптеген жастарымыз сіздерге қарап бой түзейді, үлгі алады. Бәріңіз де антқа адал болып, қазақ сардары деген атаққа әрдайым лайық боласыздар деп сенемін. Бүгін алқалы жиынға озат түлектердің ата-аналары да қатысып отыр. Сіздер Қазақстанның дәл осындай отаншыл азаматтарына тәлім-тәрбие бердіңіздер. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жас офицерлердің алғашқы әскери шені құтты болсын! Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Туымыз әрдайым көкте желбіресін! Қазақ елі мәңгі болсын!» t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33373
Aqorda » публикация №33373

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «Мы избрали путь развития как единая и созидательная нация» «Сегодня Казахстан обновляет модель своей государственности. Мы избрали путь развития как единая и созидательная нация. Есть все основания говорить, что последние годы для нашей страны стали периодом исторического поворота. Масштабные реформы дают новый импульс во всех сферах. Особенно глубокие изменения происходят в общественном сознании. Обновились содержание и подходы во внутренней политике. В стране утверждаются такие ценности, как солидарность, трудолюбие, дисциплинированность, бережливость, меняются мировоззрение и модели поведения граждан. Наши соотечественники стремятся жить в Справедливой, Культурной, Чистой и Безопасной стране. Именно поэтому в нашем обществе утверждается нетерпимость к любым правонарушениям и противоправным действиям. Впереди нас ждет большая работа. Уверен, что общими силами мы успешно справимся с поставленными задачами». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33372
Aqorda » публикация №33372

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Президент: «Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік» «Қазір Қазақстан жаңа тұрпатты елге айналды. Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік. Кейінгі жылдарды еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар. Ауқымды реформалар барлық салаға тың серпін беруде. Түбегейлі өзгерістер, әсіресе, қоғамдық санаға зор сілкініс әкелді. Ішкі саясаттың мазмұны жаңарды, бағыт-бағдары айқындала түсті. Ел ішінде жанашырлық, еңбекқорлық, ұқыптылық, үнемшілдік қасиеттері орныға бастады. Азаматтарымыздың көзқарасы және ұстанымы өзгеруде. Халқымыз Әділетті, Мәдениетті, Таза және Қауіпсіз елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан жұртымыз тәртіп бұзушылыққа, заңсыздыққа тұтас қоғам болып тосқауыл қоюда. Алайда, алдымызда тұрған жұмыс – өте ауқымды. Бұл жұмысты бәріміз бір ел, біртұтас халық болып міндетті түрде ойдағыдай орындаймыз». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33371
Aqorda » публикация №33371

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Глава государства: «Тотальная цифровизация и искусственный интеллект породили новое бескрайнее пространство, дающее уникальные возможности для невиданных форм и способов развития. Таким редчайшим историческим шансом смогут воспользоваться только энергичные, сильные, устремленные в будущее народы. Верю – эта задача по плечу нашему подрастающему поколению. В основе устойчивого прогресса Казахстана лежит неразрывная связь нашего великого прошлого и не менее великого настоящего и, главное, – великого будущего». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33370
Aqorda » публикация №33370

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Мемлекет басшысы: «Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиялары дамудың бұрын-соңды болмаған үлгісі мен тәсілдеріне жол ашатын жаңа әрі шексіз кеңістік қалыптастырды. Мыңның біріне берілетін дәл осы тарихи мүмкіндікті тек қуатты, күшті, болашаққа бағдар түзеген халықтар пайдалана алады. Бұл міндетті еңсеру біздің өскелең ұрпақтың қолынан келеді. Мен бұған сенімдімін. Қазақстанның орнықты дамуының негізінде ұлы тарихымыз, одан кем түспейтін қазіргі сәт және, ең бастысы, жарқын болашақ арасындағы ажырамас байланыс жатыр». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33369
Aqorda » публикация №33369

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Современная президентская модель власти, прочно утвердившаяся в Казахстане, восходит к политической системе, созданной во времена Золотой Орды» «В новой Конституции четко обозначена неразрывная связь прошлого казахского народа с тысячелетней историей Великой степи. В столице скоро начнется возведение грандиозного сооружения в честь достижений цивилизации Великой степи. Недавно в Астане при поддержке ЮНЕСКО мы провели международный симпозиум, посвященный изучению наследия Золотой Орды. Безусловно, все эти шаги внесут значительный вклад в укрепление устоев нашей государственности. Золотая Орда выступала в роли великой средневековой державы с собственными институтами власти, дипломатической службой, системой связи и таможни, признанной в мире валютой и передовыми для своего времени технологиями. Современная президентская модель власти, прочно утвердившаяся в Казахстане, восходит к политической системе, созданной во времена Золотой Орды. Главное наследие Золотой Орды – ее незыблемые ценности, которые в рамках общего свода правил гармонично объединяли в огромном государстве людей разных религий, языков, культур и традиций. Славный путь наших предков всегда будет служить нам образцом и стратегическим ориентиром. Достижения Золотой Орды являются общим достоянием многих современных народов Евразии. Поэтому, обращаясь к ее наследию, мы выступаем за единую и процветающую Евразию, где все страны живут в мире, заботятся об общей безопасности, созидают во благо своих народов. Наша задача – не бездумное копирование или пропаганда устаревших практик и чуждых идей, не участие в пустопорожних дискуссиях, а вдумчивое осмысление и качественная модернизация ценностей ушедшей великой эпохи, их адаптация к реалиям современной цивилизации». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33368
Aqorda » публикация №33368

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады» «Бұдан бөлек, біз жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен сабақтас екенін айқын көрсеттік. Елордамызда Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынады. Жақында Астанада ЮНЕСКО-ның аясында Алтын Орда мұрасын зерттеу ісіне арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Мұның бәрі мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түсуге зор ықпал етеді. Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды. Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады. Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді. Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады. Сондықтан Ұлық Ұлыстың мұрагері ретінде біз Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін, ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ қауіпсіздікті сақтап, халықтарының игілігі үшін қызмет еткенін құптаймыз. Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33367
Aqorda » публикация №33367

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Глава государства: «Суверенитет и Независимость страны – наша самая главная, священная ценность» «Как цивилизованная и прогрессивная нация мы должны быть уверены в своих силах, действовать смело, без оглядки на кого бы то ни было. Другого пути нет. Наши целеустремленные, образованные и сознательные соотечественники глубоко осознают свою ответственность за судьбу государства. Они вступают в ряды волонтеров, занимаются благотворительностью и успешно реализуют важные инициативы. Истинный патриот не создает видимость работы, а упорно трудится во благо интересов страны. В этом и заключается суть созидательного патриотизма. Для государства важна не конъюнктура текущего момента, а долгосрочные приоритеты. Поэтому, следуя завету Абая, мы действуем взвешенно, но уверенно, смотрим только вперед, ставя во главу угла национальные интересы. С уважением относясь к родной истории, мы уделяем особое внимание сохранению преемственности поколений. В этом направлении ведется активная работа. Улытау, где похоронен Джучи хан, присвоен статус отдельной области. Создан институт изучения Улуса Джучи, научный потенциал которого нам предстоит укрепить. В ближайшее время в свет выйдет семитомный научный труд по истории Казахстана, один из томов которого будет полностью посвящен Золотой Орде». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33366
Aqorda » публикация №33366

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Мемлекет басшысы: «Еліміздің Егемендігі, Тәуелсіздігі – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз» «Біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы. Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды. Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33365
Aqorda » публикация №33365

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Нашей главной задачей остается укрепление единства народа» «Мы ни в коем случае не должны останавливаться на достигнутом, нужно постоянно идти вперед, ставить перед собой высокие цели, чтобы превратить нашу Родину в поистине цивилизованное государство. Сегодня в стране формируется яркая созидательная повестка, в нашем обществе появляются новые идеи, новые лица, новое поколение патриотов. Как Глава государства я поддерживаю эту положительную тенденцию. Это прямой результат проведенных преобразований. Нашей главной задачей остается укрепление единства народа – это непременное условие, эффективный, долгосрочный фактор успешного развития страны. На новом этапе реформ все здравые, прогрессивные общественно-политические силы должны консолидироваться вокруг общенациональных ценностей и целей. Только так мы добьемся успехов в построении Справедливого Казахстана, укреплении нашей государственности». t.me/aqorda_resmi


Архив Aqorda — страница 2

Это 2-я страница архива публикаций источника Aqorda. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.