ҚТЖ PRESS » публикация №13209
⚙️Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде ▶️ҚТЖ теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде 3 мың км астам теміржол желілерін жаңғырту жүзеге асырылуда. ▶️Бүгінгі таңда Қызылжар – Сексеуіл, Алтынкөл – Жетіген және Ақсу – Жаңа-Семей учаскелерінде 1209 км жол жаңғыртылды. Жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуде, оларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған. ▶️Сонымен қатар, жөндеу-жол науқаны іске асырылуда, оның шеңберінде ағымдағы жылы 1 577 км темір жолды жөндеу көзделген. Науқан ақпан айында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде басталды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 288 км жол жөнделді. Жазғы кезеңнің басталуымен жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде өрістетілді. ▶️Өткізілетін іс-шаралар теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және учаскелерде белгіленген қозғалыс жылдамдығын қолдауға бағытталған. ▶️Жолды жаңғырту мен жөндеу жұмыстары техникалық және технологиялық жағынан күрделі үдеріс болып табылады. Оларды орындау үшін технологиялық «толаскездер» - жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті пойыздар қозғалысындағы уақытша үзілістер ұсынылады. ▶️Астана – Алматы, Астана – Тобыл, Көкшетау – Қостанай, Қандыағаш – Тобыл, Астана – Павлодар және Арыс – Сарыағаш учаскелерінде ұзақ технологиялық «толаскездер» көзделген. Бұл бағыттар күн сайын жолаушылар мен жүк пойыздарының едәуір бөлігі жүретін елдің теміржол желілерінде ең көп жүретін бағыттардың бірі болып табылады. ▶️Жұмыстарды жүргізуге байланысты жекелеген учаскелерде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті пойыздардың қозғалыс жылдамдығына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне және жүктердің өтуіне әсер етуі мүмкін. ▶️«ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылардан, жүк жөнелтушілерден және жүк алушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, теміржол инфрақұрылымының сенімділігін және тасымалдау процесінің сапасын арттыруға бағытталған.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























